Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Дала сұңқары қиырға қарайды

Дала сұңқары қиырға қарайды

Жазғы салымғы Сiбiр өлкесiнiң ұзақ жылмың күн-дерi басталды. Сабақ
ерте бiтедi. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды.
Тапқыр, ықшамды Шоқан өз класындағы балалардың iшiндегi ең жатық шебер ойнайтын
бала болып алды. Ойын үстiндегi айтыс-тартыс сөздер Шоқанның тiлiн бұрынғысынан
әлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып,
Ертiс үстiнен қызыл су жүрiп, жаз лебi есе бастады. Неге екенi мәлiмсiз Шоқан бұл
жексенбiде Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйiне бармай, Ертiс бойына баруды
ойлады.

Өткен күзде ғана Омбыға келiп оқуға түскен кiш-кене Шоқан, дегенмен
қаланың қамау көше, тар үйiне әлi жете үйрене қоймап едi. Оның есiл дертi кең дала,
еркiн жүрiс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертiс
бойына келедi. Алыс қырға көз салып көп отырады. Бүгiн де сол оймен Шоқан ешбiр
баламен сөйлеспестен Ертiс бойына жөнелдi.

Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киiмiн жеңiлдеп өзен бойына
шыққан. Кешеден берi Ертiс езенiнiң мұзы босап, қызыл су көтерiлiп кеттi. Ертiс
бойындағы қала жұртшылығына жылдың екi мезгiлi ерекше қызықты алуан әңгiме болып
қалады. Оның бiрi осы көктемдегi Ертiстiң мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезi.
Екiншiсi, күзгi күн суып Ертiстiң мұзы қатар кезi. Әсiресе сең жүрген кез, көктем
лебiмен мұ-нартқан дала сәулетiн көтерiп аса көңiлдi болады.

Кеше кешкiлiкте «ертең сең жүредi» деген елдiң лақап сөзiн естiген
Шоқан түнiмен елегiзiп аз ұйықтаған.

Шоқанның әрдайым келгенде отыратын бiр ғана орны бар. Ол Ертiс
қабағының бiр биiк мұрыншақ жарының үстi. Тағы да ол сол жерiне келiп отырды. Өзен
қабағы қаптаған көп адам. Бәрiнiң таңданары асау өзеннiң бұлқынып, сең дөңгелетiп
аспан атқан сағаты. Қыстай бетiн басып шегендеген темiрдей мұзды быт-шытын шығарып
асау ағын көтерiп әлдеқайда әкетiп барады.

Уақыты жетiп заман жылуы келгенде қандай күш болсын осы өзен мұзындай
қопарылады. Ағынға түсiп жылжып жөнеледi.

Күтiрлеп сынған қалың мұздар бiрiн бiрi қаға жылжып, бiрi шетке
қағылып, бiрi ағынға түсiп, ойран-топыры шығып жатыр. Шапан жамылып, шәлiсiн төгiлт-кен
татар ханымдары, асыл киiнiп алқына басқан қала нәндерiнiң бәйбiшелерi iшiн тартып
таңданып өзен ғажайыбына үңiледi. Су бұрынғысынан әлдеқайда көте-рiлiп жардың ернеуiне
шыпылдай келiп, қалаға лап қоярдай лепiрiп жатыр.

«Қаланы суға қарық етпесе жарар едi» деген үрей сөздер де естiледi.
Шоқан бұл сияқты үрей ойлардың бәрiнен де аулақ. Оның есiл-дертi алыстағы ауыл,
сонау, сонау мұнартқан көгiлдiр кең дала.

– Шоқан Уалиханов, сен мұнда неге томсарып отырсың? – дедi корпус
дәрiгерi Василий Матвеевич.

Шоқан қапылыста қасына келiп, шұғылынан сұрақ қойған үлкен кiсiден
ұяла орнынан тұрып, алдымен әдеппен сәлем бердi.

– Кешiрiм етiңiз, сiздiң келгенiңiздi байқамай қалдым.

– Оқасы жоқ. Рақмет, қыран балапаны, – дедi Кошелевский. – Сен
еркiн өскен сахара баласысың. Сонау кең далаңды, ауылыңды сағынып отырсын, ә? Түсi-немiн.
Сен мына қалада торға түскен сұңқардың балапаны тәрiздiсiң. Сенiң жаның сонау көгерген
алыс қырға талпынады. Шiркiн, еркiндiк қиял қандай әдемi, – деп дәрiгер Шоқанның
өзiне түсiнiксiз ой толқынын қозғап жiбердi.

– Иә, Василий Матвеевич, дәл айтасыз. Сонау көге-рiп мұнартқан
далада менiң ауылым – елiм бар. Кәзiр бiздiң ауыл қандай қызықты. Малы төлдеген,
өмiр думаны сонда ғой. Жаңа сiз сұңқар құсты айттыңыз. Осы көктемде менiң әкем
қаршыға салады. Уай-шiркiн, қыран қаршығаның көз iлгенi қандай қызық, – деп Шоқан
аса бiр өңiне келiп, осы кейiнгi сөздi айтқанда сондай масаттанып кеттi.

– Ия, ия, – дедi ойлана дем алып Кошелевский. – Дала баласы, түз
қыраны еркiндiктi, кең даланы қайда болсын көксемей тұра ма. Ұшқыр қиялды, өр көкiрек
дала сұңқары, – дедi ақырын күбiрлеп.

0
0
16972

Осы тақырып бойынша