Мазмұнға өту

Жаңа

Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесіп жүргізеді – ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейлік әріптестеріне шегірткеге және басқа да зиянкестерге биологиялық әдіспен қарсы күресте жаңа технологиялармен бөлісті. Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық аспектілер және биоәдістің биологиялық тиімділігі қаралды, деп хабарлайды ҚР АШМ-ның баспасөз қызметі.

Бұған қоса, екі ведомствоның Ақтөбе қаласында өткен кездесуінде РФ АШМ-ның 2015 жылы Қазақстанда зиянкестерге қарсы күрес бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері көрсетілді. 18 349,4 мың га аумақта шегірткенің топталып жүретін түрлеріне зерттеу жүргізілді. 3 284,8 мың га-ға зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу өткізілді. Қауіпті зиянкестерге қарсы күреске 310 техника тартылып, 3500-ден аса білікті маман қатысты.

2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көшпелі шегірткелерге қарсы қорғау іс-шараларын толық көлемде жүргізуге мүмкіндік берді.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы егіндеріне залал келуі, сондай-ақ шегірткелердің көршілес мемлекеттердің аумақтарына ауысуы анықталмаған.

Кездесудің соңында РФ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында шегірткеге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерге қарсы күрес жүргізу бойынша хаттамаға қол қойылды.

 
0
0
506

Қазақстан шегірткемен күресте биологиялық тәсілдерді қолдануды ұсынды

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында шегірткемен күрес жұмыстары пысықталып жатыр. Биыл 1 миллион 779 мың гектар алқапта улау жұмыстары жүргізіледі. Оған 2,7 миллиард теңге бөлінеді. Ал Ақтөбеде өткен Қазақстан мен Ресей мамандарының кездесуі кезінде қазақстандық тарап биологиялық тәсілді пайдаланып, үйрек-қаз жіберуді ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Боран Рахымбековтың қатысуымен үйірлі шегірткемен күрес жұмыстарының жоспары айтылды. Жиынға Ресейдің шекаралас облыстарынан ауыл шаруашылығы саласының өкілдері де қатысты. Қазіргі күні еліміздегі бес облыс Ресеймен шектеседі. Ал Ресейдің оннан астам облысының территориясы Қазақстанмен қатар тұр. Сондықтан екі елдің мамандары бірлесе күресудің, биологиялық жолды іздеудің алғышарттарын талқыға салды.

«Жыл сайын үйірлі шегірткемен күрес кезінде 3-5 миллион гектар жерге у себіледі. Бұл топыраққа, егінге зиян. Мәселен, өткен жылы 3 миллионнан астам гектар алқапқа у шашылды. 3500-ден астам маман мен 310 техника жұмылдырылды. Бұл үлкен шығын әрі зиян екені белгілі. Сондықтан Қазақстан тарапы биологиялық тәсілдерді ұсынады. Соның бірі – үйрек, қаз жіберу. Әсіресе, шекараға, егінді алқап маңына құс қонса, бұл тиімді болар еді»,- дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков.

Айта кетейік, биыл шегірткемен күрес жұмыстарына республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржыға 1 миллион 779 мың гектар жерді улау жұмыстары жүргізіледі.

«Қазақстанда 230-ден астам шегіртке, шегіртке типтес жәндік бар. Үйірлі шегіртке, азиялық, италиялық, марокколық шегіртке жыл сайын қауіп төндіреді. Әр шегірткенің өз мекені бар. Азиялық шегіртке еліміздің батыс, оңтүстік, шығыс аймағында болса, италиялық шегіртке барлық жерде кездеседі. 2015 жылы 18 миллион гектардан астам аумақ тексерілді. Нәтижесінде 2 миллион гектардан астам аумаққа у себілді»,- дейді Боран Рахымбеков.

Оның айтуынша, шегірткемен күрес жұмыстарына жергілікті әкімдік те қаржы бөледі. Өткен жылы 300 мыңнан астам гектар жер уланып, оған 413 миллион теңге жұмсалған.

 
0
0
635

ҚР ІІМ-нің ресми веб-порталындағы «Мемориал» сервисі өз жұмысын бастады

Саяси репрессия құрбандары туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді қылу және оларды жадымызда сақтау, олардың отбасыларының тарихын қайта қалпына келтіруге көмек көрсету үшін Ішкі істер министрлігінің Веб-порталында (http://mvd.gov.kz) әлеуметтік маңызы бар «Мемориал» сервисі  құрылды.

