Қазақ хандығы туралы фильм The World of Knowledge кинофестивалінде жеңімпаз атанды
Танымал кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Мәңгілік аспан астында» фильмі «Білім әлемі» (The World of Knowledge) Х Ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер кинофестивалінің «Үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Астанада осы беделді марапат ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа тапсырылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Қазақстандық фильм The World of Knowledge оныншы мерейтойлық кинофестиваліне қатысуға өткен жылы Санкт-Петербург (Ресей) қаласында номинацияланды. Он бөлімнен тұратын «Мәңгілік аспан астында» ғылыми-көпшілік фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты түсірген болатын. Бақыт Қайырбеков (сценарий авторы және режиссер) және Андрей Хазбулатов (бас продюсер) үздік сценарий үшін үздік марапатт…




