Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да медицина қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғану керектігі түсіндірілді

2016 жылдың 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекетітк қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барша қоғамның ісі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Департаменттің өкілі М.Харесова, аурухана директоры Е.Тоқсанов және мекеменің медициналық қзметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Маншук Харесова облыс деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларда заңдылықты қатайту, заңнамада белгіленген мерзімде азаматтардың жолданымын қарау шаралары талқыланды.

0
0
533

Бір кездері анкета біз үшін әлеуметтік желі болатын. :-)

Естеріңізде болса, мектеп оқушысы болған кезімізде біздер үшін «Анкета» деген іші сырлар мен құпияларға толы қойын дәптер, енді бірі үшін  қыз жайлы немесе бала жайлы білгісі келетін ақпаратты алуға таптырмас құрал болатын. Шынымен де қандай ақпарат білгің келеді, бәрін-бәрін сол кішкене ғана қойын дәптерден табуға болатын еді. Ол кездері біздер үшін компьютер, ұялы телефон деген таңсық нәрсе. Ал, үй телефоны бірінің үйінде болса, бірінің үйінде болмайтын. Кімнің үйінде үй телефон бар, сол мықты яғни жастардың тілімен крутой болатын. :-) Әр бір сыныпта боладығой қу балдар, сондай балалар анкетаны кейбір қыздардың үй телефонын алу үшін ғана, онда да қысқа-қысқа қылып әйтеуір толтырып беретін.

Бір кездері анкета біз үшін әлеуметтік желі болатын. Иә, иә шыныменде солай болатын. Мысалыға, ВК әлеуметтік желісін алатын болсақ, анкетадағыдай толтырулар аты-жөніңнен басталып, туылған жылың, оқу орының, байланыс телефоның деп жалғасып кете береді. Анкета да сүйіктісі барларға арнайы бір бет арнап, оны үш бұрыштап қоятын. «Сүйгенің барма?» - деген сұраққа «Иә» -деп жауап беріп, есімін әлгі үш бұрышталған бетке жазатын. Кейбірі онда да толық емес, өзінің есімінің бас әрпі мен сүйіктісінің есімінің бас әрпін ғана жазып қоятын. ВК-де солай, сүйіктісінің барын ашық айтатындар аты-жөнін белгілеп, жасыратындар әдетінше «Влюблен», «Влюблена» деп қояды.

Анкета да «Сүйікті әншің» деген бағанға әркім өзіне ұнаған әншінің есімі мен әнін жазып шығатын. ВК-да да солай әркім өзіне ұнаған әндерді қабырғасына сақтап қойып тыңдайды. Сол жерден-ақ қандай әншіні және әнді ұнататынын білуге болады.  Киноны да солай тиісінше толтырып жазып бересің , ал мұнда өзінің бейнелеріне сақтап қояды. «Бос уақытыңда немен айналысасың» -деген бағанға әркім өзіне ұнайтын істерін жазады, ВК-да солай өзіне ұнайтын хоббиларын жазып қоя алады.

«Сұрақтар ұнадыма?» - деген бағанға әркім барынша өздерінің көңілдерін «Ұнады немесе керемет, тамаша, әрине!»- деп түрліше білдіріп жататын. ВК-да да тиісінше қабырғадағы суреттерге, жазбаларға, бейнелерге «Лүпілдер яғни, лайк» басу арқылы білдіріп жатады.

«Сыйлыққа жапыстырғыш суреттер (наклейка)» деген бағанға арнайы дүкеннен сағыз сатып алып, сағыз орамасындағы жапыстырғыш суретті жапыстыратын едік. Әдетте, сағызды сол жапыстырғыш суреті үшін арнайы сатып алатынбыз. Немесе үнді қыздарының суреті бар открыткаларды анкетаға жапыстыру  үшін жинайтынбыз. Ол кейде үйде тұрып жоқ болып кетсе, сол үшін бір ұрыс шығарыпта алатынбыз :-) қызық еді жалпы.  Ал, ВК-да сыйлық сыйлағың келсе арнайы бөлім бар, сол арқылы сыйлықты өзіңіз қалаған адамыңыздың қабырғасына жіберуіңізге болады.

«Естелікке өзіңнің суретің» - деген бағанға міндетті түрде өз суретіңді естелік ретінде жапыстыруың қажет болатын. Ол кездері, қазіргідей қымбат және сапасы жоғары фотоаппараттар мен ұялы телефондар жоқтың қасы. Фотоаппарат болса, онда да кейбір адамдардың үйлерінде ғана және сирек  пленкалы «Kodak» деген сияқты фотоаппараттар болатын. Оны сұрап алып, пленкасы жоқ болса, сатып алып, оған олай да, бұлай да армансыз түсіп, тіптен бүкіл отбасы мүшелері түсіпте үлгеретін. Содан не керек, әлгі пленканы қолымызға алып, арнайы сурет шығаратын орынға барып, бір суретті 20 теңгеден шығарып алып, әлгі анкетаға әдемілеу түскен бір суретті жапыстырып, мәз болып бере қоятынбыз :-)  Ал, қазір оның бірі де жоқ, бірақ, әркім өз қабырғасына әр түрлі суреттерді өзінің қалауынша қоя алады.

«Маған тілек немесе цитата» деген бағанға түрліше тілектер жазып, оны өрнектеп, барынша әсемдеп, әдемілеуге құмар едік. Немесе «Писал не писатель, писал не поэт, писала девченка 12 лет :-) » деп цитаталарды жазып беретінбіз шіркін. Ал, қазір бұлардың орынын әдеттегі қабырға ға жазылған тілектер мен статустар басты. Біздің кезімізде де әлеуметтік желі болды, бірақ  «Анкета» деген кішігірім төрт бұрышты қойын дәптер болатын. Ерекшелігі де сол оны кез-келген уақытта өзіңе ұнамай қалған ақпараттарды өшіріп тастай алмайсың, оны арнаған адам өртеп немесе қоқысқа тастап жібермесе. Жанымызды жадыратар естеліктеріміз көп болсын! :-)  P.S: Алып қосарыңыз болса, өз естеліктеріңізбен де бөлісе отырыңыз, мен барынша есімде қалғандарын жазып шығуға тырыстым. :-)

© Мереке Жарасқызы

 

2
0
5115

Еңбек ұжымдарының форумы

Қаламыздағы  «Астана» мұз сарайында Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен  еңбек ұжымдарының форумы өтті. Еңбек ұжымдарының төрт мың өкілі алдында Елбасы Қазақстан бойынша Павлодар облысы инновация және индустриализация саласында алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Форумға еңбек ұжымдарымен қатар, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Елбасы өз сөзіңде:

- Құрметті павлодарлықтар, мен бұл өңірге үнемі қуанышпен келемін, - деді Елбасы. – Мұнда өмірдің қызу қайнап жатқанын және біздің жоспарлардың қалай жүзеге асырылып жатқанын өз көзіңмен көруге болады. Оған аймақтағы экономикалық көрсеткіштер дәлел бола алады. Облыс сыртқы инвестициялар көлемі бойынша көшбасшылар қатарына кіреді және 108,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорындар бұған дейін Қазақстанда шығарылмаған өнімдердің жаңа түрлерін өндіруді игерген. Бұл – катодты жез, қыздырылған кокс және т.б. Металлургиялық кен өндіру саласында мыс кенін өндіруді үш есеге арттыру мүмкіндігіне ие болдық. Жалпы, өнімді экспорттау көлемі жүз миллиард теңгеден асты. Индустриаландыру картасының екінші бесжылдығында тағы бес жаңа өнеркәсіптік нысан іске қосылды. Қыздырылған мұнай коксын шығаратын ірі Бозшакөл кен-байыту комбинаты іске қосылды. Жалпы инвестициясы 800 миллиард теңгені құрайтын индустриализация картасы аясында 20 жоба жүзеге асырылды.

Сондай-ақ форумда қазақ эстрада әншілері Маржан Арапбаева, «Алаш ұлы», «Азия» тобы қатысып, жиналған қауымға керемет әсер қалдырды. Қазақстан Республикасының Президентімен өткен бұл кездесуде әр қатысушы ерекше әсер алғандыры сөзсіз.

Елбасы сөзі pavlodarnews.kz сайтынан алынды.

 
1
0
602

Қазынамыздың қадірін біліп жүрміз бе?

Әрбір отбасында ата-әжеміз бар. Ал сол кісілердің  қартайған шағында қадірін біліп жүрміз бе? Басы ауырып, балтыры сыздағанда бір кесе  суға зар қылмай аялай біліп жүрміз бе? Бұл мақаламда қариялар үйі жайында айтқым келеді. Дүниеге алып келіп, жылағанда түн ұйқысын төрт бөлген анасын, басқа балалардан қалып коймасын деп бар қиындықа төзіп асырап-баққан асқар таудай әкесін қартайып көмекке  зәру болғанында  қарттар үйіне апарып тастауды күнә деп сезінбейтіндерде бар. Өзі жұпыны болса да бар жылы-жұмсағын баласының алдына тосып, қанаттыға қақтырмай, тұмысықтыға шоқтырмай, сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын деп барын беріп, бесігінің басында талай ұйқысыз түндерін өткізегендігімен қоймай, ер жеткенде көше кезіп кеткен баласын уайымдап есік күзетіп, сүйген жарына қосып жағдайын жасап бейнетімнің зейнетін көретін шақ келді-ау дегенде қарт анасы мен әкесін көздерін жәудіретіп қарттар үйіне апарып тастағанда жұдырықтай жүректері қайғыдан қарс айырылмай өмірлерін әрі қарай қалай жалғастыра береді екен. Ата-анасынан баз кешіп қабырғасы қаңыраған қарттар үйіне тозығы жеткен қара чемоданымен тастап кете беретін қатыгез балаларды көргенде жүрегім ауырады.  Даңғарадай үйінің бір бұрышын туған ата-анасына қимай,тапқан табысына ортақ көретіндер де бар. Қартар үйіне апарып тастауымның себебі бар, анам яки әкем жүйке ауыруына шалдыққан мазамызды алады деп ақталатындарын қайтерсің. Қазақта «Әке-шешең жынды болса байлап бақ»  дейді. Көретін күнінің өзі санауда тұрған қартарымызды, ауырғанда дәрісін алдына тосып,  қартайғанда қақсаған аяғының астында жұмақтың кілті жатқанын ескерсек деймін. Қартар үйінде жатса да, алатын бес-он тиыннының өзін балаларына жіберетіні бар. Баласы үшін бар қиындыққа төзген ата-ана жүрегі кең екен ғой шіркін.  Сонда біздің ықыласпен, мейіріммен, жылы шыраймен қарт әке, шешеміздің әжім түсіп шыймайланған бейнесіне бір қарайтын көзқарасымыз олар жасаған жақсылықтардың бәріне тұрмайтындай қымбат болғаны ма?

