Астанада жалдамалы пәтер нарығында 40 млрд. теңге «көлеңкеде» қалып отыр — Мемкірістер департаменті
Мемлекеттік кірістер департаменті Астанада жалға беруге құлықты азаматтардың жеке меншік пәтерлерін тіркеуге алуды және оларға "EXPO RECOMENDATION" белгісін беруді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбілxайыр Ысқақов мәлім етті. "Астана - қарқынды дамып келе жатқан қала. Ресми деректер бойынша, елордада 230 мыңнан астам пәтер бар. Олардың ішінде заңды түрде 9,3 мың пәтер жалға беріледі. Бұл жалпы пәтерлер санының 4%-ынан да кем. Сарапшылардың бағалауынша, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Елордада кемінде 10% пәтер жалға беріледі. Шамамен "көлеңкелі" айналымда 40 млрд. теңге бар. Салық түрінде бюджетке 300 млн. теңгеге тарта қаражат түспей қалып отыр", - деп атап өтті ол Астана әкімінің қатысуымен өтіп жатқан департаме…


