Мазмұнға өту

Жаңа

760-тен астам қазақстандықтар еңбек және зейнетақы заңнамалары бойынша ҚР ДСӘДМ мамандарының кеңесін алды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Пойызы» республикалық акциясының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары 761 азаматқа кеңес берді, оның ішінде 452 адамға әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері (зейнетақыны есептеу, жұмыспен қамту, мүгедектік тобын анықтау, қосымша әлеуметтік көмек көрсету, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несиелеу, «Өрлеу» бағдарламасына қатысу, мүгедектерді оңалту және т.б.) бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді. 309 азамат еңбек заңнамасы (жеке еңбек келісімшартын, ұжымдық келісімшартты жасау және оны тоқтату, сонымен бірге, азаматтық қызметшілер еңбекақысының өсуі, еңбекақыны төлемеу және т.б.) туралы кеңес алды. 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында «Мәңгілік Ел» пойызы еліміздің 12 өңіріндегі 30…

0
0
257

Головкиннің Олимпиада ойындарына қатысуына тыйым салынды

Головкиннің Олимпиада ойындарына қатысуына тыйым салынды Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйым тұжырымдамасының чемпионы атанған боксшыларға Рио Олимпиадасына қатысуға тыйым салды деп хабарлайды vRINGe.com порталы. Сонымен қатар, бұл тізімге тек чемпиондық белбеудің иегерлері ғана емес, WBC рейтингінің үздік 15 боксшысы да еніп отыр. "WBC жоғары деңгейлі кәсіпқой боксшылардың Олимпиада ойындарына қатыспайтынына үміттенеді. Өйткені, бұл қауіпті. Аталған мәселе әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Олимпиада ойындарына қатысу кәсіпқой боксшыларға қауіпсіз деп танылмайынша, біз өз чемпиондарымыздың аталған жарысқа қатысуына тыйым саламыз. Сондай-ақ, ТОП-15 рейтингіндегі боксшылар да биыл Риода өтетін Олимпиада ойындарына қатыспауы тиіс" делінген WBC таратқан хабарламада. Естеріңізге са…

5
1
407

Арабтар жаңбырды жасырып жатыр

"Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ғаламтор арқылы елдегі су басқан ғимараттар, табиғи апат салдары туралы фотосуреттер жариялауға тыйым салды", - деп хабарлайды The Independent. Биліктің түсіндіруінше, жергілікті тұрғындар туристерді қашырып алмауы үшін елдің жағымсыз бейнесін қалыптастырмауы керек. БАӘ Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, заңды аттағандар киберқылмыс туралы бап бойынша жазаланады. Заң бойынша, елдің жағымсыз бейнесін қалыптастырған адам бас бостандығынан айырылады немесе 1 млн. дирхамға дейін (272 мыңнан астам доллар) айыппұл төлейді. Ел билігі мұндай қадамға наурыздың басынан бері толассыз жауған нөсер жауынға байланысты болған оқиғалардан кейін барып отыр. Жергілікті тұрғындар су басқан жолдардың көптеген суреттерін жариялап, желден жеңілмоторлы ұшақтардың ұша алмай…

6
0
487

Бензин бағасы арзандай ма?

Қазақстанда бұдан былай ірі мұнай өңдеу зауыттары өз өнімдерін еш делдалсыз, тікелей жанармай құю стансаларына жеткізе алады. Сенаторлар қолданыстағы заңнаманы тиісті жаңа нормамен толықтыратын болды. Осы және басқа жаңалықтар кеше Сенаттың Экономикалық саясат, инновация­лық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды. «Кейбір заңнамалық актілерге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталған жаңа заң жобасына Жоғары палатаның депутаттары бастамашы болды. Ол Сенаттың 10 наурыздағы жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған. Енді екінші оқылымға әзірленіп жатқан бұл құжат еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында есептеу құралдарын енгізуді 2017 және…

7
0
532

ПМУ студенті жеңімпаз атанды

Бүгін, 16 наурыз күні Алматы қаласында «Сенің дауысың-сенің болашағың» атты республикалық постерлер байқауының қорытындылары шығарылды. Павлодар, Ақтау, Алматы және Астана қалаларының қатысушылары жеңімпаз атанды.

Біздің облысымыздың атынан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекет университетінің студенті Қасен Үмітжан жеңімпаз атанып, үшінші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік,  постерлер байқауы 17 ақпан күні басталған болатын.Оған Павлодар облысынан 130–дан аса жұмыс жіберіліп үлгерілді. Байқаудың негізгі мақсаты –дарынды және жасампаз қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына шақыратын ынталандыратын постерлер дайындауға тарту болды.

Павлодар облысының жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы.

1
0
1323

Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров, Әзірбайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Таиланд корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Нат Пиниоваттаначип сенім граматоларын тапсырды. Мемлекет басшысы бұл рәсім олардың жеке дипломатиялық тарихтарындағы жаңа белеске айналатынына назар ау­дарды. – Бәріңіз де дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отырсыздар, қызметтеріңіздегі жаңа кезең Қазақстаннан басталғалы тұр. Сіздерді құттықтай оты­рып, Қазақстандағы жауапты да мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп үміттенемі…

7
0
395

2015 жылы 16 мың тоннадан аса ет және ет өнімдері экспортталды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қ. 16.03.16 ж. «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде елімізде жеке инвестициялармен мемлекеттік қолдау есебінен 180 мың малға арналған бордақылау алаңдарының жүйесі құралды, ірі қара малды асыраумен айналысатын 10 мыңнан аса фермерлік шаруашылықтар қатысады. Бүгінде қазақстандық өндірушілер Ресей нарығын белсенді игеріп, ет және ет өнімдері экспортында өз орын алуда. Тек 2015 жылдың өзінде 16 мың тоннадан артық ет және ет өнімдері экспортталды, оның ішінде 6,4 мың тонна салқындатылған сиыр еті де бар. Мемлекет басшысымен ет және сүт саласына стратегиялық инвесторларды тарту және халықаралық ет нарығында ірі компаниялармен ет экспортын қамтамасыз етуге қатысты қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды құру ая…

0
0
566

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәдениет саласында талқыланды

2016 жылдың 15 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Орал қалалық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына филармония ұжымы, облыстық ғылыми кітапхана қызметкерлері, сонымен қатар, Департаменттің өкілі Маншук Харесова қатысты.

0
0
460

Оралдағы мектептерде профилактикалық шаралар белсенді жүргізілуде

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталып өтілген. Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Орал қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептерінде жемқорлыққа қарсы сабақтан тыс шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Осындай шаралардың бірі 2016 жылдың 14 наурызда №9 ЖББМ-де «Жемқорлықпен бірге күресеміз» атты тақырыпта өткізілді. Іс-шараның ұйымдастыруына мектеп мұғалімдері, ата-аналар, сонымен қатар 11 сыныптар оқушылары ат салысты. Шарада оқушыла…

0
0
419

А.Қыдырбаева ТМД-ның бақылаушылар миссиясы штабының басшысы Евнений Слободамен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева ТМД-ның бақылаушылар миссиясы штабының басшысы Евнений Слободамен кездесті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/akydyrbaeva-tmd-nyn-bakylaushylar-missiyasy-shtabynyn-basshysy-evneniy-slobodamen-kezdesti

0
0
338