Yvision.kz
ru
mereykosyn
mereykosyn

mereykosyn

Сайтта 23 қыркүйек 2015Wish to change the world

100

рейтинг

39

жазбалар

9

пікірлер

1

тіркелуші

4

жазылымдар

  • 0
    11:48, 27 сәуір 2017

    Галактика шоқтары

    Жер бетінің шаң –тозаңынан шошынған

    үлпілдеген үкі қауырсындары көкке қарай

    көтерілді.

    Ағу

    Ақ жұлдыз: Мен тыныс ала алмай бара жатырмын, ақырын жүрсек қайтеді.

    Қызыл жұлдыз: Менің сол жағым оң жағымнан ауырлап бара жатыр.

    Сары жұлдыз: Мен де сол жағыма қисайып, ыңғайсыз ұшып бара жатырмын.

    Көк жұлдыз: Тоқтай алар емеспін, бізді бірдеме тартып барама?

    Жасыл жұлдыз: Мен де өзімді тоқтата алар емеспін. Күшім жетер емес.

    Ақ жұлдыз: Біз қайда ағып барамыз? Ішімнен нұрым төгіліп жатқандай.

    Көк жұлдыз: Менің де жарығым шашылып барады.

    Сары жұлдыз: Қап -қара қазан көріп тұрмын. Біз соған құлап бара жатқан сияқтымыз.

    Жасыл жұлдыз: Ол не? Бізді тартып бара ма?

    Қызыл жұлдыз: Қараңғы боп кетті.

    Тартылыс

    Қозғалмалы баспалдақтар жоғары шығып, төмен түсіп қарама -қайшылық ішінде сыпайылықпен қызымет көрсетіп жатыр. Таптаған табандардың ауырлығын да иісін де ескермейді. Елеусіз елдерге ере береді. Таңсәрідегі алғашқы табандардың бірінің бойында жүріп жатқан сезімдері осы елеусіз темірге де байқалды. Оның шаршаңқы, қуарған жүзіне қан жүгіргендей. Қабағы көтеріліп, көздері қарсы беттегі аппақ, үлпілдеген үкі қауырсындарына түсті. Бас жақындаған сайын сұлу қыздың бейнесі көрінді. Ол қыздың көздерінен бас киіміндегі аппақ үкісіндей тазалықты, мөлдірлікті сезінді. Бұл мөлдірлік оның тырысқан ойлардан қураған денесіне қан жүгіртіп жатқандай еді. Бойына төбесінен қуат құйылып жатқандай қызып барады. Оның жанары қыздың басына киген үкілі бас киімі мен қара көздеріне кезек -кезек қарай берді. Сыпайы темір оны төмен қарай тартып, қызды жоғарыға қарай көтеріп бара жатты. Алыстаған сайын қыздың жүзінен салқын жымюдың ізі байқалды. Бас киіміндегі үкінің әлсіз қозғалысы оның миындағы қатпарланған түйіншектерді шешіп жатты. Қозғалмалы баспалдақтар оны түсіріп тастады. 47 секунд оның дем алысымен бірге ішіне түсіп жайылып кетті. Ол қызды жоғалтып алды. Жоғары қарай мойнын созып, көтерілгіштің баяу қозғалысын күтуге тағаты жетпей аттап -аттап жүре берді. Бірақ таппады. Оңға- солға, жоғары -төмен, басы айналып кетті. Артынан таныс дауыс шақырды. Досының өзімен бірге жүргенін тіптен ұмытып кеткенін енді ғана білді.

    Астрономиялық зертхана.

    Ол: Туп- тура 47 секунд мен одан көз ала алмадым.

    Досы: Біздің бірге оқып, бірге жұмыс жасап келе жатқанымызға он жылдан асқан шығар, бірақ сенің қыз баласына деген ерекше назарыңды бүгін бірінші рет көріп тұрған шығармын. Сенің сандар мен жұлдыздардан басқа бірдеме айтқаныңның өзі қызық екен. Оның өзінде тағы уақытты есептеп үлгіргесің, 47 секунд. Ал, енді...

    Ол: Біз таңғы 05:10 жерге қондық. Демек төрт пен жетіге дейінгі аралықтағы барлық бағыттарды анықтап алып, келген кеткен жолаушылардың ішінен қарап көру керек.

    Дос: Бұл оңай шаруа емес ғой.

    Ол: Әлемде шешілмейтін есептің нешеу қалғанын білесің, ал қалғанының бәріне мүмкіндік бар. Қаржы жағынан алаңдама, тек қызды тапсаң болды.

    Дос: Жоқ, менің ойлап тұрғаным, аэропортта тек жолаушылар ғана жүрмейді ғой, күтіп алушылар, шығарып салушылар... қызыметшілер, тағы не бар, сол сияқты...

    Ол: Досым, мен 47 секундта не сезінгенімді білесіңбе, мен күш -қуат алдым. Шынымен алғаш рет, мойындаймын...

    Досым: Әншейінде мен қыздар туралы әңгіме бастағанымда мойныңды теріс бұрушы едің, енді мойындаймын деп... сенде ұйқыдан енді оянған балапан сияқты.

    Ол: Қызыметкер болуы мүмкін емес, оның басында үкілі бас киімі болды.

    Дос: Ал үстінде қандай киім болды?

    Ол: Есімде жоқ, тек көздері, және үкілі бас киімі ғана.

    Дос: Қызық екен, сахнаға шығып бара жатқан адамдай, үкілі бас киімді кімдер киеді, биші шығар. Бірақ аэропортта, эскалаторда кетіп бара жатқан адамның басында не үшін үкілі бас киімі болу мүмкін. Түсініксіздеу.

    Ол: Төрт пен жеті аралығындағы болған бүкіл жолаушылар мен қызыметкерлердің аты- жөндері мен суреттерін тап, сосын таңғы 05:20 -дан кейінгі барлық бақылау камерасының видеоларын да алу керек.

    Дос: Адам сенгісіз сенің бұл қылығың...

    Ол: Қыздың бас киіміндегі үкісі меніңше сол құбылысқа қатты ұқсайды.

    Дос: Нені айтып отырсың, түсінбедім, енді, сөйтіп қызды ма әлде басындағы үкісін іздеймізбе оның?

    Ол: Екеуі де маған керек.

    Дос: Жақсы, болды іздейміз енді, қызды табармыз. Ал қазір маңыздырақ жұмыс бар. Кеше біз Токиодан ұшатын кезде мынандай хат келген ішкі қауіпсіздік бөлімінен, бұл туралы сөйлесуге ыңғай болмай кетті.

    Ол қағазға ұзақ уақыт ойланып қарап отырып:

    Ол: Сонда үкіметтен тапсырма болып тұрған ғой.

    Дос: Ия, бұл кісі өлімі саяси маңызды оқиға сияқты. Сондықтан оларға өте нақты ақпарат керек. Сенің осы уақытқа дейінгі талай қылмыстық оқиғаларды ашуда табысты жұмыс жасағаныңды олар ескеріп отыр. Бізде оқиға болған орындағы өткен уақытта нақты есептеп шығарып бере алатын мамандар тіпті аз ғой. Сен туралы олар өте жақсы білетін болып тұр. Сондықтан бұдан бас тартуға болмайды. Қазір хабарын бере берейін ба, не істейін?

    Ол: Жақсы, ал, сен жаңағы айтқандарды бүгін бастайсың.

    Дос: Жарайды.

    Ол жалғыз қалды. Алдындағы ақ қағаздағы сандармен сөйлесіп отырған оны ашық тұрған ноутбуктегі дауыс шақырды. Бұл Токиодағы әріптес досынан келген хабарлама еді. «Біз қара құрдымның оқиға көкжиегінде пайда болған ерекше құбылыстың неше сағатқа созылғанын есептедік. Екі тәулікке бір сағат жетпейді яғни 47 сағат. Бұл өте үлкен уақыт. Бірақ біз қазір бұл құбылыстың ғайып болғанына күә болып отырмыз, енді қайталана ма, жоқ па ешкім болжап білмейді. Біз Аризона обсерваторясының бақылаушыларымен болатын талқылау жиналысына сені асыға күтеміз. Сөніп бара жатқан жұлдыздарды қара құрдым аузынан арашалауға ұмтылғандай әрекет еткен бұл ғажайып құбылыстың, құс қанаты тәрізді белгісіз аппақ заттардың не екенін анықтауда біздің ұжымға сен сияқты интуициясы жоғары мамандар аса қажет екенін баса айтқым келеді. Конференцияда күтеміз.»

    Тағы 47. Бұл сан оның дем алысымен бірге ішіне түсіп, жайылып кетті. Экраннан басын алған ол әрі қарай жұмысын жалғастыра берді. Бірақ енді ол қателікке толы әлемге қауқарсыз күйі кетіп бара жатқан еді.

    Досы: Бар тапқаным осы. Демек сен ешқандай ондай қыз көрмегенсің, бұл тек елес. Тіпті жақындарын шығарып салушы не күтіп алушы біреу болғанда да бақылау камерасында көрінуі керек еді.

    Ол: Жоқ. Арада бір түсініксіздік тұрғаны анық. Тәңертең университетте болған докторлық диссертациямды талдау барысында ғылыми жетекшім не айтқанын білесіңбе?

    Дос: Не? Аспандағы жұлдыздар ғайып болып кетіпті, енді не зерттейміз дейме?

    Ол: Ия.

    Дос: Сен де бір. Неге тұнжырап кеттің? Не дейді енді?

    Ол: Мен шығарып апарған есебімнің қортындысында 47 саны жетпей қалған.

    Дос: Сосын?

    Ол: Сол. Бітті. Енді қалай іздеймін? Ол адам маған керек. Егер осы қалада тұратын болса...

    Дос: Сен айналаңа қарамайсың, ондай қыздың мың миллионын кездестіруге болады көшеден, мен саған тауып берейінші, кешке сыртқа шығып қайтайық.

    Ол: Басында үкілі бас киіммен бе?

    Екеуі де үн -түнсіз терезеден сыртқа қарады. Өзінен -өзі жатсынып, жатырқай бастаған қаланың шаң- тозаңын үрлеп әлек болған жел бөлмеге де кіргісі келгендей, бөгеліп -бөгеліп кері қайтты. Осы сәтте оған тағы сәттсіз жасаған жұмысы туралы хабар келіп жатты. Қылымыстық оқиға болған жердегі уақытты есептеуде ол бұл жолы 47 минутты артық, үстемелеп беріп қатты жаңылысқанын міндетті орындаушылар оған ерекше баса айтты. Ол өзінің қозғалмалы баспалдақтар үстінде тұрып, дәл осы санға түсірген бүкіл күш- қуатын қайтарып ала алмай жатқанын аңғарды.

    Табиғаттың түрлі жаратылыстары мен құбылыстарының кішірейтілген бөлшектері және ондағы сандарға толып кеткен бөлме ішінде оның үзіліссіз жұмыс жасап жатқанына біраз болды. Түннің ортасына айналып, шаршағанын сезіне бастаса да ұйқысы келер емес. Алдындағы ақ қағаздарды шимайлап отыра берді. Тек терезенің ашық тұрған саңылауынан жеткен құстардың таңғы шуы оны орнынан тұрғызды. Таң алдындағы жұлдыздарды көрді. Жарықтың жерге қандай жылдамдықпен келе жатқанын әбден түсініп тұрған ол таза ауада дем алып қайтуды жөн санады.

    Күздің қоңыржай салқын иісі оның кеудесін ашып жатты. Үкілі бас киім мен оның иесіне деген шешусіз ойлардан қашып құтыла алмады. Сол мазасыз күйі сары жапырақтар басқан саябақтан өтіп Есілге қарай бет алды. Су иесі Сүлейменнің әлі ұйқыға кетпеген, толқындары тербеліп тұрған шағы болатын. Ол үкілі бас киімді көрді және оның иесін. Бұл өзеннің ешқандай қоршаусыз, ашық жатқан жері болатын. Үкілі бас киімі басында, қыз жағада әлдебір әрекетті қайталап, дайындалып тұрғандай. Жанында жерге жатқызылып қойылған велосипеды тұр, және спорттық аяқ киімі. Қыз үстінде балериналардың арнайы дайындық киімін киген, жалаң аяқ теп- тегіс жер үстінде жаттығу жасап жатты. Бірақ қателесіп, көңілі толмағандай, бір қимылды қайталай берді. Су иесі Сүлеймен сұлу болмысты өзіне тартып әкеткісі кеп қанша тырысса да, қыздың басындағы үкі қауырсындарының киесінен именіп барып, иіліп толқындата берді. Осы сәтте басын артқа қарай қатты сілкіп қалған қыз абайсызда бас киімін жерге түсіріп алды. Бірақ оны алуға асыға қоймады, икемі келмей жатқан әрекетін қайталауға ұмтылды. Осыны пайдаланып қалуға тырысқан су иесі үкілі бас киімді өзіне қарай тарта берді де, толқынның екпіні жағадан алыстатай түсті. Осының бәрін сырттай көріп тұрған ол қызға қарай адымдады. Бірақ әрбір басқан қадамы оны қыздан алыстата түсті. Ол алдыға ұмтыла жүгірген сайын бәрінен ажырай бастады. Осы кезде тек көкжиектен көтерілген күн ғана оның көз алдына бәрін анық әкеле қойды. Су бетінде ағып бара жатқан аппақ үкілі бас киіміне қол созып тұрған қыздың бейнесі оны өзіне қарай тартқандай еді. Ол тағы алдыға қарай ұмтылды, бәрібір алыстай берді. Бірақ қыздың дем алысын естіп, саусақтарындағы дірілді көріп тұрды.

    Мәнсіз қара түнекке жұтылып бара жатқан галактиканың миллиондаған шоқарының тағдыры туралы ойланып тұрды ол. Үкі қауырсындары тәріздес белгісіз құбылыстың оларды тағы қорғауға қауқары жетіп қайта оралу мүмкіндігі енді толқындар ішінде кеткендей. 47 санының қамауынан шығуға ұмтылған ол тағы да алдыға қарай адымдай берді.

    Blog post image
    0
    891
    0
  • 0
    12:18, 18 қаңтар 2017

    ҮШБҰРЫШТЫ ТІЛЕК

    Ол: Соншалықты көп оқиғалар ішінен оның бейнесін таба алар емеспін.

    Витрувиандық адам: Бұл сенің тілегіңе байланысты.

