Мазмұнға өту

Жаңа

есте қалған бір жағдай...

2014 жылдың қараша айында болған жағдай еді...
Астана, таңертең, әжептеуір аяз бар, өз аялдамамнан түсіп жолдың арғы бетіне өту керек, зебрадан (пешеход) өтіп бара жатып жасы 50-55 тен асқан, қолында екі пакеті бір қазақ ападан(әже) озып кеттім. Жұмыс орныма 300-400метрдей бар, артыма қарасам әлгі кісі менің бағытыммен жүріп келеді, аяғын сілтіп басады екен, көмектесуге ұсыныс жасадым,  ұсынысты қуана қабыл алды. "осылай қарай ма?" - деп өз бағытымды көрсеттім, шаршағаны көзінен ақ көрініп тұрған ол кісі "ия"деп бір күлімсіреді. Біраз жүріп озып кеттім, арқамнан әзер-әзер ілесіп кележатты. Сәл кідіріп:

Мен: Қайда барасыз?

Апа: Почтаға.

Мен: Онда жүріңіз, Почтаға дейін жеткізіп салайын.

Апа: Ой жарығым сол, рахмет саған

Мен: Мен үшін түк емес Апа.

Апа: Балама анау мынау салайын деген едім түрмеге

Мен: ааа - деп қоя салдым. Ары қарай әңгімені жалғастыруға дәтім бармады. Апаны жеткізіп салдым да, сол күннен бері осы жағдай есімнен еш кетер емес. Ең алдымен өзіме бір сабақ ретінде қабылдадым осы жағдайды. Және де басқа қандастарымда өздеріне сабақ алса екен деген ниетпен бөлісіп отырмын. Аналарымыз барында олардың қабағына кірбің түсірмейік. Аналарымыз аман болсын!!!

     

Қиын болмаса бөлісе отырыңыздар.

1
0
531

Бақытыңды сен менен іздемедің...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия душия «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Айнур Ниязова

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Бақытыңды, сен менен, іздемедің,

Жүрсемдағы, көлеңкеңді мен іздеп.

Шын сезімге, махаббатқа сенбедің,

Іздей бердің, әр жағдайдан, бір себеп.

 

Ал мен болсам, сүйіп едім, жаныммен,

Бірде күйіп, бірде жанып, сағыммен.

ТІлдесушем, мұңлы түнде, айыммен,

Сен кеткенде, амандықты тілеумен.

 

Бұрқыраған толқынында өмірдің,

Тұра алмадық, қарсы келіп, тағдырға.

Сезбедің ау, шырылдаған көңілдің,

Терең сырын, қарай беріп, басқаға.

 
1
1
543

Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шығарды

Ақмола облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Ж.Ешхатов мемлекеттік міндетті атқаруға өкілеті тұлға бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, меншікке қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kokshetau-kalalyk-soty-akmola-oblysy-bilim-salasyndagy-bakylau-departamentinin-buryngy

0
0
429

2099 жылға дейін технология қалай дамиды?

Бұл мақала Курцвейлдің келесі 80 жылға арналған болжамына арналмақ. Дегенмен алдымен Рэй Курцвейл кім деген сұраққа жауап беріп көрелік.

Фото: Getty Images/Fotobank.ru  
Фото: Getty Images/Fotobank.ru

Google-дің техникалық директоры қызметін атқарып жүрген Курцвейл жеті кітаптың (соның ішінде бесеуі бестселлер) авторы, жиырмаға жуық құрметті докторлық атақтық иегері, АҚШ-тың үш бірдей президентінен озаттық белгісін алған.

Ол сондай-ақ көптеген технологиялардың авторы: алғашқы планшеттік ССD сканерден бастап, көзі көрмейтіндерге арналған алғашқы сөйлейтін аппаратқа дейін. Сонымен қатар ол Singularity University оқу орнының тең құрылтайшысы және Ларри Пейджбен бірге Google компаниясында жасанды интеллектті дамытумен айналысады.

