Мен еліммен мақтанамын, Менің Қазақстаным!
Жастар бастамаларын дамыту орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және алдағы кезектен тыс сайлауға орай әскери патриоттық клубтар мен белсенді жастар арасында «Мен еліммен мақтанамын, Менің Қазақстаным» атты кездесу өтті. Аталған кездесуге ақпан айындағы еске алар күндер түрткі болды. 8 ақпан- Тәжік -ауған шекарасына бітімгершілік күштерінің күні, 15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күні. Осыған орай арнайы қонақтар шақыртылып, белсенділермен әңгіме өрбіді. Меймандардың бірі- Жутеков Айбын Шәріппайұлы «Айбын» орденінің иегері, интернационалист жауынгер, әскери әндердің авторы - Емельянов Сергей Викторович және Романюк Анатолий Дмитриевич, Козак Геннадий Николаевич, Жоламанов Бауыржан Бекенұлы, Супакунов Малик Джамаевич, Соловьёв Сергей Александровичтермен еркін әңгіме құрды. Павлодар қаласының бизнес-колледжінің «Сұңқар» әскери патриоттық клубының жігіттері гитараның үнімен ән орындап, ерекше көңіл күй сыйлады.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылған алғашқы кездесулердің бірі болғанмен 2016 жылда бұндай әскери бағыттағы мерекелік іс-шаралар жоспарлануда.

