Мазмұнға өту
diyas_valikhan

Дияс Валихан

@diyas_valikhan

Сайтта 2015 ж. 18 қаңтарКазахстан, Алматы

Автолюбитель из Алматы: обзор новинок казахстанского рынка, тест-драйвы, фото и видео.

рейтинг

249

жазбалар

472

пікірлер

490

тіркелуші

226

жазылымдар

3

Қайсысы үздік: BMW ма әлде Mercedes пе? 2-ші бөлім

Audi, BMW және Mercedes – тің сатылымы жайлы деректерді жариялағанымызда жазба астында біздің ойлағанымыздай қызу пікірталас басталды.

Audi – дің жақтастары Porsche, Bugatti және Lamborghini – дің сатылымы жайлы деректерді жариялауымызды сұрады, ал оған жауап ретінде Mersedes жанкүйерлері тізімнен жүк көліктерінің, оқушылар автобусының және өзге де аз тонналық көліктердің сатылымының статистикасын көргісі келетінін айтты. Қысқасы, сол баяғы дау – дамай.

Тіпті, BMW – де шамамен 19, ал Mercedes — те 19, ал Audi – дің 13 қана моделі бар екенін, бұл бағалау тәсілі әділетсіз екенін айтып даурыққандар болды.

Енді барлығы да әділетті болуы үшін, модельдік қатардың дәл ортасы, үлкен үштіктің ең маңызды тобы бизнес – класс седандарының сандық көрсеткіштеріне назар аударайықшы.

Салыстыру үшін Европа мен АҚШ – тағы BMW 5-сериясының, Audi A6 және E-классты Mercedes – тің сатылым мәліметтерін алдым.

Дәл қазіргі сәтте желтоқсан айында сатылған көліктердің саны жайлы ақпарат жоқ. Дегенімен желтоқсан айында өткен 11 айдағы сатылым көрсеткішінің 10 пайызы шығады деп жобаладым.

Ұсынылған кестеден көріп отырғандарыңыздай бизнес – класс жалпы қалыптасқан жайды баяндап бере алады. Ең үздігі BMW, кейін Mercedes, және тізім соңында Audi орналасқан.

2

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

 

1
0
2923

Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?

Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?

Пікірталас бір сәтке де тоқтаған емес. Қайта аталған екі брендтің бірінде жаңа көліктің таныстырылымы өткен соң тартыс күшейе түсетін секілді.

Қызу пікірталас барысында қарсы тараптар әлем бойынша (Қазақстанды қоса алғанда) қанша көлік сатылғанын талқылайды. Осы арқылы 2015 жылы қай көліктің танымалдылығы жоғары болғанының бұлтартпас дәлелін көпшілікке көрсетеді.

Сонымен, 2015 жылы сатылған көліктер саны:
1 905 234 — BMW
1 871 511 – Mercedes

BMW: Барлық модельдер 2014 жылмен салыстырғанда ерекше өсімді көрсетті. Атап айтсақ, үздігі i (ай)-мобилдер: BMW i3 — 29 513, және BMW i8 «бар жоғы» — 5 456.

Mercedes: Ең көп сұранысқа ие болған жаңа C-class (444 000 көлік), ал жеке Еуропа нарығында қосынды саны 583 000 көлікпен «оқ бойы» алға озып шыққан A/B/CLA/GLA «кіші топтамасы».

Audi қайда деп сұрарсыздар бәлкім? Бұл жолы Audi үздік неміс үштігінің аутсайдерлері қатарында. Барлық сатылған көлік саны 1 803 250 ғана. Ерекше көзге түскені А3 (373 000) моделі, ал жаңа А4 болса танылып үлгерген жоқ. Есесіне Q-кроссоверлері жақсы сатылды (538 000), жаңа екінші буынның Q7 – інің жаңалығы әсер етсе керек.

Бұдан былай BMW мен Mercedes бақталасында, тұмсығына ақ – көк пропеллерді таңбалаған марканың жақтастарының қолында ірі көзір бар.

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

 
2
0
2745

Әлемдегі ең эксклюзивті жол талғамайтын көлік

Әлемдегі ең эксклюзивті жол талғамайтын көлік

Bentley Bentayga жол талғамайтын көлігінің эксклюзивтілігі сіз үшін жеткіліксіз «эксклюзивті» болса, біз бұл мәселенің шешімін таптық.

Bentley жылына 4000 автокөлік шығаруды жоспарлап отырғанын ескерсек, оның қай жері эксклюзивті? Әсіресе, өте сирек кездесетін, осы кезге дейін құрастырылған көліктерінің саны бар жоғы 301 дана Lamborghini LM002 – мен салыстыру сөзімізді растайды. 301 дана, Карл!

lambo_lm002 (1)

Lamborghini Countach суперкары ұсынған қозғалтқышы V12 (450 ат күші) итальяндық супер – жол талғамайтын көлігі (0-100 за 7.8 секунд) қарапайым автомобиль ғана емес, бұл «пайдалы шығын»!

lambo_lm002 (7)

2015 жылдың басында Lamborghini LM002 бағасы $240,000 шамасында еді, ал қазір бағасы $350,000 – ға дейін көтерілді. 2 – 3 жылдан кейін не болатынын елестетудің өзі қиын.

lambo_lm002 (6)

Жаңа Lamborghini LM002 – нің құны қанша болғанын түсіну үшін 1986 жылғы көлікке 132 500 АҚШ долларын сұрағанын білу жеткілікті, бүгінгі бағаммен бұл $291,200 болар еді. Bentayga – дан қай жері кем?

lambo_lm002 (2)

Әрине, LM002 – ні Bentayga – мен салыстыруға болмайды, себебі екі көліктің арасында автомбоиль өнеркәсібі орасан жетістіктерге жеткен 30 жыл бар.

lambo_lm002 (3)

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

 
2
1
542

КАСКО: Қажеттілік пе?