 
1
0
688

В рамках акции «Ардагерлерді ардақтайық» члены городского предвыборного штаба Ж.Ахметбеков, М.Халык с работниками городской поликлиники провели акцию и обследовали ветеранов войны по месту проживанию.

В рамках акции «Ардагерлерді ардақтайық» члены городского предвыборного штаба Ж.Ахметбеков, М.Халык с работниками городской поликлиники провели акцию и обследовали ветеранов войны по месту проживанию.
По результатам обследования были поставлены на контроль вопросы медицинского обслуживания и лекарственного обеспечения. Ветераны были очень рады гостям, гостеприимно принимали членов городского предвыборного штаба и медицинскую организацию благодарили их за проявленное внимание. Ветераны, отметили, что забота государства ощутима и что они благодарны медицинским работникам, которые постоянно проявляют заботу о них.
Многие находятся на санаторно-курортном лечении и у детей в других городах. Им тоже будет оказана помощь на постоянной основе. Ибо, этот вопрос не снимается с контроля.

 

2
0
463

Жұмыс іздегендердің басы жәрмеңкеде тоғысты

Ағымдағы жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті СҚО жастар бастамалары орталығымен ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

Әдетте мұндай жәрмеңкелердің басты мақсаты – өзін-өзі қамтыған азаматтарға, жұмыссыздарға түрлі жұмыс орындарын ұсыну. Осы жолы да жәрмеңкеге қатысқан қаламыздың 10 кәсіпорны мен ұйымы 200-ден астам бос қызмет орындарын ұсынды.

Департамент өкілдері болса, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарындағы бос лауазымдарымен таныстырып қана қоймай, аудандар кесіндісіндегі мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары және оларға қойылатын талаптар туралы толық мағлұмат та берді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеру, бос әкімшілік лауазымға орналасу үшін тестілеуден өту және конкурсқа қатысу мәселелері бойынша кеңестер берілді. Аталмыш шара барысында өңіріміздегі сыбайлас жемқорлықтың өршу деңгейін анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді.

Осы күні жүзге тарта адамның басы жәрмеңкеде тоғысты, оларға арнайы әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы үнпарақтар таратылды.

 
0
0
497

Халықтың ескертулерi

Халықтың ескертулерi

Көшенiң жалаң аяғы деп аталатын қаланың алуан түрлi кәсiп иелерi
бастарын қосқанда көңiл көтере-тiндей ермексiз де емес едi. Орталарында жас палуан Мұқан, әңгiмешiл қарты да, би билеп, сырнай тартушысы да, алуан кейiпке түсiп күлдiрушiсi де, домбыра тартып, ән салатын ақыны да бар едi. Сапарбайдың екi бөлмелi үйi алуан түрлi кәсiп иелерiне толды.

Қарт кiсiлердiң көпшiлiгi мұндай бас құраған жерде әңгiмесiн
өздерiн жинаған себепке бейiмдеп айтатын ежелгi әдетiмен, естiген, есте қалғандарын, көр-гендерiн палуандарға байланыстырып айтты. Оны кейбiреуi тiгiсiн жатқызып, өңдей айтып берсе, бiреу-лерi терең судан басын шалып орған қамыстай, шашыратып, әлдекiмнен есiткен бiрдеңесiн кебiрден илеген балшықтай, берекесiн қашырып айтты.

– Ұмытпасам, осы отырған Құлекең де болды-ау деймiн, баяғы бiр
Сарытораңғыл деген жерде, тарақтының асы деген, ас болды-ау.

– Айғақтамай-ақ айта берсеңшi, орашолақ неме... Барымтаның дауында
отырған жоқсың ғой. Менiң тарақтының асына барғаным, рас, бiрақ Сарытораңғыл емес, Сарытерек деген жерде болған. Әңгiменi божыратпай, жинақтап айт, – дедi Құлымбет қарт тыңдаушыларды бiр күлдiрiп.

– Бәрiбiр емес пе, Тораңғылы не. Терегi не, сондағы әне бiр
дәудi айтайын деймiн-ау... Сендерге өтiрiк, маған шын, құдай салмасын, басы
мен мойны Анд-рейдiң тап асыл тұқымды бұқасыныкiндей екен. Ортаға келiп отыра қалғанда, iшегiн тартып, таңырқамаған кiсi қалмады. Белiне екi кiсiнiң құшағы жетер емес. Бiлегiне алақұрт моншақтап өткiзiп, жiп байлап, оған баланың жұдырығындай қоңырау тағып қойыпты. Төбедей болып шөкелей отырып, есiней түсiп, қолын уқалағанда, қоңырау шылдыр-шылдыр етедi. Ойпырм-ай емшегi тап Құрымбайдың шайлап қалған бәйбiшесiнiң
емше-гiндей... Көзi...

– Ей, көр-жерiн былжырақтата бермей, жыққанын айтсайшы!

– Е, сонысын айт, дене деген әркiмде де бола бередi ғой.

– Жыққанын көргенiм жоқ. «Сен шық, сен шық» деп жатқанда әкем
маған «атқа бар»... деп қуды да жiбердi, тегi оны ешкiм жықпау керек.

– Айтып болғаның осы ма?

– Иә, тегi үкенiн айтамын-ау, сол палуанның...

– Жықты ма ендi?

– Оны бiлмеймiн.

– Құлеке, соны былжырақтатпай, өзiңiз айтыңызшы, кiмдi айтып отыр
осы?

– Мұның айтып отырғаны Сарытеректегi тарақты Өтемiстiң асы. Онда
бұл он үш, он төрттегi бала болатын. Сонда сонан қара таудың терiскейiнен қожа палуан деген келген. Оны: «жауырыны жерге тимеген, жанды көзiне iлмеген палуан» деп, дәрiптеп, алғашқыда ешкiм бата алмай, жұрттың бөгелгенi рас. Бiрақ инеге шаншар етi жоқ, ап-арық бiреу көз iлестiрмей жығып кеткен.

– Мынаның айтқан суретi қайда қалды?

– Ей, сурет деген суға түссе ерiп кететiн қағаз емес пе. Осының
былдырақтап айтқанының бәрi рас: есiнеп, көзiн ашып-жұмып, әлдене арқасын құрыстырғандай қолын уқалап, денесi мұздаған аттай сiлкiнiп отырды.

Бай-балпандар бәйгемен әуреленiп кетiп, сырлық, қырлық болып бөлiнiп,
палуанға түскен екi топтың қырлығын Үдербай ақсақал басқарды. Сырлық жағын Жызақ-Созақтан келген Мәукен деген бiреу басқарды.

Қожа палуанның әлпетiнен шошынып, палуандар бөгелгенде, Үдекеңдi
ашу кернеп кетiп, ұзын қасы көзiн жапты да, кеудесiне түскен сақалы селеудей шайқалып, күжiлдеген мығым үнiмен:

– Ұл тудым деп шешелерiң бөкпен жеген бiреуiң бармысың? – деп
иегiн артына қарай бiр көтердi.

Топтың сыртын ала тұрған Қазылхан атты бiреу, қалың топты қайыстай
тiлiп, алға шықты да:

– Бар, Үдеке! Нағыз ұлдың өзi болмаса, ұлшығы бар, Үдеке... –
деп атынан түсе бердi. Ол киiмiн шешiп те әуреленбедi, түйе жүн шекпенiнiң оң жеңiн шешiп, қыл шылбырды алып белiне байлай, бос жеңiн соған қыстыра салды. Қожа палуанның сәулетiне қайран қалған жұрт оны күреске түседi деп те ойламады. Белiне баланың құшағы жеткендей жiңiшке, жауырыны кергiш қойғандай жалпақ, жаратқан арғымақтай қатып қалған жас жiгiт екен.

Ол отырған алып дененiң алдына барғанда:

– Мына бiреудi қандай сор қысып келдi? – десiп
жұрт гу ете қалды. Жiгiт оны елең қылған жоқ. Дәу ауыр жүкпен әзер тұрған түйедей орнынан тұрды да, артына қарай қолын жайды. Оның қасына ертiп жүрген сәлдесi шаңырақтай, семiз қожасы бар екен. Сол ат үстiнде тұрып:

– Бабаң Әлi-Шыри-хұда жар болсын, – деп бата
бердi. Әлгi шыққан белгiсiз палуан оған қараған да жоқ, бата да сұраған жоқ.

Қожа баламен ойнаған кiсiдей, белiн ұстамай, жауырынынан бүргелi қолын арбаңдата бергенде, жiгiт бөрiге түскен бүркiттей, күдерi белбеуге қолы сарт ете түсiп, жел құлатқан дөңбектей жерге гүрс еткiздi. Ауыр дене мәңгiрген басын жерден көтере алмай жатқанда, жiгiт жеңiн киiп, атына мiндi де, бәйге күткен топқа қарай жортып жүре бердi...

– Япырмай, атын бiлмедiңiз бе, Құлеке? – десiп, тыңдаушылар ынтыға түстi.

– Ондай кiсi бiлiнбей тұра ма, түбi түрiкпеннен келiп қазақка сiңген Мұғалбек деген бiреу болып шықты.

– Аңғырт қожаны әдiспен жығып кеттi ме екен?..– дедi бiреу.

– Күшсiз әдiс не бiтiредi. Онда күш те, жылдамдық та бар. «Қапы кеттi, қайта күрестiремiз» деп Сырлық тобы шу көтергенде, палуан:

– Қапылық жоқ. Артық күшпен арсыз палуан қайта күреседi. Мен ендi күрестi қойдым, – дептi.

– Мұғалбектiң қайтып күрескенiн көрген, есiтке-нiңiз жоқ па? Ол әлi бар да болар.

– Бар. Мен қатарлы жасы бар. Алтайдың төрт дуан бас қосқан тойында бас палуанды жыққан бiреудi жықты да, қайтып күреспей қойды. Өзi мақтануды сүй-мейтiн, салмақты кiсi. «Палуан» деп сөз қатқанға:

– Менiң атым ол емес, өз атымды айта берiңдер, – дейдi. Екi баласы екi үй болып, Есiлдiң бас жағын мекендеп жүр.

