Мазмұнға өту

Жаңа

Өзбектер қазақтарға шапан жапты

Қысқа да нұсқа ақпарат!
Шымкент қаласының іргесінде орналасқан өзбек ағайындар көп шоғырланған Сайрам ауылында бүгін берекелі кеш өтті. Оңтүстіктің белгілі айтыскер ақыны Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұлдың айтысы жиылған жұрттың көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Ақындар елдікті, ұлтаралық татулықты айтып, жырларымен "бірлік жібін" байлап, ұлттық өнерімізге өзбек ағайындарды тамсантты. Сайрам тұрғындары, мешіт имамдары ақындардың сөзіне риза болғаны соншалық құрметтеп қос ақынға шапан жауып, ақсақалдары батасын беріп алғысын айтты. Бұл ұлттық өнеріміздің беделі мен берекесінің дәлелі.


1
0
2636

Бүркітке қатысты атаулары мен жабдықтары

Бүркітті қазақ халқы өте ертеден бері қолға үйретіп, саятшылық жасап келген. Мысалы, 1269 жылы Италиядан шығып қазақ даласын көктей өтіп, Қарақорымдағы Құбылай ханның ордасына барған венециялық саятхатшы Марко Поло өзінің «Әлемдегі қилы оқиғалар» атты кітабында, «далалықтардың әр үйінде бір-бірден бүркіт бар, онымен аң аулайды, саятшылық жасап, бой сергітеді» деп жазады. Мұндағы дерек көзіне жүгінсек, далалықтар, яғни біздің ата-бабаларымыз осыдан сегіз ғасыр бұрын қолына қыран қондырып, саятшылық жасағанын аңғарамыз. Қазақ құсбегілері бүркітін кез келген уақытта аңға салмайды, оның мезгілі арнаулы мезгілі болады. Сондай-ақ бапсыз құсты аңға салмайды. Егерде құс түз бүркіт болса оны алдымен қолға үйретеді. Бүркітке қатысты атаулары 1. Бүркіттің басы мен тұмсығына қатысты атаулар: Бақабас…

-4
0
16031

Б. Нұрымбетов: «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын азаматтар санатын кеңейтуге мүмкіндік береді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов жуырда Парламент Сенатында ұсынылған «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасының нормаларын түсіндіруге арналған брифингте мәлімдеді. Ол аталған заң жобасының Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын еске салды. Құжат сапалы еңбек нарығын құруға және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын кеңейтуге бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің тәжірибелері зерделенді. Заң нормаларын түсіндіре келе, Біржан Нұрымбетов азаматтар үшін ең маңызды…

0
0
391

Жүректерді жылыта жүрейік

Жұмыстан келе жатқан бетім. Көшенің бұрышында бір әжей шырша ойыншықтарын сатып отыр екен, – деп жазады өткен жолы ға­ламтордағы танысым. – Жақындап қарасам, Кеңес заманындағы шыны ойыншықтар. Аяз Ата мен Ақша­қардың мақтадан жасалған мүсіндері де бар. «Үлкенін 300, шағынын 200 теңгеге беремін» дейді кейуана. Суықтан домбығып кеткен қолда­ры­мен әрқайсысын аялай ұстап, маған ұсынды. Ұқыптылықпен сақтаған дүниесі екені көрініп тұр. Біздің үйде шырша жоқ. Әрі-беріден соң, жаңа жылдың да басталғанына айдан асты. Сонда да әлгі қарттың алдындағы заттарды түгелдей қорабымен сатып алдым. Ол кісінің алақан жайып, қайыр сұрамай, адал нәпақа табуға тырысқан ниетіне сүйсіндім…

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар: http://www.astana-akshamy.kz/?p=31362

2
0
310

Әрбір үшінші астаналық кәсіпкерлікпен айналысады

Кеше Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Малика Бектұрова қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шығып, бизнес саласына қатысты толғандырған сауалдарына жауап берді. Әңгіме барысында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде кәсібін енді бастаған азаматтарға қолдаулар жөнінде көптеген мәселелер сөз болды.