    Қозғалыс пен тоқтаудың арасында дем алуда Ол. Алакөлеңке түстер оның табан астындағы еденнің шаңды қабатынан бастап, қызыл шатпақ картиналарға толы қабырғаларды, айналасында шашылып жатқан бояулар мен қағаздарды, керексіз ірілі- ұсақты заттардың бәрін бірдей құшарлана құшып жібергісі келмейді. Бірақ шығысқа қараған терезеден төніп келе жатқан таңғы жарық бөгде болып бөлініп қалуға тырысқан бөлменің ішіне ентігіп еніп барады. Ол жерде жатқан ақ қағазға ұзақ қарап тұрды. Бейне іздеді. Тағы да төртбұрыштар мен дөңгелектер, үшбұрыштар мен сызықтардан басқа ештеңе көре алмай тұрды. Қарсы алдында ілулі тұрған витрувиандық адамнан көзін ала алмай, тамағы қысылып барып әрең жіберді. Ауыр ауаға толып кеткен бөлмеден ол қашты. Күнделікті дағдыға сәйкес жолдармен амандасты. Аяқтары сол баяғы іздермен алға қарай жүгіре бастады. Жарық жермен енді құшақтасып, туман әлі көкке көтеріле алмай күйбеңдеп жүрген уақыт еді. Ол тұнықтықпен тұншыққан кеудесін ашып, аяқтарын бірқалыпты қозғалыста басқарып келе жатты.

    Бірінші кескін.

    Алтау болды. Қара костюм шалбар киген алты бас. Артындағы үшеуі алдындағы үшеуінің ізін басып келеді. Қатардан шығып қалуға болмайтындай, аралары қатаң заңмен байланып тасталғандай. Алтауы сап түзе тізіліп, дәл кесілген ағаш түбіртегінің маңынан өтіп бара жатты. Жолдың қарсы бетінде, жоғары қарай бағыт алған Бастар оған соншалықты бұлыңғыр көрінді. Ол бұлыңғырлықпен бетпе -бет келді. Бірақ бөлмедегі шаңдардан әлі тазара қоймаған оның ойының ықыласы бұл біртүрлі адамдарға түсе қоймады. Тек тынымсыз жорғалайтын қаланың адал құмырысқаларын көргендей елемей өтіп кете берді. Алтауы алыстап бара жатты.

    Суретшілер үйінің асханасы түскі уақытта төбелері көкке жетпей жүрген, жетседе соғылып барып жерге құлаған жолаушыларға толып кететін. Ол іштей әлі витрувиандық досымен сөйлесіп отырғанда, дастархан үстіндегі достарының сөздері оның құлағын кеп жыбырлатып жіберді.

    Бірінші досы: Тәңертеңгі жауған жаңбырды айтам, күздің соңғы жасы сияқты тереземнен сорғалап...

    Екінші досы: Айтпа, алғашқы қардың әсері басқа болады, Абай қалай суреттейтін еді осыны, қалай еді әлгі өлең жолдары...

    Үшінші досы: Жоқ, Абайда ондай өлең барма еді, мен білмейді екенмін. Бірақ тәңертеңгі туманды бейнелейтін Айвазовскийдың бір картинасы бар ғой, аты қалай еді, қазір... қарсыз, жаңбырсыз, күздің туманды ерекше таңы...

    Ол ішіп отырған шайының дәмінен күдіктеніп қалды. Қант туралы ойланып кетті, салды ма әлде салған жоқпа?

    Төртінші досы: Ия, Айвазовскийдың ол картинасын білем. Ол жерде қатты желден майысқан ағаштар, тап бір адамдар тәрізді. Аты меніңде есімде жоқ. Негізінде, бұл заман дауылынан сынған тұлғаларды бейнелейтін сияқты. Алматыда бес жыл тұрып, алғаш көріппін тәңертеңгідей дауылды...

    Ол өзінің таңғы сезімін ұмытып қала жаздады. Бірақ соншалықты ештеңе есінде жоқ, әдеттегі күзгі бұлтты аспан, әдеттегі жол кептелісі, әдеттегі шұбалыңқы ойлар. Одан басқа ештеңе жоқ. Дастархан үстіндегі төртеуі бір- бірімен қолдарындағы шанышқы, қасықтарын, көздері мен мұрындарын ауыстырып жатқандай көрініп кетті оған. Бетін сыйпады да тұрып кетті. Бір қадам аттай бергенде алдынан қызыл көйлекті құлпырған таныс қыз соқтығып қалды. Бойында пайда бола қойған нәзік дірілді ойдағы сұрақ басып жіберді.

    -Тәңертеңгі ауа райы туралы не айтасың?

    -Ауа райы?- Қыздың жүзіндегі жымиыс жоғала қойды.

    -Қал- жағдайың қалай дегеннің орнына, ауа райы туралы сұрағаның қызық екен, соншама уақыт кездеспей жүріп... Ауа райы тамаша, дәл мен сияқты, күн жарқырап тұрды. Қазірде, дұрыс ғой.

    Ол қыздың бетінен сүйді. Бұны күтпеген қыз ыңғайсызданып барып қайта күліп жіберді. Қыздың ғажайып иісі оған өзінің түс көріп тұрмағанынына көзін жеткізді. Бұл әдепсіз әрекетін қоштасу ишаратына айналдырып жіберді де жүре берді.

    Кеш болғанына басқалар сияқты ол да сенді де, үйге қарай бет алып жолға шықты. Жүйкені тоздыратын жол кептелісінен босап, қала сыртына қарай кететін даңғыл жолға шыға бергенде жол шетінде көлік апатына ұшыраған қыз бен жігітті көрді. Күні бойы тыным таптырмаған ойлары шағылып түсті де, бойын жинап көмек көрсетуге сыртқа асықты. Жігітті соғып кеткен қызды көріп келе жатыр еді ОЛ.

    Қыз: Мен оған әбден айтқам, қаладан шықпай тұрып, көлігіңді тексертіп ал деп, міне, енді бұзылды да қалды, жарты жолда, ал бізді тойда жұрт күтіп отыр. Егер көмектесе алсаңыз жақсы болар еді. Кешігіп барамыз.

    Ол қанша тырыссада алдындағы ашулы қыздың жүзінен біреуді соғып, өлтіріп ала жаздаған адамның қорқынышын байқай алмады. Жердегі жігітке қарады. Жігіттің жерде жатпағанына, отырғанына енді ғана көзі жетті.

    - Бауырым, мына қызды, айтқан жеріне апарып салшы, немесе таксиге отырғызып жіберші. Менің кейде мұрынымнан қан тоқтамай ағып кететіні бар еді. Қазір тоқтай қоймайтын сияқты. Орынымнан тұра алмай отырмын. Ішке кетсе болмайды деген... Мына бойжеткенге айтсам түсінбейме, бірдеңе. Ақшасы да керегі жоқ, кете берсінші, айтшы...

    Ол тағы бетін сыйпады. Қарама- қайшылықтар ішінен үндестік тауып алған екеуі өзара өте жақсы түсінісіп тұрған еді. Екеуі бір -бірін сүйемелдеп кете берді. Ол табиғаттың тіліне бас иді.

    Жер бетін қараңғылық қаптап, қиялдар көкке ұшып, қанаттылар дем алған шақта Ол қылқаламын ақ қағазға сүртпектеп отыра берді.

    Ол: Соншалықты көп оқиғалар ішінен оның бейнесін таба алар емеспін.

    Витрувиандық адам: Бұл сенің тілегіңе байланысты.

    Ол «игі жақсы» деп аталатын таңды қарсы алды да таңғы серуенге дәндеп алған денесін сүйреп, далаға шықты. Жолдармен амандасып, алға қарай жүгіре берді.

    Екінші кескін.

    Тағы Алтауы еді. Қара костюм шалбар киген алты бас. Артындағы үшеуі алдындағы үшеуінің ізін басып келеді. Қатардан шығып қалуға болмайтындай, аралары қатаң заңмен байланып тасталғандай. Алтауы сап түзе тізіліп, дәл кесілген ағаш түбіртегінің маңынан өтіп бара жатты. Жолдың қарсы бетінде, жоғары қарай бағыт алған Бастар оған соншалықты бұлыңғыр көрінді. Және кешегі түсін қайталап көріп тұрған адамдай аздап абдырап қалды. Ол осыны ғана ойлап үлгергенше Алтауы жанынан өте шықты. Тағы қайталанған бұл бұлыңғырылық оны қызықтырып кетті. Алты бастың жүзін анық көргісі келген ол артына жалт бұрылды. Алтауы жоқ. Бұрылысы болмаған ұзын жол үстінде ғайып болды Алтауы.

    Осы сәтте оның көз алдын бейне басып кетті. Шеңбер мен төртібұрышты, үшбұрышты, сызықтар мен нүктелерге толатын ақ қағазына асықты. Үйге қарай жүгірген аяқтары бәсеңдеп, іштен бір аштық сезімі туа бастады. Көздері жалаңаш адамды іздеді. Тұңғиық аштық оның тұла бойын тепкілеп, көршінің пәтерінің есігін қағуға дейін алып келді. Есікті ашқан әдемі қыз:

    -Сәлеметсізбе, кімді іздедіңіз?

    -Мен сіздің жалаңаш денеңізді көргім келеді.

    -Ау, түсінбедім, -деген қыздың дауысы іштегі жолдас жігітті шақырды.

    -Сізге не керек?

    -Маған жалаңаш адам, егер қарсы болмасаңыз сізде бірге шешінсеңіз болады.

    -Түсінбедім, біз ба, не үшін? Сіз есіңізден ауысқансызба?

    -Жоқ, мен суретшімін, мына қарсы беттегі пәтерде тұрамын. Бәрі дұрыс, тек маған көмектесе алсаңыздар жақсы болар еді, мен бұның қомақты төлемін де жасап беремін.

    Екеуі есікті тарс жапты. Есік сыртында қалған ол енді өлген адамның бұлшық еттерін көргісі келді. Бөлмесіне қарай асықты. Пәтерде жалғыз өзінің тұратынын білседе, әлдебір жаратылыс иесі бар, ол соны бөлшектеп ақтарып көргісі келетін сияқты сезім оның ішінде анталап жатты. Тіпті болмағанда бұл тәжірибені өз -өзіне жасап көруге дейін бекінді. Қабырғаларға толы картиналар мен бояу, қағаздар мен қарындаштарға, аты жатталып бітпес құралдарға толып кеткен едені, бөлмелер ішінің ауыр ауасын жасауға көмектесіп тұр. Ақ қағаздарының бетіндегі түрлі -түстермен арпалысқан оны кенет қағылған есік қоңырауы оятты. Сырттан бірнеше полиция қызыметкері көрінді.

    -Сәлеметсізбе, біз полиция бөлімшесіненбіз. 28 -үй, 55- пәтерде орын алған кісі өлімінің мәселесі бойынша келіп тұрмыз, ішке кіріп тексеріс жасауға рұхсат етесізбе?

    Ол аңтарылып қалды. Полициялар бөлмелер ішін қарап шықты.

    -Кешіріңіз, біз адрестен қателескен сияқтымыз. Мазаңызды алғанымызға айып етпеңіз.

    Ол енді ғана тынышталды. Іштегі алмағайып толқын толастағандай, бойы жиналып, терезеден түскен күн нұрымен көзін шағылыстырып отырып қалды. Бір бұрышта жатқан телефонына көзі түсті де, қолына алғанда, оннан астам қабылданбаған қоңыраулар тізімі тұрды. Теріп отыруға ерінді де, дыбыссыз режимнен шығарып, телефонды орынна қайта тастай салды. Беті -қолын жуып, түрін ретке келтіріп, кофе ішіп отырса да, ойындағы іздеген бейнесі кетпей қойды. Кештің тез батып, таң атқанын күтті.

    Үшінші Кескін.

    Тағы Алтауы еді. Қара костюм шалбар киген алты бас. Артындағы үшеуі алдындағы үшеуінің ізін басып келеді. Қатардан шығып қалуға болмайтындай, аралары қатаң заңмен байланып тасталғандай. Алтауы сап түзе тізіліп, дәл кесілген ағаш түбіртегінің маңынан өтіп бара жатты. Жолдың қарсы бетінде, жоғары қарай бағыт алған Бастар оған соншалықты бұлыңғыр көрінді. Бірақ ол күндегідей жүгірмеді. Бір орнында тоқтап, Алтаудың жүзін жақындап көруге тырысты. Алтаудың алдында тұрды. Бетпе бет келді. Алтау жақындаған сайын оның көз алды бұлыңғырланып, тұмандана берді. Жотасын суық тер басып, аяқтары дірілдеп, тізесін жерге қалай бүгіп отырып қалғанын өзі де байқамай қалды. Арада бірнеше секунд өткенде ғана барып, есі кіріп, көздері ашыла бастады. Ол артына жалт қарады. Алтауы жоқ. Бұрылысы болмаған ұзын жол үстінде ғайып болды Алтауы.

    Ол қатты тітіркенді. Ауырсынған денесін сүйреп бөлмесіне әрең жетті. Витрувиандық адамның алдында тұрды. Картинадағы көздер одан қуат алып жатты. Әбден әлсіреген ол төртбұрыштар мен үшбұрыштарға, дөңгелектер мен нүктелерге толы ақ қағаз бетіне жығылып түсті. Ол іздеген бейнесінің дем алысын сезіп жатты.

    0
    544
    0
  • 0
    10:52, 12 қараша 2016

    Қателікті сүю

    Blog post image

    Періштелер соғысы

    Сол иықтағы періште: Менде екі ұпай.

    Оң иықтағы періште: Жоқ, ол қателікке есептелінбейді.

    Сол иықтағы періште: Ол бұның күнә екенін біліп тұрып жасап жатыр. Сондықтан менде тағы бір ұпай.

    Оң иықтағы періште: Біз әділдіктің иесіміз, біз оның бұл әрекетті достарының итеруімен жасап жатқанын көріп тұрмыз.

    Сол иықтағы періште: Ия, біз әділдіктің иесіміз. Әйтседе ол қателікті біле тұра жасап жатыр. Біз оған ескерту жасауымыз керек.

    Оң иықтағы періште: Ескерту жасау біздің қызыметімізге кірмейді, достым! Біз тек көргенімізді жазамыз. Біз әділдіктің иесіміз.

    Сол иықтағы періште: Мен оның қателігін көріп тұрмын, жаза беремін. Біз әділдіктің иесіміз.

