Мазмұнға өту
samalotos

Самал Мурат

@samalotos

Сайтта 2016 ж. 2 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

3

тіркелуші

1

жазылымдар

3

Қалалық адамның монологі

Жүріп келем, жүріп келем... Теңіз бен жағажай, таза ауа, ашық аспан. Тыныштық. Жағаға келіп соққан толқындар мен құстардың шуылынан өзге дыбыс жоқ. Аңсап күткен, сарғайып тосқан жан тыныштығы. Уайымның бәрін ұмыттым. Ештеңе толғандырмайды – дүние өртеніп кетсе де, селт етпеймін. Шіркін, Жер-ана, сенің бауырыңда мұншалық әсем табиғат барын мына мен, балаң, білмеппін. Зәулім үйлер, биік ғимараттардың арасында шын рахаттың осында екенін білместен, қайғысыз-қамсыз жүре беріппін-ау. Сол үшін кеш. Кеше гөр пендеңді. «Неге сонша налыдың?» - деймісің? Налығам жоқ, Жер-ана. Жалғызбын мен. Жанымда қанша адам жүрсе де, мыңдаған адамдармен бір ауаны жұтып, бір қалада тұрсам да, тым жалғызбын. Жалғыздығым жемістің ішіне түскен зиянкес құрт сияқты, жанымды жеп бітті. Қолы мен аяғын бұрап кигізе салған…

0
0
896

«Мәмпәсидің әлегі»

Пойыздамын. Алған бағытым – Астана. Көңіл-күйім жақсы. Алғашқыда пойыздың біркелкі дауысына құлағым үйренбей, мазам қашып еді. Бара-бара, етім өліп кетті. Ендігіде жан-жағыма «таныс адам жоқ па екен» деп елеңдей көз тастадым. Сондағы ойым – жол қысқарту. Келесі бір стансадан аяғына енді тұрып, қаз-қаз қадам басқан кішкене нәрестесі бар жас келіншек мінді. Бөбегі сондай сүйкімді екен: жәудіреген жанары, кіп-кішкене мұрны, қардай аппақ беті көрген жанды өзіне еріксіз ынтықтырып, елітіп әкетеді. Бөбекке бірден көңілім ауды. Қайтсем көңілін табам деп, анамның «шай ішкенде жерсің» деп қоярда-қоймай салып берген мәмпәсиімен жаныма шақырдым. Бауырмал бала екен, жатырқамай келді. Алғашқыда қолына екі кәмпит ұстаттым. Рұқсат сұрағандай, анасына қарап қояды. Күлдік. Кіп-кішкентай болып алып, соны қ…

1
0
2100