Халықтың ескертулерi
Халықтың ескертулерi Көшенiң жалаң аяғы деп аталатын қаланың алуан түрлi кәсiп иелерi бастарын қосқанда көңiл көтере-тiндей ермексiз де емес едi. Орталарында жас палуан Мұқан, әңгiмешiл қарты да, би билеп, сырнай тартушысы да, алуан кейiпке түсiп күлдiрушiсi де, домбыра тартып, ән салатын ақыны да бар едi. Сапарбайдың екi бөлмелi үйi алуан түрлi кәсiп иелерiне толды. Қарт кiсiлердiң көпшiлiгi мұндай бас құраған жерде әңгiмесiн өздерiн жинаған себепке бейiмдеп айтатын ежелгi әдетiмен, естiген, есте қалғандарын, көр-гендерiн палуандарға байланыстырып айтты. Оны кейбiреуi тiгiсiн жатқызып, өңдей айтып берсе, бiреу-лерi терең судан басын шалып орған қамыстай, шашыратып, әлдекiмнен есiткен бiрдеңесiн кебiрден илеген балшықтай, берекесiн қашырып айтты. – Ұмытпасам, осы отырған Құлекең де болды-…