    «Jabbawockeez» -ден қуат алу

    Ол есінен адасып бара жатыр. Жарқылдаған түрлі -түсті жарықтар оның терісін етінен бөліп ап ұшырып жүр. «Jabbawockeez»-дің артынан ерген қолдар мен аяқтар қақтығысып барады. Jay Z дауысы оның миының терең қатпарларына түсініксіз сөздер жазып жанталасты. Оны оқи алмай қиналған жүрегі біртүрлі күйде қалды. «Jabbawockeez»- ден қуаттанған ол жер бетін сілкіндіріп жатты. Осы сәтте оны тағы да кітап басынан қойып қалды. Ол кеше түнде өмірінде алғаш рет бір кітапты толықтай оқып аяқтады. Оқығандығына өкінетіндігін өкпесіне жасырып қойды. Аяғымен теуіп ашатын есігін бүгін тәңертең қолымен ашқанын тіпті түсіндіре алмайды. Оның жанын кітап өзіне бағындырғысы келетіні туралы шатпақты пенде әлі сезе қоймаған еді. Мас қылған биді тоқтату оның міндеті, ал жалғастыру ауыр қателік екенін жанына сіңіп алған кітап парақтары оған ескертумен болды. Ол «Jabbawockeez» - ден бас тартты.

    «Ей, шаршап қалдың ба не?» -деп шуласқан достары оны қанша итермелеседе орталарына қайта кіргізе алмады. Енді ішу мен тарту басталды. Арада ұшқан ақ ұнтақтар олардың кеудесінен ойларды жұлып ала бастады. Ойсыз домаланып қалған бастар не істерін білмей тәлтіректеп жүр. Әбден құныққан құмарлыққа толып кеткен оның кеудесі бүгін оны соншалықты қыдықтай қоймады. Тамаққа тәбеті жоқ баладай бір бұрышта жалғыз өзі отыра берді. Өзін не тоқтатып тұрғанын түсіне алар емес, бірақ кешегі кітаптың иісі оны бәріне тойдырып тастағандай. Достары оның бұл қылығын күлкіге айналдыра бастады. Ыржиған езулер мен іштегі құмарлықты қылқындырып тастаған қысымға ызасы келіп, ықылассыз құры су жұта берді. Ирелеңдеген ұзын сирақтылардың артынан еріп достары да кете бастады, ал оның әлі ештеңеге құлқы болар емес, жоқ, негізі құлқы жоқ емес еді, оның қысып бара жатқан құмарлығын қылқындырып ұстап алған кітаптағы әріптерге өшігіп кетті. Әдеттегіге салған кез -келген әрекетін қателік етіп есептеп жіберген кітап оның жанын өзіне сіңіріп барады. Еркінен айырыла бастаған ол кітап жасап берген кейіпкерге еріп сыртқа шықты. Ол кейіпкер соққан желден, жерде жыбырлаған құрт құмырсқаның бағытына дейін оң, теріс деп екі дүниеге бөліп алып, өзі аппақ ұлпа қардай мамықтың үстінде ұшып жүретін періште сіпетті сұлу жаратылыс еді. Бұл сұлулық оның жанын жұтып бара жатты.

    Кафканың жүрек айнуы

    Ол енді кітап кейіпкеріне ұнамайтын кез- келген әрекеттен жүрегі айни бастады. Алақаны қышыды, бұл бұндай уақытта әдетте жігіттерін ертіп алып қараңғы жертөлелерде қанға шомылып қайтатын. Үстінен шыққан сол қызыл түстің иісінен ол шындығында ләзат алатын. Бойындағы құмарлығы қанша тартса да ол бұл әрекетінің кітап заңы бойынша қателік, ауыр күнә екенін есіне алды да тағы тиылып қалды. Қышынған алақандарына қарап тұрып, оның алғаш рет жүрегі айныды. Жүрек айну сезімі оның жүрегін айнытты. Әбден секіріп, нәр татпаған ол қарынының ашып қалғанын білді де жақын жерде орналасқан ресторанға кірді. Тамақты аузына апара бергенде кітап парақтары оған тағы да сыбырлады. Алдындағы астың қандай жолмен келгені туралы алғаш рет ойланып қалды. Ой езіп, кеудесі құсып жіберген астан жүрегі айнып кетті. Жегісі келмей итере салды. Аш қалдырған кітап кейіпкеріне ашуы келді. Сол сәтте осы уақытқа дейін жеп келген астарының бәрінен, соны қортып, бойына сіңірген іш- құрлысының толықтай жүйесінен жүрегі айнып кетті. Өз бойынан, өз тұлғасынан жүрегі айни бастады. Жеркенген сезім оны далаға қарай жүгіртті. Көлігіне отырды да, басы ауған жаққа қарай ұшты. Арттағы бүкіл өмірінен жүрегі айныды. Бірақ ол бұдан басқа өмір сүрудің қандай жолы барын түсіне алмады. Көз ашқанан көрген ортасынан бөлек қандай да бір әлем болатындығына ол өзін сендіре алмай келеді. Қателіктерсіз, күнәларсыз кейіпкердей күн кешу қалай болатынын елестете алар емес. Кітаптың жолымен тырысып көріп еді, таң атқалы бері бәрінен бас тартып жатыр. Барлық әрекетінен, барлық өмірінен, түгелдей өзінен бас тартып кеткенін енді түсіне бастады. Ол енді өзін өмір сүріп жатқандай сезіне алмай кетті. Жолы бөгеліп қалды. Үймелеген көліктер мен адамдар шуласып жүрген жол оны тоқтатты. Әдетте, өзі көшедегі бұндай оқиғаларға қарамастан, басқаларға жаны ашымастан, кептеліс жасап керігіп өтіп кете беретін еді. Қазір ол тағы ойланып қалды. Жанына сіңіп алған кітап оған тағы бұл әрекетінің қателік тіпті күнә екенін түсіндіріп сыбырлап жатты. Ол кейіпкердің айтқаны бойынша әдеттегі дағдыдан бас тартып басқа бос жатқан жолға түсті. Ол қайда кетіп бара жатқандығын біле алмады. Артында Алматының жарықтары жарқылдап билеген күйі алыстап қала берді. Оны белгісіз күш қала сыртына қарай сүйреп келеді. Періштелер соғысып жатқан майданға бара жатқанын ол әлі елей қоймады. Ол тағы кітап туралы ойға шомды. Сол кітап оны өзінен бас тартқызды. Сол кітап оны қателіктер ішінде адам ретінде өмір сүру мүмкіндігінен алыстата бастады. Ол қателіктерден қатты қорқа түсті. Екі иығындағы періштесі оның әрекеттерін өлшеп әлі дауласып жатты. Бірақ ол ештеңе естімеген еді. Жарқылдаған әлем артында қалып, қараңғылыққа шомып бара жатты. Телефонның шырылы оны терең ойдан оятып алды.

    Белгісіз дауыс: Сәлеметсізбе, мен полиция бөлімшесінен хабарласып тұрмын. Сізге айтар суық хабарымыз бар. 001 деген көлік, яғни сіздің жақыныңыз апат болды. Біз сол кісінің ұялы телефонында ең соңғы рет терілген сіздің номерге хабарласып тұрмыз. Ол біраз уақыт дем алып жатқан, сізге қоңырау да шалған, бірақ сіз жауап бермегенсіз.

    Ол әрі қарай дауысты естігісі келген жоқ, тұтқаны қоя салды. Оған өзі хабарласты, ол тұтқаны көтермегені рас еді. Ол өзіне айғайлаудан қорықты. Айғайлаудың да қателік болып есептелетінін білгендіктен қоңырауға жауап бергісі келген жоқ еді. Осыдан бірнеше минут бұрын жүріп өтуді қателік санап, бұрылып кеткен көшесінде болып жатқан оқиға туралы ол енді түсінді. Егер кітап оған өз жолымен жүруден бас тартқызбағанда, ол өз жолымен жүріп өзін көргенде, өзін құтқарып қалуға уақыты жетер еді. Ол қателіктен қорықпастан тұтқаны көтергенде ар жағындағы қиналып жатқан өзі оған не айтарын естір еді. Бірақ ол кітаптың кейіпкеріне еріп кетті. Енді оның құлағында өзінің өлгенін естірткен дауыс жаңғырып тұрды. Ол көлігін артқа бұрды. Жарқылдаған қала шамдары қайта көріне бастады. Ол өзін көргісі келеді. Өзінің өлгеніне сенбеді. Кеудесіне сіңіп алған кітапты көңілі қалдырып бара жатты. Ол өзіне, қателіктер әлеміне асықты. Ол өзінің, адамның кітабін жазуды қайта бастады.

    0
    775
    0
  • 1
    02:24, 05 маусым 2016

    Гиннес рекордтар кітабына енген жазушымен сұхбат (interview by James Patterson)

    Blog post image

    Джеймс Паттерсон әдебиет әлемінің алып тұлғасы. New York Times  бестселлер авторлар тізімінде біраз жылдар бойы бірінші орыннан түспей келген ол  Гиннес рекордтар кітабына ең көп оқылатын жазушы ретінде енді. Және Forbes журналы Паттерсонды әлемдегі ең бай автор деп таныды. Бірақ ол бір күнде жарық етіп шыққан сәттілік иесі болмаған. Ол алғашында жинақтары мен тамаша оқиғаға құрылған шығармаларын өз қаражатымен шығарып жүрді. Оның алғашқы романын жариялау кезінде отыздан аса баспа үйі оның шығармасын жарамсыз деп қабыл алмаған.  Тек 1976 жылы ғана алғашқы романы жарық көреді. Ол Эдгар Аллан По атындағы сыйлықты жеңіп алған кезде өзінің бұл жеңісіне онша сенімді болмаған ол қазылар алқасы  бұл орынды маған қателесіп беріп жіберді, деп ойлады.  Кейінгі он алты жыл ішінде сәтсіз сауда үстінде бір топ романдары шығып тұрды. Бұл сәтсіздік 1992 жылға дейін созылды және тек Алекс Кросс романы жарыққа шыққаннан кейін ғана бәрі өзгерді де оның табысты жылдары басталды. Шығармашылығындағы бұл оқиғадан кейін ол өзінің мансап жолын мықтап қолға алды. Оны аса жақтыра қоймаған әдеби топтардың қатаң пікірлеріне қарамастан телевидениеде оны дәріптеу үдерісі жүріп жатты. Оның қысқа әрі балама көзқарастарға негізделген тараулары, жазудың майын ішіп, түбін түсірген қас шеберлердің саусақ шұқитқан сындарының астында қалды. Оның құрама жанрда жазылған жұмыстары оқырмандарының өзін шатастырды. Ол жылдар бойы біраз авторлармен бірлесе отырып, құрама кітаптар шығарып отырды және ол жазуды негізінен бизнес көзі ретінде қабылдады.

    Сіз алғаш рет «Томас Берримен саны» атты туындыңызды жариялаған кезде өзіңіздің болашақ бестселлер жазушыға айналатыныңызды елестете алдыңыз ба, және сіздің табысты болуыңыз отбасыңыз бен достарыңыз арасында қандай түсінік қалыптастырды?

    Менің алғашқы романымды отыз бір баспа үйі кері қайтарды, сондықтан да мен ол кезде соншалықты табысты болуды күткен жоқпын. Менің анам мұғалім болды, содан да шығар, ол менің балалар тақырыбындағы шығармаларымды өте жылы қабылдады.

    Егер уақытты жылжыту мүмкіндігі туып, сіз жас жазушы қалпыңызға қайта келсеңіз не істер едіңіз, не үйренер едіңіз?

    Басқаларға жақсы әңгіме айтып бере алатыныңызға сеніңіз. Менде бұл сенім қазір бар, ал бұрын болмаған. Эдгар атындағы сыйлықты жеңіп алған кезде, қазылар алқасы бұны маған қателесіп беріп жіберді деп ойладым. Жалпы, жас жазушылардың көбіне тән үлкен кемшлілік ол сенімнің жоқтығы.

    Сіз алғаш жазуды дәстүрлі бағытта бастадыңыз, ал кейін авторлармен біріккен және құрама кітаптар жазуыңызға не түрткі болды?

    Менің Питер Де Джондж деген досым болды, бір күні біз голфь ойнауға бардық. Артынан сыра ішіп отырып, менің бір оқиғамның идеясын екеуміз әрі- бері талқылай бастадық. Сол уақытта маған Питер екеуміздің бір қызықты шығармада бірге жұмыс істеуімізге болады екен ғой деген ой келді, сосын көп өтпей  авторлық құқығымыз ортақ «17- Гриндегі ғажайып»  романын жарияладық. Мен бұл жазу процессінен шындығында рахат алдым. Мен бірлесіп жұмыс істеген бұл авторлардың қай -қайссы да өте танымал әрі біз бұрында да басқа жобаларда жақсы жолдас болған кісілер болатын.

    «Өртену» блокбастер Майкл Беннетт сериясының соңғы кітабі, ал, Алекс Кросс сериясының ең соңғы бөлімі  «Өлімге деген үміт» қараша айында өз оқырмандарына жол тартты. Бұл кітаптар яғни Майкл Беннетт пен Алекс Кросс серияларының соңғы бөлімдері қандай жаңалықпен туды деп ойлайсыз?

    «Өртену» кітабі Майкл мен оның отбасы  қорғаушы айғақтарын жоғалтып алып, Нью Йоркке қайта оралған жерінен басталады. Майкл Харлем қаласындағы аутрич командасының артынан ереді және олар бақылаған қылмыс шындығында тамаша дүние боп шығады.

    «Өлімге деген үміт» шындықты көтерген жерде «Жүрегімнің шоқынуы» аяқталады. Мен бұдан артық ақпарат бергім келмейді, бірақ Алекс Кросс менің ең сәтті шыққан кітабім деп айта аламын.

    Менің білуімше, осы жыл аяқталмай тұрып тағы үш кітап шығаруды жоспарлап отырсыз. Сіздің күн сайын жаңа бір белесті бағындыруңыз, жаңа бір әлемге танылуыңыз, рекордтық деңгейдегі сатылымдар, әртүрлі ынталандыру сыйлықтары, осындай табысты болуыңыздың сыры неде?

    Мен ешқашан оқиға іздеп сыртқа жүгірмеймін. Менің жұмыс бөлмемде ішіне идеялар толтырылған бес дюмдық қалыңдықтағы папка бар және оларға күн сайын жаңасы келіп қосылып отырады. Олар маған не дейтінін білесіз бе, « Егер өміріңде өзің сүйіп істейтін бір нәрсемен айналыссаң және сенің сол жасағандарыңа басқалар төлем беріп отырса бұл ғажайып сәттілік, сен шындығында бақыттысың.» Солай мен оқиғаларды әңгімелеуімді жалғастырамын.

