Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы кәсіпкерлері Ұлт Жоспарын қолдайды

«Ғылым Ордасы» РММ «Медеу ауданы кәсіпкер күніне» орай «100 нақты қадам – бизнестің жемісті дамуының кепілгері» атты дөңгелек үстел өтті.

Медеу ауданы әкімі Сұлтанбек Макежанов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттарын айтып өтіп, шағын және орта бизнес субъектілері Медеу ауданының дамуымен өркендеуіне белсенді түрде қатысатынын жеткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары Дархан Елтоқов Ұлт Жоспары бірінші реформасының маңыздылығын айтып, Департамент жанындағы Қоғамдық Кеңестің бизнес-бірлестігінің өкілдері мен азаматтар мемлекеттік қызмет алу кезіндегі пайда болатын тосқауылдарды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Бақыт Абильдинов басқармамен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, 2017 жылдан бастап кіріспен шығыс декларациясын қабылдайтын орталықтар желісі ашылады деп айтты. Және, кәсіпкерлер тапсыратын есептер тоқсандықтан жартыжылдық түріне ауысатыны бойынша жоспарланып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.

Алматы қалалық кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев мемлекеттік кірістің 34 пайызын Алматы қаласының табысы құрайтынын айтып, мемлекеттік кірістің 60 пайызын шағын және орта бизнестің салықтары құрайтыны екені туралы ақпарат берді.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тлеумуратов қалада кәсіпкерлерді қолдайтын және оларға тегін кеңес беретін 2 орталық ашылғаны туралы қатысушыларға мәлімдеді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары мемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдерінің арасындағы қарымқатынастың жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады.

0
0
281

Осы тақырып бойынша

Алматы кәсіпкерлері Ұлт Жоспарын қолдайды - Yvision.kz