Мазмұнға өту
Aldo

Aldo

Сайтта 2016 ж. 12 қаңтарКазахстан, Алматы

Люблю читать , интересуюсь историей, психологией.

рейтинг

100

жазбалар

71

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

Ұмытыла бастаған ұлттық тағамдар

Заман алмасып, ұрпақ жаңарған сайын кейбір ұлттық тағамдар да күнделікті тұрмыс дастарқанымыздан ұмытылып бара жатыр. Мұндай тағамдар өте көп. Алдағы уақытта бұл тақырып жайлы тағы да тоқталатын боламыз. Наурыз мерекесіне орай сіздерге ұмыт бола бастаған бірнеше түрлі тағамдар жөнінде түсінік береміз. Бұл тағамдар жайлы арнаулы суреттер болмағандықтан, тек жазба түрінде түсіндіруді жөн көрдік. 1. Мипалау – тағамның аты айтып тұрғандай малдың миынан әзірленеді. Сұйық тағам. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық майы, бастың құйқасын әбден араластырады. Бұған қымыз, айран немесе тұзды сүзбе қосып, майлы сорпа құйса мипалаудың дәмі де, маңызы да арта түседі. Семіз ет жеп отырған қонақтарға мипалау жасап ұсыну да қазақша дәм берудің тағы бір жақсы үлгісі. Мипалауды ортаға үлкендеу, терең ыдысқ…

-2
0
6145

Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған «ӨСИЕТІ»

Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған "ӨСИЕТІ". 1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басылары…

2
0
4387

Садақамен байыған сахаба

Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба Абуррахман ибн Ауфтың (оған Алла разы болсын) есімі аталғанда оның есепсіз байлығы мен Алла жолында жұмсаған садақалары еріксіз еске түседі. Аса маңызды іс қолға алынарда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына керек-жарақтар үшін садақа беруді тапсырады. Және қайтарым сыйын Алла Тағаланың беретіндігін айтады. Сонда алғашқылардың бірі болып Абдуррахман ибн Ауф үйіне жүгіріп кетеді де, 200 унция көлемінде алтын әкеледі. Мұны көрген Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын): «Уа, Алла Елшісі, Абдуррахманның жасағаны - күнә. Ол өзінің жақындарына ештеңе қалдырмады» дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Абдуррахман, сен өз отбасыңа бір нәрсе қалдырдың ба?» деп сұрайды. Ол: «Иә... Мен өз жұмсағ…

-3
0
1416

Құны алтыннан да жоғары

Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі: «уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амалдарды жасап,ізгілікке қол жеткізуге болатынын сұрау үшін келдім» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Сұрақтарыңды қой, мен жауап берейін» деді. Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауапты берді: - Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді. - Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың. - Адамдардың ең байы болғым келеді. - Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың. - Ең әділетті кісі болғым келеді. - Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың. - Адамдардың ең жомарты болғым келеді. - Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың. - Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді. - Сен Алланы көп еске…

-3
0
1547

700 жылдық алтын насихат

Төмендегі жазу – атақты Ислам ғалымы Шейх әдәб Алидың насихаты. Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де, әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт. 🔸«Балам, таң қылаң бере бастағанда туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады. Өзіңді баса біл! Бойыңдағы күштілікті, ақылдылықты, ауыздағы сөзіңді қашан, қай жерде, қалай қолдану керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, тұрақты бол, өз ерік-жігеріңді өз қолыңда ұста. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.…

-3
0
590

Ұзақ отырудың денсаулыққа зияны

Қазіргі кезде бір орында тапжылмай ұзақ отыру бұлжымас әдет пен тәуелділікке айналып бара жатқаны шындық. Соңғы зерттеулерге қарағанда үстел басында күні бойы ұзақ отыратындар денесінде майдың көбірек жинақталуына және денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруіне жол ашады екен.Сондықтан азырақ отыруға дағдыланыңыз! Ұзақ отырудың денсаулыққа зияны темекі шегуден келетін зияннан кем емес. Денсаулық-табысты әрі өнімді өмір сүрудің басты факторларының бірі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): "Кім таңертең қауіпсіз түрде дені сау, сол күнге жетер азық-түлігі болып оянса, бұл әлемнің барлық байлығын иеленген болып табылады",-деген (Әт-Тирмизи). Ғалымдардың мәліметтері бойынша кім ұзақ отыратын өмір салтын ұстанса, солардың арасынан екінші типті қант диабетінің 91%-ы жиі кездесетінін баяндаған. 2013…

