Мазмұнға өту

Жаңа

Алматының «Қайраты» әлемнің үздік клубы атағына ұсынылды

Алматының «Қайрат» футбол клубы «Әлемнің үздік клубы-2015» атағына үміткерлер тізіміне кірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Футзал ұйымының ресми сайтында әлемнің футзал клубы AGLA Futsal Awards 2015 by futsalplanet.com-ның нұсқасы бойынша үздік атағына үміткер командалардың тізімі жарияланды.

Еске сала кетейік, өткен жылы алматылық клуб Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының, ел Суперкубогының иегері және УЕФА кубогының жеңімпазы атанып, сондай-ақ әлемнің клуб чемпионатында екінші орын алды.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2892641

0
0
316

Н.Назарбаев пен А.Гүл екі елдің өзара іс-қимылдарының өзекті бағыттарын талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлда Түркия Республикасының он бірінші Президенті Абдулла Гүлмен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркияның өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқыланды.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2892520

 


0
0
265

Алғыс хат табысталды

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалында қала әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев сайлау науқанына белсенді қатысқандары үшін  Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың,  төрағаның бірінші орынбасары А. Мырзахметовтің  Алғыс хатын табыстады.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының  сайлау науқанына  белсене атсалысып, қажырлы еңбек еткен партия мүшелері, бастауыш партия төрағалары, сайлауалды штаб мүшелері, партия ардагерлері мен еріктілер марапатталды.

 

1
0
988

Биылғы жылдың жағымды 7 жаңалығы.

1 Күні кешегі 12 ақпан күні өткен Қазақстан-Польша арасындағы футзал 7:0 есебімен еліміз жеңіске жетті. Осы керемет жаңалықпен бірінші бастағым келді. Ырымдап ары қарайда осындай қуанышты күндеріміз көп болсын дегенім ғой. Шамасы биылғы жыл бізді ренжіте қойған жоқ, шоу бизнесте де, қоғамда да.

2 Жалғыз жүрген жұлдыздар сыңарларын тауып, қосылып жатты. Мәселен Арман мен Аша т.б.

3 Ал, кей бірі тастанды балдарды асырауға ниетін білдіріп, өз қамқорлығына алып жатты.Тараздағы қоғамдық дәретханадан жаңа туылған сәби табылып, жақсы бір отбасының қолына табысталды

4 Ендігі  бірі әділдік іздеп, шыңына таяу қалды. Я, менің айтып отырғаным Маржан Тұрлыбаева жайлы.

5 Сонымен қатар, өлеңдер мен жаңа Отандық кинолардың тұсауы кесілді.

6 Депутаттар сайланды,жұмыстарының нәтижесінде көре бастадық . Мысалғы, сенбілікке жаппай еңбек көрсеткен ең жас депутат Асылхан Төлепов

7  Жұлдыздар балалы болды. Олар: Асыл тобының экс мүшесі Ғалия, ақын Ринат Зайытов т.б

3
0
631

Ресми хат түрлері

Ресми іс қағаздар белгілі бір жүйге қойылған стандарттар бойынша жазылатын тіл.   Солардың бірі ресми хат жазу стилі. Оған: ресми хаттар, қызметтік жеке хаттар, ұсыныс хаттар, сұраныс хаттар, шағым хаттар, циркулярлы хаттар және жолдама хаттар.

Ресми хаттар белгілі бір мекеменің  атқаратын қызметтерін жазбаша түрде қарастыруы. Бұл хаттар мекеменің атынан қызметтен тыс мәселелерді қозғамай жазылуы керек.

Қызметтік жеке хатттар. Бұл хат жеке тұлғаның атынан арналып жазылады және бір ерекшелігі  көтеріліп отырған мәселенің басқа да, ұйымның шеше алатын мәселелерімен байланыстырылып жазылуы.

Ұсыныс хаттар. Бұл хат бір ұсыныс жасаушы тұлғаның атынан жазылады. Яғни, хат тек бір мақсатпен жазылады және өзінің қалыптасқан нормасы бар. Мысалы: қызметкерді белгілі бір орынға ұсыну және оған кепіл болу, т.б.

Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да ұсыныс хаттар тәрізді бір  мақсатпен жазылады. Көбіне белгілі бір мекеме өзіне қажетті ақпаратты сұратқан кезде, сол мекемеге жауапты адамның атынан жазылады.

