Мазмұнға өту

Жаңа

Атадан қалған аманат.

Дәстүрді сақтап, дәріптеу,
Киелі біздің міндетіміз.
Батысқа қарап, еліктеу,
Құртатын бізді індетіміз.

Атадан қалған дүние,
Мәдениет, дәстүр, тіл.
Жасампаз болу еліңе,
Зор мақсат, соны біл.

Ұрпаққа қандай құндылық?
Қалдырармыз біз қазір...
Батысқа қарап ұрындық,
Тоқтауға болшы енді әзір.

Тарихын елдің құрметте!
Дәстүрге өзіңді міндетте.
Бабаң жинаған абыройды,
Қастерле оны, кірлетпе!

0
2
538

Қызылорда облысында өткен жыл көлемінде 1 мыңнан аса алаяқтық қылмысы тіркелген

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында сағат 10.00-де Қызылорда ОІІД-нің баспасөз орталығында Қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Бексейітов Асылбектің қатысуымен «Алаяқтық сипатындағы қылмыстарды ашу, алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясы өткізілді. 2015 жылдың 12 айында Қызылорда облысы бойынша 1137 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2014 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға өсім алған. Дегемен, Ішкі істер департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 81,4 пайызы ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. 2015 жылы тіркелген алаяқтық қылмыстарына талдау жасау барысында, қарызға ақша алып қайтармағандар саны – 986-ны, келісім…

0
0
264

Қыз ұзату салты

Қазағымыз ежелден салт-дәстүрге бай ел. Алайда, заман талабына сай әдет-ғұрпымыз ескіріп, қолданыстан шығып немесе өзгеріске ұшырап, ұстанып келеміз. Сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, үлкен өмірге алғашқы қадамдар жасауы, әртүрлі белестерден өту барысында салтымыз бен дәстүріміз алдымыздан шығады. Әлі күнге дейін қадірін жоғалтпай, ұстанып келе жатқан қыз бала өмірінде маңызды рөл атқаратын салтымыздың бірі «қыз ұзату». «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» әр ата - ананың тілегі әрі парызы. Отбасылық өмірге аяқ басып, жат жұртқа келін болып түспес бұрын бірнеше әдет - ғұрыптарымыз орындалуы тиіс. Естімеген елдe көп дегендей, кейбір салтымызды бірінші рет естуіңіз мүмкін, әсіресе жастар жағы. Қыз беру, қыз алу деген қазіргі жағдаймен айтқанда үлкен бір бизнес жоспар арқылы, инвестици…

0
0
10906

Мойындайтын кез келді.

Раббым Алла, рухымды кілең ақтаған,
Ұлтым Қазақ, сонымен мен мақтанам,
Ұраным Алаш, жүректе кең сақтаған.
Тілім Қазақ, үшкір сөздерге оқталған.

Ұстазым Тарих, баба жолын баптаған,
Рәмізім құнды, күннен қымбаттаған.
Ұрпағым терең, иманымды жақтаған,
Сөзім тірі, Алаш жүрегіне асқақтаған.

0
0
338

Ұнатамын күннің шыққанын, Қызарып кешке батқанын.

Ұнатамын күннің шыққанын,
Қызарып кешке батқанын.
Ұнатамын ғылым мен білімді,
Иман туралы әр бір ілімді.

Ұнатамын туған жерімді,
Біртұтас егемен елімді.
Ұнатамын ұстанған дінімді,
Иманға толтырып жанымды.

Ұнатамын таңның атқанын,
Анамның иіскеп оятқанын.
Ұнатамын адал итімді,
Еркелеп, домалап жатқанын.

Ұнатамын асқақ мақсатты,
Арманға байлап қанатты.
Ұнатамын қараңғы түнді,
Ауылда өшірген үнді.

Ұнатамын кедергіні өмір берген,
Сабырлыққа мені тәрбиелеген.
Ұнатамын мықты рухымды,
Арманға мені жетелеген.

Ұнатамын отандық сезімді,
Ерекшелеп сүйгізген елімді.
Ұнатамын шын махаббатты,
Ұлы сезім ғой инабатты...

Ұнатамын өскен ауылымды,
Танып жеті атам мен руымды.
Ұнатамын өмірді жарқыраған,
Аллаға рахмет, осыны сыйлаған!

0
0
516

Алланың бергені...

Бәлкім Алланың бергені,
Елін қорғаған ер еді.
Болашақты ұран етіп,
Білегін жауға тіреді.

Қайсарлықты танытқан,
Жинаған жігерін жорықтан.
Аттанып жауға қаһармен,
Ұрпағына өмір жарытқан.

Таймаған ұлы жолынан,
Тастамай қару қолынан.
Ерте кеттің майданға,
Ажырап жарың мен ұлыңнан.

Ауылдың батыр ері едің,
Әттең, жеңіс туын көрмедің.
Отан үшін жас жаныңды,
Қара топыраққа жерледің.

Қарызбын ата, қарызбын,
Қастерлеу сені - парызым!
Жасаған ерлігің мәңгілік,
Атыңды естіртсін арызым!

0
0
543

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар объектілерін сатудан бюджет 2 956 млн. теңгеге ұлғайды

2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 833 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 491 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 19 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 428 объекті шығарылды, оның ішінде 241 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 116, ӘКК - 60, холдингтер бойынша - 50. Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 980 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге. Республикалық меншік бойынша Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 41 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 28 объекті жоспарланған. Ағым…

0
0
456

Қызылордада жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіп пен тазалықтың сақталуын қатаң бақылауға алды

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подьезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады», - деген болатын. Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде атқарылуы керек жұмыстарды жандандыру мақсатында Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен қаңтар айының 18-20 аралығында облыс көлемінде «Таза аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Жедел профилактикалық іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің 597 қызметкері жұмылдырылып, іс-шараның 1 күнінде облыс бойынша 403 құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, Шиелі кенті, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан Қазынашылық бөлімінің алдында темекі шегіп тұрған 28 жасар қала тұр…

0
0
601

Қазақстанның медициналық ұйымдары тұмаумен сырқаттанған адамдарды емдеуге қажетті барлық қажетті құралдармен жабдықталған

Бүгінгі таңда Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған. ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 15 қаңтарындағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2015 жылдың 1 қазанынан) 270 тұмаудың зертханалық дәлелденген жағдайы мен 229-дан астам ЖРВИ тіркелген. Сырқаттанған адамдардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл жалпы көрсеткіштің 70%-ын құрайды. Мониторинг нәтижесі бойынша елімізде тұмау мен ЖРВИ бойынша…

0
0
421