– Бiздiң Мұқан да сондай жауырыны жерге тимеген палуан болып шықса, абыройына ортақ болып, үйде отырып бiз де мақтанамыз, – деп Сапарбай қарт балаға қарады.

– Ерекше бiткен күш – өрт сияқты. Ол орынды тұтанса тасты балқытып,
темiрге айналдырады. Орынсыз тұтанса елдi өртейдi. Денеге бiткен қуатты игеру үшiн – ақыл керек... – дедi Құлекең.

* * *

Қаңтар-ақпанның сықырлаған аязды күндерi Айсарыны кеудiретiп тастады.
Адамның кәрiлiкке мойығысы келмейтiн ежелгi әдетiмен: «Осы бiр желi құрғыр жауырынымнан бүркiттей бүрдi де қозғалтпай қойды. Оның үстiне шаншуы келiп, бүйiрiмнен тiкендей қадалды да қалды... Жердiң шоң қайысын тiлгiлеп, үй iстедi дегендi кiм көрген! Осы бiр тiрiлей кiрген моладай, жер үй деген бәле шықты да, еңсенi көтертпей, түнерген қардың бұлтындай басады да тұрады. Меш дей ме, пеш дей ме... Жуа қазған баладай, жалтыраған аузына үңiлттi де қойды. Ойқой, жабуы бүтiн болса, киiз үйге не жет-сiн... Iргесiн қармен көмiп, талай зымыстан қысты өткiзiп едiк. Шаншу, жел деген бәле болып көрген бе онда. «Өскен ағаштай, заманның бұл да бiр шығарған жаңа тiкенi-дағы», – деп күрсiнедi.

Онысын есiткен жастар күледi:

– Әже-ау, кесек пештi жер үйдiң iшiнде екi мезгiл от жақпаса тоңып
жатамыз, шатынаған аязда киiз үйде қалай жатады, жас бала қырылып қалмай ма?..

– Қырылмай-ақ, сендердi өрбiткен бабаларың сол үйдiң iшiнде туып-өскен.
Үй ықтап үйренген жетiм танадай далаға шықпай, қосаяқ тышқандай iнге үйренiп алған немесiңдер де! Болмаса, ақсүйек қылған жұт Қоянды да сол үйде-ақ қарсы алғанбыз...

Сондай суық түннiң бiрiнде, кешкi асқа тәбетi болмағал Айсары киiмiн шешпей, отырған жерiне қисайып, көз iлiндiрiп алды да, жаңа жатқан келiнiн тұрғызып, шырақ жаққан-ды.

– Мұңайтпас, ұйықтап қалдың ба?

– Немене, апа?

– Е... жылы үй, жылы төсек, жат балам, жат. Сол бiр жетiм баланың
халiн бiлiп кел дегенiм қашан. Өз шешесi тiрi болса ол осы үйден кетер ме едi. Жас
кезiнде торғайдай паналаған бұтасы мен болып едiм. Кем-кетiгiне соның шешесiн тығын еткен қу құдай, жетiмектi жетi қарынды етiп, жетi кiсiнiң асын iшпесе бүйiрi шықпайтын еттi. Жетiм қозымды жетелеп аттатқандай, ертiп жүрiп асыраған – мен, еңсеме сүйеу белiм бүгiлiп, басатын аяқтың табаны сөгiлген соң қаңғырып кетiп едi. Күзде барып, жинап-тергенiн әкелiп, қылғып алдың да, сондай жан бар едi, деп есiңе де алмайсың.
Есiңе түсiр-гендей дыбыс шығаратын перне үзiлген, есiңе қайдан түссiн ол?

– Апажан-ау, не болды? – деп, Мұңайтпас төсегiнен тұрып, тонын жамылып, анасының алдына келiп отырды.

– Не болсын, жетiмiм тарығып жүр. Бiр жетi болды, түсiмнен шықпайды.
Тоғайдың топты көкжал қасқыры қамап жүр. Сьрғауылды сындырып алып, айғай салған үнiмен ояндым. Қияндағы қиын жұмысына соны жұмсайды деп едiң, тоғайдың топты қасқыры соны жеп-ақ қойған шығар...

– Апажан, тәңiрдiң таңы атса, жаяу кетсем де барып келейiн. Өзiң тымауратып жүрiп, қинала бермешi, шешiнiп төсегiңе жатшы.

– Қасқыр жеп қойса бардың не, бармадың не. Сол жетiмнiң хабарын
есiтпей, мен төсекке жатпаймын! – деп, Айсары шарта жүгiнiп, жасаураған көзiн жұмып алды. Жер төңкерiлiп жатса да бөгде сөз аузынан шықпайтын ананың бетiне қадалып, Мұнайтпас та отыра бердi. Көзiн жұмған ана, Мұқанның туып-өскен күн-дерiн суырған жiптей ой жасуынан өткiздi.

* * *

Қазақтың ежелгi әдетiмен Лук пен Ернақтың көп жылғы достығын есте қалдыру үшiн қартайып келгенде, сүйек жаңғырту жолымен құдалық
болды. Баласы ер жете бергенде Ернақ өлдi. Кеудiреп қалған Лук батыр Айсарыға көңiл айта отырып:

– Ернақ пен екеумiз, ханның қанды жорығынан
қайтып келе жатып, жүйесiз iстеген желiкке пұшайман болып, қайтып хан тағына жуымасқа серт еткен едiк. Үлкен көлдiң жиегiнде бiрiне-бiрi жабыса шыққан зәулiм ағаштың түбiнде, жалаңаш төсiмiздi басып тұрып: «Осы жабыса бiткен қос ағаштай, құшақтасқан достығымызды қара жер айырсын», – деп едiк, сол сертiмiзге қаяу түсiрмей жеттiк. Мiне, қара жер айырып отыр. Қос таспадан өрген арқамшыдай1  достықтың бiрi үзiлiп, бiрi қалды. Балалардың
арасында бiзде болған көңiлдей жылу бола ма, жоқ па, оны өрбiген өмiр өзi шеше жатар. Менiң де алатын дәмiм санаулы. Айсары, сенiң де күздiң өсерi тоқтаған шөбiндей сарғыш тартқан мезгiлiң келiп қалып едi. Саған көмекшi керек. Қазақтың қызын атасаң иегiн қораға қарай көтеретiн әдетi. Мал бар болғыр екi үйде де құмнан қазған құдықтың шалшығындай жартымсыз. Досым үшiн iстеген ақырғы дәрменiм болсын, үлкен балам Қалидың қызын, бiрер жасы жетпесе де көмекшiңе берейiн. Қазақтың «қалыңсыз қыз болса да, кәдесiз қыз болмайды» дегенi бар. Қолдағы бармен той-томалағын iстеп ауылдың батасын алып, келер айдың басында сенi қолқанатты еткiм кеп отыр, – дедi.

– Мейiрiмiңе құлдық. Бұтақтарыңа өмiр, бақыт, өзiңе абырой, иман берсiн. Айтуға тiлiм жетпей жүрген тiлегiм едi, – деп, Айсары көзiндегi iркiлген жасты кимешегiнiң шалғайымен сүрттi. Сөйтiп Лук батырдың немересi Кәбира Мұңайтпаспен қосылды.

– Жас Кәбираның қайраттылығы ауылға аңыз болды.
Отынды тоғайдан басқа әйелдер арқалап әкелсе, ол құлап қалған қу ағашты бұтарламай түгелдей иығына салып көтерiп әкелдi. Бiр әкелгенi айлық отын болғандай ағашты көрiп:
«Бұл Кәбира аман болса, үйiне тоғайды жерiмен көтерiп әкеледi», – десiп, ауыл кiсiлерi күлiстi. Бала айғайласа да құлағын тосып, сөз терме әдетi жоқ Кәбира, мақтаса тасып, жаман айтса жасымады. Ер мiнездi келiншек ауыл-үйдiң шамасы келмей жатқан iсiне қайырымды болды. Көтере алмай жатқан қабы, сындыра алмай жатқан ағашы, тарта алмай жатқан диiрменi болса күлiмсiрей келiп, тiл қатпай қолына ала салатын едi. Осындай мейiрiмдiлiгi үшiн оған алғыс айтпайтын ауылдасы жоқ болатын. Үйiрсек Айсары Кәбира келгеннен өзiне ермек бол-ғандай
бiр бөбек болуын аңсады. Ауыл адамдары да Кәбираға айтқан алғысын: «Ұл тап,
үбiрлi-шүбiрлi бол», – деушi едi. Көңiлiндегi тiлегiн айтқан кiсiлерге: «Ылайым
айтқандарың келсiн» деп, Айсары да қол жаюмен болды. Бiрақ Айсары қанша асықса да жаратылыс асықпады. Кәбираның салтаңдығы үш-төрт жылға созылды. Жылдан жылға кәрiлiк жеңiп бара жатқая қарт ананың уњлеуi көбейе бердi. Бесiншi жылға аяқ басып, «сараң тәңiрiм, тандырымды шын кептiргелi жүр-мiсiң,...» – деген сөздi көбiрек айтып жүргенде, Кәбира екiқабат болды да, мезгiлдi күнiн өткiзiп барып егiз ұл тапты.

– Асаным мен Үсенiм, бере салған қос қозым!
– деп Айсары қуанды. Сөйтiп, қуаныш қойнын екi жақты бiрдей ашты.

Жас ұрпағын иiскеп, жасаурай бастаған қарт анаға
қайғының көшпелi қара бұлты көлеңкесiн түсiре қалды.  Дәрiгерлiк ғылымның дариясы бөгеулi жатқан елге қорасан кеселiнiң iндетi келiп қаптады. Оның алдымен ұратын жапырағы жас сәбилер болды, екiнi толтырып, үшке аяқ басқан Асан мен Үсендi жұлды да кеттi. Қайратты ана жұлыны үзiлген аруанадай шөктi де қалды. Ол келелi кеңесiн айтып, кiсiмен сөйлесудi де қойып, сал ауруға айналды. «Бiр гүлiң солса, екiншi гүлiң бүртiк жарды» деп, жедел көтерген Кәбира да болмады. Тағы екi жыл өттi.

Айсарының бурыл тартқан шашы түгелдей ағарып, емендей iлiкпейтiн
денесi әбден еңкiш тартайын дедi.Қос немересi қойнынан шыққанына үш жыл толып, жаздың шуағы жер бетiне жайыла бастағанда, шөгiп қалған ананы бiр ғажайып күш килiгiп, орнынан кө-тердi.