Шағым хаттар. Бір қызметкердің немесе мекеменің заңсыз іс-әрекетіне шағымданып, оған шара қолдануды сұраған тұлға атынан жазылады. Хатта заңсыз іс-әрекетті дәлелдейтін фактілер болуы керек.

Циркуляр хат. Орталыққа бағынышты барлық мекемелерге бір уақытта таратылатын хат. Бұл көбінесе тапсырма түрінде жіберіледі.

Жолдама хаттар. Хатты жазу кезінде бұрыннан қалыптасқан нормаларды сақтау керек. Бұнда құжатпен жіберілетін қосымшалар жайында ақпарат енгізіледі. Ақпарат қосымшаның құрамы, саны, мазмұны және көлемі жайында мәлімет беруі керек.

   
3
0
12905

Қайыр сұрап отырғандарға қалай сенеміз?

Университеттен шыға бергенімде әрдайым бір атаны көремін. Жерде қайыр тілеп отырады, бір аяғы "жоқ". Жанынан өткен сайын аяп өтетінмін. Қолыма ақша түсе қалса сол кісіге беретінмін. Атаны күнде көргендіктен әбден үйренісіп қалғанбыз.

Бірақ, жақында менің өз көзіммен көргенім ақылға сиымсыз жағдай. Сабақтан кейін "КТК" арнасына түсірілімге жетуге асығыс болып бірден аялдамаға беттедім. Автобусқа енді аяғымды басып кіре бергенімде өзіме таныс атаны көрдім. Аяғы сап-сау. Менің артымнан кіріп келді. Қолындағы таяғын шетке қойып, бір бос орынға жайғасты. Өз көзіме өзім сенбей, қатып тұрып қалдым. Ол сол әлгі "бір аяғы жоқ, мүгедек ата емес па?" деп ойладым. Соның дәл өзі болып шықты. Бір жақын адамым мені алдап тастап кеткендей сезімде болдым. Сонда бір аяғын қалай жоқ етіп көрсетеді? Оның сыры неде? Жарайды, екі аяғы да сау екен онда неге болмай бара жатқанның өзінде де тәшкі итеруге жұмысқа кірмейді? Ақша керек болса, тек жұртты алдаумен ғана табуға ниеттенгені ме?

Әрине, осындай әдіспен ақшаны жеңіл табудың жолын тапқандар өте көп. Біреу "мүгедек" болып, біреуі кішкентай баласымен, енді біреуі өлейін деп жатқан кейіп танытып адамдарды алдайды. Ал шынымен сондай көмекке зәру адамдарды бұндай алаяқтардан қалай ажырата аламыз? Көмекке қатты мұқтаж болған жанға қалай көмектесеміз?

3
2
990

Ту, Елтаңба, Гимн – мемлекетіміздің мызғымас берік негіздері

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді», – деп, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын  атап өткен болатын.

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы (Ақмола облысы әкімінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс органы) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасын  жүзеге асыру аясында ұйымдастырған семинарға қатысты.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңы талаптарының соңғы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып сақталуы семинар жұмысында талқыланған басты тақырыптардың бірі болып табылды.

Іс-шараға прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша

департаментінің, құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары  қатысты.

     
0
0
1092

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің БҚО бойынша департаментіндегі кездесу

2016 жылдың 12 сәуір күні Техникалық реттеу және метрология Комитетінің БҚО бойынша департаменті, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» БҚОФ қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Семинар-кеңесте Департамент өкілдерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау жүргізу мәселелері бойынша толық ақпарат берілді.

   

0
0
629

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет саласы заңдарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері Ж.Жақыповпен 13 сәуір 2016 жылы Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының ұжымымен кезедесу өткізілді.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының, заңға тәуелді актілердің және Этикалық кодекстің талаптары түсіндірілді, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Шараға  30 адам қатысты.

0
0
471

Головкин Роналдуды құттықтады

Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадридтік «Реалдың» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады.


Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды әлеуметтік желіде қазақстандық.

Еске салсақ, мадридтіктер ширек финалдың жауапты ойынында (3:0) немістің «Вольфсбург» командасын жеңген болатын. Ал португалиялық хет-трек жасады.


3
0
610