-2
0
818

Жылқының жал-жаясын ұнататын жапондықтар

Бұл күнде қасиетті жылқы малының ерекшелігін жете меңгерген жапондар жал-жаяны жаппай тұтынады десем артық емес. Жылқы малы негізінен Хоккайдо, Нагоя, Аомори префектураларында арнайы жайылымдарда өсіріледі. Жапонияның таулы аймақтарының тұрғындары жылқы етін ең пайдалы өнім деп есептейді. Бұл елде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жылқы етінен дайындалған өнімдерді сататын арнайы дүкендер мен жал-жаядан жасалған ондаған тағам түрін әзірлейтін мейрамханалар көптеп ашыла бастады. Ал қала тұрғындарының жылқы етін жаппай пайдалануы 1950 жылдардан басталады. Ірі қалаларда тұратын халық жал-жаяны тоңазытқышқа салып қойып, шетінен пісіріп жей берген. Жапондар ол кезде тоңазытқышты жаңадан пайдалана бастаған еді. Жапондар жылқы етін кэтобаши немесе сакура нику дейді. Кэтобаши деген сөз асау атың тебі…

-3
0
7239

Мұхаммед Әлиді Исламға әкелген Малкольм Икс туралы білесіз бе?

Малкольмнің Исламға дейінгі өмірі Малкольм Литтл 1925 жылы 19 мамырда Небраска штатының Омаха қаласында дүниеге келген. Анасы мектепте ұстаздық етсе, әкесі баптист, яғни дін қызметкері болатын. Ол Американың қара нәсілділерді жануарға теңеп, адам қатарына қоспайтын кезі. Мұндай қысымға шыдай алмаған Эрл Литтл азат өмір сүру үшін қара нәсілділерді өздерінің тарихи отаны Африкаға қайтуға үгіттей бастайды. Оған алты ағасының төртеуі ақ нәсілділердің құлдығында қайтыс болғаны да себеп болса керек. Сонымен не керек, расистер Малкольмнің әкесіне де тыныштық бермеді. Үйін өртеп қоқан-лоққы көрсетті. Ақырында пойыздың рельсіне таңып, байлап тастап өлтірді. Бұл кезде Малкольмнің жасы небәрі алтыда болатын. Міне, осы кезден оның бойында ақ нәсілділерге деген өшпенділік қалыптасты. Малкольм тоғызға…

-3
0
1593

АҒАНЫҢ ҚАРЫНДАСҚА ӨСИЕТІ (ұзатылғалы отырған бойжеткенге)

Айналайын қарындасым! Қыз баланың өмірі, тағдыры қашан да оңай болмаған. Бабаларымыз «қыз – жат жұрттық» деп осы бір аяулы жандардың өмірлік бағдаршамын, аялдамасын әлдеқашан бекітіп берген. Сондай-ақ, «Қыз мұраты - кету» - дейді. Сенің де сол ұлы мұратқа ұмтылып, жаңа өмірге аяқ басатын күнің келіп жетті. Алдыңда небір бұралаң жолдар күтіп тұр. Ол жолдар бақыт үшін күрестен тұрады. Бұл күрес сабырмен, төзіммен, даналықпен қарулануыңды талап етеді. Ең бастысы, Жәннатқа жол салып беретін МЫРЗАҢның разылығын табуға ұмтылар күндер күтіп тұр. Бұл қызмет арқылы жан жарыңа бақыт сыйлайсың, ал ол сені бақытты етеді. Алла Тағала қыз баласына әйел-ана болудан артық нығмет сыйламаған. Ендеше, жанашыр ағаңның өсиетіне құлақ сал!Таңертең көзіңді аша сала әуелі Алланы ойла. Алдымен Раббыңның хақын өте…

-4
0
1411

Сөзіне берік болатын

Хақ Тағала айтады: - Берген сөздеріңді орындаңдар, өйткені берілген уәде жауапкершілікті талап етеді (Исра сүресі, 34-аят). - Шынайы мүминдер аманаттары мен уәделеріне берік болады (Мүминун сүресі, 8-аят). - Сөзде (төрелік айту немесе куә болуда) әділ болыңдар, әр қандай жақының (туралы) болса да. Аллаға берген уәдені орындаңдар. Ғибрат алуларың үшін Алла сендерге осыларды өсиет етеді (Әнғам сүресі, 152-аят). Пенде осы шындықтарға мән бәріп, абайлап жүрсе, оның барлық амалдары түзеліп, көркейеді. Өйткені Аллаға берген сөзіңді орындау – бүкіл өмірді туралықпен және жәннат көркемдігімен өткізу деген сөз. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) жалған мен иман бір жерде бола алмайтындығын баян етіп, берген сөзде тұру мәселесіне өте қатты көңіл бөлген. Бұл оның Пайғамбар болмай тұрған кезінде де о…

-3
0
506