Жердiң түгi түгел жер бетiне шыққанда, үй тiршi-лiгiмен Мұңайтпас
пен Кәбира ертелеп кетiп қалған едi. Кәбира сауын сиырдың бұзауын жайғастырып, отынын ала келетiн әдетiмен үйге келгенде, тек дәретiн алып, намазын оқығанда болмаса төсегiнен козғалмайтын ана үйде жоқ болып шықты. Көшпелi елдiң әдетiне иiн тiресiп үй қонып көрген бе, оқшаулау отырған қасындағы үйлерден сұрастырып, ешкiмнiң көзiне түспегенiн бiлдi. Жарлы ауылдың белдеуде тұрған аттары да жоқ едi. Жаяулап ауыл айналасын жабыла
iздесе де, кешке шейiн Айсары ананы таба алмады. Шаңдатып жатқан жолы жоқ, көгал басқан даладан iз де шықпады. Анықтағандары жеңiл киiмiн киiп ендей iстеген бес кездiк тiк белбеуiн буынып кетiптi. Ертеңiне екi-үш адам атқа мiнiп, Есiл жағасындағы ауылдардан, жоғарылы-төмен-дi, «сонда соғар» деген жердi түгел ақтарып шықты. Бәрiнде де болмады.

Сасқан ауыл: «суға түсiп кетпесiн» деген болжалымен өзен бойын
төмен жағалады. Сөйтiп, үлкен абыржуда жатқанда, төрт күннен кейiн, бiр буда шөптiң ақ тамырын қолтығына қысып Айсары да келдi. Оның Есiлдiң аржағында күншiлiк жердегi «Дәрiлi қобы» деген шоқылардан келе жатқанын көршi ауылдың малшысы көрiп, атымен ауылға әкелiп салды. Қарт ана өзi әбден шаршаса да, жолы болып қайтқан кiсiдей, көңiлдi сияқты.

Келген күнi бұрынғы тұйық мiнезiмен отырып демалды да, келер күнi
жадырай сөйлеп, Мұңайтпасқа:

– Балам, қыстан күйлi шыққан боз тоқтыңды әкелiп сой, – дедi.
Орынсыз айтпайтын, айтқанынан қайтпайтын ананың сөзiн баласы тiл қатпай орындады.Оның жарты етiн астырып, ауылдың қарт кiсiлерiн шақырды. Оның тiл қатқанын аңсап жүрген ауыл кiсiлерi, көңiл-дене келiп, қайда кетiп қалғанын сұрасты.

– Кәбирам келiп, жалқы Мұңайтпасым жұп болып қуанып едiм. Асан,
Үсенiм туып, қос қозымды құшақтап. Қап тауының шоқысына шыққандай сүйiнген едiм. Егiз қозымнан айрылған соң Қаратаудың қатпар тасындай қайғы басып едi менi. Жатқанымда жарқ ете қалған сәулеге кездесем бе деп едiм, оның жолы да ұзап кетiп барады.Құр қайғы, құрғақ тiлек дегенiмiз жет-кiзбейтiн болған соң, сәуленiң жолын iздедiм.Бiздiң ертегiнiң данасы, тұңғиық теңiздiң түбiнен асыл тас тергендей жұмбақ сырдың шешуiн айтып, ақ кiтабын аударып, жапырақты дәрi етiп жазылмас кеселдiң емiн тапқан әкiм Лұқпандай емшiмiз бар ма? Мына бiр екi иығын жұлып жеп, аузы көпiрiп, көзiн алақтатқан бақсы-балгер, демшi-құшынаш дегендердiң өкпемен сабағанынан басқа емi жоқ. Менiң Кәбирам еркек мiнездес, ыстық, суықта жастық жалыны лапылдап жүрiп, бойын суық алып қалды. Соны емдеу үшiн әкем айта беретiн жерден тамыр дәрi қазып алып келдiм. Бүгiн баталарыңызды алып, ертеңнен бастап соны емдегелi отырмын.

– Уа, ақылды ана, тiлегiңе жет! – десiп үйдегiлер гу ете түстi.
Әкелген шөп тамырын тазалап, сүтке қайнатып, он бес күн iшкiздi. Кәбира жаз ортасы ауа екiкабат болды. Бұл қуаныш Айсарыны түгелдей айықтырып жiбердi.

Айсары бармағын басып, өткен айларды санап, қалжасына соятын малын,
белбайлар бөкпенiне жармасын дайындады. Мөлшерлi тоғыз ай, тоғыз күн өттi. Кәбираның құрсағы шеңберлей түскенiн көрiп, ауыл адамдары: «тағы егiз болар» десетiн едi.Ондай сөздi құлағы шалған Айсары «тiпә» деп қоятын. Санаулы күн өтсе де бала туа қоймады. Сүйiнiш күткен қарт ананың қуанышына уайым араласа бастады. Егiз баласы iшiнде жүргенде бөрене иықтап келетiн қайратты Кәбира, аяғы ауырлап, үйден ұзап шыға алмайтын болды. Ендi жыл көтере ме дегенде Кәбираға ауыр толғақ келдi де безектеттi. Екi күн, екi түн бақанға асылып тұрды. Жаны қысылып, сасқан қарт ана боз қасқа айтқызып,мал шалды. Ақырында арыстай ұл туды. Бала жалқы болса да, тұңғыш тапқан егiзiнен әрi салмақты, әрi үлкен едi. Мөлшерден артық толғақ Кәбираны талдырып тастады. Аянбай
қолданған анайы шаралар екi күн өмiрiн сақтап, ақыры уыз сүтiн ұлына сорғызып отырып, жан тәсiлiм еткен болатын. Өлiп жазылған құшақтан немересiн алған қарт анаға қараған Кәбираның жанары бейнебiр жүрегiнде басқан таңба сияқты едi. Ұйқысыз өткiзген түн сол көрiнiстердi түгел иiрiп әкелiп, ми қапшығына тығып едi.

Бiр қолтығына қайғы, бiр қолтығына қуаныш құ-шақтап туған баланың атын мығым, мықты болсын деген тiлекпен Мұқан қойды. Денелi баланың асырауы да
қартайған Айсарыға оңай соқпады. Үш адамға бөлiнетiн жалғыз сиырдың сүтi сәбидi жарыта алмады. Бес-алты ай өткен соң бiр сиырдың сүтiн түгел берсе де бала тоймады. Егiн екпейтiн үйдiң сүтке қосып беретiн дәнi де болмады. Дағдарған Айсары Мүңайтпасты өзiнiң төркiнiне жiберiп, бiр сауын сиыр сұратып алды. Сөйтiп жүрiп, немересiн аяқтандырып, ауыл қыдырып, iрiмшiк, құрт сұрап асыраған едi.

Осындай мейiрбанды анасының қадiрiн немересi бiлмей қалған жоқ. «Менiң өмiрiмдi жазғанда анам Айсарыны қалдырма. Менiң өрбiген өмiрiмдi, тасыған
қайратымды берген сол анам. Мен оның Кавказдың алып тауындай, биiк күннiң шуағындай жылы, мейiрбандық еңбегiнiң тозаңын да өтегенiм жоқ. Менi бiлген кiсi – менен бұрын соны бiлсiн. Онан басқа кiсi менi асырап, кемелiме келтiре алмас едi», – дейтiн
марқұм.

Әкесi Қызылжарға келгенде, Мұқанның босанғанына айдан асып қалды.
Кезекпен конаққа шақырып жүрiп: баланың бетiне қан жүгiрiп, бiрi көйлек, бiрi шапан тiктiрiп кигiзiп, киiмiн де бүтiндедi. Бұрын келгенде айлап алған тиын-тебенiн алып қайтатын Мұңайтпас бұл жолы ондай талғаудан үмiтiн үзiп келiп едi, – онысы бекер болды. Петька өлген аттың терiсiн далаға тастамай, сыпырып алып, ишiге берiп, былғары етiп шығарды да, жиырма бес сом ақшаны Мұқан үйiне барған күнi қалтасына салып:

– Сен бұл ақшадан үйiңе аздап қарас та, қалғанын қалтаңа сақта. Күн жылыған соң сенi үйрететiн бiр жерге жiберуге кеңесiп жүрмiз.Бiздiң фабриканың меха-нигi Василийдiң туысы Оренбург циркiнiң палуаны екен. Солмай айында осында келем дептi, соған ертiп жiберемiз. Бала, бойыңа бiткен бұл күштi арба-шанаға әуре етiп қайтесiң, алдыңда үмiт сәулесi бар бiр жерге апарып жұмса.Көпшiлiктiң сенен күткен үмiтiн сонда ғана ақтайсың, – дедi.

Үндемей отырып сөзiн тыңдаған Мұқанға Петька айтқан «сәуле» көзiне айқын көрiнiп, қол бұлғап шақырғандай болды. Бiрақ оған апаратын жолдың қайда жатқаны белгiсiз.Мұңайтпас қалаға жақын елге келiп қонғанда Мұ-қан
туралы уайымы ерiген мұздай тарап кеттi. Қонған үйiндегi сөзуар қарт, келе жатқан жұмысының бағдарын сұрап, жөн-жоспарын бiлiп алып:

– Е, Ернақ батырдың Мұңайтпасы болсаң түсiнiктi.
Әкең Ернақты да, шешең Айсарыны да бiлем. Анаңның әкесi Лук палуанмен бiр кезде құда-жекжаттығымыз да болған екен. Қатынасымыз сиресе де, сырттан сұрап, жағдайларыңа қанықпын. Немересi туралы қайғырған қартты қуантып, алғысын алғандай жағдай келiп-ақ тұр екен, амал қанша, ара қонып баратын жерге жеткiзетiн көлiк те, бойда баяғыдай қуат та жоқ. Қартайғанда қарға адым жер мұң болды деген уақыт... Ол баланың хабарын бiз есiткелi айдан асып кеттi. Уайымдап келсең, қуан. Шүйiншiм үшiн Айсарыға сәлемiмдi жеткiз. Ол менен бiрер жасы кiшi, замандас едiк. Бағаналы Ердәулет десең өзi бiледi, – деп Мұқанның жайын анықтап айтты. Мұңайтпас қарттың үйiнен қуанышпен аттанды.

