Мазмұнға өту

Жаңа

Головкин Роналдуды құттықтады

Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадридтік «Реалдың» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады.


Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды әлеуметтік желіде қазақстандық.

Еске салсақ, мадридтіктер ширек финалдың жауапты ойынында (3:0) немістің «Вольфсбург» командасын жеңген болатын. Ал португалиялық хет-трек жасады.

3
0
538

Ғарышкерлер күні

2016 жылдың 12 сәуірінде «Қаһарман жастар орталығы» КММ-сі Шарбақты ауданының кәсіподақ ұжымымен бірлесе отырып, жас мамандарға арналған КТК өткізді.

Дәл осы күні, 12 сәуірдің жұлдызында 55 жыл бұрын әлемдегі тың жаңалықты тудырып, Юрий Гагарин ғарышқа ұшты. Бұл КТК-ға бес команда қатысып, өнер көрсетті. Бірінші орынды өз тапқырлығымен әділ қазылар мүшесін таң қалдырған №1 жалпы орта білім беру мектебінің «Звездная шестерка» командасы иеленді. Ойын нәтижесінде жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

1
0
950

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2016 жылғы 13 cәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды. Ақкөл ауданы Новорыбинский ауылдық округінің әкімі Қ.С. Бапишевке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол шарттың талаптарын бұзып, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қараөзек ауылындағы су құбырының жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу бойынша нақты орындалмаған жұмыстарға толық төлемді іске асырды, осының нәтижесінде, кәсіпкерлік және кіріс…

0
0
299

«Бекіре-2016» акциясы аясында заң бұзушылардан 5 тоннадан астам балық тәркіленді

Баспасөз хабарламасы13.04.16 ж Астана қ «Бекіре-2016» акциясы аясында заң бұзушылардан 5 тоннадан астам балық тәркіленді «Бекіре-2016» акциясы басталғаннан балық қорғау заңнамасының 120 бұзушылықтары анықталды. Заң бұзушылардан 5 тонна 187 келі балық, оның 283 келісі бекіре тұқымдас, 228 аулау құралы мен 6 жүзгіш және техникалық құралдар тәркіленген. Су айдындарын сүзіп шығу нәтижесінде, 100-ден астам иесіз торлар табылған. Балық аулау ережелерін бұзғандарға 933 252 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке 90 заң бұзушы тартылған. 13 қылмыстық іс қозғалды. Балықтардың жергілікті орындарда кедергісіз уылдырық шашуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік инспекторлар заңсыз салынған аулау құралдарын тәркілеу үшін күн сайын су айдындарын сүзу жұмыстарын, сондай-ақ, балық ша…

0
0
366

Более 5 тонн рыбы изъято у нарушителей в рамках акции «Бекіре-2016»

Пресс-релиз13.04.16 г. г. Астана Более 5 тонн рыбы изъято у нарушителейв рамках акции «Бекіре-2016» С начала акции «Бекіре-2016» выявлено 120 нарушений рыбоохранного законодательства. У нарушителей изъято 5 тонн 187 кг рыбы, из них 283 кг осетровых видов, 228 орудий лова и 6 плавательных и транспортных средств. В результате траления водоемов изъято более 100 бесхозных сетей. Привлечено к административной ответственности 90 нарушителей Правил рыболовста, на которых наложен штраф на сумму 933 252 тенге. Возбуждено 13 уголовных дел. В целях обеспечения беспряпетственного кедергісіз, бөгетсіз прохода рыбы к местам нереста уылдырық, государственными инспекторами осуществляется ежедневное траление водоемов для изъятия незаконно вставленных орудий лова, а также приняты меры по усилению контроля…

0
0
253

Жергілікті полиция қызметінің бастығы азаматтарды қабылдау жүргізді

Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қалижан Қобландин Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының №9 учаскелік полиция пункінде Шұғыла мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті. Қабылдау барысында тұрғындардың өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Қобландин жеке қабылдауға келген азаматтардың әрқайсысымен жеке-жеке кездесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, толыққанды жауаптар берді. Полиция қызметі – халықтың сенімі арқылы өл…

0
0
911

«Сыбайлас жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?»

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Көкшетау қаласының №12 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілетін   жыл сайынғы «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафонының шеңберінде Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы  балалардың қатысуымен «Взгляд снизу» атты бейнеролик түсірді. Роликті айшықтаған басты  сауал «Сыбайлас жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?».

Ролик мектеп жасындағвы балаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге бағытталған. Басты мақсаты –  өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыру.

 

0
0
367

17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды

1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 4 мың 179 теңге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мың 379 теңгені құрады.

Көрсетілген кезеңде зейнетақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд.теңгеден 2015 жылы 918,4 млрд. теңгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақының көлемі жыл сайын инфляция деңгейінен 2% басым көрсеткішпен индекстеледі. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдері 9%-ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1,9 млн. зейнеткер бар.

0
0
233