Мазмұнға өту

Жаңа

2015 жылы 399 мыңнан астам азамат бала туылуына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы алды

«Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 2015 жылы 399,1 мың азаматқа бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 27,3 млрд. теңге жұмсалды.

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 62 255 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 103 758 теңге төленеді.

2016 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 30,9 млрд. теңге қарастырылған.

0
0
395

КАСКО: Қажеттілік пе?

WhatsApp-та талқыланып жатқан тақырып келесі ойға итермеледі: Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдайда ерікті сақтандыру қаншалықты тиімді? Соны қарастырайық. Валюта бағамы 185 бойынша Volkswagen Passat газ тарату механизмінің шынжырын ауыстыру: 60,000 (қосалқы бөлшектер) + 80,000 (жұмысы) = 140,000 (барлығы). Қазіргі 366 валюта бағамы бойынша сол рәсім 125,000 + 90,000 шығады. Ортақ сомасы 215,000 теңгені құрайды. Жақсы, бұл шығындарды алдын ала жоспарлап қарастыруға болатыны түсінікті. Алдын ала қарастырылмайтын жол-көлік оқиғасын алайық, бұл жағдайда күтпеген шығындар, онымен қоса жөндеу жұмыстарының шығыны да қалтаны қағып түсуі мүмкін. Валюта бағамының 185тг. көрсеткіші бойынша ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын ауқымды шығындарсыз жүзеге асыруға болатын. Ал валюта бағамы 366тг.-мен Қал…

1
0
776

Балаларға жақсылық жасайық

Қазақстандықтардың көпшілігіне "қайырымдылық" түсінігі анықталмаған түрдегі мағынаға ие. Статистикаға сәйкес еліміздің 5 %-і ғана қайырымдылықпен айналысады. Дегенмен көпшілігінің түсінігі бойынша қайырымдылық мағынасы қарт адамдарға көмек пен балалар үйіне қажет емес киім-кешекті берумен шектеледі. Біздің елімізде қайырымдылық өте баяу дамуда. Қайырымдылық көбінесе діни мейрамдар мен басқа мерекелерді тойлау аясында ғана жүзеге асырылып жүр. Көмекке мұқтаж жандар көмек қолын созуға мүмкіндігі бар жандарға қарағанда жиі қайрымдылық танытуда. Бүгінгі таңда біздің қайырымдылығымыз аяқ астынан және көкейкесті кезде ғана аңғарылуда. Осыған байланысты, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ-сі "Павлодар облысы туберкулезге қа…

0
0
818

Солтүстік Қазақстан облысында сот қайтыс болған азаматтың отбасын тұрғын үй кезегіне қайта қойды

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының №2 соты мемлекеттік органның іс-қимылын даулау туралы М.Е.Ақынованың арызы бойынша азаматтық істі қарады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblysynda-sot-kaytys-bolgan-azamattyn-otbasyn-turgyn-uy-kezegine-kayta

0
0
398

Шаршадың, білем сенің талғаныңды

Шаршадың, білем сенің талғаныңды,
Дүниеде жалғызсырап қалғаныңды.
Тұрмыс әбден жүдетті талғамыңды.
Болмыс әбден күл етті арманыңды,

Көтер еңсеңді, оян да жігерлен!
Бойыңда қуат пен рух бар, өрілген.
Жаһан - қатігез, онсыз да білесің, 
Өмір - алуан, жыларсың, күлерсің.

Қиын, білем аяқтан соққанын,
Сынақтардың үмітті жаққанын.
Берілме, дайындал енді төзуге, 
Өмір -мұхит, әзірлен онда жүзуге!

Бұралан, түзе кәне арқауыңды!
Өлтір, шалқайған жалқауыңды.
Түй жұдырықты, көрсет азуыңды!
Тоқтатпа, жарық жаққа қазуыңды!

5
1
660

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес

2016 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері үшін кеңейтілген семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңес отырысына Департамент өкілі, «Нұр Отан» партиясы БҚО филалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төраға орынбасары қатынасты.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі нормалары, жаңадан қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің мүлік пен кірістері туралы декларацияны салық органдарына тапсыру мәселелері түсіндірілді.

0
0
1026

І.Жансүгіров атындағы жетісу мемлекеттік университеті. Ел сенімін арттырды

Ел сенімін арттырды Ел сенімін арттырды Бас басылымнан Мем­лекет басшысының «Ұлт Жос­пары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын ерекше екпінмен оқып шықтым. Біле білсек, бұл қуана құптарлық мақала болды. Ең бастысы, елді ұйы­та әрі жарқын жолға бас­таушы болып отыр. Шыны керек, дәл осы кезеңде біздің Елбасы даралығын, көреген көшбасшылығын көрсете білді. Бұл – бір менің ғана емес, дүйім жұрттың пікірі. Бұл жерде баса айтар жайт – сөз бен істің қабысуы болып отыр. Оған өзіміз еңбек етіп жүрген өңірден мысалды көптеп келтіре аламын. Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорған күннен күнге түрленіп, сәні мен салтанаты артуда. Мемлекеттік саясатқа сай атқарылған нә­­тижелі жұмыстың жемісі сол, облыс экономикасы анағұрлым өркендеп, бюджет қоржыны толыға түсуде. Экономист ретінде айтар…

0
0
1543

Учаскелік полиция инспекторлары «Бірыңғай профилактика күні» жедел-профилактикалық шарасын өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерінің қорғалуын қадағалау мақсатында Мерей мөлтек ауданында орналасқан №4 учаскелік полиция пункінде «Бірыңғай профилактика күні» қысқа мерзімді жедел-профилактикалық шарасы өткізілді. Аталған шараға Жергілікті полиция қызметінің 15 учаскелік полиция инспекторлары, 10 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары жұмылдырылды. Кешкі 19.00-ден түнгі 01.00-ге дейін жалғасқан акция барысында полиция пункінде профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 121 азамат мекенжайларынан тексеріліп, олармен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық мәні бар әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, Мерей мөлтек ауд…

0
0
388

«Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

2016 жылдың қаңтар айының 16-нан 17-не қараған түні қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, криминогендік ахуалды сауықтыру, қоғамдық тыныштықты және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында барлығы 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша барлығы 47 құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде, белгіленбеген орындарда сауда жасау дерегі бойынша – 3 (204-бабы), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу дерегі бойынша – 17 (440-бабы), тыныштықты бұзу дерегі бойынша – 2 (437-бабы), қоғамдық орында темекі шегу дерегі бойы…

0
0
714

Қонақтарға табақ тартуды білесіз ба?

Қонақ күтумен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту – жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ жасау да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың дәрежелеріне қарап үлестіріледі. Осы орайда,төмендегі фотопост әр қазақтың кәдесіне жарайды деген сенімдемін:

Источник:Асыл арна.

-4
0
2724