2014 жылы ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарынан сот органдарымен ақталған репрессияға ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істер, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түсіп, Германиядан келген бұрынғы КСРО азаматтары туралы іріктелген, трофейлік материалдарды қабылдады.

Мысалы, қуғын–сүргінге ұшыраған қазақ интеллигенциясының  қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Ораз Жандосовтың, Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің және т.б. (мұрағаттық істер Алматы қаласы ІІД мұрағатында) қылмыстық істері қабылданды.

Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы мемлекеттік мұрағаттың және оның аумақтық бөліністерінде мұрағаттық сақтауындағы РСФКР ҚК-нің 58-59-баптары бойынша және басқа да одақтас республикалардың ҚК-нің баптарына сәйкес (мемлекеттік қылмыстары мен контрреволюциялық әрекеттері үшін) әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталған адамдардың қылмыстық істерінен алынған мәліметтер қосылды. «Мемориалға» барлығы қуғын-сүргінге ұшыраған 109 мың 186 адамға ақпарат енгізілді.

Тек қана 2015 жылдың өзінде қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың туыстарынан, ғалым-зерттеушілерден, қоғамдық ұйымдардан, мұрағаттар мен мемлекеттік органдардан 555 өтініштер мен сұрау салулар келіп түсті, оның ішінде Қазақстан Республикасы бойынша 442 өтініш болса, ТМД-ның бұрынғы республикаларынан 105 және алыс шетелдерден 8 өтініш келіп түскен.

Бұндай мәліметтер туыстарының тағдыры туралы мәліметтер іздеген жүз мыңдаған адамдарға қажет. Сонымен қатар, тарихи ақпаратты толығымен қалпына келтіру үшін ғалымдарға, тарихшыларға, журналистерге қажет.

Ақталған азаматтар, не болмаса олардың өкілдері, қайтыс болған жағдайда олардың туыстары қылмыстық істердің процестік емес сипаттағы  құжаттармен танысуға, сондай-ақ істе сақталған қолжазбаларын, фотосуреттерін және өзге де жеке құжаттарын немесе олардың көшірмелерін алуға құқығы бар.

Ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік қызметтер көрсетуі шеңберінде мұрағаттық анықтамалар, құжаттардың көшірмелерін, құжаттардан үзінділер, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың жеке түпнұсқа құжаттарын немесе олардың көшірмелерін өтініш берушіге немесе олардың сенімді адамдарына береді (сенімді адамдардың жеке басын растайтын құжаттарды көрсеткеннен кейін, сондай-ақ нотариалды расталған сенімхаттан кейін. Мұрағаттық қылмыстық істермен танысқан адамдардан танысқаны және істегі адамдарға және оның жақындарына қатысты заңды мүдделері мен құқықтық залалға мәліметтерді пайдалануға тыйым салуы туралы міндетті түрде жазбаша қолхат алынады).

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 
0
0
360

Қазақтарға әулие «Валентин» күнін тойлауға бола ма?

Алдымызда ғашықтар  мейрамы  немесе  әулие  Валентин  күні  келе  жатыр.  Бұл мейрам  Еуропадан  еніп,   елімізде    соңғы  жиырма жылдан бері  тойланып  келеді.

Сол мейрамда біздің де едің ғашықтары Батыс елдерге еліктеп бір-біріне силықтар, ашық хаттар силап жатыр.

Деректерде «Әулие Валентин күнін» Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Оның Қазақстанға және басқа да ТМД келген кезі — тоқсаныншы жылдардың басы. Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады.

Біріншісі — Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйырылған адам. Ал осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен «Әулие Валентин» күні мерекеленген.

Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері екендігі, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазаға тартылып, басының шабылғандығы айтылады.

Үшінші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Христиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін «Әулие» деп жарияланған.