Қысқаша айтқанда, Рэй Курцвейл өте ақылды адам және оның болжамдары қызықтырмай қоймайды. Ол әрдайым біздің адамзат тарихындағы ең бір шешуші кезеңде өмір сүріп жатқанымызды еске салып отырады.

Рэй Курцвейл өзінің 2099 жылға дейінгі болжамымен бөлісуде (фото: huffpost.com)

Рэй Курцвейл өзінің 2099 жылға дейінгі болжамымен бөлісуде (фото: huffpost.com)

Курцвейлдің соңғы 25 жыл ішінде жасаған болжамдары

1990 жылы ол ...

...компьютер шахмат ойыны бойынша әлем чемпионын 1998 жылы жеңеді деп болжаған. 1997 жылыDeep Blue (IBM) Гарри Каспаровты жеңді.

...жеке компьютерлер 2010 жылға қарай интернетке сымсыз қосылып, сұрақтарға жауап бере алады деп болжаған. Түсінгендеріңіздей, оның айтқаны рас болып шықты.

...2000 жылдардың басында экзоқаңқа мүгедектерге жүруге мүмкіндік береді деп болжаған. Ekso Bionics және өзге де компаниялар дәл осы экзоқаңқа жасаумен айналысып, алғашқы нұсқаларын шығарып та қойды.

1999 жылы ол...

...адамдар компьютерге дауыс арқылы бұйрықты 2009 жылдың өзінде бере бастайды деп болжаған. 2009 жылы Siri және Google Now секілді тіл интерфейстері енді ғана іске қосылып жатты.

... 2009 жылы компьютер дисплейі көзілдірікке орнықтырылып,  қосымша шынайылық пайда болады деп болжаған. Мұндай дисплейлерді ғалымдар зертханаларда 2009 жылға дейін де жасаған болатын, ал 2011 жылы Google компаниясы Google Glass көзілдірігін жалпақ жұртқа таныстырды. Қазір қосымша және виртуалды шынайылық алаңындағы қарқынды дамуды бақылап отырмыз.

2005 жылы ол...

...2010 жылы виртуалды шешімдер тілдік аудармаларды шынайы уақытта жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп болжаған. Яғни өзге тілдегі сөздер келесі негізгі тілге мәтін күйінде аударыла береді. Microsoft (Skype Translate) пен Google (Translate) мұны жүзеге асырып қойды. Word Lens секілді жекелеген қосымшалар тіпті сіздік камераңыздағы суреттерде кездесетін мәтіндерді де аудара алады.

Өткен жылдың басында Детроиттағы (АҚШ) SAE 2015 конгресінде Рэй Курцвейл технологиялар дамуының 2099 жылға дейінгі болжамын жасады. Егер аталған болжамды жүйелесек, қоғам өміріндегі шешуші салалардың ХХІ ғасырдың соңына дейінгі дамуына көз шалуға болады.

Сонымен 2099 жылға дейін технология қалай дамиды?

Фото: toptenz.net

Фото: toptenz.net

2019

Адамдардың көпшілігінде бірнеше компьютерден болады. Құны 4000 доллар тұратын компьютерлердің есептеу қуаты секундына 20 квадриллион есептеуге жетпек. Микрокомпьютерлер барлық нәрсеге енгізіледі – киімге, бағалы заттарға, жиһазға, тіпті қабырғаға дейін. Кішірею фото мен видеоға да қатысты, объективтер түйреуіштің басындай болады.

Адамдар виртуалды шынайылыққа қол жеткізеді, яғни бейне көздің ішкі тор қабығында пайда болмақ. Қолданушылар өз компьютерлерімен екі жақты (сөйлеу және ым-ишара) интерфейс арқылы байланысқа түседі, пернетақта еш қажет болмай қалады. Перифериялық құрылғылардың кабельдер мен сымдар арқылы жұмыс істейтін нұсқалары толықтай жойылады.