* * *

Баланың мiнезi ауыл адамдарына бүр түрлi қызық көрiнетiн едi, өзге баладай айғайлап жүгiрудi ол бiл-мейдi, ауыр жүк арқалағандай жайлап жүрiп, балалар жиналған жерге баратын. Өзге бала асық ойнаса, ол сиыр, жылқының топайын жинап, өз алдына ойнай бередi, жанындағы балалардың ешнәрсесiне тимейдi.
Өзiне соқтыққанды аямайды да. Кейбiр балалардың әке-шешесi келiп Мұқанды қорқытайын десе, балпаңдап қаша да алмайды. Оның жүгiрдiм дегенiне аяғы ұзындар аяңдап жүрiп-ақ жетiп алады. Бiреудiң жекiп айтқан сөзiне оның қайтаратын жауабы жоқ, бетiненқорыққан белгi де бiлiнбей, қысық көзiнiң қиығымен қарайды да тұрады. Оны кейбiреулер ұрады да, бiрақ бала болып жылауды бiлмейдi. Ол адамдар, ауылдың анасындай болған Айсарыдан
кешiрiм сұрап:

– Мұқаның бiздiң Сарманды сабап тастапты. Мен қорықсын деп құйрығына бiрер тартып жiберiп едiм, оған ренжiген жоқсыз ба? – десе:

– Бiрер шапалақты маған шақса, оның атын Мұқан қояр ма едiм. Ондайды ол айтпайды, – дейдi Айсары.

Сөйтiп Мұқан бiреудi ұрғанын да, бiреудiң өзiн ұрғанын да кiсiге айтпайтын болды.

Қалақ ағашқа жазып берген жетi әрiптi қолына ұстатып сақалды молда:

– Ағузы, – десе, қайталап айтқан Мұқан: – ақ өгiз, – дейдi,– ња, батшағар, тiлiң тура айтуға бiр келмей-ақ қойды. Ендi бiсмылда де! – десе:

– Пiстi мұнда, – дейдi. Сонымен бiр жыл оқып «А»
деген әрiптiң түсiн танымай-ақ қойды. Молданы әбден ашу кернеп, Мұқанды етпетiнен жатқызып қойып, көк шыбықпен көк ала торғайдай етiп сабап-сабап қоя бердi. Ол әкесiне келiп оны да айтпады. Жарасы жазылғанша мектепке бармай жүредi де, бiр күнi ертемен келiп, оқитын үйге кiрмей есiк алдына тұра қалады. Балалар түгел үйге кiрiп олардың соңынан шапанын желбегей киген молда кiре бергенде қолындағы жуан таяқпен желкеден перiп жiберiп Мұқан молданы етпетiнен түсiредi. Мұқанның молдадан алған бiлiмiнiң бас-аяғы осы болып, «ағузы» «бiсмылдаға» қош айтады.

Молданың таяққа жығылғанын естiгендер:

– Өзiңе де сол керек! Балалардың айтуына қарағанда, молданың
ұрған таяғын бала түгiл өгiз көтеретiн емес. Арқасынан қан жосып аққанда Мұқан мыңқ деп дыбыс шығармапты. Оны шешесiне де айтпапты. Есi түгел кiрiп болмаған баланы сонша жәбiрлемесе қай-тедi. Бала бiткеннiң молданың шыбығы тiлмеген жон терiсi жоқ, – деседi.

Соққы көрген Молда Айсарыға келiп:

– Бәйбiше, мына балаң менен бiр жыл оқып, әлiп-биiмдi ұқпаса да,
менi ұрып жығуды үйренген екен. Қапыда ұрып, бiр жұма сiрестiрiп салды. Бас көтеруге бүгiн ғана жарап, өзiңе айтқалы келiп отырмын. Баладан таяқ жедiм деп басқа кiсiге айту да қиын екен... Бұған мұндай қылықты үйретiп жүрген кiм? – дедi, ыңқылдай отырып.

Кемпiр бармағын бiр жалап, «тiп» деп тiлiн жалақ еткiзiп, иiрiп
отырған жiбiнiң түйiршiгiн жазды да – «уњ» деп далада ойнап жүрген Мұқанға қарады.

– Шырағым молда, қай балам ұрды деп шағып отырсың? Мұңайтпасымның
ондай мiнезi жоқ едi. Ол өмiр бойы – бiр кiсiнiң бетiне «сен» деп қараған жан емес
едi ғой... Мұқаным болса ақыл тоқтатпаған жас емес пе?..

– Мұңайтпас ұрса оның жөнi басқа болар едi ғой, менi соққыға жыққан
ана оқуын ұқпай жүрген жас немерең Мұқаның... Молдаға баласын берген кiсi: «Етi сiздiкi, сүйегi бiздiкi» деп бередi. «Аюға намаз үйреткен таяқ»,  деген ғой бұрынғылар. Мен ұрсам сабағын ұқсын деп ұрып едiм, соны кек көрiп сойылға жығып кеттi.

Кемпiр бажырайған көзiн молдаға қадап бiраз отырды да, орнынан
бiр қозғалып:

– Онда өзiңде де бар екен! Мен баламды бергенде
«етi сенiкi» деп айтқаным жоқ. Етiн ит талағандай етiп оқыған сабақтың керегi қанша! Ол жанына батпаса ешкiмге тимейдi. Оны маған несiн айтып отырсың?..

– «Баланы бастан» деген, ұрып қоймайсыз ба?..

– Оны ұруға менiң шамам келе ме? Әне анау жайылып жүрген өгiз. Тайынша деген аты болмаса құнан өгiздей сүйектi емес те. Соны мiнiп
ойнап жүредi де ол шаршап жатып қалса, лақтай көтерiп иығына салып, үйге алып келедi.Өгiз көтерiп ойнайтын бала менiң ұрғанымды елең қыла ма... Шырағым молда, ит пен баланың қылығын сөз қылмас болар. Мектепке апарып, мiндетiмнен құтылдым. Өзiңнен оқып төбелесудi үйрендi. Өзiңнен оқып молда боп шыққан ешкiмдi көргенiмiз де жоқ. Оқымаса қайтейiн... Жылап-еңiреп жүрiп, сұрап алғандай болған немерем едi. Анасының уыз сүтiне ернi тимей қалған жетiмегiм. – Кемпiрдiң ернi кемсең қағып, даусы дiрiлдеп:
– Ондай балаға қол тигiзуге обал болады. Жетiмге тиген жетi дозақтың отына күйедi. Өзiң молда басыңмен оны неге ұрдың? – деп молдаға үкiдей қызарған көзiн бажырайта қарап, далаға шығып кеттi. Молда үн қатпай отырған жерiнде қатып қалды. Баланың бiрбеткей тiк мiнезi қайтып молданы маңына жолатпай, Мұқан оқи алмай қалды.

Өзi қатарлы балалар молдаға кеткен соң, ұсақ балалармен ойнай алмай, Мұқан мал баққан естияр балалармен далаға кететiн болды.Малшы балаларға үйiр болуы оның еңбекке қатынасуына себепшi болды да, он екi жасынан жалшылықпен табыс табатын кәсiпке айналып кеттi. Мұқан жазда шанышқақтап шапқылап
кететiн сиырды жек көрiп, момақан жай жүретiн қозыны бағуды ұнатты. Қозысын сиыршыларға жапсарлата жайып, Есiлдiң құзар жарларының көлеңкесiнде отырып, түскi ыстықта дем алатын едi. Ол он үштен он төрт-ке шыққанда, ауыл адамын таң қалдырып, күштiлiгiн көрсеттi.

Ауылдың бойдақ малын бағатын жиырмаға келiп қалған жiгiт едi, Мұқан жасынан соған серiктескен, момақан болатын Шiлденiң ыстығында жар астына көлеңкелеген өгiзшелер мүйiздесiп ойнап жүрiп, сүзiс-кен бойы жар басына
шығып кеттi. Жасы кiшi Мұқан балпаң басып, қайырып келем дегенше, бiрiн-бiрi жерге құлатып жiбердi. Биiктен тақиядай ұшқан құнан өгiз мойын омыртқасы үзiлiп, өлдi де қалды. Естияр бала өгiзшенi бауыздап, бес-алты шақырым ауылға барып хабарлағанша малынан айрылып қалатын түрi бар. Мұқан қозы мен сиырды қосып бағып тұра алмайды, шанышқақтап қашқан сиырға қуып жету оған қиын. Өлген өгiзшенi далаға тастап кетсе ит-құс жеп қояды. Ауылдағы үлкен кiсiлердiң ұрсып, ұруынан қорыққан бала-жiгiт торығып
жылап жiбердi.

– Сен неге жылайсың? – дедi, сабырлы мiнездi
Мұқан.

– Көрмейсiң бе, бұл жайрағырдың өлiп қалғанын?..
Ауылға барып хабарлағанша екi түлiк малды қосып сен баға алмайсың. Өзiңдi хабар айтуға жiберсем балпаңдап кешке шейiн жүрiп аласың, сен барып келгенше мұнысы сасып кетедi. Ең болмаса ет қолына тимеген соң иесi маған төлеттiредi. Ол үшiн тағы бiр жыл бiреудiң малын бағуым керек. Кiсi есiгiнде көзi ашылған кедейге сор мiнгеседi деген осы. Жыламай қай-тейiн...

– Сен жылама, менiң қозымды қосып айдап, ауылға жеткiз. Мен өгiзшенi көтерiп, иесiне апарып берейiн.

– Қалай көтересiң?

– Ол бiздiң талпақ қоңырдан ауыр емес, мен оны бұдан да кiшкене күнiмде көтердiм. Бұл саған қиын көрiнгенмен маған қиын емес, былай мойныма салам да кете берем, – деп, өлiп жатқан өгiздi көтерiп мойнына салып жардың басына шығарды. – Қозымды сиырыңа қосып айдап келе бер, мынаны апарып тастап алдыңнан шығамын, – деп, адымдай басып кете бердi. Он төрт жасар баланың өгiз арқалап келгенi,  ауыл адамдарын сондайлық таңырқатты. Баланың күшiне сүйсiнген мал иесi өлген малдың етiн жұртқа таратып жiбердi. Оның полицмейстерге «өгiз көтерген жылы» дегенi сол
едi. Сөйтiп жасынан бала палуан атанды.

0
0
1800

Көптiң көмегi

Көптiң көмегi

Мұқан полицмейстердiң кеңсесiне қарай шананы сүйрей жөнелгенде,
оның соңынан қаланың үлкен-кiшiлi жүздеген адамы шұбап бiрге кеттi. Городовойлар оларды серпiлту үшiн қанша түсiн суытса да, жұрт оны елемедi. Балалар күртiк қарды қайыстай тiлiп келе жатқан шананың артынан итерiсiп, Мұқанның ауыр жүгiн жеңiлдете түстi. Қораға жақындаған соң, городовойлар шананың жанындағыларды қуып, ендi бiрi
кеңседегi бастығына кiрдi.