    Сіз өз мансап жолыңызда қалыпты келісімділік заңына онша бағынбайтындай көрінесіз. Бұл бүлікшіл қасиет сізге қайдан келді? Және бұл әрқашанда сізге тек жақсы жағынан қызымет көрсетеді деп ойлайсыз ба?

    Білмедім, мен көп уақытымды жарнаманың ішінде өткіземін, жаңа бірнәрсе өзгертуге тырысамын, және біз сол үшін жұмыс жасаймыз, бірақ егер ол жұмысымыз болмай жатса тағы басқасына көшеміз. Ия, ол рас, әлемдегі қара халықтың миында орнап қалған кейбір түсініктерге менің қарсы шығуым қажет деп ойлаймын, бірақ мен егер соншақты бүлікшіл болып кетсем онда менің бір жаңа идея тудыруды қалағанымның белгісі деп ойлаймын. Олар егер әрі қарай тобыр көзқарасын өзгертуге жұмыс жасаса бұл мен үшін ең үлкен сәттілік болмақ. Мен көтерілісшімін, бірақ бұл нағыз тозақ өміріне ұқсайды.

    Сіз жазуды жаңа бастаған жас жазушыларға немесе орташа деңгейлі жазушыларға әдебиетте табысты болу туралы қандай кеңес берер едіңіз?

    Мен табысты болуға ешқандай кепілдік бере алмаймын. Бірақ өз ойыммен бөлісе аламын, Меніңше, алдымен сізге жалғыз әрі бірегей кітап жазу керек әрине, ол сауда кеңістігіне лайықталып жазылуы керек. Қазір жазушылар көп шығып жатыр, бірақ іштерінде нағыз тәтті оқиғаны тартымды етіп жаза алатындары көп емес. Менің барлық жазушыларға берер кеңесім, алдымен сіз жазуды схемадан бастаңыз, бұл басыңыздағы оқиғаны  бір ізге түсіретін ең ұтымды жол, сосын сіз оны оңай жазып шығасыз.

    Сіздің кітаптарыңызда екі нәрсе ерекшеленеді, ол, оқиғалар және есте қаларлық кейіпкерлер. Бұл жерде тамаша оқиғалар жасауда қандайда бір қалыптасқан құрылым бар ма? Және сондай есте қаларлық образдарды дүниеге әкелуіңізде қандай жазушылық әдіс айла пайдаланасыз?

    Мен белгілі бір құрылым бар деп ойламаймын, бірақ оқиғаларды баяндауда міндетті түрде құрылымдық жүйе өте қажет. Мен басында атап өткенімдей, схема жасау жазушы үшін өте маңызды нәрсе. Мен өз кітаптарым бойынша айтсам, менің оқиғаларымның ішінде кейбір ұсақ -түйек адамдар болады, олар менің қаһармандарымның алға қарай қадам басуына мүмкіндік береді де керек уақытқа келгенде өздігінен жоғалып кетіп отырады. Ал есте қаларлық кейіпкерлердің образын дұрыс табу ол тікелей шеберлікке байланысты. Бұл ең қиын жұмыс бірақ ең соңындағы шиеленіскен сюжеттің шешемге қарай бағытталуы әрі шығарманың мақсатының толықтай орындалып шығуы бұл да өте маңызды. Әрбір кейіпкердің өзіне тән дауысы болады, және оларды бір -бірінен ерекшелендіріп тұратын да сол құрал, содан барып оқырмандар өз қызығушылықтарына байланысты олармен байланысқа түседі. Менің бойымда халыққа деген жанашушылық көп болады және бұл маған оқиға баяндаушы ретінде аса қажет. Сіз бұны менің кейіпкерлерім арқылы сезіп отырасыз.

    Сіздің авторлық жеке сайтыңыздың мақсаты барынша жас оқырмандарға қарай бағытталғаны байқалады. Әрі сіздің фейсбук парақшаңызда қазына іздеушілер жалауы бар, жарияланған осы жазбаларыңыз шындығында сіздің балалар тақырыбына деген құшталығыңыздан туған дүниелер ме?

    Балалар сүйіп оқитын кітаптарым, ия, менің ерекше құмарлықтан туған шығармаларым.  Мен балалар әдебиетінде өте көп тамаша кітаптар жаздым деп ойлаймын, әсіресе «Максимум Райд» және «Орта мектеп хикаяттарын» атауға болады.  Балалар менің кітабімді оқып аяқтаған соң, «Бұл тамаша, енді тағы береңізші» деген кітапқа деген сұраныс менің басты мақсатым.

    Сіз мына цитатаны өте жиы келтіресіз, шығарманың «Кінәлі рахаттану» қуатын онша жақсы көрмейтініңіз туралы, және ешкімде кітап оқып отырып өзін кінәлі сезінгісі келмейтіні де шындық. Бұл сізден басқаны оқығысы келмейтін жастар тобының қалыптасуына жетерліктей аңыз болуы мүмкін?

    Солай деп үміттенемін. Бұл менің отбасылық және балаларға арналған шығармаларымның негізгі мақсаты. Және бәріңіз білетіндей, бұған дейінгі шығармаларым да осы мақсатты ақтады деп ойлаймын. Мен осылай оқырмандарымды алға қарай жігерлендіруді әлі жалғастырамын.

    Қазір біз түрлі смартфондардың, өлшеуі жоқ шексіз виртуальді ойындардың, визуальді хаостың ішінде өмір сүріп жатырмыз. Сіздің ойыңызша, ата -аналар өз балаларын кітап оқуға қалай қызықтыра алады?

    Ата -ана алдымен баласының өз қызығушылығы арқылы таңдау жасауына мүмкіндік беруі қажет. Және әкесі мен анасы өздерінің әдеби сауаттылығы арқылы отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруы маңызды роль атқарады.

    Сіз сауаттылыққа бағытталған көптеген шаралар мен жұмыстар жасадыңыз. Оқырмандарыңызға алдағы жобаларыңыз бен бастамаларыңыз туралы біраз ақпарат айтып бере аласыз ба, мүмкін олардың да қолдарынан көмек көрсету келіп қалар.

    Жақсы, менде «ReadKiddoRead» деген арнайы сайт бар, оның мақсаты ата- аналар мен мұғалімдерге, кітапханашыларға шындығында балаларымыз сүйіп оқитындай кітаптар тауып беру. Және жиырма екі колледж бен университеттерге тағайындалған менің атымдағы төрт жүзден аса стипендия жыл сайын болашақ мұғалімдеріміздің балалармен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігі туралы тәжірбие жинауына үлкен мүмкіндік беріп отыр.

    Бірақ кейбіреулер отбасылық және қоғамдық оқу мәдениетін қалыптастыруда өздерінше жол тауып жатыр. Кітап сатып алу ол кітап сөресіне байланысы, демек сіз өз мекеніңіздегі кітапханаларға көмек көрсетуіңіз бұл үлкен жұмыс. Оқудан жігерленетін отбасылар мен қоғамдық орталар іздестіріңіз. Сізге дөңгелекті (велосипед) қайта ойлап табудың қажеті жоқ.

    Сіз үшін шым- шытырық оқиғаға толы кітаптарыңыз болашақта фильмге немесе телевидениялық бағдарламаларға айналуы бұл қалыпты жағдай сияқты, жақын арада оқырмандарыңыз бен көрермендеріңізді қандай жаңалықтар күтіп тұр?

    CBS арнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан «Зверинец» сериялы келесі жазда экранға жол тартады. Кейін Netflix компаниясының жұмыстарын да көре аласыздар. Бұлар менің ерекше құлшыныспен жасап жатқан жұмыстарым. «Орта мектеп» сериялының «Менің өмірімдегі сәтсіз жылдар» деген жаңа бөлімі де шыққалы жатыр.

    Кино туралы айтсақ, мен сіздің жеке сайтыңыздан шыққан жаңа фильмдеріңіз туралы пікірлерді қалдырмай оқып тұруға тырысам. Соңғы жылдардағы көрген сүйікті фильмдеріңіз туралы айта кетсеңіз.

    Мүмкіндігінше көп кинолар көруге тырысамын. Мен әр жылдың соңында өзім көрген сүйікі фильмдер тізімін жасаймын. Менің соңғы көрген екі сүйікті фильмдерім, «Ересектік» (Boyhood) және «Көлік үстіндегі аспаз» (Chef).

    Дәл осы сұрақ енді кітап жайында, соңғы жылдары оқыған сүйікті шығармаларыңызды атап айтсаңыз.

    Маған Корморан Страйктың соңғы сериялары қатты ұнады. Тағы сол сияқты Джоан Роулингтың «Шелкопря́д» криминалдық романы бар. Роулингтың шығармаларында егер басқа жазушылар жазса оқырмандарын жалықтырып алатын оқиғалар бар бірақ ол керісінше қызықтыра түседі. Және жақында оқыған Хамптон Сайдстың «Мұз королдігі» де мені қатты қуантты.

    Сүйіктілер туралы сұрақты жалғастырсам, өзіңіздің жүзден аса кітаптарыңыздың ішінде сүйіктілері, жаныңызға жақындары деп қайсыларын атап өтер едіңіз?

    Сіз менен қайсы балаңызды қаттырақ жақсы көресіз деп сұрап отырған сияқтысыз. Әрине, мен Алекс Кросспен өте ұзақ уақыт бірге болдым, және мен оны кейіпкерім емес, туғанымдай сезінемін. Оның алғашқы шыққан нұсқасы «Өрмекшінің келуі» мен үшін шындығында өте қымбат болып есептелінеді.

    Егер сіз жазумен айналыспағанда, сіздің мамандығыңыз қандай болар еді деп ойлайсыз немесе нені армандаған едіңіз?

    Жазу менің сүйікті кәсібім, және сол арқылы мен өзімді әркүн сайын бақытты сезінемін. Егер бұндай мүмкіндік маған берілмегенде бәлкім, кинорежиссер немесе телевидение маманы болар ма едім.

    Ал енді соңғы сұрағымыз, осыдан жүз жыл өткеннен кейін яғни болашақта Джеймс Паттерсон туралы халықтың не айтуы мүмкін деп ойлайсыз немесе үміттенесіз?

    Мен әрқашанда отбасында жақсы отағасы, жақсы әке, жақсы оқиға баяндаушы болып қалғанды армандар едім. Құдай соған жазсын!

    Ойыңызбен бөліскеніңізге көп рахмет!

    «The big Thrill» сайтынан алынды.

    Сұхбаттасқан: Антони Френс

    Аударған Мерей Қосын

               
    1
    706
    0
  • 0
    01:28, 05 маусым 2016

    Гиннес рекордтар кітабына енген жазушымен сұхбат

     

    Blog post image

    Джеймс Паттерсон әдебиет әлемінің алып тұлғасы. New York Times  бестселлер авторлар тізімінде біраз жылдар бойы бірінші орыннан түспей келген ол  Гиннес рекордтар кітабына ең көп оқылатын жазушы ретінде енді. Және Forbes журналы Паттерсонды әлемдегі ең бай автор деп таныды. Бірақ ол бір күнде жарық етіп шыққан сәттілік иесі болмаған. Ол алғашында жинақтары мен тамаша оқиғаға құрылған шығармаларын өз қаражатымен шығарып жүрді. Оның алғашқы романын жариялау кезінде отыздан аса баспа үйі оның шығармасын жарамсыз деп қабыл алмаған.  Тек 1976 жылы ғана алғашқы романы жарық көреді. Ол Эдгар Аллан По атындағы сыйлықты жеңіп алған кезде өзінің бұл жеңісіне онша сенімді болмаған ол қазылар алқасы  бұл орынды маған қателесіп беріп жіберді, деп ойлады.  Кейінгі он алты жыл ішінде сәтсіз сауда үстінде бір топ романдары шығып тұрды. Бұл сәтсіздік 1992 жылға дейін созылды және тек Алекс Кросс романы жарыққа шыққаннан кейін ғана бәрі өзгерді де оның табысты жылдары басталды. Шығармашылығындағы бұл оқиғадан кейін ол өзінің мансап жолын мықтап қолға алды. Оны аса жақтыра қоймаған әдеби топтардың қатаң пікірлеріне қарамастан телевидениеде оны дәріптеу үдерісі жүріп жатты. Оның қысқа әрі балама көзқарастарға негізделген тараулары, жазудың майын ішіп, түбін түсірген қас шеберлердің саусақ шұқитқан сындарының астында қалды. Оның құрама жанрда жазылған жұмыстары оқырмандарының өзін шатастырды. Ол жылдар бойы біраз авторлармен бірлесе отырып, құрама кітаптар шығарып отырды және ол жазуды негізінен бизнес көзі ретінде қабылдады.

    Сіз алғаш рет «Томас Берримен саны» атты туындыңызды жариялаған кезде өзіңіздің болашақ бестселлер жазушыға айналатыныңызды елестете алдыңыз ба, және сіздің табысты болуыңыз отбасыңыз бен достарыңыз арасында қандай түсінік қалыптастырды?

    Менің алғашқы романымды отыз бір баспа үйі кері қайтарды, сондықтан да мен ол кезде соншалықты табысты болуды күткен жоқпын. Менің анам мұғалім болды, содан да шығар, ол менің балалар тақырыбындағы шығармаларымды өте жылы қабылдады.

    Егер уақытты жылжыту мүмкіндігі туып, сіз жас жазушы қалпыңызға қайта келсеңіз не істер едіңіз, не үйренер едіңіз?

    Басқаларға жақсы әңгіме айтып бере алатыныңызға сеніңіз. Менде бұл сенім қазір бар, ал бұрын болмаған. Эдгар атындағы сыйлықты жеңіп алған кезде, қазылар алқасы бұны маған қателесіп беріп жіберді деп ойладым. Жалпы, жас жазушылардың көбіне тән үлкен кемшлілік ол сенімнің жоқтығы.

    Сіз алғаш жазуды дәстүрлі бағытта бастадыңыз, ал кейін авторлармен біріккен және құрама кітаптар жазуыңызға не түрткі болды?

    Менің Питер Де Джондж деген досым болды, бір күні біз голфь ойнауға бардық. Артынан сыра ішіп отырып, менің бір оқиғамның идеясын екеуміз әрі- бері талқылай бастадық. Сол уақытта маған Питер екеуміздің бір қызықты шығармада бірге жұмыс істеуімізге болады екен ғой деген ой келді, сосын көп өтпей  авторлық құқығымыз ортақ «17- Гриндегі ғажайып»  романын жарияладық. Мен бұл жазу процессінен шындығында рахат алдым. Мен бірлесіп жұмыс істеген бұл авторлардың қай -қайссы да өте танымал әрі біз бұрында да басқа жобаларда жақсы жолдас болған кісілер болатын.