 
GearVR көзілдірігіндегі виртуалды шынайылық (Сурет: vrscout.com)
GearVR көзілдірігіндегі виртуалды шынайылық (Сурет: vrscout.com)
 

Студенттердің барлығы компьютерге қол жеткізеді. Негізгі білім беру қашықтықтағы адаптивті курстар негізінде ұйымдастырылады, яғни ондай курстарға оқытушылар мен студенттер қашықтықта отырып қатысады.

Көзі нашар көретіндер мен мүлдем көрмейтіндер шынайы өмірді дауысталған сөзбен түсіндіріп бере алатын көзілдірік таға алатын болады. Ал құлағы естімейтіндер сөйленген сөзді мәтінге немесе таңбаға, музыканы бейнеге айналдыратын құрылғыларды таға алады. Сондай-ақ, жасанды көз торы, бионикалық құлақ және тағы да басқа нейроимлантаттар пайда болады, алайда олар шектелген көлемде болмақ.

 
Принстон университетінде жасалған бионикалық құлақ (фото: Frank Wojciechowski)
Принстон университетінде жасалған бионикалық құлақ (фото: Frank Wojciechowski)

Жұлыны зақымдалғандар қайтадан жүре бастайды. Бұл үшін оларға интерфейс арқылы адам миымен басқарылатын экзоқаңқа көмектеседі.

Автоматты аудару жүйелері тиімді болғаны сонша, кәсіби ортада және күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын болады.

2021

Жер бетінің 85 пайызында интернет қолжетімді болады. Ол негізінен сымсыз және арзан болмақ. Формалды төлем автоматты түрде алынады.

Фото: oko-planet.su

Фото: oko-planet.su

Компьютерлік бағдарламалар өнер туындыларын заманауи авторлармен бірдей немесе олардан жақсы етіп жасай алады. Жасанды интеллект (АI – artificial intellect) жасаған суреттер, музыкалық композициялар және мүсіндер пайда болады.

Қағаз кітаптар раритетке айналады. Мәтінді оқудың негізі құралы анықтығы жоғары жеңіл портативті дисплейлер болмақ.

2022

Роботтар үй жануарлары секілді күнделікті өмірдің қарапайым құрамдас бөлігіне айналады. Дамыған елдер адамдар мен роботтардың қарым-қатынасын реттейтін заңдар қабылдай бастайды.

 
Сурет: imagine.pics
Сурет: imagine.pics
 

2024

Автопилот жүйелері жеңіл, жүк және қоғамдық көліктерде кеңінен тарайды. Бірқатар елде жүргізушінің электронды ассистенті жоқ көлікті басқаруға тиым салынады. 2020 мен 2025 жыл аралығында шағын жеке ұшу аппараттары пайда болады.

2025

Тағып немесе алып жүретін электроника имплантацияланатын электроникамен ығыстырыла бастайды. Біз қартаюмен тиімді түрде күресе бастаймыз, әлі атауы жоқ нанороботтар көмегімен өз өмірімізді тұрақты түрде ұзартып отырамыз.

2028

Баламалы энергетика басқа салалардың дамуы үшін шешуші технологияға айналады. Ол басым концепция ретінде бекітіледі. Күн батареялары тиімді болғаны сонша, олардың жалпы қуаты энергиялық шығынның басым бөлігін жабуға мүмкіндік береді.

 
Севилья маңындағы Gemasolar күн электр станциясы (фото: swns.com)
Севилья маңындағы Gemasolar күн электр станциясы (фото: swns.com)
 

2029

Компьютерлік бағдарлама Тьюринг тестін өтіп қана қоймай, оны адамдардан әлдеқайда жақсы көрсеткішпен тапсыра алады. 1 мың доллар тұратын компьютер көпшілік салада орташа адамның миынан күштірек болады.

Миды модельдеу әлдеқайда нақты болмақ. Жүздеген әртүрлі субаймақтың функциясы, олардың даму және жұмыс істеу алгоритмі анықталады.

2031

Көптеген адамдар ерікті түрде киборгқа айналады және имплантаттардың шамадан тыс көптігінен «адамзат» ұғымы қайта қаралады.  Кез келген ірі емханада машина ағза мүшелерін дайындай алады.

