Ғашықтық сезімді ғаламтор арқылы білдіру жәйті
- Қоғамдық орында сезіміңді білдіру - жастардың жаңашылдығы. ол жайында үзілді-кесілді ой айту қиын. Бүгінгі заманда күйбің тірлікке бір сәттік болса да қуаныш сәулесін түсіру үшін мұндай қызықты шаралар да керек шығар. Қызға сөз айту оңай шаруа емес. Ал енді дүйім халықтыңкөзінше бар ойыңды жинақтап, оны әнмен әрлеп, гүлмен өрнектеп, әдемі сөздермен астарлап жеткізу, меніңше, кез келген жігіттің қолынан келетін іс емес. Оған да тапқырлық керек. Біреулер, мүмкін, бұл еріккеннің ермегі деп айтар. Бірақ маххабат ойыншық емес. Сондықтан да сезімдерін жеткізе білетін өнерлі жастарды сөкпей, оларға қызыға қарау керек шығар.Жігіттер аруларды аялап, оларға ерекше қошемет көрсетіп, абыройын асқақтатып жатса, бұл да бір қуаныш емес пе?! Әрине, әр нәрсенің шегі бар. Сондықтан да "менікі жөн" деп да…