    «Өртену» блокбастер Майкл Беннетт сериясының соңғы кітабі, ал, Алекс Кросс сериясының ең соңғы бөлімі  «Өлімге деген үміт» қараша айында өз оқырмандарына жол тартты. Бұл кітаптар яғни Майкл Беннетт пен Алекс Кросс серияларының соңғы бөлімдері қандай жаңалықпен туды деп ойлайсыз?

    «Өртену» кітабі Майкл мен оның отбасы  қорғаушы айғақтарын жоғалтып алып, Нью Йоркке қайта оралған жерінен басталады. Майкл Харлем қаласындағы аутрич командасының артынан ереді және олар бақылаған қылмыс шындығында тамаша дүние боп шығады.

    «Өлімге деген үміт» шындықты көтерген жерде «Жүрегімнің шоқынуы» аяқталады. Мен бұдан артық ақпарат бергім келмейді, бірақ Алекс Кросс менің ең сәтті шыққан кітабім деп айта аламын.

    Менің білуімше, осы жыл аяқталмай тұрып тағы үш кітап шығаруды жоспарлап отырсыз. Сіздің күн сайын жаңа бір белесті бағындыруңыз, жаңа бір әлемге танылуыңыз, рекордтық деңгейдегі сатылымдар, әртүрлі ынталандыру сыйлықтары, осындай табысты болуыңыздың сыры неде?

    Мен ешқашан оқиға іздеп сыртқа жүгірмеймін. Менің жұмыс бөлмемде ішіне идеялар толтырылған бес дюмдық қалыңдықтағы папка бар және оларға күн сайын жаңасы келіп қосылып отырады. Олар маған не дейтінін білесіз бе, « Егер өміріңде өзің сүйіп істейтін бір нәрсемен айналыссаң және сенің сол жасағандарыңа басқалар төлем беріп отырса бұл ғажайып сәттілік, сен шындығында бақыттысың.» Солай мен оқиғаларды әңгімелеуімді жалғастырамын.

    Сіз өз мансап жолыңызда қалыпты келісімділік заңына онша бағынбайтындай көрінесіз. Бұл бүлікшіл қасиет сізге қайдан келді? Және бұл әрқашанда сізге тек жақсы жағынан қызымет көрсетеді деп ойлайсыз ба?

    Білмедім, мен көп уақытымды жарнаманың ішінде өткіземін, жаңа бірнәрсе өзгертуге тырысамын, және біз сол үшін жұмыс жасаймыз, бірақ егер ол жұмысымыз болмай жатса тағы басқасына көшеміз. Ия, ол рас, әлемдегі қара халықтың миында орнап қалған кейбір түсініктерге менің қарсы шығуым қажет деп ойлаймын, бірақ мен егер соншақты бүлікшіл болып кетсем онда менің бір жаңа идея тудыруды қалағанымның белгісі деп ойлаймын. Олар егер әрі қарай тобыр көзқарасын өзгертуге жұмыс жасаса бұл мен үшін ең үлкен сәттілік болмақ. Мен көтерілісшімін, бірақ бұл нағыз тозақ өміріне ұқсайды.

    Сіз жазуды жаңа бастаған жас жазушыларға немесе орташа деңгейлі жазушыларға әдебиетте табысты болу туралы қандай кеңес берер едіңіз?

    Мен табысты болуға ешқандай кепілдік бере алмаймын. Бірақ өз ойыммен бөлісе аламын, Меніңше, алдымен сізге жалғыз әрі бірегей кітап жазу керек әрине, ол сауда кеңістігіне лайықталып жазылуы керек. Қазір жазушылар көп шығып жатыр, бірақ іштерінде нағыз тәтті оқиғаны тартымды етіп жаза алатындары көп емес. Менің барлық жазушыларға берер кеңесім, алдымен сіз жазуды схемадан бастаңыз, бұл басыңыздағы оқиғаны  бір ізге түсіретін ең ұтымды жол, сосын сіз оны оңай жазып шығасыз.

    Сіздің кітаптарыңызда екі нәрсе ерекшеленеді, ол, оқиғалар және есте қаларлық кейіпкерлер. Бұл жерде тамаша оқиғалар жасауда қандайда бір қалыптасқан құрылым бар ма? Және сондай есте қаларлық образдарды дүниеге әкелуіңізде қандай жазушылық әдіс айла пайдаланасыз?

    Мен белгілі бір құрылым бар деп ойламаймын, бірақ оқиғаларды баяндауда міндетті түрде құрылымдық жүйе өте қажет. Мен басында атап өткенімдей, схема жасау жазушы үшін өте маңызды нәрсе. Мен өз кітаптарым бойынша айтсам, менің оқиғаларымның ішінде кейбір ұсақ -түйек адамдар болады, олар менің қаһармандарымның алға қарай қадам басуына мүмкіндік береді де керек уақытқа келгенде өздігінен жоғалып кетіп отырады. Ал есте қаларлық кейіпкерлердің образын дұрыс табу ол тікелей шеберлікке байланысты. Бұл ең қиын жұмыс бірақ ең соңындағы шиеленіскен сюжеттің шешемге қарай бағытталуы әрі шығарманың мақсатының толықтай орындалып шығуы бұл да өте маңызды. Әрбір кейіпкердің өзіне тән дауысы болады, және оларды бір -бірінен ерекшелендіріп тұратын да сол құрал, содан барып оқырмандар өз қызығушылықтарына байланысты олармен байланысқа түседі. Менің бойымда халыққа деген жанашушылық көп болады және бұл маған оқиға баяндаушы ретінде аса қажет. Сіз бұны менің кейіпкерлерім арқылы сезіп отырасыз.

    Сіздің авторлық жеке сайтыңыздың мақсаты барынша жас оқырмандарға қарай бағытталғаны байқалады. Әрі сіздің фейсбук парақшаңызда қазына іздеушілер жалауы бар, жарияланған осы жазбаларыңыз шындығында сіздің балалар тақырыбына деген құшталығыңыздан туған дүниелер ме?

    Балалар сүйіп оқитын кітаптарым, ия, менің ерекше құмарлықтан туған шығармаларым.  Мен балалар әдебиетінде өте көп тамаша кітаптар жаздым деп ойлаймын, әсіресе «Максимум Райд» және «Орта мектеп хикаяттарын» атауға болады.  Балалар менің кітабімді оқып аяқтаған соң, «Бұл тамаша, енді тағы береңізші» деген кітапқа деген сұраныс менің басты мақсатым.

    Сіз мына цитатаны өте жиы келтіресіз, шығарманың «Кінәлі рахаттану» қуатын онша жақсы көрмейтініңіз туралы, және ешкімде кітап оқып отырып өзін кінәлі сезінгісі келмейтіні де шындық. Бұл сізден басқаны оқығысы келмейтін жастар тобының қалыптасуына жетерліктей аңыз болуы мүмкін?

    Солай деп үміттенемін. Бұл менің отбасылық және балаларға арналған шығармаларымның негізгі мақсаты. Және бәріңіз білетіндей, бұған дейінгі шығармаларым да осы мақсатты ақтады деп ойлаймын. Мен осылай оқырмандарымды алға қарай жігерлендіруді әлі жалғастырамын.

    Қазір біз түрлі смартфондардың, өлшеуі жоқ шексіз виртуальді ойындардың, визуальді хаостың ішінде өмір сүріп жатырмыз. Сіздің ойыңызша, ата -аналар өз балаларын кітап оқуға қалай қызықтыра алады?

    Ата -ана алдымен баласының өз қызығушылығы арқылы таңдау жасауына мүмкіндік беруі қажет. Және әкесі мен анасы өздерінің әдеби сауаттылығы арқылы отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруы маңызды роль атқарады.

    Сіз сауаттылыққа бағытталған көптеген шаралар мен жұмыстар жасадыңыз. Оқырмандарыңызға алдағы жобаларыңыз бен бастамаларыңыз туралы біраз ақпарат айтып бере аласыз ба, мүмкін олардың да қолдарынан көмек көрсету келіп қалар.

    Жақсы, менде «ReadKiddoRead» деген арнайы сайт бар, оның мақсаты ата- аналар мен мұғалімдерге, кітапханашыларға шындығында балаларымыз сүйіп оқитындай кітаптар тауып беру. Және жиырма екі колледж бен университеттерге тағайындалған менің атымдағы төрт жүзден аса стипендия жыл сайын болашақ мұғалімдеріміздің балалармен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігі туралы тәжірбие жинауына үлкен мүмкіндік беріп отыр.

    Бірақ кейбіреулер отбасылық және қоғамдық оқу мәдениетін қалыптастыруда өздерінше жол тауып жатыр. Кітап сатып алу ол кітап сөресіне байланысы, демек сіз өз мекеніңіздегі кітапханаларға көмек көрсетуіңіз бұл үлкен жұмыс. Оқудан жігерленетін отбасылар мен қоғамдық орталар іздестіріңіз. Сізге дөңгелекті (велосипед) қайта ойлап табудың қажеті жоқ.

    Сіз үшін шым- шытырық оқиғаға толы кітаптарыңыз болашақта фильмге немесе телевидениялық бағдарламаларға айналуы бұл қалыпты жағдай сияқты, жақын арада оқырмандарыңыз бен көрермендеріңізді қандай жаңалықтар күтіп тұр?

    CBS арнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан «Зверинец» сериялы келесі жазда экранға жол тартады. Кейін Netflix компаниясының жұмыстарын да көре аласыздар. Бұлар менің ерекше құлшыныспен жасап жатқан жұмыстарым. «Орта мектеп» сериялының «Менің өмірімдегі сәтсіз жылдар» деген жаңа бөлімі де шыққалы жатыр.

    Кино туралы айтсақ, мен сіздің жеке сайтыңыздан шыққан жаңа фильмдеріңіз туралы пікірлерді қалдырмай оқып тұруға тырысам. Соңғы жылдардағы көрген сүйікті фильмдеріңіз туралы айта кетсеңіз.

    Мүмкіндігінше көп кинолар көруге тырысамын. Мен әр жылдың соңында өзім көрген сүйікі фильмдер тізімін жасаймын. Менің соңғы көрген екі сүйікті фильмдерім, «Ересектік» (Boyhood) және «Көлік үстіндегі аспаз» (Chef).

    Дәл осы сұрақ енді кітап жайында, соңғы жылдары оқыған сүйікті шығармаларыңызды атап айтсаңыз.

    Маған Корморан Страйктың соңғы сериялары қатты ұнады. Тағы сол сияқты Джоан Роулингтың «Шелкопря́д» криминалдық романы бар. Роулингтың шығармаларында егер басқа жазушылар жазса оқырмандарын жалықтырып алатын оқиғалар бар бірақ ол керісінше қызықтыра түседі. Және жақында оқыған Хамптон Сайдстың «Мұз королдігі» де мені қатты қуантты.

    Сүйіктілер туралы сұрақты жалғастырсам, өзіңіздің жүзден аса кітаптарыңыздың ішінде сүйіктілері, жаныңызға жақындары деп қайсыларын атап өтер едіңіз?

    Сіз менен қайсы балаңызды қаттырақ жақсы көресіз деп сұрап отырған сияқтысыз. Әрине, мен Алекс Кросспен өте ұзақ уақыт бірге болдым, және мен оны кейіпкерім емес, туғанымдай сезінемін. Оның алғашқы шыққан нұсқасы «Өрмекшінің келуі» мен үшін шындығында өте қымбат болып есептелінеді.

    Егер сіз жазумен айналыспағанда, сіздің мамандығыңыз қандай болар еді деп ойлайсыз немесе нені армандаған едіңіз?

    Жазу менің сүйікті кәсібім, және сол арқылы мен өзімді әркүн сайын бақытты сезінемін. Егер бұндай мүмкіндік маған берілмегенде бәлкім, кинорежиссер немесе телевидение маманы болар ма едім.

    Ал енді соңғы сұрағымыз, осыдан жүз жыл өткеннен кейін яғни болашақта Джеймс Паттерсон туралы халықтың не айтуы мүмкін деп ойлайсыз немесе үміттенесіз?

    Мен әрқашанда отбасында жақсы отағасы, жақсы әке, жақсы оқиға баяндаушы болып қалғанды армандар едім. Құдай соған жазсын!

    Ойыңызбен бөліскеніңізге көп рахмет!

    «The big Thrill» сайтынан алынды.

    Сұхбаттасқан: Антони Френс

    Аударған: Мерей Қосын

    0
    862
    0
  • 0
    11:47, 26 мамыр 2016

    Сезімдер қозғалысы

    Blog post image

    Жер беті жыли бастаған сайын адам жаны салқынданып барады.

    Оның тіршілік ету қызыметтері мен қызықтарын ұмытып қалғанына біраз күн боп қалды. Көзі бақырайып әлсіреген періштенің ақ сарайдан шықпағанына күн де қамыға түсті. Оның күлкісін жұлдыздар сағынып, құстар күтті. Бөлмесіне аса ілтипатпен кірген күтушісіне де назар аудармады. «Залда бәрі сізді күтіп отыр, өтінем, менімен жүріңізші» -деп қиыла сұраған сопақ бетке ол ұзақ қарады да төсегінен тұрды. Екеуі есікке қарай тартылып барады. Залда анасы, ағасы және туыстар мен қызыметшілері бәрі жиналып алыпты. Ол өзіне қарап тұрған жанның жүрегін езіп жіберердей сұлулығы мен сұлық сұлбасын зорға көтеріп келеді. Екі жаққа қатар тізілген дөңгелек бастыларды ол көре алмай кетті. Себебі дәл қарсы жағында оны басқа бір адам күтіп тұрған еді. Ол бүкіл жан дүниесімен селк ете түсті. Өздеріне демалыс жариялап жіберген кірпіктер мен қас- қабағы тынымсыз қозғалып кетті. Ол осыдан біраз уақыт бұрын белгісіз жағдайда қайтыс болған сүйген жігітінің сұлбасын анық көріп тұрды. Соңғы кездесулерінде киген киімімен тура сол болмысында оған қарап тұр. Қыздың жүрегінің лүпілі табанынан өтіп жерді сілкіндіре түсті. Сілкінген жерде домалақтар мен сопақтар сілейіп тұра берді. Ол жігітке жақындады. Жігіттің жанында тұрған бөтен кісі сол сәтте оған кішкентай төрбұрышты зат (пулть) ұсынды. Ол оған назарын зорға бұрды. Алақанына түскен төртбұрыштыны түсінбей бөтенге қайта қарады. «Бұл роботты басқаратын пульт.» Қыздың көңіл -күйі дірілдеп қалды. Оның миы қозғалып болғанша артынан анасының дауысы шықты. «Періштем, бұны ағаң сен үшін арнайы жасатты. Біз сенен қатты алаңдаймыз, сенің қайта қалпыңа келгеніңді бәріміз күтіп отырмыз.» Ауада қалқымай тура жеткен бұл сөздерді оның қу миы түсініп қойды да жаны қабылдай алмай текпіленіп жатыр. Алақанынан басын алып, қарсы алдына тұрған жігітке қайта қарады. Кірпік қақпастан өзіне қарап телмірген жігітке деген секунд бұрынғы ойы өзгеріп кетті. Ыстық сезімі соңғы рет шошынды. Жасқа толып мөлдіреген көздеріне жігіттің қалай тастай қатып шыдап тұрғанына сене алмай күйініп кетті де ішіне ыза құйылып түсті. Жынданған үмітке алданып қалған тұлғасын долы ашумен артқа бұрды. Соншама сенім мен биіктікті, іскерлікті, ол үшін бұрында ізгілікті сақтап тұрғандай көрінетін ағасына бетпе- бет келіп тұрды да сол пультті ұстатқан алақанымен бетіне бір тартты. Залда тұрғандар ауыз ашып сөйлей алмады. Ол елжіреп тұрған анасына да көңілін кетірген қабағымен қарады да бөлмесіне қарай жүгіріп кетті. Артында көңілсіздік пен сүйген жігіттің кірпіктері қағылмаған күйі қала берді.

