Көшбасшылар кездесуі
Көшбасшылар кездесуі
2016 жылдың 22 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар аймағының Қоғамдық пікір көшбасшыларының кездесуі өтті.
«Әлеуметтік-еріктілер орталығы» ЖҚБ-нің үйлестірушісі О.А. Пичугина қатысушыларға арнайы «Топта тиімді коммуникациялық байланыс құру» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Трениг барысында қатысушылар өздерінің коммуникациялық қасиеттерін, топпен жұмыс жасай алатындарын ойын арқылы дәлелдеп, көрсете алды.
«Промень» Халықтық Жастар театрының маркетинг бойынша маманы О.В. Кузнецова өткізген «Уверенность+» тренингі де өте қызықты болып шықты. Бұл тренинг қатысушыларды сөз сөйлеу барысындағы қорқыныш сезімін жеңуге, тілдесу еркіндігін дамытуға, тыңдаушылар назарын ұстап қалуға арналып, бағытталған. Кузнецова тренинг аяғында қатысушылардан екіге бөлініп, әлеуметтік тақырыпқа сай кішірек қойылым көрсетулерін сұрады. Екі топтың екеуі де жақсы нәтиже көрсете алды. Олар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар актерлік шеберліктерімен де таң қалдыра алды.
Отырыстың соңында қатысушылар пікір алмасып, кездесуду қорытындылап, ең соңында естелік сүретке түсіп жатты.
