Мазмұнға өту

Жаңа

Ораза кезінде пайдалы ас — талқан

«Талқан – көктеген және термоөңдеуден өт­кен бидай, қара бидай, сұлы және арпадан жа­салған өнім. Күш беретін құнарлы тағам әсі­ресе, балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға пайдалы. Поволжье, Орта Азия, Оңтүстік Сі­бір­­дің көшпелі халықтарының көне рецеп­тілері негізінде арнайы технологиямен әзір­ленген.


Талқан – сіңімді әрі дәмді. «Ыстық су құй да, жей бер. Сүтке пісір де балаға бер». Талқан қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақтап дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. Екі тәсілмен дайындағанда талқанның майдаланбай қалып қоятын түйіршіктері болады, оны «талқанның сағы» дейді. Талқанның сағын бөліп алу үшін жайпақ табаққа салып екшейді. Сонда сағы талқанның бетіне бөлініп шығады да, ұнтағы астында қалады. Бетіндегі сақты алып тастай отырып, талқанның ұнтағын бөліп алады. Талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. Оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады. Талқан салған шай қою болады әрі тез суиды. Оны жентке қосады. Талқаннан әзірленетін тамақты «сарталқан» немесе «майталқан» деп атайды. Сарталқан дайындағанда талқанды қойдың құйрық майына немесе жылқының майына араластырып, баяу жанған отқа қойып қуырады. Талқанды құмшекер салып дастарқанға құрғақ күінде қоюға да болады. Оны кебегі көп тазартылмаған бидай ұнынан ( 2 не 3 сорт ұннан) әзірлеуге де болады. Ол үшін аздап май жағылған қазанға шақтап ұн салып ақырындап қуырыды. Қуырылып қызыл-күрең тартқан ыстық талқанға сары май және құмшекер қосады, сонда ол өте дәмді болады. Оны балалар да сүйсініп жейді. Талқаннан майға, кілегейге, сүтке араластырып жеуге болады. 1 кг талқанға - 200 г құм шекер, 200 г май қажет.

 
6
1
8214

БҚО-да «Құқықтық мемлекет: елдің дамуы мен өркендеуінің кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

2016 жылдың 11 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті бастамасымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Құқықтық мемлекет: елдің дамуы мен өркендеуінің кепілі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Іс-шараға ғалымдар, мемлекеттік мекеме басшылары, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, БҚО бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

Конференцияда ҚР МҚІМ БҚОД басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, «Заман» БҚО өндірушілер қауымдастығы» ҚБ төрайымы А.Туркина,  Жәңгір хан БҚАТУ аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Е.Хайдаров, заң ғылымдарының магистрі Ш.Аймукашева, студент А.Рау баяндамалар жасады.

ҚР МҚІМ БҚОД басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» атты баяндамасында, Департаментпен атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, мәселені шешудегі ғылыми көзқарасқа тоқталды.         Мемлекеттік басқару саласындағы бірнеше кітаптар авторы М.Нұртазин сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға аталған саланы реттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің жеткілікті екендігін атап өтіп, сонымен қатар оны одан әрі дамыту шаралары азаматтық қоғамның белсенділігін қажет ететіндігін баяндады.

Жарыссөзде «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Қожжанов, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мерғалиевтер пікір білдірді.

Конференция жұмысына қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Сонымен бірге, конференция барысында балабақша, мектеп, колледж, университет, мекеме және кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту шараларын  өткізу мәселелері талқыланды.

 

0
0
486

«Жемқорлықпен күресу — басты міндетіміз»

Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайтыны белгілі.

Осы бағытта 2016 жылдың 11 сәуір күні Департамент Құрманғазы атындағы саз колледжімен бірлесіп, студенттердің қатысуымен «Жемқорлықпен  күресу - басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел оздырды.

Дөңгелек үстел режиссура мамандығының студенттерінің дайындауымен «Қара бауыр қасқалдақ» атты шағын көрініспен ашылды.  Кейін колледж директоры Н.У.Сертеков сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда "Нұр-Отан" партиясына жүктелер міндеттерге тоқталып, оны жою шараларын қоғам болып белсенді жүргізуі керектігіне тоқталды.

Сонымен қатар, департамент өкілі Е.Төлепқалиев қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның ішінде студент жастардың орынына ерекше назар аударды.

Шараның соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

 

0
0
1380

Жекеменшік баспана кооператив қызметкерлері Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметімен танысты

12 сәуір күні өткен кездесу барысында жастардың әлеуметтік мәселелері жөніндегі ақпараттық-кеңестік бөлімнің жетекшісі Төлеген Жұмабекұлы Айтбаев жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырып, әрбір сервистің қызметін, яғни, жастар мен жас отбасылардың тұрғын-үй мәселелерін шешу жөнінде, жас кәсіпкерлікке жәрдемдесу жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, «Ерекше жандар» клубы қызмет атқарып жүрген мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі сервис жұмысының жүргізіліп жатқанын да белгіледі.

