«Әр қазақ — менің жалғызым» дейтін ел ағалары не қарап отыр?
Сегіз жыл бойы жындыханаға мәжбүрлеп жабылған Маржан Тұрлыбаеваны республикалық сот медицина сарапшылары тексеріп, дені сау деген тоқтамға келді. Қорытынды бойынша қоғамға қауіпті емес деп табылғанның Маржанның бүгінгі тағдыры қандай? Белгілі журналист Жанат Бақытқа жазған Маржанның жан айқайын назарларыңызға ұсынамын. . - Сәлеметсіздер ме! Мен - Маржан Тұрлыбаева, әлі Түркістандағы индомда сот шешімін күтіп жатырмын. Жақында Алматыда бір ай тексеруден өтіп келдім. Ол жақта әйтеуір "әділдік" бар екен, дәрігерлер "сен сияқты сап-сау қыз не істеп жүр мұнда?" деп таң қалды. Түгелдей тексеріп, көз жеткізу үшін қитұрқы сұрақтар қойып, әдейі ашуландыруға тырысты, бірақ берілмедім. Құдай оңдап, "жақсы шешім" шығарды. "Мінезінде тұрақсыздық бар" деп жазған да болар, мінезімнің аздап қызбалау екен…