Ал енді төртіншісі жоғарыдағы атылған мәліметтерге мүлдем қарама-қайшы болып келеді. Өзім осы такырып туралы көптеген мақалаларды оқып зерттедім. Халықтың айтуы бойынша шынымен Рим императоры Юлий Клавдийдің өзінің сарбаздарына ғашық болуларына және тұрмыс құруларын тйым салған, бірақта, шынына келетін болсақ сарбаздардың бір-біріне, дәлірек айтсақ ер азамттың, ер азамтқа ғашық болуына және тұрмыс құруына тйым салған. Ал «Әулие Валентин» императордың бұйрығына қарсы тұрып «Бір-Бірін сүйетін жандар бірге болу керек» деген ұранымен сол азматтарды некелестірген. Сол ісі үшін «Әулие Валентин» абақтыға қамалады. Аңызда айтылғандай «Әулие Валентин» абақтыда жатып оның түрме бастығының қызына ғашық болғаны үшін оны жазаға тартады. 70 – жылдардың басында американың қызтекелері әулие Валентин күнін белсенді тойлаған және осы күні олар ресми түрде некелерін жасады.

Әрине,  бұның бәрі мификалық теория. Шын мәнінде әулие Валентин болғаны болмағаны ешкімге әліде толық анық емес,  мүмкінде бұл мейрам біреудің табыс табу мақсатында шығарған мейрамыда шығар.

Айта кетсек, бұл мейрамның біздің жастарымызға тиіп жатқан ешқандай зияны жоқ. Достық пен махаббат - осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді. Махаббатың адамға кері тигізетін зияны жоқ, керсінше Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдеп адмазатқа мейрімділік береді.

Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілінің күймесін. Ж. Баласағұн атамыз айтып кеткендей өз махабатыңнан қашпа, жағымды сыйлықтар жаса, Астана турғындарына ерекше ашық хат жасауға Dictum Factum баспаханасы көмектеседі, мекен жайы   Туркістан 2, оф. 109, тел: 87754300320, 87085443391.

 
0
1
1373

Не платил Сәт Тазалык!? Отключим свет!

В городе Сатпаев и Жезказган имеется 5 жилищно-коммунальных цехов которые обслуживают 548 многоквартирных жилых домов. До того, как ЖКЦ перешли в организациюТОО «Сәт Тазалык», они находились на балансе корпорации «Казахмыс». В виду реорганизации предприятий ТОО «Корпорация Казахмыс» Сатпаевское предприятие тепло-водоснабжения передало жилищно-коммунальные цеха в ТОО «Сәт Тазалык». На совместном совещании представителями ТОО «Корпорация Казахмыс» в сентября 2013 года было дано обещание по недопущению повышения тарифа (6,35 тенге/кв. м) до 1 декабря 2013 года (с 1 декабря 15 тенге/кв.м) и последующему постепенному поднятию тарифа до мая 2014 года, путем дополнительного финансирования переданных 5 ЖКЦ за счет средств ТОО «Корпорация Казахмыс». Однако ТОО «Сәт Тазалык» в лице директора Садыкова К.У. без объяснения причин (отсутствует тарифная смета) и проведения сходов с жителями каждого дома поднял тариф до 28тенге/кв.м. уже в октябре месяце, что обострило ситуацию в городе и вызвало массовое недовольство жителей города. На направленные запросы от акимата города Сатпаев письменно ТОО «Сәт Тазалык» не отвечает либо предоставляет недостоверную информацию, что ставит под сомнение законность тарифа в 28 тенге/кв.м. Из интервью корреспонденту местной газеты от 29.11.2013г. «Почему подскочил тариф?" представитель ТОО «Сәт-Тазалық» объяснил повышение тарифа отсутствием дополнительных источников дохода. – Поэтому содержать жилой фонд придется за средства самих жильцов, – сказал в интервью главный инженер, – а деньги пойдут, кроме обязательных услуг по благоустройству и сантехническому обслуживанию, на зарплату, налоги, закупку материалов, ремонт инженерных сетей в подвалах, приобретение спецодежды и инвентаря.
В акимате говорят, что по существующему законодательству власть не вправе влиять на устанавливаемый тариф эксплуатационных услуг. Этот тариф не утверждается Агентством по регулированию естественных монополий, так как ТОО «Сәт-Тазалық» в коммунальной сфере не является монополистом. Есть другие услугодатели в этой сфере, такие как кондоминиумы, КСК. Так что сами жильцы решают в какую коммунальную организацию входить, устраивает ли их услуги, расценки на них.


