2015 жылы Астана қаласында жеке автокөлік иелері 1 мыңнан аса VIP-номерлер сатып алған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан қабылдау жұмыстары жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Елдар Данияров хабарлады. Оның айтуынша, елордалық көлік иелерінің көбі «001» мемлекеттік тіркеу нөміріне қызығады. «Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2015 жылы Астана қаласында жалпы сомасы 430,5 млн теңге көлемінде 1 241 мемлекеттік тіркеу нөмірі сатылған»,-деп түсіндірді ол. Әкімшілік полиция басқармасының дерегіне сүйенсек, елордадағы көлік иелерінің арасында сұранысқа ие VIP-нөмірлер - ол «001», «111», «777». Нақтырақ айтсақ, 2015 жылы Астанада 240 көлік иесі «001» мемлекеттік тіркеу нө…