Қазақтарға әулие «Валентин» күнін тойлауға бола ма?
Алдымызда ғашықтар мейрамы немесе әулие Валентин күні келе жатыр. Бұл мейрам Еуропадан еніп, елімізде соңғы жиырма жылдан бері тойланып келеді. Сол мейрамда біздің де едің ғашықтары Батыс елдерге еліктеп бір-біріне силықтар, ашық хаттар силап жатыр. Деректерде «Әулие Валентин күнін» Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Оның Қазақстанға және басқа да ТМД келген кезі — тоқсаныншы жылдардың басы. Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады. Біріншісі — Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйырылған адам. Ал осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен «Әулие Валентин» күні мерекеленген. Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері ек…