Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Қайсысы үздік: BMW ма әлде Mercedes пе? 2-ші бөлім

Audi, BMW және Mercedes – тің сатылымы жайлы деректерді жариялағанымызда жазба астында біздің ойлағанымыздай қызу пікірталас басталды.

Audi – дің жақтастары Porsche, Bugatti және Lamborghini – дің сатылымы жайлы деректерді жариялауымызды сұрады, ал оған жауап ретінде Mersedes жанкүйерлері тізімнен жүк көліктерінің, оқушылар автобусының және өзге де аз тонналық көліктердің сатылымының статистикасын көргісі келетінін айтты. Қысқасы, сол баяғы дау – дамай.

Тіпті, BMW – де шамамен 19, ал Mercedes — те 19, ал Audi – дің 13 қана моделі бар екенін, бұл бағалау тәсілі әділетсіз екенін айтып даурыққандар болды.

Енді барлығы да әділетті болуы үшін, модельдік қатардың дәл ортасы, үлкен үштіктің ең маңызды тобы бизнес – класс седандарының сандық көрсеткіштеріне назар аударайықшы.

Салыстыру үшін Европа мен АҚШ – тағы BMW 5-сериясының, Audi A6 және E-классты Mercedes – тің сатылым мәліметтерін алдым.

Дәл қазіргі сәтте желтоқсан айында сатылған көліктердің саны жайлы ақпарат жоқ. Дегенімен желтоқсан айында өткен 11 айдағы сатылым көрсеткішінің 10 пайызы шығады деп жобаладым.

Ұсынылған кестеден көріп отырғандарыңыздай бизнес – класс жалпы қалыптасқан жайды баяндап бере алады. Ең үздігі BMW, кейін Mercedes, және тізім соңында Audi орналасқан.

2

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

 

1
0
2847

Осы тақырып бойынша