Ауыл шаруашылығы алға басты
Еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында осыдан тура үш жыл бұрын «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бүгінде әлемдік дағдарысқа қарамастан, аталмыш бағдарлама табысты жүзеге асуда. Мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін агроөнеркәсіп саласын жандандырып, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы мақсатты көздеген «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға бағытталған көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мәселен, негізгі азық-түлік түрлерін өз елімізде өндіру, ірі қара мал басын асылдандыру, ет экспортының көлемін ұлғайту және басқа да жұмыстар жүйелі жүзеге асып келеді. Нәтижесінде, мол табыстарға қол жетті. Атап айтар болсақ, бағдарлама қабылданғаннан кейін елімізде күріш, бидай ұ…
