Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Өндіріс, ғылым мен білімді біріктіру» атты VI Халықаралық Интеграциялық форумы

2016 жылдың 12 сәуірде «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің бастамасымен «Еуразиялық өзен аралығы»: «Өндіріс, ғылым мен білімді біріктіру» атты VI Халықаралық Интеграциялық форумы өткізілді.

Форум Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жылдығы, «EXPO-2017» және ғылым саласының қызметкерлерінің күніне арналды.

Пленарлық отырыстың ашылуына Орал қаласының әкімі Н.Төрағалиев, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшылары қатысты. Сондай-ақ, форумның жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нұртазин қатысты.

Форумның құрметті қонақтары ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Б.Жұмагұлов, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ғылым Комитетінің төрайымы Л.Құсаинова, РФ «Дубна» табиғат, қоғам және адам Халықаралық университетінің П.Г.Кузнецов атындағы тұрақты даму Халықаралық ғылыми мектебінің ректоры Б.Большаков, РФ Самара қаласының Самара мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры Г.Хасаев және «НАТР» АҚ сарапшысы Ж.Қожахметовтер болды.

Форум барысында Орал қаласындағы ЖОО-ның түлектері білім беру технологияларын өнеркәсіп кәсіпорындар жәрмеңкесін көрсетті.

 

0
0
396

Осы тақырып бойынша

«Өндіріс, ғылым мен білімді біріктіру» атты VI Халықаралық Интеграциялық форумы - Yvision.kz