Я считаею, что ТОО «Сәт-Тазалық» в начале должно было с каждым собствеником квартиры заключить индивидуальный договор, где должны были оговорены все обязательства и права сторон или же надо было провести общее собрание жителей и если 75% жильцов дома согласны с условиями услугодателя, то заключается взаимовыгодный договор. В случае с ЖКЦ этого не было сделано.
На сегодняшний день в сложившейся ситуации жильцы не имея на руках письменный договор с ТОО «Сәт-Тазалық» досих пор продолжают оплачивать выставленные им счета за эксплуатационные услуги т.к ТОО «Сәт-Тазалық» угрожают начислением пени за неуплату счетов.
Помогите разобраться в данном вопросе, правомерны ли действия ТОО «Сәт-Тазалық», действительно ли жители в случае несогласия с тарифом или недовольства в работе ЖКЦ ТОО «Сәт Тазалык» имеют право отказаться оплачивать счета за эксплуатационные услуги ТОО «Сәт-Тазалық».
На днях приходили с одноименной фирмы грозились выключить свет за долгт по эксплутационым услугам, так же хотелось бы спросить у прочитавших, а в вашем городе есть оплата за чистку канализации?

0
0
1421

Мен еліммен мақтанамын, Менің Қазақстаным!

Жастар бастамаларын дамыту орталығында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және алдағы кезектен тыс сайлауға орай әскери патриоттық клубтар мен белсенді жастар арасында «Мен еліммен мақтанамын, Менің Қазақстаным» атты кездесу өтті. Аталған кездесуге ақпан айындағы еске алар күндер түрткі болды. 8 ақпан- Тәжік -ауған шекарасына бітімгершілік күштерінің күні, 15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күні. Осыған орай арнайы қонақтар шақыртылып, белсенділермен әңгіме өрбіді. Меймандардың бірі- Жутеков Айбын Шәріппайұлы «Айбын» орденінің иегері, интернационалист жауынгер, әскери әндердің авторы - Емельянов Сергей Викторович және Романюк Анатолий Дмитриевич, Козак Геннадий Николаевич, Жоламанов Бауыржан Бекенұлы, Супакунов Малик Джамаевич, Соловьёв Сергей Александровичтермен еркін әңгіме құрды. Павлодар қаласының бизнес-колледжінің «Сұңқар» әскери патриоттық клубының жігіттері гитараның үнімен ән орындап, ерекше көңіл күй сыйлады.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылған алғашқы кездесулердің бірі болғанмен  2016 жылда бұндай әскери бағыттағы мерекелік іс-шаралар жоспарлануда.

   
0
0
1506

«Мәмпәсидің әлегі»

 

Пойыздамын. Алған бағытым – Астана. Көңіл-күйім жақсы. Алғашқыда пойыздың біркелкі дауысына құлағым үйренбей, мазам қашып еді. Бара-бара, етім өліп кетті. Ендігіде жан-жағыма «таныс адам жоқ па екен» деп елеңдей көз тастадым. Сондағы ойым – жол қысқарту.

Келесі бір стансадан аяғына енді тұрып, қаз-қаз қадам басқан кішкене нәрестесі бар жас келіншек мінді. Бөбегі сондай сүйкімді екен: жәудіреген жанары, кіп-кішкене мұрны, қардай аппақ беті көрген жанды өзіне еріксіз ынтықтырып, елітіп әкетеді. Бөбекке бірден көңілім ауды. Қайтсем көңілін табам деп, анамның «шай ішкенде жерсің» деп қоярда-қоймай салып берген мәмпәсиімен жаныма шақырдым. Бауырмал бала екен, жатырқамай келді. Алғашқыда қолына екі кәмпит ұстаттым. Рұқсат сұрағандай, анасына қарап қояды. Күлдік. Кіп-кішкентай болып алып, соны қайдан біледі екен?!

Димаштың анасымен біраз әңгіме-дүкен құрдық. Өзі әзілқой әйел екен, екі сөзінің бірінде тыңдаушысын күлкіге қарқ қылады. Шай іштік. Димашқа тағы мәмпәси ұсынып едім, бұл жолы бас тартты. «Тойдым» деп қояды.

Есіл стансасына түннің бір уағында келіп тоқтадық. Ерсілі-қарсылы көшіп жүрген адамдардың шуынан ұйықтай алмай жатыр едім, әлгі әйел:

-Баламды қарай тұрмас па екенсің?! Жөргектері таусылып қалыпты, барып алып келейін,- деп өтінді.

-Жарайды, жарайды. Қарай тұрайын,- дедім мен де.

