Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзіңізден бастаңыз...

 

2016 жылғы 13 сәуірде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының  5.1. тармағын жүзеге асыру аясында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  (бұдан әрі – Департамент)  «Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы»  РММ-нің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселелері жөніндегі «ақпараттық алаң»  өткізді.

Іс-шараға қатысушылар адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу, әр азаматтың елдің әл-ауқатын жақсартуда ғы рөлінің маңыздылығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері М. Ахметқалиев іс-шараға қатысушыларың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты әр адам өзінен бастауы тиіс екеніне аударды.

Ескі ағылшын мақалы: «Балаларыңызды тәрбиелемеңіздер. Олар бәрібір сізге тартқан болып өседі. Өздеріңізді тәрбиелеңіздер», -дейді.

Іс-шараның қорытындылары бойынша барлық қатысушылар  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру еліміздің әрбір азаматының боышы мен міндеті деген ортақ пікірге келді.

Іс-шараға 70 адам қатысты.

 
0
0
451

Осы тақырып бойынша

Өзіңізден бастаңыз... - Yvision.kz