Мазмұнға өту

Жаңа

Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевпен кездесудің қорытындылары

Бүгін бір топ қазақтілді интернет-белсенділері болып Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесіп, білім берудегі ең өзекті мәселелерді талқыладық. Отырыс 5 сағатқа созылды, оның бір жарым сағатында Е.Сағадиевтің өзі болды. Көптеген мәселе көтерілді, соның ішінде халықтың мазасын алып жүрген ағылшын тілінде білім беруге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен не талқыладық, қандай қорытындыға келдік, соған тоқталайын. Негізгі мәселе БҰҰ жүргізген зерттеу бойынша біздегі 8 сынып оқушылары дамыған елдердің 8 сынып оқушыларынан кемінде 2,5 жылға қалып қойған. Қандай пәндер ағылшын тілінде оқытылады? Ағылшын тілінде өтілетін пәндер – информатика, химия, биология және физика. Қазақ тілінде өтілетін пәндер – қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы Орыс тілінде ­– орыс тілі мен әдебиеті (екеу…

0
0
814

Арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздың мұңы

Қазіргі уақытта қазақ қызының басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуы жиілеп кетті. Қытайға, ұйғырға, орысқа, енді бірі араб ұлтыны тұрмысқа шығып жатыр. Олардың барлығы бақытты емес! Жат елде жүріп, өзге тілде сөйлеп, өзіміздің бесбармағымызды сағынып, ата-анасының тірі кезінде бір көруге зәру болып жүрген қазақ қыздар қаншама?! Қоштасар сәтте арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы елдегі сіңлілеріне сәлемдемесін Қаржаубай Сартқожаұлы профессор ағамыздан жолдады. "Аға, сіз жоғары оқу орнында ұстаз екенсіз, қазақтың қыздарына айтыңызшы, басы таз, мұрны пұшық болса да қазақ жігітіне шықсын. Еш уақытта басқа ұлтқа шықпасыншы. Осыны жүрген жеріңізде айтып жүріңізші, аға. Мен сізге тапсырар жалғыз өтінішім осы" деп жылап қалды. ( Толығырақ видеодан көріңіздер). Осындай қателіктерді қайталаудан аулақ бо…

2
0
1494

Ұлттық киімді ұлықтайық!

24-25 сәуір күндері Алматы қаласында ұлттық киімдер жәрмеңкесі болады. Арбатта өтетін жәрмеңкеге келген қонақтар қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген ұлттық киімдерді қолжетімді бағамен сатып алып, серуенге шыға алады. Бұл мерекелік шарада Қазақстанның әйгілі дизайнерлерінің сән көрсетілімі болып, дәстүрлі ойындар ойнатылады. Сонымен қатар шара барынша театрланған қойылым желісінде өткізіледі. Айта кетейік, ұлттық киімдер күні биыл екінші рет өткізіліп отыр. Шараны үйымдастырушы Арман Нұрмұханбетов. Республика және әлем бойынша Ұлттық киімдер күні 29 сәуір күні өтеді. Бұл күні әрбір қазақстандық қазақ киімін киіп, жұмыста, оқуда тіпті қонақ немесе серуенге шықсаңыз да болады. Ал, сол күні киген ұлттық киіміңізді суретке түсіріп «Қазақтың Ұлттық Киімі Күні / День Казахской Национальной» www.…

5
0
2188

Дағдарыс елге емес, үкімет басына тиесілі

Әлем елдерінің ішінде жер көлемі бойынша 9-орын алатын-Қазақстан. Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің барлығы дерлік кездесетін жер-Қазақстан. Табиғи ресурстарға аса бай өлке тағы да-Қазақстан. Осындай Тәуелсіз елде экономикалық дағдарыстың болуы-күлкінішті. Елімізде қандай экономикалық дағдарыс болуы мүмкін? Бұл жәй сандырақ. Герольд Бельгер айтқандай "Дағдарыс елде емес, үкіметтің басында" болып отырған секілді. Құндылықтарымыздан алатын жемісімізді көре алмағанымыз ба? Оларды тиімді пайдалана алмадық па? Бірінен кейін бірі шет ел өкілдеріне сатылып бара жатқан жерлерімізді қалай қиямыз? Бұндай проблемалардың болып жатқанын бірі білсе, бірі білмес. Біз: "Осы күнге жеткенімізге тәуба, шүкір-шүкір...Біз бүгін тіріміз соған тәуба" деп отырамыз. Солай жүріп қалай құл болып ке…

2
4
2847

«Мақсат» пен «Арманды» қалай түсінесіз?

