Наурызбай ауданының әкімдігі Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Наурызбай ауданы әкімдігімен бірлесіп, ауданның мемлекеттік органдары, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы семинар-кеңес өткізді.
Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Бақтияр Камалов кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері бөлігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру кезінде заңнамадағы күтілетін өзгерістер туралы түсіндірді.
Наурызбай ауданының акімі Қуанышбек Кашкимбаев 2015-2017 жылдарға арналаған қалалық Жоспардың іске асырылу барысы, құқықтық мәдениетті көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша аудан жұртшылығымен өзара іс-қимыл туралы хабарландырып өтті. Ауданда кәсіпкерлерге сауда алаңдары беріліп, жәрмеңкелер өткізіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің айқындылығы мен қолжетімділігіне арналған халықтың сауаттылығын көтеру және салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін туғызатын жағдайлардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Аудандық әкімдік, Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармасы және аудандық кәсіпкерлер арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Аудан әкімі аппаратының сайтында мемлекеттік органның жұмысы туралы толық ақпарат бар және сенім телефоны жұмыс істейді. Ауданды жалпы құқықтық оқытудың жоспары жасалған.
Наурызбай ауданы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Самат Тұяқбаев осы жылдың маусым айында «Нұр Отан» партиясының төрағалық етуімен, мемлекеттік органдардың басшылары жүйелі түрде тыңдаған сыбайлас жемқорлықтың мәселелері туралы кеңейтілген отырысы болып өтті. Сонымен қатар, құрамына Департаменттің қызметкері кірген сыбайлас жемқорлық бойынша аудандық Қоғамдық Кеңестің жұмысын күшейткені үшін Департаментке өз алғысын білдірді.
Кеңес барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.
Семинар-кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