Ең алдымен, ЖБК өкілдерін тұрғын-үй мәселесі қызықтырды, нақты айтқанда мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алудың қандай мүмкіндіктері бар екендігі, байқауға қатысу үшін қандай құжаттардың қажет екендігі және аталған бағдарламаларда қатыса алатын адамдар санаты қызықтырды.

Бұл сынды кездесулер, ордан арғы өзара ынтымақтастық мақсатымен өткізіледі. Осылайша, жекеменшік баспана кооперативі мен Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері бірлескен әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу идеяларымен алмасты.

0
0
555

Қызылордада колледж студенттері Ішкі істер департаментінің тыныс-тіршілігімен танысты

Ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі студенттеріне арналған Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің тыныс-тіршілігімен танысуға, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып ішкі істер органдарының  қызметін дәріптеуге, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталған экскурсия ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыра отырып кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Шараға 300-ге жуық колледж студенттері мен олардың оқытушылары қатысты.

Өткізіліп жатырған шара аясында полиция қызметкерлері колледж студенттері үшін  департамент мұражайына және Жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін студенттер топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген  жасөспірімдер таңданысын білдіріп, естелікке суретке түсті.

Шара соңында студенттер бүгінгі күннен мол әсер алғандарын жеткізіп, осы бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген ұсыныстарын білдіріп, полиция қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

Аталмыш шара ағымдағы жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
427

Қазақстандық ғарышкерлерімізді айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

12 сәуір барша әлем халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін тойлауда.

Бұл мереке Адамның ғарышқа алғашқы ұшу сапары  болып есептелгендіктен, дүние жүзі бойынша аталып өтуде.  Осыған орай, Қазақстандық ғарышкерлерімізді айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!

Айдан Аимбетов - тәуелсіз Қазақстанның атынан ұшырылған алғашқы ғарышкер. Ол қыркүйектің 2-і күні Байқоңыр айлағынан «Союз ТМА-18М» кемесімен ұшқан болатын.

Айта кетейік, 4 наурыз күні Айдын Аимбетов ХАТУ оқу ордасына келіп, студенттерге ғарыш әлемінің тұңғиығынан сыр шерткен болатын. Ал біз, болашақ журналисттер, өз кезегімізде ғарышкерді студиямызға, «I-Wave» бағдарламасына шақырып, тілдесіп қайтқан болатынбыз.

Мұндай мүмкіндік күнде тумағандықтан, шыны керек қатты толқыған едім. Назарларыңызға ХАТУ студенттері дайындаған Ток-шоуды ұсынып отырмын.

 

P.S: Айдын Айымбетовтың Twitter парақшасындағы ең қызықты жазбаларды оқи жүріңіздер: @AidynAimbetov

 

4
0
795

Я намалюю твій сон. Рецензия на фильм «Пробуждение жизни» (Waking Life). Режиссер: Ричард Линклейтер, 2001 год.

«Нужно держать реальность в равновесии, плыть по течению. Море принимает все реки. Главное — постоянно находиться в состоянии отбытия и всё время прибывать. Это избавляет от знакомств и расставаний. Путешествие не требует объяснений — лишь попутчиков.»

(с) «Пробуждение жизни».

Я намалюю той день де вiтаю i
Той день де спiваю я
Той день. Той день.

(с) Океан Эльзы – «Той день».

Краткое описание: главный герой «рисованного» фильма встречается с разными персонажами или просто наблюдает за рассуждениями интересных людей на различные философские или псевдофилософские темы. По ходу повествования появляется ощущение, что происходящее представляет собой череду снов из которых не получается выбраться.

Итак, после своеобразного триумфа фильма о влюбленных молодых болтунах «Перед рассветом» американский кинорежиссер Ричард Линклейтер очень интересно поэкспериментировал с формой подачи материала. Выступив также в качестве оператора, Линклейтер отдал на истязание отснятый фильм группе аниматоров, которые превратили кино в игровой мультфильм. Подобным приемом и «плавающими» кадрами получилась очень занятная с элементами сюрреализма картинка, способная приблизить ощущение сна на экране. Эдакая матрешка формирующая образы каждый из которых вытекает из предыдущего: жизнь, сновидения, кино, мультфильм. Все это действо сопровождается композициями латиноамериканских мотивов.

Позже режиссер использует свои наработки в ленте «Помутнение» с Киану Ривзом и Вайноной Райдер для изображения «приходов» наркоманов.

Сюжет представляет собой калейдоскоп из рассуждений о мироустройстве, свободе выбора, месте человека во Вселенной и пр. Диалоги не претендуют на уникальность или оригинальность, они отражают современные тенденции навеянные массовой культурой от поверхностных знаний в области квантовой механики до паранойи о преследования со стороны властей и реинкарнации души. Главный герой участвует, наблюдает, а порой и парит над событиями. Нашлось место и любимым героям Линклейтера к которым он всегда возвращается Джесси и Селин («Перед рассветом», «Перед закатом», «Перед полуночью»).

