Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Адал жол – Честный путь – жастардың жолы

Ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні  «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Ақмола облыстық «Адал жол – Честный путь» марафонының аясында  «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында флеш-моб өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың бойына  ортақ іске    қатыстылық, тұтастық сезімін дарыту, жастарға адамгершілік тәрбие беру, жоғары  моральдық-этикалық нормалар  мен құндылықтарды дәріптеу, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ағарту үдерісіне тарту және барлық құқық бұзушылық түрлеріне  «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, үкіметтік емес ұйыұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

 
0
0
594

Осы тақырып бойынша

Адал жол – Честный путь – жастардың жолы - Yvision.kz