Демократия жоқ елімізде...
Елімізде қаншама оқиғалар болды елді шулатқан, митингтерге итермелеген. Соның қайсысында қарапайым халықтың сөзіне құлақ асыпты. Барлығы үшін шешім қабылдай салады. Қара халық өзіне не жақсы екенін қайдан білсін? Соғыс болмасын деген басты тілекпен тәубе етіңдер деп қояды. Митингке де ешкім оңайлықпен шыға қоймайды, себебі ешкім оларды тыңдамайтынын біледі. Мемлекеттік қызметкерлер бар жұмысынан айрылуға қорқады. Жеке сектордағылар дүрбелеңде кризис болмасын деп үндемейді. Студенттерді болса ұзағырақ демалысқа жібере салады. Барлығы да жерді арендаға беруге қарсы екендігін біле тұра, біздің билігіміз жер сатылмайды дейді. Ешкім мені мәжбүрлеп, ақша беріп билікке қарсы бол деп жатқан жоқ. Қазақстанның азаматы ретінде өз пікірімді ашық білдіру провокация болыпты ма екен, соны түсінбедім. Аз…