    Періштенің махаббаты жер бетіне жаңбырдай құйылып ластықты тазартуға, көңілдегі кірлерді кетіруге қанша тырысса да топырақ балшыққа айналып одан әрі қоюлана берді. Күні бойы балшыққа батып сүйген жігіттің топырағын құшақтап жатып алған періштені сүйрелегендей болып жүріп үйге әрең әкелді. Көктен де көзінен де қосарланып аққан жасқа әбден тұншыққан ол қызуы көтеріліп ауырып жатты. Әдетте бөлме есігін ешкім қақпастан кірмейтін еді. Ол қуарған жүзін есікке зорға бұрды. Оның кеудесін тірі уақыт соғып өтті.

    Тірі уақыт: Өзінің егізіндей мінсіз жаратыла қойған сұлулықты көрді. Іші бауырымен таныды. Бүкіл әлем шулап, мәз -мейрам боп кетті. Ол төсегінен ыршып түсіп, жігітті бас салып құшақтағысы келді.

    Өлі уақыт: Бірақ ол өзіне жақындап келе жатқан қимылсыз көздерден сүрініп қалды. Жігіт оның алдына келді де қолындағы Рафаэлло тәттілерін көрпесінің үстіне қоя салды.

    Тірі уақыт: Жігіт екеуі Рафаэлло тәттілерін таласып жеп отыратын. Қыз өткеннен есін жия алар емес. Кеудесінде сезім біткен қайшыласып кетті.

    Өлі уақыт: Жігіт терезе жақта тұрған күйсандыққа барды да пернелерді ақырындап баса түсті.

    Тірі уақыт: Оған күйсандықта ойнап тұрған өздерінің жарқын дауыстары естіле бастады. Толықтай көтеріліп кеткен сезімдердің толқынысын миы баса алар емес. Өзінің ойға айналып кеткен түрін сілкіп алып, орынынан тұрып кетті. Қатты ашу итеріп, күйсандыққа жетіп барып зорға тоқтады. «Бұған тиіспе, кет!» деген дауысы дірілдеп әрең шықты. Робот жігіт оның бұйрығын қабылдады. Есікке қарай бет алды. Ол тағы жалғыз қалды.

    Оны бөлменің іші әбден жалықтырып жіберді. Терезеден түскен күн сәулесі мен құстар оны аулаға қарай дамылсыз шақырып тұрды. Ол әлі аяқтай қоймаған кітабін құшақтап далаға шықты. Үш қабатты ақ сарайдың ауласын періштенің өтініші бойынша ертегідей гүлдер мен жануралар бағы етіп салынған және бассейнның жанында дем алуға арналған арнайы тамаша, жайлы әткеншек те бар еді. Ол сол тербелмелі орындыққа кеп отырды. Айналасына назар аударғысы келген жоқ, әлдебір өткенді еске түсірердей жерлерге қараудан қорқып отыра берді.

    Өлі уақыт: Робот жігіт оның артынан келді де әткеншекті тербете бастады.

    Тірі уақыт: Ол сол бейненің өзіне жымия қарап орындықты тербетіп, екеуінің әзілдесіп отырған кезін елестетті. Ол осыншама ұқсастықта қайталанып жатқан өткенінің мазағынан қалай құтыларын білмей күйініп кетті. Үлбіреген жүзін ыстық жасы күйдіріп отыра берді.

    Өлі уақыт: Жігіт икемсіз қолдарымен оның бетіндегі жасты сүртті. Оның бойын бір салқындық ұрып өткендей болды. Денесі тоңып кетті де аяқтары жылы көрпесіне қарай асықты.

    Арада тағы да көңілсіз күндер өтіп кетті. Ол бүгін өткен оқиғадан кейін алғаш рет университтегі сабағына келген. Ол өзін адамдар шексіз аяп тұрғандай сезінді. Алдаусыратуға тырысқан бүгінгі оқу уақыты да бітіп қалды. Жерге қона алмай жайнап, сөздер мен күлкілер оны қоршап алып жүретін уақытының таусылып қалғанына достары түгіл өзі де таңғалады. Қанша тырысса да езуін тарта алмай ақ қойды. Университет ауласынан шыға қалғанда сол баяғы жүргізушісін көрді бірақ бұл жолы жанында робот жігіт бірге тұрды. Өзіне асқан табынышты қызымет тағы басталып кеткендей көрінді және ол бұдан әбден жалығып біткен еді.

    «Мен робот екеуміз жаяу барғым келеді. Сіз кете беріңіз, үйге дейін небәрі үш аялдама ғана ғой, сондықтан алаңдамай жүре беріңіз.» Өтініш емес бұйрықтай естіліп тұрған сөздерге табынышты қызымет иесі қарсы келе алмады. Робот жігіт екеуі жолға шықты. Университет ауласынан бір көшеден кейін балмұздақ сататын дүкен орналасқан еді. Ол бұл араны сағынып қалғандай аса асығыстықпен кірді. Өзіне біреуін құйдырып алда да артында тұрған жігітке «Жейсізбе?»,- деп әдейі сұрады не дағдылы сөзі аузынан шығып кетті.

    Тірі уақыт: «Жоқ, мен жігітпін ғой, балмұздақты қыздар жейді.»,- деп егізі одан үнемі бас тартатын да қасында еріп жүре беретін.

    Өлі уақыт: «Жоқ, мен жігітпін ғой, балмұздақты қыздар жейді.», деген сөздер ешқандай үтір- нүктесіз, сезімсіз тек қайталанды. Ол бұндай жауап күтпеген еді. Қимылсыз көздерге біраз үнсіз қарап қалды да жүре берді. Жан -жақтан шығып жатқан түрлі дауыстар мен шулар, аяқ астындағы қиыршық жол бәрі олардың табандарында жәншіліп артта қала берді. Екеуара тыныштықты оның қалта телефонының шырылы бұзып жіберді. Анасының жайсыз шыққан дауысы оны үйге қарай аса қорқынышпен асықтырды. Басындағы бүкіл ойлар мен кеудесіндегі сезімдер көшеге шашылып қалды.

    Ентігіп үйге жеткенде үлкен есіктен ағасын полиция көлігі алып бара жатқанын байқады. Артынан жүгіріп жетем деген ниетін келген анасы бұзып жіберді. Қызының әлі ешнәрсе түсіне алмай тұрған түрін аяп тұрса да, қысып бара жатқан жаңалық итеріп шығып кетті. «Періштем, ағаңды жігіттің өліміне қатысы бар деп алып кетті.» Оған бұл сөздер неге екені бірдемде түсінікті бола қойды. Соңғы рет кездесулерінде егізі оған ағасы екеуінің арасында компания бөлісі үшін серіктестік келіспеушіліктер болып жатқаны туралы айтқан сөздерді миы сырқытып қайта оқып берді. Ағасының өзінің алдына неге кінәлі сезінгендігін және өзі үшін ақылға сыймайтын сыйлықты жасағанының себебін енді түсіне бастады. Ой жұмысы бәрін анықтап шешкеннен кейін енді бойындағы сезімдер соғысып кетті. Аяғы биіктікке қарай тартты. Үйлерінің артқы жағындағы бір көшеден кейін орналасқан жеке меншіктегі ойын -сауық кешенінің жетінші қабатына қалай тез жеткенін өзі деп байқамай қалды. Қаншама уақыт бойы ішінде болып жатқан арпалыстар енді әрі қарай өмір сүруге қауқарсыз етіп өзін бір бұрышқа лақтыра салғандай сезінді. Жоқ, ол енді ешнәрсе сезінгісі келмейді. Сезімдер шаршатып бітті. Бұның бәрінен енді биіктіктен төменге құлап бара жатқан сәтінде бір жолата құтылғысы келеді. Алақандарына, аяқтары мен денесіне қарай берді, өзінің қандай жаратылыс екенін алғаш рет көргісі келді. Батып бара жатқан күнге қарап тағы көзінен жас ақты. Алақанымен сүртті де жағылған суға қарап бұл не зат екені туралы алғаш рет ойлады және кеудесін қысып бара жатқан сезім дегенді ұстап алып көргісі келді. Бірақ ол тек өзінің аяқ қолдары мен көзінің қиығы жеткенге дейінгі денесін ғана көрді. Биіктіктің ұшына қарай жақындап келе жатты. Төменге құлап түскенде ғана іштегі барлық сезімдер жарылып шығардай көрінді, сол уақытта оларды ұстап алып аямай соққылағысы келді. Төменді көрді, денесі алдыға қарай босап бара жатқандай еді, артынан келген бір күш оны ұстап алды. Төменге емес, өзіне қарай тартты. Ол ешқандай ой мен сезімнің құшағына кетпестен өзінің қалай қарай құлағанынына енді көзі жетті. Оның денесі роботтың қаттылығын сезді. Бұрын ғажайып ыстық күш беретін бұл құшақтан енді салықындық ұрады.

    Бұл ерекше салқындық оның жанын жұтып жібергендей денесін бір дүлей қара құйын билеп алып кетті. Темірді өзі жетіп үлгірмей қалған қара жерге қарай итерді. Адамның ниетін түсінуге әлі қуаты жете қоймаған темір жігіт ешнәрсе байқамастан артқа шегіне берді. Өзіне кірпік қақапай қарап тұрған жігіттен ерекше ыстық, сұлу, өткеннің бейнесін қайта көріп қалды да есі оны жұлмалап жіберді. Ол өзінің сол бір ыстық бейнені итеріп тұрғанын не салқын темірді құлатқалы тұрғанын ажырата алмай бойындағы қан тамырлары тарылып кетті. Ол сезімдер қозғалысында адасып қалды.

    0
    2352
    0
  • 0
    11:36, 26 мамыр 2016

    БУВЕ НҮКТЕСІ


    Blog post image

    «Сіз мың бір түн ертегісін оқыдыңыз деп үміттенемін. Әрине, сіз менің айтып отырғандарыма ешқашан сенбессіз, бірақ мен дәл осы күндері сол ертегінің өзіне айналып кеткендеймін. Тыныштықта ұйықтай бергім келеді, оянудан қатты қорқамын. Ояна қалсам ғажайып әлемнің бәрі ғайып болады да тек менің бойымда сол сәттегі сезімдер ғана қалады, басқа ешнәрсе есіме түспейді.» бұл Сириялық Ая (Aya) есімді бойжеткеннің маған жазған хатынан еш өзгеріссіз алынды. Фейзбуктегі «Humans of New York» парақшасында жақында жарияланған Аяның оқиғасы туралы жазба бақырайған көздер мен тік қатқан ойларды төңкеріп тастады. Және мені де, сондықтан онлайн дос болып, мың бір түннің ертегілерін тыңдап қысылған уақыт үстінде отыра бердім.

    Оның құлағы жанұшыра шыңғырып шулаған адамдар мен күн сайын төбеден құлайтын тұрақты дүмпудің айқасқан дауыстарына әбден көніп алған. Анасы мен бір бауырының осындай шудың астында ғайып болғандарына біраз жылдар өткен, ал әкесі туралы тіпті ештеңе білмейді. Бірақ, «Құдайдың жолында кетті» деген миына сіңіп қалған тіркес әкесінің өлгенін білдірмейтіндігін түсінетін. Ол кішкентай лашықтың ішінде қойнына тығылып отырған қалған төрт бауырының өмірі үшін жанталасып жатты. Ол таң ата бәрі тыныштала бастағанда ұйқыға кетті.

    1-Түс. Ол басқа жерде. Өзі білетін алты материктің ешқайсысына ұқсата алмады. Аяғының асты тастақты қоңырқай жер, артына қараса мұзды, қар басқан тік жартастар көрінеді, алдына қараса шексіз алып жатқан су, көз жетпейтін кеңістік. Әдетте көзінен басқа бүкіл жүзін жауып тұратын орамалы ашық қалғандықтан салқын, тап -таза ауаны емін- еркін жұтты. Алдына қарай адымдай бергенде алысырақ тұрған белгісіз бір жігітті көрді. Оның алдына сондай көрікті адам тұрды. Ол өзінің кір басқан, ескірген көйлегінен ыңғайсызданып алдыға қарай қозғала алмады.

    Оянып кетті. Көзін ашқанда жайылып жатқан көңілсіз, жұпыны тіршлікке ызасы келді. Кеудесінде түсінен қалған сезімі бойын жылыта берді бірақ ешнәрсе есінде жоқ еді. Тек белгісіз бір адам оны түсінде шақырып тұратынын білетін.

    2- Түс. Ол тағы басқа жерде. Енді оның үстіндегі көйлегі ақшылдау және жарасымды болатын. Ол алдыға қарай адымдады. Белгісіз келбетті тұлға да оған жақындай түсті. Ол қатты таңғалып тұрды. Жігіт оның көйлегінің жеңі қызыл боп тұрғанын көріп, ақырын ұстап ашты. Оның жараланған шынтақ жағынан аққан қанның киіміне жабысып қалғанын байқады да, қайта жапты. Қыздың көздерінде жігіттің жанашырлық мейірімге толы жүзі сақталып қалды.