Бөбек ұйқы құшағында. Пойыздың «жүреміз» деп белгі бергендей шығаратын дыбысына ұқсатып пыс-пыс етеді. Осы сәтте балалық шағым есіме түсті. Мен де кезінде былдырлап, анамның етегіне жармасқан ерке бала болып едім. Мен де осы нәрестедей пәк, қамсыз-қайғысыз болғанымды еске алып, еріксіз жымидым. «Сол сәтке қайта оралу үшін дүниенің бар байлығынан баз кешер ем-ау» деген оқыс ойға да шомылдым. Сөйтіп отырып, пойыздың ақырын жылжып, алған бетіне минут сайын, секунд сайын бір табан жақындай бастағанын енді сездім. Далаға шыққандар вагонға ағылып кіріп жатыр. Осыдан жиырма минут бұрын ғана шырт ұйқыда жатқан вагон бір мезетте аласапыран болысты да қалды. Бірі өз орнын іздеп, бірі күбірлесіп жатқан көпшіліктің ішінен көз жүгіртіп, енді Димаштың анасын іздей бастадым. Кешікті ғой.

Пойыз әдетінше жылдам жүрісіне басып, жүйтки жөнелді. Димаштың анасы әлі жоқ. Алаңдай бастадым. Тұрып, жан-жағымнан іздестірдім. Көңілде «әлде үлгермей, стансада қалып қойды ма?» деген алаң пайда болды. Димашты көтеріп алып, дереу жолсерікке жүгінбек болдым. Жолсеріктің купэсіне кіріп қалсам, әлгі әйел сол жерде отыр! Жолсерік апай екеуі алдарына тәтті пішінәй алып, кәдімгідей буын бұрқыратып шай ішіп отыр екен. «Мына әйел тіптен санасыз екен, баласын тастап жүре беретіні қызық» деп ішімнен өзімнен-өзім ашуға булықтым.

-Сіз осында ма едіңіз? Кешіктіңіз ғой, алаңдап қалдым,- дегеннен басқа аузыма сөз түспеді.  Әйел түк болмағандай:

-Мені жай іздеп пе едіңіз?,- демесі бар ма!

-Жай іздегенде...былай ғой... балаңызды маған қалдырған соң...Димаш жылап  қала ма деп... - әйелдің тап  бір баласын емес, қажет емес затын тастап кеткендей тым сабырлы сөйлеуінен тіпті састым. Ол болса, сол қалпынан әлі танар емес.

-Менің балам ба? Не деп кеттіңіз? Бұл сіздің ініңіз емес пе? - Есімнен адастым ба, қалай? «Бұл өзі шынымен сол әйел ме» деп қадала қарап қоямын қайта-қайта.

-Кешіріңіз, сізге бірдеңе көрінді ме? Бұл Димаш қой, сіздің ұлыңыз! – деп  ұйқысын қимай ыңырсып жатқан баланың басын әйелге қарай бұрдым. Ол мырс етіп күлді. Мен ашудан өз-өзімді ұстай алмай, дауысымды көтере сөйледім. Әлгі әйел екеуміз кәдімгідей ұрыстық. Ол маған «бұл сенің інің екенін маған өзің айттың ғой» дейді, мен болсам «бұл сіздің балаңыз» деймін. Айқайдан Димаш оянып кетіп, жылай бастады. Вагонды басымызға көтеріп, біз әлі салғыласып тұрмыз. Бір кезде:

-Тынышталыңдар! – деген жолсерік апайдың ысқырығынан өштік-ау әйтеуір. – Екеуің мына жерге тұрыңдар қатарласып, бала кімге барса, сонікі! Содан кейін тарайсыңдар! Не болып кетті өзі!

«Көкек-анаға» деген ашуым ақылымды жеңіп кеткенін есеңгіреп, енді түсіндім. Әйел екеуміз жолсеріктің айтқандарын бұлжытпай орындадық. Өз анасына қарай барып, тезірек бәрі басылса екен деп тіледім. Вагондағы жолаушылардың бірқатары «мұндай қызықтан құр қалмайық» дегендей, жиылып қапты. Жолсерік балаға бірдеңелерді түсіндіріп, қатар тұрған екеумізге қарай беттеді. Димаш анадайдан қарап тұрып, тұп-тура маған қарай жүгірмесі бар ма! Жаныма келіп, «мәмпәси берші!» деп қиылды. Төбемнен жай түскендей болдым. Бірдеңе түсіндірмек боп енді оқтала бергенде, жолсерік:

-Шоу аяқталды, тараңдар! 7:55-те Астанада боламыз, ертерек тұрып, төсек-жаймаларыңызды тапсырыңыздар! – деп жарияға жар салып жатты. Бәрі тарасты. Бір орында сілейіп қалған мен ғана.

