Пойыздамын. Алған бағытым – Астана. Көңіл-күйім жақсы. Алғашқыда пойыздың біркелкі дауысына құлағым үйренбей, мазам қашып еді. Бара-бара, етім өліп кетті. Ендігіде жан-жағыма «таныс адам жоқ па екен» деп елеңдей көз тастадым. Сондағы ойым – жол қысқарту. Келесі бір стансадан аяғына енді тұрып, қаз-қаз қадам басқан кішкене нәрестесі бар жас келіншек мінді. Бөбегі сондай сүйкімді екен: жәудіреген жанары, кіп-кішкене мұрны, қардай аппақ беті көрген жанды өзіне еріксіз ынтықтырып, елітіп әкетеді. Бөбекке бірден көңілім ауды. Қайтсем көңілін табам деп, анамның «шай ішкенде жерсің» деп қоярда-қоймай салып берген мәмпәсиімен жаныма шақырдым. Бауырмал бала екен, жатырқамай келді. Алғашқыда қолына екі кәмпит ұстаттым. Рұқсат сұрағандай, анасына қарап қояды. Күлдік. Кіп-кішкентай болып алып, соны қ…