Миға және нейрондардың жекелеген топтарына тікелей қосылатын компьютерлік имплантаттар пайда болады. Олар адамға қосымша қабілеттер береді – есте сақтау және сезу қабілеттерін күшейту, реакция жылдамдығын арттыру және үйрену уақытын қысқарту.

 
Ағза мүшелерінің 3D баспасы қазірдің өзінде қияли болып көрінбейді (Сурет: Frank Wojciechowski)
Ағза мүшелерінің 3D баспасы қазірдің өзінде қияли болып көрінбейді (Сурет: Frank Wojciechowski)

2033

Компьютерлер адамның қатысуынсыз өздігінен білім ала алады. Биологиялық емес интеллект формалары адамзат санасы ұйымдасуының артықшылықтары мен машиналық интеллекттің ақпарат алмасудағы шексіз мүмкіндіктерін біріктіре алады.

Шамамен барлық автокөлік өздігінен басқарылатын болады. Ауылшаруашылық жұмыстары мен көлік жүйелері де толықтай автоматтандырылады.

2034

Жасанды интеллекттің дамуы машиналардың құқығын қорғайтын қоғамдық қозғалыстардың пайда болуы әкеледі. Орбиталық қорғаудың жаһандық бағдарламасы Жерді ірі метеориттер мен астероидтардың құлауына тиімді қорғайтын болады.

 
Ле Боуг екі қолынан да айырылған, ал қазір Джон Хопкинс университеті мамандарының арқасында екі роботтандырылған қолы бар (фото: jhuapl.edu)
Ле Боуг екі қолынан да айырылған, ал қазір Джон Хопкинс университеті мамандарының арқасында екі роботтандырылған қолы бар (фото: jhuapl.edu)

2038

Трансгуманизм шешуші бағыттардың біріне айналады. Нейроимплантаттар кез келген ақпаратты тезірек алуға мүмкіндік береді. Ағза жасушаларын жаңа функция атқаруға және ауруды емдеуге бағдарламалауға болады.

2041

Интернет-трафик жүздеген миллион есе өседі де, іздеу жүйелері барлық жерлерге орналастырылады. Жүйеге сұранысты BCI  (Brain-computer interface) арқылы ой күшімен жіберуге болады.

2045

Мәңгілік өмір сүру алғаш рет жүзеге асады: нанороботтар апоптозды еңсеруге мүмкіндік береді және ағзаны кез келген теріс әсерлерден қорғайды.

 
Рэй Курцвейл TED конференциясында (фото: blog.ted.com).
Рэй Курцвейл TED конференциясында (фото: blog.ted.com).

2049

Нанороботтар тағамды қолда бар заттардан жасай алатын болады. Мұндай тағамды «табиғи» түрінен ажырату мүмкін болмайды, алайда оның сыртқы пішіні мен құрамын бағдарламаны модификациялау арқылы өзгерте беруге болады. Мысалы, ондай тағам майлы немесе майлылығы төмен бола алады, сондай-ақ оның құрамындағы амин қышқылдарының, дәрумендердің, микроэлементтердің көлемін өзгертуге болады, тіпті тамақты қорытуға көмектесетін ферменттерді сол тағамға алдын ала қоса аласыз. Синтетикалық тағамды әзірлеу технологиясы аштық мәселесін шешіп, азық-түлік өндіруді климаттық жағдайлар мен табиғи ресурстардан тәуелсіз етеді.

Виртуалды шынайылық пен нағыз шынайылықтың айырмашылығы жойылады. Бұған қосымша шынайылық жүйелерінің дамуы және кез келген физикалық объектінің өзін-өзі құрастыра алуы әсер етеді.