Баланы көтеріп алып, жолсеріктің жанына қайта келдім. Әйел де сонда екен. Мен кіріп келгенде екеуі бір-біріне қарап жымыңдасып, қыран-топан күлкіге батты. Екеуінің келісіп алып, мені сынамақ болғандары санама еміс-еміс енді кіріп жатыр. «Құтылдым ба, құтылмадым ба» дегендей, мен де езу тарттым.

Шай ішкенде жемек болған мәмпәсиім мені осылай әлекке салған.

   
1
0
2183

Неге жүрек ауруы көбейіп кетті?

Жүрек ауруының өте көп бөлігі рухани себептерден болады. Жүрек—дене тәріздес: адам денесінің ауырғаны сияқты күнәлардың себебінен жүрек те ауырады. Оның шипасы—Аллаға тәубе жасау (күнəға өкініп, қайта жасамау). Айнаның бетін шаң-тозаңның басатыны сияқты жүректі де кір басады. Оны жарқырату үшін Алланы еске алып оған жалбарыну қажет. Сондай-ақ, жүрек жалаңаш дене сияқты лыпасыз да болады. Оны әсем киімдермен киіндіру үшін Алланың тыйымдарынан тыйылып, тақуалық жасау (Алладан қорқу) ләзім. Асқазанның қарны ашқаны сияқты жүректің де қарны ашады. Оның асы мен суы—сауапты істерге құштарлық, намазға деген сүйіспеншілік және тек Аллаға деген тәуекел (Аллаға сену, арқа сүйеу, істі тапсыру)

-4
0
2293

Астанада жалдамалы пәтер нарығында 40 млрд. теңге «көлеңкеде» қалып отыр — Мемкірістер департаменті

Мемлекеттік кірістер департаменті Астанада жалға беруге құлықты азаматтардың жеке меншік пәтерлерін тіркеуге алуды және оларға "EXPO RECOMENDATION" белгісін беруді ұсынып отыр.

Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбілxайыр Ысқақов мәлім етті.

"Астана - қарқынды дамып келе жатқан қала. Ресми деректер бойынша, елордада 230 мыңнан астам пәтер бар. Олардың ішінде заңды түрде 9,3 мың пәтер жалға беріледі. Бұл жалпы пәтерлер санының 4%-ынан да кем. Сарапшылардың бағалауынша, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы тиіс.  Елордада кемінде 10% пәтер жалға беріледі. Шамамен "көлеңкелі" айналымда 40 млрд. теңге бар. Салық түрінде бюджетке 300 млн. теңгеге тарта қаражат түспей қалып отыр", - деп атап өтті ол Астана әкімінің қатысуымен өтіп жатқан департаменттің кеңейтілген отырысында.

Ә. Ысқақовтың сөзі бойынша, былтыр жалға беріліп келген 700 пәтер тіркеуге алынған. Дегенмен салық органдарынан жасырын жалға беріліп жатқан пәтерлер одан да көп. Сондықтан департамент басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін бұл саланы біржақты қылу қажеттігін атап өтті.

"ЭКСПО-2017 көрмесі барысында қонақүйлерге деген сұраныс күрт артады. Тиісінше пәтердің жалға алу құны да еселеп артады. Пәтерлерін қонақүй ретінде жалға беруге дайын адам саны да көбейеді. Осы орайда, Әділбек Рыскелдіұлы, жалға беруге құлықты азаматтардың жеке меншік пәтерлерін тіркеуге алу және оларға "EXPO RECOMENDATION" белгісін беру жөніндегі ұсынысты қолдауыңызды сұраймыз. Осы бағыттағы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының, Риэлторлар қауымдастығының және өзге де мүдделі тұлғалардың тиісті жұмыстарынан кейін, жалға берілетін пәтер нарығы ашық бола түседі", - деді Ә. Ысқақов қала басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлік пен көлік салығының жалпы салықтағы үлесі 10%-ды құрайды.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2869001

0
0
300