Кең даласы әкемнің,құшағынан аумаған...
Туған жерім,мен перзентің боламын, Сенде туып,сенде өскен баламын. Сағыныштан ой мазалап мені көп Өзің жайлы сыр жазуды қаладым... Сағыныш...Бір ғана сөздің ішінде қандай мағына жатқанына таң қаласың.Адам баласы болған соң әртүрлі сезім жетегінде жүреміз ғой,шіркін.Қазіргі сәттегі күйімді сағыныш деген сөз ғана сипаттай алады...Түн ұйқым ұзақ ойға жалғасып барады... Оқушы кезім.Күн сайын мектепке барып,келіп ҰБТ дейтін үлкен сынаққа дайындалып жүрген шағым.Сол кезде өмірдегі ең маңызды сынағым деп ойлағаным ақымақтық екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді...Пенде болған соң қателеспей тұрмайтынымыз рас екен.Сол сынақтан сүрінгендегі күйімді айтудың өзі артық болар еді.Өмірімнің бар мағынасы кеткендей болып,өзімді ұзақ уақытқа жоғалтып алғаным-ай...Бар уайымым,қайғым сол болған еді. «Уақыт-емш…
