Сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша білім беру саласындағы кезекті кездесу
2016 жылдың 8 сәуірде Орал қалалық Технологиялық колледжінің жеке құрамына семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі М.Харесова қатысты.
Семинар-кеңес барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі бағыттары туралы таныстырылды.
Сонымен бірге, жеке құрамға жемқорлық қарсы іс-қимыл бағытында видеороликтер көрсетіліп, сауалнама толтырылды.