Бастық маңызданып есiк алдына шыққанша, шана сүйреген Мұқан полицмейстердiң қорасының қасына тақалып қалды. Үйе тиелген шөптен сүйреген адам көрiнбейдi. Боран үрлеп, ақ қарды тықпалап тастаған шөптiң үстiнде аяғы серейiп ат жатыр. Шананың айналасында ор қояндай ойнақ салып балалар жүгiрiп жүр. Қолдарына шелегiн, күрегiн ұстаған әйел, еркектер шананы сүйреткендi көрiп қалуға ұмтылып, аяқтарын жүгiре басып, мойындарын созады. Бастық көше тол-ған кiсiлердi көрiп шошып кетiп:

– Бұл не үшiн қаптап жүрген адамдар? – деп, жанында тұрған городовойға
қарады.

– Ұлы мәртебелi мырза, өзiңiз бiлмейтiн не бар... Ерiккен ел жаяу
шана сүйреткендi қызық көрiп жинал-ғаны ғой.

– Неге қумайсыңдар бұларды?

– Қууын қудық, мырза. Бiрақ қусақ қораларға кi-редi
де қасына кiсiлердi қосып алып, қайта жүгiрiп шығады.

– Қуыңдар. Қазiр тарасын. Шананы сүйреткен қазақ
та қызық бұлар үшiн. Тарт. Шананы қораға кiргiз, – деп, бастық кеңсеге кiрдi. Мұқан
шанасын сүйретiп полицмейстердiң қорасына кiрiп кеттi.

Қораның есiгi жабылған сон, городовой жиналған
адамдарға:

– Жауырындарыңды мына дойыр тiлсiн демесеңдер,
тараңдар, – деп қолындағы қамшысын көпке көрсеттi.

– Оныңды бiзге неге көрсетесiң? – дедi бiреу.

– Неге кетпейсiңдер? – деп, городовой мұртын
тiкiрейттi.

– Қызық көремiз.

– Қандай қызық?

– Бiздiң Петроград, Москвадағыдай театр, клубымыз,
циркiмiз жоқ... Жаяу шана сүйреткендi көрсек те қызық. Көшеге жиналған елге сендердiң
бастықтарыңның өкпесi қысылып тұр ма? – дедi бiр тiгiншi.

– Ей, мұртыңды сыламай, жаңағы шана сүйреткендi
берi шығаршы, көптiң дүбiрi өкпелерiңдi қысса, өзiмiз үйiмiзге алып кетейiк. Мұртыңды
несiне тiкiрейтесiң. Оныңды күнде көрiп жүрмiз ғой, – дедi базардың орнын сыпыратын
қарауылшы, городовойға жақындай түсiп.

– Ендi тараңдар. Ол бұл қорадан шықпайды.

– Неге?

– Ни iшлеп?

– За что? – деген дауыстар жамырай шықты.

– Ол қазынаға пайдасы тиiп тұрған. Масликовтың
атын өлтiрiп, шанасын сындырып отыр.

– Е, Масликовтың байи түсейiн деп, дамыл тап-қызбай
айдатып титығына жегкiзген аттары жылда қы-рылып жатады ғой. Өлген аттарын малшыларына
төлет-кiзедi. Оларды ұрып, ұрсып жәбiрлейдi. Боранға ұшып өлiп, жарымжан болған
жалшысы аз ба? Сендер соны қораларыңа неге қамамайсыңдар. Кеше шөкпе кеткен бес
көлiктен шөптi жаяу сүйретiп бiреуi ғана келдi қалаға. Төртеуiн қар басып, далада
қалды. Аты түгiл, адамы да қырылып қалған шығар. Городовойлар, оны неге iздемейсiңдер?
– деп, бiреу дүрсе қоя бердi.

– Кетпеңдер, босаған соң дәудi алып барып, тамашасын беремiз...
Отыз пұттық кеспектi қақпақыл ғып ойнатады, – дейдi. Үйдей қарағайды аяғымен теуiп
сындырады, – дейдi.. Сонысын көремiз, – деп даурықты бiреулер.

– Бастық қайда? Бай, ат қырылатын болды, шөптi қайтарсын деп жатыр,
– деп екi ат жетелеп Масликовтың бiр жiгiтi келдi.

Тарамай тұрған көпке қабағын шытып бастық тағы шықты.

– Азаматтар, түсiну керек қой. Сiздерге тарқа деген тәртiп берiлдi.
Неге тыңдамайсыздар? Көңiл қалдыратын қылық осындайдан шығады ендi!

– Полицмейстер мырза, көңiл қалдыратындай көп-шiлiк не iстеп тұр.
Өз аяғымызбен қар басып тұрмыз. Оның салмағы кiмге түскендей...

– Бұларға ұқтырудың өзi бiр жұмыс, – деп суыққа шыдамаған бастық
даурығып әлденеме айтып, iшке кiре бергенде Масликовтың қамбашысы келiп:

– Тақсыр, шөптi шанасымен қайтарсын деп бай ат жiберiп едi, соған
рұқсат етсеңiз...

Көпшiлiкке құрсанған ашудың шарпуы оған да тидi.

– Мен тергеп, тексерiп, акт жасамай ешнәрсенi қорадан шығармаймын.

– Тақсыр-ау, аттар аштан өлуге айналды...

– Масликовтың өзi өлсе де, айтқаным айтқан. Атымды өлтiрдi, тексер
деген өзi. Тергеймiн ендi, ат өлген жерге барып көрем, – деп бастық ашумен есiктi
тарс жауып, iшке кiрiп кеттi.

Балалар полицмейстердiң қорасының жан-жағынан
асылып қарап:

– Әне, шанасы қораның дәл ортасында тұр. Өзi
қардың үстiнде жалаңбас отыр... Әне, тұрды... Кеңсеге кiрiп барады, – десiп шулады.

Городовойдың бiреуi елдi тарата алмаған соң солардың
«дәу» туралы әңгiмесiне өзi де араласты. Өзгелердiн өлшеусiз мақтауына бұл есептi
дәлелiмен араласты.

– Бұл шынында дәу... мына шөп кемiнде қырық пұт.
Арасына кiрген қары бес пұттан қалай кем болар екен... Ал анау ат он бес пұт қайтсе
де болады. Сонда 60 пұт жүктi жетi шақырым жерге жаяу сүйрегенi ғой. Тегi жай бала
емес, – дедi.

Бастық кеңсесiне кiрiп, ат өлтiрушiден жауап
алды.

– Сенiң Масликовқа жұмыс
iстегенiңе қанша болды?

– Үш жыл.

– Жасың нешеде?

– Оны бiлмеймiн, әйтеуiр, жылым түйе...

– Түйе деген немене?

– Түйе – түйе. Малдың ең үлкенi.

– Оның жаспен қандай байланысы бар?..

– Қазақта сондай жас болады. Сиыр, қой, жылқы
– бәрi бар.

Ешнәрсеге түсiнбеген полицмейстер:

– Далада тұрғандардың iшiнде қазақ бар ма екен,
шақырыңдаршы бермен, – деп есiк алдында тұрған городовойға бұйырды. Ол таяқты ақсақалды
ертiп кiрдi. Полицмейстер қартқа қарап:

– Мынау «жылым түйе» дейдi. Осының жасы сонда
нешеде болады? – дедi. Қарт жалшы балаға қарап:

– Түйе жылға iлiнбеген. Жылың тышқан шығар?
– дедi.

– Айта көрмеңiз, ақсақал. Тышқаны құрсын. Әжем
«жылың мақұлықтың ең үлкенi» деген. Түйеден үлкен мақұлық бола ма, соны айта салып
едiм.

– Ендеше, жылың ұлу екен. Ұлу деген – балық.
Балықтан үлкен мақлұқ болмайды, – дедi шал есептеп: – Мұның жасы он сегiзде.

– Жарайды, бара бер, – дедi бастық.

– Ал жұмыс iстегенiне үш жыл болыпты. Масликовтың содан берi неше
атын өлтiрдiң?

– Осы шөптiң үстiнде жатқан ат. Мен еш уақытта ат өлтiргiм келмейдi.

– Ендi қалай өлдi?

– Масликов шөптi көп тие дедi. Көп шөптi тарта алмай ат тұрып
қалды. Мен шананы итерiп жiбердiм. Шананың астына түсiп, өлiп қалды.

– Қалай астына ат түседi?

– Атыңды ана шананың алдына қой, мен шананы итерiп, қалай түскенiн
көрсетейiн.

– Ә... њә. Сен менiң атымды өлтiргiң келген екен, ә? Мен саған
көрсетемiн атты.

– Есiктен сөйлей, тұлыпқа оранып кеңсеге Масликов кiрдi.

– Аттарымның iшiндегi асыл тұқымды ең жақсы атым едi. Россиядан
әкелiп, Шарафитдин мырза сатып едi. Биыл жасы он алтыда болатын. Баланстағы құны
бiр жүз сексен сом екен. Жалшылықпен өтеуге бұл иттiң өмiрi жетпейдi Қалай болатынын
ендi өзiм де түсiнбей отырмын, – дедi.

Байдың бетiне тесiле бiр қарап, тергеушi ат өлтi-рушiге:

– Көрдiң бе, байлар атының жасына шейiн бiледi, ә сен өз жасыңды
бiлмейсiң. Қай жасыңда қандай жұмыс iстегенiңдi бiреу сұраса қалай айтасың?..

– Оны бiлем ғой. Әне бiр жылы өрiсте өлген өгiздi үйге көтерiп
әкелдiм. Сонан бiр жыл кейiн құдыққа түскен Құтпанның түйесiн шығарып бердiм. Биыл
байдың шөбiн өлген атын үстiне салып сүйреп үйiне, онан осы кеңсеге әкелдiм. Бұған
жас санаудың не керегi бар?

– Қой, ол былшылыңды. Полицмейстер, мұнан атты өндiрiп бересiң,
– дейдi бай.

– Жалақысынан ұста.

– Айлығы бiр сом сексен тиын, оған мұның өмiрi жете ме? Мен пәлен
жыл бойына күтiп отырамын ба? Оған шейiн бұл шайтан барлық атымды қырып бiтiредi
ғой. Үйiнде малы болса, әкелiп беретiн болсын.

– Үйiңде мал бар ма?

– Малым көп...

– Кепiлге алатын адамың бар ма?

– Кепiлдiң керегi жоқ. Өзiм өтiрiк айтпаймын.

– Далаға шығып, мына тұрған кiсiлердiң iшiнен тауып беретiнiң
бар ма? Кепiлсiз болмайды.

– Даладағының бәрi кепiл болады.