Ex Machine фильміндегі көрініс

Ex Machine фильміндегі көрініс

2072 — 2099

Нанотехнологиялар пикотехнологияларды тудырады. Адамдар өлшемі метрдің триллионнан бір бөлігін құрайтын құрылымдарды басқара алатын болады. Технологияық сингулярлық дәуірі келеді және ол адамзатпен бірге Жерден тыс аймаққа таралады. Біздің санамыз жасанды интеллектен күшті болмайды. Адамдар мен машиналар барлық деңгейде бірігеді. Адамдардың көпшілігінде тұрақты форма болмайды. Олар бағдарлама күйінде өмір сүреді және олардың саналары бірнеше физикалық объектіні басқарып, жаңаларын тудыра алады.

 

Ақпаратты дайындау кезінде интернет ашық көздерінен алынған материалдар қолданылды.

Әзірлеген Дархан Өмірбек

 


-3
0
929

Ақышевтің 100 күні

"Алға, Қазақстан" Жалпыұлттық қозғалысы.

Қымбатты Отандастар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 5 институционалдық реформада мемлекеттік қызметке ерекше көңіл бөліп отыр. Ол заңды талап. Себебі, қандай ұлы мақсатқа құрылған реформа болса да, егер мемлекеттік қызмет сапалы жұмыс жүргізбесе, оның іске аспайтынын өмір тәжірибесі көрсетті. Бірақ, мемлекеттік қызметтің жұмысына қоғам тарапынан қадағалау болмаса, қызмет сапасы түзелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызмет жүмысына қадағалау жасап, халық арасында жан-жақты талқылап отыру абзал. Соның ішінде саяси басшылардың жұмысы халық назарынан тыс қалмағаны жөн.

Бүгін біз сіздердің талқылауыңызға Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің, банкті басқарған 100 күн ішінде "халық мүддесі үшін" жасаған негізгі өзгерісін халық талқысына ұсынамыз.

Валюта айырбастауда, валюта бағасының ауытқуы АҚШ доллары үшін 2 теңгеден 6 теңгеге, ал Евро үшін 3 теңгеден 7 теңгеге дейін көтерілді. Бұл өзгерісті Ақышев, айырбас бекеттері зиянға түспес үшін істелген шара деп көрсетті.

Ал, бұл шара халыққа қаншалықты тиімді?!

Ұлттық банктің төрағасы валюта айырбасымен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен банктер емес, жалпы халық төлем төлеуге қабілетті болған жағдайда ғана экономиканың дамитынын білуге міндетті. Ал Ақышевтің ісі, оның халық жағдайы туралы ойлайтынына күмән келтіреді. Ақышевтың банктердің сойылын соғуы да, оның халық алдында адалдығына нұқсан келтіреді. Ақышев, егер халықтың мүдессіне қайшы келетін саясатын жалғастыра берсе, оның орнынан кетуі талап етіледі. Банкирлердің қалтасын халықтың есебінен толыруға жол жоқ! Бұрынғы Ұлттық банк төрағасы К.Келімбетов сияқты, халықты алдап соғуға жол берілмейді!

Ал, қазіргі талап, валюта айырбасындағы ауытқуды 2 және 3 теңге деңгейіне қайтаруды талап етуге шақырамыз!

Сын түзелмей, мін түзелмейді!

Бірлік болсын халайық!

Алға, Қазақстан!

Сауалнама:

Валюта бағамының ауытқуы қандай деңгейде болғаны халыққа тиімді?

0
0
308

Ақышевтің 100 күні

"Алға, Қазақстан" Жалпыұлттық қозғалысы.

Қымбатты Отандастар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 5 институционалдық реформада мемлекеттік қызметке ерекше көңіл бөліп отыр. Ол заңды талап. Себебі, қандай ұлы мақсатқа құрылған реформа болса да, егер мемлекеттік қызмет сапалы жұмыс жүргізбесе, оның іске аспайтынын өмір тәжірибесі көрсетті. Бірақ, мемлекеттік қызметтің жұмысына қоғам тарапынан қадағалау болмаса, қызмет сапасы түзелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызмет жүмысына қадағалау жасап, халық арасында жан-жақты талқылап отыру абзал. Соның ішінде саяси басшылардың жұмысы халық назарынан тыс қалмағаны жөн.

