Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол — Честный путь» облыстық эстафетасы өзінің өңірдегі шеруін бастады.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының шекарасында   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» облыстық эстафетасын Бурабай ауданына тапсыру рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің  басшысы Қ. Жапақов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Әміренова, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары М.Нұрпанова, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Қ.Жапақов өз сөзінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонға қатысу  өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысына соны серпін беретіндігіне сенімін білдіріп, марафонның аясында өткізіліп отырған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара марафонның символдық эстафетасы ретінде арнайы әзірленген, Көкшетау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон шеңберінде өткізілген іс-шаралар  жарияланған кітапты салтанатты түрде Бурабай ауданына тапсыру рәсімімен аяқталды.

0
0
643

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол — Честный путь» облыстық эстафетасы өзінің өңірдегі шеруін бастады. - Yvision.kz