– Қалай бәрi, танымайтын кiсiлер саған қалай кепiл болмақ? – деп
сұраушы танданды.

– Далаға шығарып көрейiк. Даладағы қазақтың бiреуi танитын шығар.

– Мұны тануын таниды. Маған ат төлейтiн адам керек қой.

Бәрiн табамын. Тек далаға шығайықшы, – дедi Мұқан. Шана сүйреген
бала далаға, шығуы-ақ мұң екен, күтiп тұрған ел неше түрлi тiлде айқай салысты:

– Актысын жазып бiттi ме? Берi кел, ортамызға. Көрейiкшi өзiңдi,
– десiп қолынан ұстаған бойымен көпшiлiк ортасына алып кеттi. Кеңседен алып шыққандардың
әкiмгершiлiгi мен байлығы аяққа басылып, елең қылған жан болмады.

– Ей-ей.. кепiл керек оған, Масликовтын атын төлеу керек, – дедi
полицмейстер.

– Ненiң кепiлi?! – деп күжiлдестi, даурыққан көп-шiлiк.

– Берi, берi. Мына ықтасынға алып келiңдер. Тер қатып, ауырып
қалар өзi, – десiп айналасын қоршалай көшенiң арғы бетiне шығып кеттi. Полицмейстердiң
айқайы, городовойдың ьсқырығы шырылдап, азан-қазаны шықты.

– Уә, сендерге не болды? Мұнша дегбiрлерiңнен неге айрыласыңдар?
– деп, ұзын мұртты бiреу артына одырая қарады.

– Қайда апарасыңдар қылмыстыны?

– Қайдағы қылмыс? Ұрлық қылып па бұл?

– Ат өлтiрген, соны төлейдi.

– Ай, Масликов, сенде ар бар ма? Осы бала шанадағы шөптi жаяу
сүйретiп келмесе қорадағы барлық атың қырылады. Сенiң орныңда мен болсам, осыған
жүз сом берер едiм, – дедi жуан жұдырығын түйе сөйлеген мал союшы Петька.

– Шуылдамаңдар, атты төлейдi, – дедi полицмейстер, – оған шейiн  ат өлтiрушiге кепiл керек!

– Оған кепiлдiң керегi не... Күнiмен соған бола баланы ұстап отырсың,
әлгiде айтсаңыз едi. Тарыдан – тау, тамшыдан – теңiз тұрғызған көп емес пе бұл,
– дедi бiреу.

– Аты қанша тұрады екен?

– Бiр жүз сексен сом...

– Шығарыңдар бiр сомнан. Аты түгiл, Масликовтың әкесiнiң құнына
жеткендей ақша жиналсын!

Жүздеген қол қойын-қонышына сұғынып, мә, мә дестi.

Бiр уыс ақша Масликовқа ұсыныла бердi.

– Осындай мейiрiмдерiң болмаса, ел деп кiм
айтар едi.. – дедi бiр қарт. Ақшаны қолына ұстаған бiреу Масликовтың қолына санап
берiп, аттың төленгенiне тiлхат алды.

– Ой, тоқтаңдар, құны төлендi, өлген атты ала ке-тейiк, болмаса
Масликов консерв заводына сол аттың етiн тағы сатады. Онан да, өзiмiз терiсiн алып,
етiн итке берейiк...

Қалған ақшаны қолына ұстап шөпшi бала көше тол-ған көпшiлiктiң
ортасында кете барды.

0
0
2259

Қажымұқан — Бұл – берген уәдем едi

Қалмақан ӘБДIҚАДЫРОВ

Қажымұқан

Бұл – берген уәдем едi

Бiр мың тоғыз жүз қырық бiрiншi жылдың көктемi, Алатаудың айдын-шуақты
баурайына көктем әкелген жұпар иiсi сезiлдi. Ауа райының мерзiмдi уақтысына қарай
қары ерiп, жаңбыры жауды. Шалғыны өсiп, бау-бақшасы дер кезiнде көгердi. Үй алдындағы
үш түп емен мен екi түп сирень тауыстың қанатындай көрiктi жапырақтарын жайды, гүл
бүршiктерiн шығара бастағанда апрельдiң орта кезi болып та қалып едi. Менiң қыс
ортасында мертiккен аяғымның сырқаты созыла түстi, ұзап жүре алмай, үйден сирек
шығатынмын.

– Ойпырмай, келiп қалды, – дедi үй алдындағы арық суына ыдыстарын
тазартып отырған әйел, сасқалақ-

таңқырап үйге кiрдi де. Қолына ұстаған ыдыстарының суын тамшылата, артына қарап,
– Қажымұқан келдi, – дедi, ұмытқан есiмi ендi есiне түскендей. Мен орнымнан козғалғанша:

– Қалмақанның үйi осы ма? – деген қомақты үн үй алдындағы басқыштан
естiлдi. Мен де ауыз үйге шығып үлгерiп, жиде ағашының бұтақты бүгiлiнен iстеген
тоқпақтай жуан қолдың саусақтарын ұстап тұр едiм. Иә, көрмеген кiсi де оны бейнесiнен
тани беретiн Қажекең екен.

Алматы қаласы, Карл Маркс көшесi, 97-үйде 23 күн жатты. Бұл үйдiң
алдындағы сексен жыл жасаған емен ағаштың саясында қазақтың ардақты кiсiлерiнiң
бiрсыпырасы отырып, түнеп, түстенетiн едi.

Баласы Қошқарбайдын Шашубаймын,

Болсам да малға кедей, сөзге баймын.

Көп алсам кемiмейтiн кенiм халық,

Байларға малды екен деп бас ұрмаймын, –

дейтiн кәдiмгi Шашубайдың
өзi болды.

 

Ерназар1  күнде менен бата аласың.

Бәлеге неге барып шаталасың.

Балалар, ынтымақпен iстемесең,

Түбiнде жаман колхоз атанасың, –

деп колхозшыға үгiтiн айтқан, өзi туралы:

Ақ басты Алатаудың Жамбылы мен,

Өлеңнiң ұлы сүре даңғылы мен,

Алдымда Бұқарбай мен Сүйiнбайлар,

Солардан тәлiм алған қалдығы мен, –

дейтiн Жамбыл.

Ақынның ардагер сыпайысы Нүрпейiс, салған жерден шаба жөнелетiн
әйгiлi саңлақ ақын Иса, гармонға қосқан даусы көршi үйлердiң қабырғасын дiрiлдеткен
Нартай, кербез ақын Кенен, тiлге бай Қуат, Саядiл, Жетiсудың өрен жыршысы Үмбетәлi,
Оңтүстiктiң Орынбайы, Әлiбегi, партизан ақын Омар отырған жер едi. Қазақтың алып
даласына бiлiм шырағын жағушы жыл құстарының бiрi, Ыбрай Алтынсариннiң егiп шығарған
алғашқы гүлдерiнiң бiрi, жазушы Спандияр Көбеев те осы ағаштың түбiнде дем алған-ды.
Сол жiгiт жасты емен ағаштың түбiне кезектi ғасырлардың бiр-туар адамдарының бiрi
Қажымұқан палуан да келiп едi. Соншалық даңқты кiсiлердiң аяғы басылып, саясында
отыру үлесiне тиген сол емен ағаштар мен сирендер нендей бақытты едi десеңшi!

– Жамбылдың өлеңiн жазып алуға жәрдемдестiң, Қалмақан, Нартайды
екi жыл бойы iздеп, Мырза шөл, Нұр Атаны қоймай, Қоқан, Ферғананы кезiп, көрiн-геннен
хабар айта жүрiп Алматыға алдырып атағын шығаруға себепшi болдың, Қалмақан. Балқаштың
түк-пiрiнде жатқан Шашубайды самолетпен алып келдiң, Қалмақан. Кәнi, мен туралы
не iстедiң? Жалшыдан шығып, жер жүзiнде палуандықпен атын жайған қазақта менен басқа
кiмiң бар едi! Сәбит бар, Ѕабит бар, ақын Иса бар, сен бар, басқаң бар – мен туралы
жазған кiтаптарың қайда?!

Ертең Сәбитке барамын. Ол менi Орынборда тұрған кезiмнен бiледi.
Ол менi жазбай, Нұрмағамбеттi жазды. Ол қасиеттi ағаны жазғаны жақсы, бiрақ менi
қоса жазбағаны үшiн желке етiн бiр сығып қоймасам, есiне түсетiн емеспiн, – деп,
күлiп қойды.

– Болады, Қажеке. Сiздiң кiтабыңыз да туады. Сәбит жазады,
Ѕабит жазады... Келешек ұрпақтардан әдебиеттiң ғажайып шамшырақтары шығады, олардың
қаламы сiзге үйiрiлмей кетпейдi. Кәне, шай iшейiк.

* * *

Қажекең өмiр арнасын ағытып, айта бердi. Ол алғашында, бейне бiр
тұтасқан бұлтты нажағай жарып, төге салған нөсер сияқты едi. Тыңдадым да отырдым,
қағазыма түгiн де түрте алмадым. Сатырлатып құя салған нөсердiң баданадай тамшыларының
жайлысы тиiп, жанымды рахаттандырып, жайсызы шашырап көзiмдi жұмдырып, басымды ауыртқандай
болды.

Нөсер! Нөсер арты жердi көгертедi. Сөзiнiң
корытындысы жайнаған гүлдi алдына жайған сияқты едi. Өмiр-

дiң бiр саласында жасаған еңбегiне қатты қызықтым.

– Ара барлық гүлдi аралайды, бал шығаратын басын ғана сорады,
– деп керегiн тiзе бердiм. Күдiктi жерiн сұрай бердiм. Бiрақ түгел еншiме тимеген
23 күнде теңiзден тамшы ғана алып қалдым.

– Жаз, осыны!

– Жазайын, аға.

– Менi әсiрелеймiн деп әуреленбе, тек тәңiрiмнiң берген бейнесiн
ғана жаз.

– Құп болады.

0
0
3010

Аға достар арасында

Аға достар арасында

Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тiлiндегi әдебиет кiтаптарын құныға оқитын болып алды. Бiрақ, ондай кiтаптар Шоқан қолына көп түсе бермейдi. Әсiресе корпус кiтапханасында әдебиет кiтаптары жоктың қасы. Ал аздаған кiтаптар рота балаларының қолынан босамайды. Кiтапханада корпус балаларына көбiрек ұсынылатын кiтаптар патша генералдарының өмiрiнен жазылған шығармалар болатын. Ондай кiтаптар Шоқан, Григорий сияқты ойшаң балаларды қызықтырмайды. Шоқанның, Григорийдiң қызығып оқыған кiтап-тары Палластың және Рычковтың жањанкез өмiрле-рiнен жазылған күнделiктерi болды. Оның өзiн де кезек күтiп әрең дегенде қолдарына түсiрдi. Осы
кiтап-тардың әсерiнен болар, Шоқан мен Григорий екеуi Азияны аралап, жер сырын,
ел жайын бiлгiлерi келедi. Екеуi хиялдап көп әңгiмелеседi.