    Оянып кетті. Көзін ашқанда жайылып жатқан көңілсіз, жұпыны тіршлікке ызасы келді. Кеудесінде түсінен қалған сезімі бойын жылыта берді бірақ ешнәрсе есінде жоқ еді. Тек белгісіз бір адам оны түсінде шақырып тұратынын білетін. Кеше түндегі шуда жаралап алған шынтағындағы қан қатып қалған, ауырсынбайды да. Түсінде осы жарасын көрген сияқты болады, бұлыңғыр ойлардан елестете алмады.

    3- Түс. Ол тағы басқа жерде. Ол тағы сол орынында жігіттің алдына тұр. Күліп қарайды. Жігіт оның жүзінде жағылып қалған (түнде тамақ пісірген қырық жылдық қазанның) қара күйесін алақанымен сүртті.

    Ол жерге құлаған қатты жарылыстан шошып оянып кетті. Көзін ашқанда жайылып жатқан көңілсіз, жұпыны тіршлікке ызасы келді. Кеудесінде түсінен қалған сезімі бойын жылыта берді бірақ ешнәрсе есінде жоқ еді. Тек белгісіз бір адам оны түсінде шақырып тұратынын білетін. Қанша тырыссада жігіттің бейнесін елестете алмады. Ол түнді күтті. Сақтап қойған бар жақсы көйлегін киіп, бетіне бар бояуын жағып, әшекейлерін тағып төсекке жатты. Ұйықтап кетті.

    4- Түс. Ол тағы басқа жерде. Ол тағы сол орынында жігіттің алдында тұр. Өзін әдеттегіден жақсы сезінеді. Жігіт оған ерекше ынтыға қарап тұрды да маңдайынан сүйді.

    Оянып кетті. Көзін ашқанда жайылып жатқан көңілсіз, жұпыны тіршлікке ызасы келді. Кеудесінде түсінен қалған сезімі бойын жылыта берді бірақ ешнәрсе есінде жоқ еді. Тек белгісіз бір адам оны түсінде шақырып тұратынын білетін. . Қанша тырыссада жігіттің бейнесін елестете алмады. Ол оянуды қаламайды. Тіпті көздері мөлдіреп өзіне қарап отырған бауырларын тастап мәңгі ұйықтап қалғысы келетін сияқты күйінседе түн күзетіп балалардың амандығын қорғаштайды. Тек таң ата көзі ілінді.

    5- Түс. Ол тағы басқа жерде. Ол тоңып қалған еді. Жігіт оны құшақтады.

    Ол: Біз қайдамыз?

    Жігіт: Буве аралында

    Ол жігіттің айтқанын түсінбеседе жер бетіндегі барлық шудан алыс жатқан бұл жер ол үшін нағыз жәннат сияқты көрінді.

    6-Түс. Ол басқа жерге келмеді.

    7-Түс. Ол басқа жерде. Ол ықылықтай бастады.

    Жігіт: «Біз ықылық екеуіміз суға бардық. Ықылық суда қалып қойды, мен қайтып келдім» осылай қайтала, басылады.

    Ол: «Біз ықылық екеуіміз суға бардық. Ықылық суда қалып қойды, мен қайтып келдім.»

    0
    574
    0
  • 0
    01:58, 14 мамыр 2016

    Кодталған идеялар

    Дэн Браунның жаңа триллері «Инферно» оқиғасы Гарвардтық символист Роберт Лэнгдонның басынан алған қатты жарақатынан кейін Флоренцияда ес -түссіз оянған жерінен басталды. Ол қаруланған қуғыншылардан қашып, өзінің үкімет басқармасына жетуге тырысады. Ол Нью Йорктан редакторы Йонас Кауфманды шақыртады да одан халық үйінің реактивті ұшақтарын өзінің тапсырмасын жалғасты орындауы үшін пайдалана алуына қаншалықты мүмкіндік бар екенін сұрайды. Редакторы қысқа жауап қайтарады: « Автордың діндер тарихының том- том кітабін жазуы үшін жеке ұшақтар пайдалануға бізде ешқандай жол жоқ. Ал, бірақ, егер сіз иконографияның елу көлеңкесін жазуды шындап қаласаңыз онда әңгіме басқа.»

    Романнан алынған бұл үзінділерге Браун шынайы өмірден сілтеме жасап бере салғандай, себебі жоғарыда айтылған Йонас Кауфман расында «Doubleday»- дың редакторы, ал «Елу көлеңке» шығармасы эротикалық бестсселер жазушы Э. Л. Джеймсдың 70 миллион данамен сатылған әйгілі кітабі болатын. Браунның қағылез характері Роберт Лэнгдонның шытырман оқиғалы зерттеуіне арналған тағы да осы сияқты романдары «Да Винчи коды» немесе «Періштелер мен Перілер» атты кітаптары 50- ден астам тілге аударылып, 200 миллион данамен сатылды.

    Doubleday «Инфернодан» Дантенің тозақты көруінің жұмбақ зерттеулері, гендік инженерия, трансгуманизм, Мультузиандық ақырзаман сценарийі сияқты үлкен дүниелер күтті. Браунның күшейтпелі баяндау тәсілімен жазылған, қоюланған ауыр прозасының кейіпкері Лэнгдон Дантенің өмірі мен жұмысына негізделген өлтіруші вирустар кодын ашу жолындағы кезекті құпия әрекетін бастайды. Doubleday бұл кітапті нарыққа шығарған алғашқы күні баспа жұмысына 4 миллион данаға сұраныс келді.

    Манхеттендегі баспа кеңсесінде берген сұхбатында ол өзінің осы уақытқа дейін әлемнің назарын аударып келе жатқан қаламгерлік құпиясының сыры мен күтпеген шиеленістерге толы сюжеттерінің қалай құралатыны туралы ашық әңгімелеп берді.

    Бұл кітап оқырмандарға күңгіріт көңіл- күй сыйлайтын сияқты. Себебі өте ауыр тіпті жантүршігерлік тақырыптар қозғалған, ашығын айтқанда адамзат тегін құрту туралы.

    Сіз егер Данте туралы бірдеме жазам десеңіз ол дүниенің күңгірттеу, көңілсіз болмауы мүмкін емес. Инферноның бар қуаттылығы оны ұстап тұрған үш негізгі идеялық ұранында жатыр. Бұл шығарманың жобасы басталғанда- ақ мен соншалықты құмарлықпен бұл тақырыпқа беріліп кеттім. Бұл жерде таза, әсем өнер туралы жаздым, ешқандай әдебиет туралы емес. Данте мені алғашқыдан бастап жаңа бірдемеге қарай тарта кетті, бірақ бұл романда да бас кейіпкер Лэнгдон үшін оқиғалар өтетін бұрынғы жерлер сақталып қала берді. Бұл әдебиет әлемінің Мона Лизасына ұқсайды.

    Сіз және сіздің баспаңыз жарыққа шыққан күнге дейін бұл кітаптің сюжетін көпшіліктен жасырын ұстап келді. Флоренциядағы оқиға өтетін жерлер, атап айтқанда, Палаццо Веккьо және Баптисттік Сан-Джованни, сіз арнайы осы шығарма үшін бұл орындарда жұмыс істедіңіз бе?

    Бұл семсердің жүзіндей екі ұшты нәрсе. Жақсы жағынан алсақ, ия, қазір менде оқиғаларымның өтетін орындарына баруыма тіпті тұрғындарымен сөйлесуіме үлкен мүмкіндіктер бар, бұрын бұлардың біреусі де болмаған. Екінші бір ынталандыратын жағы, егер мен болашақ жазатын шығармам туралы оларға айтқым келмесе де бірақ кейде бұл мүмкін болмай кетеді. «О, Құдайым ау, сен бүгін мұнда кім келгенін білесің бе, және ол менен не сұрады десеңші?!». Сөйтіп, бұл саяхаттырым кейде ұзаққа созылып кетеді, бірақ мен тапқан он дерек болса, кітап жазуыма соның тек бесеуі ғана жарап жатады. Шындығында жартысынан астамы мен ойлағандай ешнәрсеге жарамай қалады. Соған қарамастан көп уақытымды халықпен еркін сөйлесуге және барынша қолмен жазылған ескі қолжазбаларды қараумен өткізуге тырысамын.

    Әдетте, сіз бұндай уақыттарда олардан өзіңізге көбірек пайдалы дүние алу үшін қандай әдіс- тәсілдер пайдаланасыз?

    Мен көп уақытымды Давид монументін және Уффицидағы гүлдер мен өсімдіктер әлемін тамашалаумен өткіздім. Уффици қазір мен үшін тек өткенді еске алу ғана. Мен Данте туралы жазып жүргенде көп кісілер бұны шіркеулік сынның ішінде жазылады деп ойлады, содан кейін де мен Дантенің шіркеулік көзқарастары туралы көп сұрастырдым, көп іздендім. Бірақ кітап аяқталғаннан кейін, жаңағы адамдар қолдарына түскен роман ішінен өздері ойлағандай дүние көре алмағандықтан оларға кітаппен танысқан бұл күн күнтізбе бойынша соншалықты бақытты уақыт болып есептелмей қалды.

    Сізді көпшілік уақытын өте жоспарлы түрде өткізетін қатаң тәртіпті жазушы деп есептейді, күнделікті жұмыс процессіңіз туралы бізбен бөлісе аласыз ба?

    Мен күнделікті тәңертең сағат 4:00 де оянамын. Бұл уақытта адам тәтті түс көріп жататын не шығармашылық тетіктері ашылатын көңіл -күй арасында параллель жатады. Мен дәл осы уақытта оянып жазуға отырамын. Бұл процесс ешқандай телефонсыз, хабарламалар мен интернетсіз түске дейін созылады. Бұл уақытта маған сыртқы әлеммен араласауға жол жоқ, ең маңыздысы олардың мені мазалауына ешқандай мүмкіндік жоқ. Сөйтіп, тал түске дейін жазамын, меніңше, бұл шығармашылықпен айналысуға жеткілікті уақыт. Бірақ кейде сол жазған материялдарымның көбісін лақтырып жіберетін сәттер де болады. Мен жазып отырып бәріне үш түрлі көру нүктесімен қараймын, кейде жазу барысында ерекше бір құмарлықтан туатын сөйлемдер болады, ал кейде ашып жазбауға мүмкіндігің бар ақпарат болса оны жасырып қалуға тырысамын. Ал, жазу күнінің ең соңында, бәрін жинап өзім қайта оқып шыққанда бұл жазғандарым менің оқырмандарға айтқым келген нәрселер емес керісінше жасырып қалуға тырысқан дүниелер көркем туындыға айнала бастағанын көремін.

    Шығарманың соңына дейін жазылып біткен кезде сюжетті қайта өзгертетін кездеріңіз бола ма?

    Мен шығарманы алдымен бір қатаң жүйеге түсірмей тұрып ешқашан жазуды бастамаймын. Ия, кейде, мен үш жылымды сарып етіп, әбден қажып бітірдім -ау деген кезде де шығарма ішінен әлі аяқталмаған нәрселерді көріп қиналатын шақтар да болып тұрады. «Да Винчи коды» романына дайындық кезінде құрылған жоспар мен шимай сызбалардың өзі жүз беттен асып кеткен. Айта берсе бұған ұқсас мысалдар көп ғой.

    Мен жазушыларға арналған блоктан мынандай қызық нәрсе оқыдым. Ол жерде «Егер берілген тақырыпқа қаламыңыз тартпай жатқан сәтте жасалатын әртүрлі жаттығулар тізімі» деп беріліпті. Соның ішінде мені қатты таңғалдырғаны, тартылыс аяқ киімімен (gravity boots) жаттығу жасаған жазуды бастауға көп көмектесетіні туралы айтылған кеңес болды.

    Әрине, бұлар жазушыларға арналған өмір сүру тәсілі сияқты берілген дүниелер ғой. Бірақ, мен өз басым жазушыларға арналған сайт дегендерге ешқашан кірген емеспін. Мен өз идеяларыммен арпалыста жүріп, бұндайлаға тіпті уақытта болмайды. Белгілі бір шығарманың жобасы басыңа кіргенен кейін шиеленіскен сюжеттерді қалай шешу керек, сол бағытта жұмыс басталады. Менің кейіпкерім Лэнгдон қиын жағдайларға тап болады, содан кейін оны бұл тығырықтан дұрыс жол табу арқылы алып шығу керек. Бұл жерде жазушыға әлемді жан- жақты көзқараспен көре білу тәжірибесі аса қажет. Бірақ мен егер миға оттегі жақсы жетсе, немесе басқа бір ерекше нәрсемен айналыссаң тамаша ойлар туады деген сияқты жазушылық айла -әдістер туралы ештеңе білмеймін. Маған керемет идеялар тек жоғарыдан келеді және содан кейін менің ерекше бір арпалыс сәттерім басталды.

    Бірде үйге сұхбаттасуға бір тілші келді. Ия, менде дене жаттығуына арналған тартылыс аяқ киімімі бар болатын. Жаңағы тілші сол затты көре салып, «Менің мына аяқ киімді киіп сәл жаттығу жасап алуыма бола ма?» деп сұрады. Мен оған «Әрине, рұхсат бірақ бұл сіздің бүгінгі кездесу туралы керемет бірдеме жазып кететініңізге кепілдік бермейді.» дедім де оның жаттығу жасауына көмектестім. Жаңағы тілшіге турникке 60 секундтан кем асылуға болмайды деп шарт қойдым. Бірақ ол жаттығуды бастамастан «Өтінем, мені тез түсіріңізші, мен бұны жақсы көрмейтін сияқтымын» деп абыржып кетті. Бұл бір өте көңілді кездесу болды.

    Сонымен бұл жаттығу оған керемет идея сыйлай алды ма?

    Жоқ. Басында оған тамаша әрі қызық боп көрінген бұл жаттығу оның жүрегін айнытып, айналысқанына өкіндіріп жіберді.

    Сіз романдар жазып бастамастан бұрын поп музыка өнерінде тырысып көрдіңіз. Тіпті біраз халық сізді Барри Манилоумен салыстырып жатты. Егер сіз табысты боп бара жатсаңыз, қайтадан музыкаға оралар ма едіңіз?

    Мен колледж оқып жүргенде музыкамен көп айналыстым. Сосын, оқуды бітіргенен кейін менде ішкі өзгеріс пайда болды. Музыка бұл жеңіл әрі көңілді, ал менің басқа бір салмақты шығармашлық жолда жұмыс істегім келді. Бірақ ұзақ уақыт өмірімді музыкамен өткізгенім рас.

