БҚО жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы таныстырылды

2016 жылдың 4-8 сәуір аралығында Департаменттің бастамасымен өңіріміздегі 4 жоғарғы оқу орындары (М.Өтемісұлы ат.БҚМУ, Жәңгір хан ат.БҚАТУ, БҚИТУ мен«КазИИТУ» ғылыми-білім кешені)студенттеріне,барлық бакалавр даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу пәнінің модельдік оқу бағдарламасының таныстырылымы өткізілді.
Өткізілген шараларға Департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, аталған басқарманың бас маманы Е.Төлепқалиев, «КазИИТУ» университетінің ректоры С.Жүсіпбеков, БҚИТУ проректоры Қ.Жанияров, М.Өтемісов ат. БҚМУ экономика және құқық кафедрасының меңгерушісі Г.Нестеренко, оқытушылар құрамымен студенттері қатынасты.
Шара барысында Департамент өкілдерімен пәннің басты мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын, мәдениетін қалыптастыру және оған қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы қалыптастыру екендігіне түсіндірді.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін игеру кезінде сабақты әртүрлі (лекциялар, семинарлар, кейс-стади, дебаттар, коучинги, копинг-стратегиялар) формада өткізу қолданылатындығы және оны зерттеу жоспары слайд сүймелдемесі арқылы көрсетілді.
Өз кезегінде қатысушылар аталған пәннің қажеттілігі мен оның дер кезінде енгізілуін атап өтіп, тұрғындарды оның ішінде жастарды құқықтық тәрбие беру барысындағы маңздылығына тоқталды.
Кездесу сұрақ-жауаппен аяқталып, студенттердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