Непрерывный поток различных теорий может запутать зрителя, но если принять правила игры, то чехарда из образов и нестандартной подачи начинает нравиться и затягивать. Как сказал один из героев картины: «Избавьтесь от страха и тревоги, и начнется рок-н-ролл».

Фильм оставляет приятное ощущение и не похож на какую-нибудь научно-популярную программу с высокомерными спикерами. Сны Линклейтера населены интеллектуалами и над подобными персонами любит иронизировать Вуди Аллен, который к ним как раз и относится, а диалоги напоминают рассуждения Виктора Пелевина об очередном уровне Вселенской пустоты на понятном и не очень языке одновременно.

 

«Пробуждение жизни» - анимация поверх кино, кино поверх снов, сны поверх жизни.

 
5
2
3389

«Бүгінгі Аутизм мәселелері» семинары

Аутизм ауыруы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Ә.О. Әубәкірова Аутизм дүниежүзілік күніне арналған мәселесі туралы ақпарат тарату семинарына қатысты.

Дөңгелек стөлінің қатысушыларымен бірнеше сұрақтар қарастырылды, соның ішінде «Дәрігер қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет бойынша, нақты тіс дәрігеріне; балалардың үйінде тегін оқытуын жеке ұйымдастыру бойынша, мектеп алдында жасындағы, аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары  кездеседі, оқыту мәселелері бойынша, олардың негізінде олардың шешу шаралар ұсынылды.

Сонымен қатар, семинар қатысушылар (бұқаралық ақпарат құралдары,үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, бұл ауруы бар балалардың ата-аналары) Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың функцияларымен, және өтініш беру реті мен жағдайларымен таныстырылды.

 
0
0
793

Біз неге түс көреміз?

Түс көру-адам өміріндегі ең тылсым, сырға толы құбылыс. Қарап тұрсаң, адам жәй ғана ұйықтап жатқан секілді, алайда оның басында әр түрлі "қысқаметражды фильмдер" болып жатады.

Бұл құбылысты ғалымдар әлі күнге дейін толық зерттеп бола алмай жүр. Түс көру туралы көптеген сан түрлі теориялар бар. Мысалы, 20-шы ғасырдың ғалымдары түс көрудің себебін химиялық заттардан көреді. Олардың айтуынша күні бойы жиналған химиялық заттар түс көруге септігін тигізеді екен.

Соңғы теориялардың бірі түс адам миында "тазалау" жұмыстарын жүргізіп, мидағы керек емес ақпараттардан айырылады деп мәлімдейді.

Егер түсіңізде:

Биікке немесе тауға шықсаңыз, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

Жақсы көйлек кисеңіз - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

Өзінің өліп қалғаныңызды көрсеңіз - онда өңіңізде ұзақ жасайсыз.

Кісі әйелдің қойнында жатса - онда өңінде оның дәулеті артады.

Басыңызға тәж кисеңіз - онда өңіңізде байлыққа ие боласыз.

Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау - бақытты болудың нышаны.

Жылаған болсаңыз – өңіңізде қуанады.

Аспанда тұрған айды көрсеңіз - өте жақсы белгі, мұратыңызға жетесіз.

Күнді көрсеңіз - мерейі өңіңізде дұшпандарынан үстем болып, дәулетіңіз тасиды.

Жұлдыздарды көрсеңіз - балаларыңыздың дәрежесі жоғары болады.

Өзен көрсеңіз - кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.

Баққа кіріп, оны аралау - жақсылықтың белгісі.

Қызыл гүл көрсеңіз - онда өңіңізде бай боласыз.

Бал арасын қуып жүрсеңіз - өңіңізде пайдаға жолығасыз.

 

Дереккөз: Massaget.kz

1
0
2801

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 17 мыңнан астам қазақстандықтар көшірілді

2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») жүзеге асыруды бастағаннан бері экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 17 мыңнан астам азамат көшірілді (5 мыңға жуық отбасы).

Жаңа мекен-жайға көшіп келген азаматтардың ішінде 8,4 мың адам еңбекке жарамды жаста, олардың 6,5 мың немесе жалпы көрсеткіштің 77,3%-ы жұмыспен қамтылды.

Көшірілген барлық отбасылары мемлекет есебінен тегін баспана алды, 30%-ға жуық отбасы жеке тұрғын үйлерде тұрса, 70%-ы пәтерлер немесе жатақханадан бөлмелер алды. Жалпы алғанда 1223 жеке тұрғын үй, 108 көппәтерлі тұрғын үй және 12 жатақхана салынды.

Облыстар арасында көшірілген адамдардың басым бөлігі Қарағанды облысында – 4 428 адам, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 3 145 және 2 529 адам болды.

Естеріңізге сала кетейік, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу болып табылады. Сонымен, 2015 жылы экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 1200-ден астам адам көшірілді.

 
0
0
377