Бала кезден бәрімізде "Арман" болады. Кейін өсе келе ол "Мақсатқа" айналады. Негізі осы екі сөздің айырмашылығы неде? Екеуіне келгенде мен сенімсіз бола қаламын. Арманды мен қол жеткізбейтін, адамның өсуімен, ойлау қабілетімен өзгеріп отыратын құбылыс секілді елестетемін. Шынымен, жыл сайын біздің армандарымызға арман қосылып, ескіргендері, яғни сенімін жоғалтқандары шығып отырады. Оның шегі жоқ... Ал Мақсатқа келетін босақ, бір биікті бағындыруға белгілі бір уақыт аралығын, адам ынтасын талап ететін құбылыс деп түсінемін. Мақсатқа жетер шың мен оның шегі де болады. Оның артында әр қашан жетістік тұрады. Барлығымыз да тек сол мақсатымызға жеткен сәтті елестетеміз, ал оған жету процессін ойладыңыз ба? Ағылшын тілін 1 жылдың ішінде жетік біліп шығу үшін, жақсы жұмысқа орналсу үшін, жаңа көл…

2
0
1531

Туылған күніңмен, Геннадий!

Бүгін сәуір айының 8-і батыр ұлдарымыздың бірі Геннадий Головкиннің туылған күні! Еліміздің бағына біткен қайсар азаматымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, береке, бірлік тілейміз! Әрқашан Көк Туымызды желбіретіп, ҚАЗАҚСТАННЫҢ атын әлемге әйгілей беруіңізге шын жүректен тілектеспіз! GGG туылған күнімен құттықтаған барша адамдарға ВКонтакте және Twitter әлеуметтік желісі арқылы былай деп жауап берді: «Я горжусь, что я - Казахстанец! И любовь к стране не измерить! Я готов ее в песнях славить и словам этим твердо верить. Я горжусь, что любовь народа не имеет черты и границы, и когда сын ее год от года возвращает за это сторицей» Естеріңізге сала кетсек, Геннадийдің келесі жекпе жегі Лос-Анджелесте 23-ші сәуір күні Доминик Уэйдпен өтетін болады. С…

3
0
552

Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмеде отырған уақыты

Қытай Халық Республикасында бас бостандығынан айырылған қандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы араға екі жыл салып қызын көріп қайтыпты. Еске сала кетейік Ақжарқынның жүгінен осыдан екі жыл бұрын есірткі табылған. Сот шешімі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ақжарқынның анасы қызымен көріскен 5 минутымен бөлісті:"Мен бүгін Ақжарқынмен көрістім. Бізге сот залында әңгімелесуге бес минут берілді. Ол жағдайына шағымданып жатқан жоқ. Алты ай сайын дәрігерге қаралады екен, күніне үш рет тамақтандырады екен. Бізді сағыныпты, күн сайын түсіне кіреді екенбіз. Жанұямызбен түскен суретімізді бердім. Көзілдірік сұрады, көру қабілеті нашарлап кетіпті. Жылады" Сонымен қатар, анасының айтуынша, Ақжарқын есірткі контрабандасына қатысы жоқ екенін айтыпты. "Мұны ол сотта да қайталап айтты, жүг…

2
0
619

Әскерге шақыру науқаны кезіндегі жемқорлықтың алдын алу

Ағымдағы жылғы 6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 2016 жылғы әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыру мақсатында әдістемелік семинар-кеңес өткізілді. Жиынға СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Е.С. Байболов, Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық департаменттерінің, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері және аудандық әскери бөлімшелердің жетекшілері қатысты. Кездесуді ашқан ведомства басшысы, мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен жүктелген стратегиялық мақсат-міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы баяндады. Осы орайда әскери органдар қызмет бабында заңнама нормаларын қатаң сақтанулары қаже…

0
0
653