КАСКО: Қажеттілік пе?

WhatsApp-та талқыланып жатқан тақырып келесі ойға итермеледі: Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдайда ерікті сақтандыру қаншалықты тиімді? Соны қарастырайық.

Валюта бағамы 185 бойынша Volkswagen Passat газ тарату механизмінің шынжырын ауыстыру: 60,000 (қосалқы бөлшектер) + 80,000 (жұмысы) = 140,000 (барлығы).

Қазіргі 366 валюта бағамы бойынша сол рәсім 125,000 + 90,000 шығады. Ортақ сомасы 215,000 теңгені құрайды.

Жақсы, бұл шығындарды алдын ала жоспарлап қарастыруға болатыны түсінікті.

Алдын ала қарастырылмайтын жол-көлік оқиғасын алайық, бұл жағдайда күтпеген шығындар, онымен қоса жөндеу жұмыстарының шығыны да қалтаны қағып түсуі мүмкін.

Валюта бағамының 185тг. көрсеткіші бойынша ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын ауқымды шығындарсыз жүзеге асыруға болатын.

Ал валюта бағамы 366тг.-мен Қалай болмақ? Демек, енді қосалқы бөлшектре құны екі есе жоғары, онымен қоса атқару жұмыстарының төлемі де қымбаттады. Бірақ жалақы көрсеткіштері екі есе көтерілген жоқ қой. Яғни, ендігі жөндеу жұмыстары ауқымды қаражатты талап етеді және бұрынғыдай оңайға соқпайды.

Бұдан шығу жолы қандай? Осы кезде, бұрын соңды санаулы ғана адам ойланып жүрген (КАСКО) ерікті авто сақтандыруы ойға келеді. Кейіннен «жер жастанып» қалмас үшін, мен қазір сол туралы шындап ойланып жүрмін.

Оған қоса, арзандаған көліктер тұрғысында, КАСКО бағасы девальвацияға дейінгі деңгейде қалды десе де болады. Бұл ойдың мәні бар ма, қалай ойлайсыздар?

P.S. Негізінен, осы тұрғыда мысал ретіндесол Passat-ты да ала отырып, КАСКО сақтандыру компаниясының есептеу тарифтерін келтіре кетуге болар еді, бірақ ол кезде бұл жарнама болар еді.

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

 
1
0
826

Алматыдағы ерекше BMW

BMW Z8 – ерекше көлік. Себебі, бүгінге дейін әлемдегі бұл автомбоильдің саны өте аз және дәл осы көлікте 1999 жылы Пирс Броснан «Әлемге бергісіз» (THE WORLD IS NOT ENOUGH) филімінде қарақшылармен айқасқан болатын.

Алғашқыда автомобиль BMW 507 (1956 — 1959) классикалық родстерінің құрметіне концепт – кар ретінде құрастырылған болатын және ең алғаш 1997 жылы Токиодағы авто – шоуда Z07 ретінде таныстырылған. Концепт – кар халықтың көңілінен шыққаны себепті көлікті сериялы өндіріске жіберуді жөн көреді.

Z8 – ді құрастыру барысында құрастырушылар классикалық 507 — дегідей алюминийді молынан пайдаланды. Нәтижесінде автомобиль қаңқасы жеңіл, ал шасси икемдірек болып шықты (ось бойынша салмақтың таралуы 50/50).

bmwZ8_2

Ұзын алюминді капот астында родстерге бар – жоғы 4,5 секундта 100 км/сағ жылдамдықты алуға мүмкіндікті беретін BMW M5 E39 – дағы сияқты күші 400, көлемді V8 (4,9 литр) мотор орналастырылған.

2001-BMW-Z8-engine

1999 бен 2003 жылдар аралығында бар жоғы 5703 автомобиль құрастырылған, ал бұл көліктің бүгінгі таңдағы бағасына әсер еткені сөзсіз. АҚШ – та 1999 жылғы алғашқы бағасы $128 000 (қазіргімен $183,400) болса, қазір айдалған Z8 $200,000 — дан $300,000 — ға дейін (күйіне байланысты) бағаланады. Және бағасы жыл сайын өсе бермек.

BMW-Z8-006

Енді менің осы ерекше көлікті Алматы көшелерінде кездестірген кездегі таңданысымды елестетіп көріңізші. Құнын жоғалтпайтын, қайта жыл сайын қымбаттай түсетін санаулы көліктердің бірі бұл. Ерекше жағдай емес пе? Қалай ойлайсыз?

bmw_z8_almaty (3)

bmw_z8_almaty (2)

bmw_z8_almaty (1)

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

   
4
6
1748