Бүгін біз сіздердің талқылауыңызға Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің, банкті басқарған 100 күн ішінде "халық мүддесі үшін" жасаған негізгі өзгерісін халық талқысына ұсынамыз.

Валюта айырбастауда, валюта бағасының ауытқуы АҚШ доллары үшін 2 теңгеден 6 теңгеге, ал Евро үшін 3 теңгеден 7 теңгеге дейін көтерілді. Бұл өзгерісті Ақышев, айырбас бекеттері зиянға түспес үшін істелген шара деп көрсетті.

Ал, бұл шара халыққа қаншалықты тиімді?!

Ұлттық банктің төрағасы валюта айырбасымен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен банктер емес, жалпы халық төлем төлеуге қабілетті болған жағдайда ғана экономиканың дамитынын білуге міндетті. Ал Ақышевтің ісі, оның халық жағдайы туралы ойлайтынына күмән келтіреді. Ақышевтың банктердің сойылын соғуы да, оның халық алдында адалдығына нұқсан келтіреді. Ақышев, егер халықтың мүдессіне қайшы келетін саясатын жалғастыра берсе, оның орнынан кетуі талап етіледі. Банкирлердің қалтасын халықтың есебінен толыруға жол жоқ! Бұрынғы Ұлттық банк төрағасы К.Келімбетов сияқты, халықты алдап соғуға жол берілмейді!

Ал, қазіргі талап, валюта айырбасындағы ауытқуды 2 және 3 теңге деңгейіне қайтаруды талап етуге шақырамыз!

Сын түзелмей, мін түзелмейді!

Бірлік болсын халайық!

Алға, Қазақстан!

 
0
0
366

Атырауда «Строй Контакт Групп» ЖШС-нің бұрынғы директорына қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Строй Контакт Групп»  ЖШС-нің бұрынғы директоры Олег Павличенкоға қатысты сот үкімі шықты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/atyrauda-stroy-kontakt-grupp-zhshs-nin-buryngy-direktoryna-katysty-sot-ukimi-shykty

0
0
282

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту қажет

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталып өтілген.

Сонымен, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті қызметкерлерімен Орал қалалық жалпы білім беретін мектептерінде сыныптан тыс іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады.

2016 жылдың 10 ақпанда осындай шаралардың бірі №39 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында өткізілді.

Іс-шараға мектеп мұғалімдері, ата-аналар, сонымен қатар 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар үш топқа бөлінді. Олар топпен өмірлік жағдайларды, ребустар мен тапсырмаларды шешті. Сондай-ақ 9 сынып оқушылары әділдік пен өтірік туралы театрландырылған қойылымдарын көрсетті.

Іс-шараға Департаменттің өкілі М.Харесова қатысып, өз сөзінде балалардың ерте жастан жақсы мен жаманды айыра алатын түсінік қалыптасатындығы белгілі. Дәл осы жаста оларға жемқорлықтың – ол қылмыс, ол әлеуметтік жамандық екендігін түсіндіру маңызды. Бұндай әлеуметтік жамандықты, феноменді қабылдамау принципі  қалыптасқан толық ұрпақ өсіру үшін біз сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруда жұмысты жас кезден бастау қажет екендігін атап өтті.

Сабақ соңында оқушылар Департамент өкіліне сұрақтарын қойып және сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістері жөнінде өз ойларын білдірді. Ал ата-аналар, өз кезегінде еліміздің нағыз азаматын тәрбиелеуде көмек көрсетіп жатқанымыз үшін алғыстарын білдірді.

 
1
0
432

Еліміздің жолдарындағы апаттылық және жарақат алу жағдайы туралы

Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы Бас прокуратураның Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті есебінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша 2016 жылдың қаңтар айында 2015 жылдың  осындай  кезеңімен салыстырғанда  жол-көлік оқиғасы 7,4 пайызға төмендеген.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/elimizdin-zholdaryndagy-apattylyk-zhne-zharakat-alu-zhagdayy-turaly

0
0
401