Шоқан мен Григорийдiң iзденгiш ойшыл мiнездерi өздерiнiң кластарындағы көп балаларға әсерiн тигiзiп, кiтап оқу, iлiм iздену балалар арасына жақсы өрiстедi. Соның арқасында Шоқан бастаған кластың балалары озық тәртiптi класқа, үлгiлi оқушылар атына ие бола бердi. Шоқанның суретшiл талабы сурет сабағының оқытушысы Померанцев деген жас офицерге қатты ұнайды. Ол Шоқанды ерекше сүйiп, қызыға үйретедi. Сол сияқты әдебиет сабағын жүргiзетiн оқытушы Гонсевский де Шоқанның алғыр, дүние тануға, әдебиет тануға сезiмдiлiгiн ерекше ұнатып, үлкен iлтипат етедi.

Сергей ағайының үйiне демалыста бiр келгенде
Шоқан өзiне сурет сабағын беретiн Померанцевқа кездестi. Сергей Сотников Шоқанды
Померанцевқа айырықша таныстырып, оның суретшiлiк өнерiн сөз еттi. Сонан Сергей
бiр әредiкте қазақ елiнiң таланты жайынан сөз қозғап кеттi.

– Мең қазақ елiнiң ауыз әдебиетi жайынан Костылецкийден естiгенiм
бар. Бұл халық сондай ақын хиялы қанатты халық көрiнедi ғой, – дедi Померанцев.

– Мен сiзге бiр кiшкене қазақ баласының өнерiн көрсетейiн, – деп
Сергей Померанцевқа Шоқаннан алған Мысықтың балшықтан жасаған түйесiнiң мүсiнiн
көрсеттi.

– Мынаны жасаған қай жастағы адам? – деген Померанцевтiң сұрағына
Шоқан:

– Ол кiшкене бала, менен де кiшi, – дедi.

– Ол кiшкене бала. Өзi бiр кедей жалшының баласы екен, – деп Сотников
Мысық жайындағы естiгенiн айтып бердi.

– Мына баланы, шiркiн, ана интернатқа әкелiп берер ме едi. Мынау
мүсiншi болатын бала ғой, – деген сөз Померанцевтiң аузынан шыққанда, Шоқан:

– Ол қандай интернат? – деп мұғалiмiнен әдеппен сұрады.

– Ол қазыналық мектеп, онда өз бетiмен оқуға қаржысы жоқ кедейлердiң
балалары оқиды. Барлық өнерге үйретедi. Бiр жағынан жұмыс iстейдi, бiр жағынан оқу
оқиды, қандай өнерге бейiмi бар, соны үйренедi, – деп Померанцев толық түсiнiк айтты.

– Ол мектепке Мысықты ала ма? – деп сұрады Шоқан тағы да мұғалiмiнен.

– Оған Шыңғыс Уәлиханович сияқты беделдi адам ұсынса алады. Ал
жай балаларды ала бермейдi.

– Сiз ол мектептiң бастығын бiлесiз бе? – деген Шоқан сұрағына,
Померанцевтан бұрын Сергей:

– Сол мектепте де бұл кiсi сабақ бередi.

– Онда мен жаз елге барғанда Мысықты алып келем, оны сол мектепке
сiз алғызасыз ба? – деп Шоқан аса қуана да, асыға да тiлек айтты.

– Егер Шыңғыс Уәлиханович қатынас жазып өтiнсе, алдыруға болады,
– дедi Померанцев алдыңғы сөзiн қайталап. Шоқан қуанып кеттi.

Шоқанның бұл қыстағы бiр ренжiген жайы Сергей ағайдың Омбы қаласынан

ерiксiз түрде жер ауып кет-кенi болды. Оның не себептi жер ауғанын Шоқан талдап
бiлген жоқ-ты. Жалғыз-ақ, Сергей ағай көптен көрiнбей жүрiп бiр демалыс күнi корпус
үйiне келiп, Шоқанды корпустан сұрап алып үйiне апарған. Сол күнi Сергей ағайдың
үйiнде Померанцев та болды. Сергей Сотников Померанцевқа Шоқанды айырықша тапсырып:

– Мен бұл қаладан кететiн болдым. Мына Шоқанды үйiңе апарып демалыстарда
бойын сергiт, жақсы кiтаптар тауып бер. Қалғанын өздерiң ұғыныса жатарсыңдар, –
деген.

Сергей ағайдың осы сөзi Померанцев пен Шоқан арасына достық iлгегiн
қадағандай болды. Содан былай Померанцев Шоқанды демалыстарда үйiне алып барады.
Шоқаннан ауыл жайларын сұрап, сурет салу жайынан ұғыныстар беретiн болды. Әсiресе,
өзiнiң үйiндегi көрнектi суретшiлердiң шығармаларын көрсетiп, көптеген түсiнiктер
айтып отырады.

Бiр күнi Померанцев Сергей Сотников туралы сөз қозғап, одан хат
алғанын айтты. Ол мұндағы жолдастарын қатты өгейсидi. Саған сәлем айтыпты. Сергейдiң
өзi де тентек қой. Ол өшiккен, жек көрген адамына тура мылтық атып, қол жұмсайды.
Мынау уақыт оны көтере ме, – дедi. Сотниковтың қандай қылмыспен Омбыдан айдалғанын
бiлмейтiн Шоқан Померанцевтан Сергей ағайының не себептi жер ауғанын сұрады.

– Сен оны бiлген жоқ па едiң? Онда тыңда. Сотников осындағы бiр
полковникпен бiр жерде ерегiсiп қалады. Шенi үлкен ұлық Сотниковке жаза бергiзедi.
Сотников ондайды көтере алмайтын өр мiнездi адам.

Полковниктен кек алуды ойлап бiр күнi өшiккен адамының қонақта
болған хабарын бiлiп, оны жолда аңдиды. Аңдығанда Сотников өзiңе таныс қыр қазағының
атын сұрап мiнiп, оның барлық сыртқы киiмiн киiп, жуан қамшысын алып тосып тұрады.
Полковник жолдастарынан бөлiнiп пәтер үйiне бұрыла бергенде, аттың сауырына алып,
қамшының астына алады. Полковник айқайлап қашып, оның дауысынан көшедегi адамдар
көрiне бастағанда, Сотников құйғытып жөнеледi. Сонан бұл iс тексерiлiп, Сотниковтың
iстегенi мойнына қойылып, сонан сотталған. Ол қазiр жазалы адам ретiн-де жер ауып
кеткен, – дедi.

Шоқан мынаны естiгенде Сергей ағайының мiнезiне қайран қалды.
Қандай өжеттiк деп ойлады.

– Бiрақ, ол айласыз. Тура қамалға қарсы шабады. Ондайды бiлдiртпей
iстеу керек. Қазiр өзi жазаға душар болды, – дедi сөзiн аяқтап Померанцев.

Күн ұзап, оқу жылы аяқтауға таянған мезгiл. Шоқанның өте сүймейтiн
сабағы – есеп. Ол есепке қандай ескерту болса да тiптi көңiл қоймайды. Оны оқытушылардың
бәрi де бiледi. Бiр күнi корпустың аға оқытушысы Ждан-Пушкиннiң өзi есеп сабағын
жүргiздi. Сабақ жүрiп жатқанда Шоқан үйдiң төбесiне қарап есеппен жұмысы жоқ отыра
бердi. Ждан-Пушкин Шоқанның отырысына көзi түсiп, қасына келiп:

– Шоқан Уалиханов, сен неге есебiңдi шығармай отырсың? – дедi.
Шоқан бөгелместен:

– Мен алты ай қыстай есеп сабағын жақсы бiлме-генде, бүгiнгi бiр
сабақта бәрiн бiлем дейiн бе. Онан да басым дем алсын деп отырғаным, – дедi.

Ждан-Пушкин Шоқанды кластан ертiп алып кеттi. Балалар, әсiресе
дос балалары Шоқанды жазалайды деп қорықты. Бiрақ, оқытушы оны жазаламады. Оны
өзiнiң отыратын бөлмесiне апарып, «Современник» журналының жаңа номерiн қолына берiп,
соны оқытып қойды. Сабақ артынан балалар Шоқаннан:

– Саған қандай жаза көрсеттi? – деп сұрағанда.

– Немене, мен жазалайтын кәмпит саудасын iстеп-пiн бе? – деп жауап
бердi. Оған жолдастары мәз болып күлiсiп қалды. Шоқанды сол екiншi жылдың өзiнде
корпус оқытушылары баласындай, болашағы бар деген айырықша ұғымда меңзеп, оның зерек
алғырлығын, алған бетiнен қайтпайтын қайсар тапқырлығын қадыр тұтатын болған-ды.
Әсiресе, Костылецкий деген оқытушы Шоқанға ерекше назар аударды. Оның себебi Костылецкий
арабша, фарсыша, сол кездегi Азия елдерiнiң тiлiнде шығатын әдебиеттердi оқи бiлетiн
адам екен. Ол қазақ жерлерiнде болып, қазақ ертегi, жырларын да жинаған, дала сырынан
хабардар адам екен. Ол кей сабақтарында халықтың ауыз әдебиетiне көшiп, қазақ дастандарының
жайын айтып, балаларға түсiнiк беретiн. Ондай сабақ жүргiзгендегi Костылецкийдiң
көмекшi серiгi Шоқан болады. Ол кейде Шоқанға қазақтың ертегi, жырларын айтқызып
басқа балаларға өзi орысшалап мазмұнын айтып бередi. Бiр күнгi сабақта әңгiме Қозы
Көрпеш – Баян жырына арналып, Шоқанның Арыстан ақыннан естiген түрiн айтқызып, Костылецкий
өзi де құмарта тыңдады. Бiр әредiкте:

– Сен Қозы Көрпеш боласың, – дедi Шоқанның қасына келiп Костылецкий.

– Ол батыр ғой, – дедi Шоқан.

– Несi бар, сен де батыр боласың. Батырлық бiлекте, күште емес,
ойға алғанын орындайтын қайыспас қа-жырда.

0
0
3365