1
0
247

Сұрмерген

Төлеуғали Әбдібековтің асқан атқыштығы аңызға айналып, немістер оған қарсы ең үздік мергендерін салатын Елдің атын ер шығарады.Бала кезімнен есімде, Ұлы Отан соғысының сұрапыл ауыртпалығын бастан өткерген біздің елдің ұраны «Ешкім ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды» деу болатын. Алайда соғыс тарихының ақтаңдақ парақтары мұның да жел сөз екенін ауық-ауық жаңғыртып жадымызға салады. «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы» атты 1985 жылы Мәскеуден жарық көрген соғыс энциклопедиясында бұл кісінің есімі мүлдем жоқ. Нағыз қаһарманның әлі күнге өз еліне елеусіз, белгісіз солдат болып қала бермегі қалай? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында совет халқының фашистік басқыншыларға қарсы соғысын қасиетті соғыс деп атап: «Жеңістің біз үшін қаншалықты қымбатқа түскенін бәріміз де жақс…

1
0
1111

Қызылордалық полицейлер 18 ақбөкенді атып алған аңшыларды құрықтады

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында 2016 жылғы 30-31 қаңтар аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықтылды. Атап айтқанда, 31.01.2016 жылы сағат 16:30 шамасында Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында, көліктің салонынан 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы және 172 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Оқиға орнына тексеру жүргізу кезінде, сексеуіл бұталарының арасына жасырылған аяқтары кесілген 18…

0
0
315

«Девушка из Дании» — жаманнан жиренуді үйрететін фильм

Қазнеттің диагнозы бар сияқты. Мұндағы халықта цензураның бір елесі бардай. Дүниенің жақсысын аламыз да, жаманын қабылдай алмаймыз, қабылдау деп оны терең біліп, теріс екенін ұғынуды айтамыз. Ал ұғыну үшін оны назарға алмай немесе жамандамай емес, түсіну керек шығар? Сондықтан неден жиренетінімізді білуіміз абзал. "Дат қызы" (меніңше аударма қате, "Дания қызы" болуы керек - "Девушка из Дании") фильмін көріп, бір-екі ауыз сөз айтқан адамға фейсбукте жабыла кеткен намысқойларды байқадым. Сөйтсе, олар осы фильмді көрмеген де. Білмей-көрмей көпіре беру санасыз адамның ісі емес пе еді? Сондықтан, фильмді көрген адам ретінде өз ойымды айтуға рұқсат етіңіздер. Мен бұл фильмдегі бас кейіпкер үшін уайымдамадым, оған жақтаса да алмадым. Ауытқуы бар адам деген оймен қарадым. Қиын жағдайға тап болған…

0
0
472

«Ашық жүрек» акциясы бастау алды

Жастар бастамаларын дамыту орталығында қаңтар айынан бастап «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отырғанымен, жыл соңына дейін жалғасын табады. Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері және санаторилерінде өткізу жоспарланған. Алғаш «Ашық жүрек» акциясы Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде ұйымдастырылды. Жастар бастамаларын дамыту орталығы аталған мекемедегі тәрбиеленушілерге естен кетпес күн сыйлады. 80 ге жуық 3 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектер түрлі тренингтерге қатысып, домбыраның үнімен ән тыңдап, испан биін тамашалап, көңіл көтерді. Балалар үшін ең қызығы сыйлықтарды табыстау рәсімі болды. Мейірімді павлодарлықтардың арқасында тәрбиеленушілер осындай бақытқа бөленді. Орталыққа әкелген түрлі сыйлықтар, кітаптар кеңпейілді жан…

0
0
759

«Ашық жүрек» в действии

Стартовала благотворительная акция «Ашық жүрек», организаторами которой стал КГУ «Центр развития молодежных инициатив». Акция проводится впервые, но выезды запланированы до конца года в санатории, детские дома и в деревни семейного типа. Первыми ощутили на себе радость благотворительной акции «Ашық жүрек» дети из «Павлодарского областного противотуберкулезного диспансера». Представители Центра устроили воспитанникам яркую и насыщенную программу. Около 80 воспитанников в возрасте от 3 до 16 лет активно участвовали в тренингах, проводимых психологом, а после дети увлеченно смотрели музыкальное представление, в программе которого был как испанский зажигательный танец, так и завораживающие звуки домбры. Но самой главной и интересной частью акции стало для детей вручение подарков. Ребята получ…

0
0
298