№ 176 мектеп мұғалімдері Ұлт Жоспарын қолдайды
Бес институционалды реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау мақсатында № 176 мектеп-гимназиясында семинар-кеңес өтті.
Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім консультанты Нұрбол Бейсеков қатысты.
Нұрбол Бейсеков мемлекеттік қызмет саласында келе жатқан өзгерістер туралы, бірінші институционалдық реформаны, және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.
Мектеп директоры Гульбағда Есеналиева өзінің баяндамасында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, ол патриотизм, кәсіпқорлық және еңбекқорлықтан тұратынын айтып өтті.
Мәжіліс сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейне-роликтер көрсетілді.

