Политех сыбайлас жемқорлықсыз қоғам үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, Қ Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің шешу жолдары: Студент, Қоғам, Уақыт» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға Департамент қызметкерлері мен Қ Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастар қатысты.
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің проректоры Әбдікәрім Зейнулин Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңда университеттің ғылыми – техникалық базасын жетілдіріп, жаңартуда көптеген жұмыстар атқарылуда. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыспен айналысатын лабораториялары, дәріс залдары мен аудиторияларын жаңа үлгідегі арнайы техникалық қондырғылармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, студенттердің сабаққа қатысуын қадағалап отыру үшін барлық аудиториялар мен дәріс залдарына видеокамера орнату мәселесі қолға алынды. Аталған мәселелер жүзеге асқан жағдайда сыбайлас жемқорлықтың көріністері мүлдем болмайтындығына өз пікірін білдірді.
Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды реформасын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, білім мекемелері мен жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Философия ғылымдарының докторы, доцент Тимур Кішібеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің шешу жолдары» атты тақырыпта, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қатира Тойбаева «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен кұрес жолдары» атты тақырыпта, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Шаяхмет Әбуханов «жемқорлық мәселесін реттеу» атты тақырыпта, Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының 1 курс магистранты Тоқтарқұл Ұлан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудегі жастардың рөлі» атты тақырыпта баяндамалар жасады.
Конференцияға қатысушылар қоғамда сыбайлас жемқорлықты барынша төмендету жөніндегі ұсыныстарын ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерге байланысты пікір алысты. Қатысушылар өздері қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

