Болашақ кәсіпкер-студенттерді жан-жақты қолдау

Ағымдағы жылғы 8 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының оқу жобасы шеңберінде, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қарамағында, тәлім алып жатқан болашақ кәсіпкерлерге семинар өткізді.

Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы А.Т. Қазбекова, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына Департамент тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізілетіндігін айтты, сондай-ақ ол мемлекеттік органдармен әрекет ету кезінде бизнес-субъектілері жиі тап болған әкімшілік тосқауылдардың бірқатары жойылғандығын жеткізді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу мәселелері бойынша заңнамалармен таныстырды.

Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау барысында туындау қаупі бар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне басты назар аударылды. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға Департаменттің сенім телефоны, ресми интернет ресурсы және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары туралы мәліметтерге ерекше акцент қойылған.