    Өзіңіз қалай ойлайсыз, бұл жол неге жалғасын таппай қалды?

    Мүмкін талант жетпеді. Мен Галливудта өте танымал продюссерлермен біраз уақыт бірге жұмыс жасадым және сол кезде үлкен екі жобаны өндіріске шығардық. Шындығында ешкім ақ жігіттің баллада орындауын естігісі келген жоқ. Бұл өзіме де соншалықты жағымды бола қойған жоқ.

    Осыдан он жыл бұрын сіздің «Да Винчи коды» романыңыз жарыққа шыққанда бұл сіздің ең алғашқы бестсселер атанған кітабіңіз болды. Және бұл туынды қоғамдағы христианшыл топтардың шамына тиіп үлкен талас тудырды. Бірақ, еркіндіктің өлшеміне салып қарағанда бұл жағдай сізді таңғалдырған шығар?

    Әрине, шындығында солай болды. Ия, менің шығармамдағы жасалған көркем образ діншіл топтардың ызасын келтірді, менің ойымша, егер Иса Құдайдың ұлы болмағанда не болады деген сұрақ төңірегінде ойлануға бәріміздің еркіндігіміз бар. Меніңше, Исаның біз сияқты қарапайым адам болғанын айту жаман нәрсе деп есептемеймін. Мен көп адамдардың осы кітап үшін долданып, ашуланғандарына қатты таңғалдым.

    Кітаптің сюжет желісі дін тарихына тікелей байланысты болғандықтан әрі сіз оларға ойлаудың өзі қорқынышты көрінетін сауалды тура қойғандықтан халық бірден қарсы шықты. Бұл шығарма қандай фактіге сүйенген?

    Расында, мен кітап шыққаннан кейін оттың ішінде қалғандай болдым. Меніңше, «Да Винчи коды» романындағы оқиғалар мен оқыған жексенбілік мектептен (балалар мен жастарға арналған христиандық оқыту институты) үйренген нақты фактілерден гөрі мейілінше сезімге жақын.

    «Инферно» романында сіз осыған ұқсас сауал тастадыңыз. Барлық өнер, ғылым және тарих ішінде көлеңкелі, жасырын Консорциум деген әлемдік криминальдық қоғамының жұмыс істеп жатқаны туралы айттыңыз.

    Консорциум, сірә, олардың шынайы аты болмауы да мүмкін. Жалпы, бұл жерде айтылған қоғамдық ұйымдар осы Консорциумның қызыметі сияқты әрекеттермен айналысатыны туралы баяндалады. Оларды зерттеу шындығында өте жеңіл. Мен осы романды жазып бастамас бұрын олар туралы ешқашан естіген емеспін.

    Сіз осы қоғамның бір мүшесімен болсын кездесу, сұхбас жасадыңыз ба?

    Жоқ, бұл тақырып сіз білетіндерден әлдеқайда алыс. Мен ешқашан олардың қызыметтерін пайдаланған емеспін.

    Сіздің әкеңіз математика мұғалімі болды. Сіздің жұмбақтар мен кодтарға деген сүйіспеншілігіңіздің пайда болуына осы кісі әсер еткен жоқ па?

    Менің әкем өте жұмбақ адам болды. Қазыналарды іздеу менің балалық шағымның бір бөлшегі сияқты естелік. Туылған күнімде және рождество мерекесінде мен міндетті түрде жасырынған өз сыйлықтарымды іздеп табатынмын. Бұл дәстүр бізде әлі сақталып келеді, әкем енді бұл ойынды немерелерімен ойнауға көшті.

    Сіз бұрын берген сұхбаттарыңызда, аяқталған кітабіңізді қайта оқудан қашатыныңыз туралы айтқан екенсіз, бұл қаншалықты рас?

    Өз жазғаныңды өзің оқу бұл қызық нәрсе ғой, менішне, бұл таңдау автордың өз теориясы не жоспарына байланысты дер едім. Егер сіз халықтың сізді жақсы көретініне сенсеңіз онда олардың сізді жек көре де алатына сенуіңіз керек. Егер сен өзіңді көп адамдар жақсы көретінін білсең, көңілің жайбырақаттанып жалқау бола бастайсың, ал сол уақытта сенің барлық жұмысың азапты дәуірін бастайды. Егер сен халықтың өзіңді жақсы көрмейтінін білсең, қауіп пен қобалжудың ішінде және жұмыстағы жағымсыз сәттерде сен өзіңе саналы түрде бұл қиындықтардан шығуға жол таба аласың.

    Сіздің жұмыстарыңыздан үнемі қарама -қайшылық байқалады. Халық романдарыңызды не қатты жақсы көреді не қатты жек көріп кетеді.

    Егер «Да Винчи коды» 10,000 данамен сатылғанда бұндай мәселе тумас еді. Бұл шығармаға өте көп сындар жазылды себебі бұл бірден өте танымалдыққа ие болып, әлемнің түкпір түкпіріне кең таралып кетті. Адамдар осы романға ұқсас туындыларды не себепті жақсы көреді?, және сосын бұл маған үлкен шабуыл болды, халықтың не үшін жақсы көргенін айтпай -ақ қояйын.

    Сізде Роберт Лэнгдон триллеріне арналған әлі он шақты идея бар екені распа?

    Ия, бар, бірақ менде оншақтыны түгелдей жазып бітіруге уақыт болмайтын шығар.

    Сіздің Шекспирдің табынушысы екеніңізді жақсы білеміз. Оның пьесаларында күдікті жасырын сөзбайласулар теориясы өте көп қолданылады. Шекспирдің триллер жанрындағы тақырыптары туралы не ойлайсыз?

    Шекспир менің идея қорым, мен ұзақ уақыттар бойы сол қормен өмір сүріп келемін. Шекпир екеуіміздегі ұқсастық ол да өз дәуірінде өте қатты талас тудырған және оның жазған тақырыптары да тамаша еді. Менің Шекспир туралы әлі бір шығарма жазбауымның себебі, мен «Шекспир кім болған» дегенге қызу талас тудырардай дәлел таппай жүрмін және болмаған нәрсені құр қиялдан шығаруды жек көремін. Ал бұл тақырыпта бірдеме бастау үшін алдымен біраз теориялар мен құжаттар басыңды тырналап, миға аздап алғашқы идея жұғуы керек. Бірақ мен «Жоғалған символ» романының бірінші томында Шекпир туралы аздап ымдап айтып кеттім. Мен бұл тақырып туралы ойланып жүрмін, бірақ әлі толық роман жоқ, дегенімен де идеяның кішкентай ғана бөлшектері бар.

    Сіздің «Инферно» шығармаңыздағы Джейсон Кауфман есімін анаграммалық шешімге құрғаныңызды мен баса айтқым келеді. Сіз бұндай жасырын кіліттерді кітаптарыңызда пайдалану арқылы халық алдына не ашып бергіңіз келді?

    Кітаптағы анаграммалық кіліттерді қарапайым адам ешқашан көре алмайды. Егер байқасаңыз, кодтар мен шифрлау және басқа да заттар кітап беттерінде ашық роль ойнап тұр. Бұл мен үшін өзімнің жасаған қуанышым, ойын сауығым. Меніңше, бұл оқырмандардың да кітапты тынымсыз парақтауына және содан шынайы рахат алуына мүмкіндік береді деп ойлаймын.

    Сіз Джейсон Кауфманды еске алдыңыз. «Періштелер пен перілер» деген романда төрт кейіпкердің есімдері шынайы өмірдегі адамдардың аттары болғаны рас. Оның біреуісі Элдо Беггия, менің алғашқы италиян пәнінің мұғалімі болған. Содан кейін бұл образ тағы да басқа триллерде көрінді, ол бұл кітаптарды оқығанан соң өзінің Дэн Браунның « Төрт өзеннің фундаментінің» ішіне кіргенін білді. Ол тіпті экранизацияланған фильм ішінде де көрінді.

    Ойыңызбен бөліскеніңізге көп рахмет!

    «The wall street journal» сайты

    Сұхбаттасқан: Александра Альтер

    Аударған: Мерей Қосын

    0
    533
    0
  • 1
    09:08, 10 мамыр 2016

    Дэн Браун «Да Винчи коды» құпиялары Interview with Den Brown

    Сіздің бұрынғы жазылған шығармаларыңызбен әлі таныс емес оқырмандарыңызға «Да Винчи кодын» қалай сипаттап бере аласыз?

    «Да Винчи коды» романында Гарвардтық танымал символист Роберт Лэнгдонның Лувр мұражайындағы Да Винчидің картинасына байланысты құпия символдарды зерттеуі туралы оқиғалар баяндалады. Ол барлық уақытта адамзат үшін аса маңызды құпияның кіліттенген кодын табуды мақсат етеді. Шешім іздеу жолында ол көптеген нұсқалардың ішінен адасып жүріп тапқан жалғыз және соңғы жолы осы шығарманың оқиғасына арқау болады.  Бұл романда барлық тарихи факттілер мен деректер, нысанаға алынған картина тарихы және жасырын ритуалдар сияқты шығармаға арқау болған әрбір нәрсе өте ұқыптылықпен пайдаланылды. Бұл романда негізінен Да Винчидың атақты суреттеріндегі құпия кодтар ашылады.

    Сіздің болашақта шығатын кітаптарыңыздан тағы осы Роберт Лэнгдонның бейнесін көре аламыз ба?

    Әрине, бұл характер менің көп жылдар бойы ізденісте жүріп тапқан образым болды. Оның символдар мен  иконографияға деген қызығушылығы оған экзотикалық тарихи орындардан таңғажайып, мәңгілік оқиғалар тізбегін ашуына мүмкіндік берді. Қазір менің ойымда Роберт Лэнгдонның ашқалы жатқан кезекті құпия орындарының эскизы бар.

    Ия, қазір мен «Да Винчи коды» сериясының жалғасын жазу үстіндемін. Бұл романда оқиға Роберттің Америка топырағындағы кейбір құпиялармен қақтығысып қалуымен басталады. Бұл шығарма біздің ұлттық астанамыздың жасырын тарихын ашуға негізделеді.

    Сіздің болашақтағы кітаптарыңыздан культтық құпияларға байланысты, мысалы, Нумерология, Пифагорлық түсініктер немесе Каббализмге байланысты тағы да осындай көркем зерттеулерге құрылған дүниелер көре аламызба?

    Бұл тақырыптар өте тамаша. Шындығында, менің Лэнгдоным бұндай жасырын жатқан дүниелерді терең зерттеуге міндетті түрде баратын болады. Бірақ, есіңізде болса осы «Да Винчи кодында» кейіпкердің Каббалистикалық нумерологияны ашқан сахнасы бар. Бұл кітап сондай -ақ басқа да секталардың осыған ұқсас өте терең жасырылған құпия кодтарын ашуға тырысады, кейін оқығанда қызық болмай қалмас үшін мен  олардың есімдерін қазірше айтпай -ақ қояйын.

    Жалпы, «Да Винчи Коды» шығармасы сіздің осы тақырыпқа ерекше ынтаңыздан туған дүние, бірақ жоғарыда айтылып өткен жасырын кодтар мен символдар немесе деректер шындығында дәл қазір біздің қарапайым өмірімізде ешқандай оқиға жасап жатқан жоқ ғой деп ойламайсыз ба?

    Мен осы романды жазу үстінде қаншама тарихи деректермен зерттеу жұмысын жасадым, сонда менің түсінгенім жалғыз нәрсе ол біздің білеміз деп ойлайтын тарих негізгі шындықтан әлдеқайда алыс жатыр екен. Ал шынайы болмыстың кіліті ол біздің айналамыздағы  музыка, бейнелеу, архитектура өнері мен аңыздарында жатыр. Роберт Лэнгдонның сөзімен айтқанда «Құпиялар әрбір жерде кездеседі.»

    Егер, оқырмандарыңыз сіздің бүкіл шығармаларыңызға арқау болған Массондық құпия ұйымдар туралы тереңірек білуді қаласа, сіз оларға қандай кітаптар ұсынар едіңіз?

    Олар туралы жазылған кітаптар өте көп, бірақ ең бірінші қайсысынан бастау керектігін анықтау өте қиын, себебі әркімнің талғамы мен деңгейі әртүрлі ғой. Және Массондықтар тақырыбы өте терең түсінуді талап етеді, мен оқырмандардың  бауырластықтар туралы тек тобырлық деңгейге арналып жазылған сапасыз жұмыстарға арандатылып қалуынан қатты алаңдаймын. Мен жинақы және таза ақпараттар беретін «Массондардың құрылуы» дегенді ғана ұсына аламын. Егер сіз расында бауырластыққа сенетін болсаңыз онда кейде біраз нәрселерді жасырып қалуға тура келеді.

    Өзіңіз дәл қазір қандай авторларды оқып жүрсіз? Кім әсер етіп жүр?

    Бұл сұрақ маған өте оғаштау естіледі, себебі мен көркем шығармаларды мүлде сирек оқимын. Мен жазып жатқан дүниелеріме байланысты көбінесе уақытымды деректі әдебиетке арнаймын. Мысалы, тарихи оқиғалар, өмірбаяндар немесе көне жазулардың аудармалары сияқты мүмкіндігінше менің болашақ туындыма ақпарат болатын дүниелер оқимын.  Бірақ мені аса таңғалдыратын және шабыттандыратын көркем әдебиеттің өкілдері бар. Олар   Роберт Ладлэм және Джон Стейнбек. Роберттің интригасы, ал, Джонның суреттеуі қызықтырады. Сонымен қатар, әрине, Шекспир пьесалары бар.

    Қандай кітап сіздің өміріңізде ерекше әсер етті және не үшін?

    Мен колледжді бітіргенге дейін тек ғана классикалық бағыттағы ескі шығармаларды оқып жүрдім. 1994 жылы Таити аралына демалыс алып, жағажайда жүргенімде ойламаған жерден қолыма Сидни Шелдонның «Ақыр заман» романы түсті. Бірінші бетін аштым, екінші бетін, содан кейін келесісін... Бас ала алмай оқып отырып толық бір сағаттың ішінде аяқтап тастадым. Өзіме қатты таңғалып тұрып сол сәтте басыма мынандай ой келді, «Ей, мен де бұны жаза аламын.» Сөйтіп, мен үйге орала сала алғашқы романым «Сандық бекіністі» бастап кеттім. Ол 1996 жылы жарық көрді.

    Сіздің сүйікті 10 кітабіңіз туралы біле аламызба?

    «Тышқандар мен адамдар» (Джон Стейнбек)- Қарапайым, жұмбақтау, өткір. Жас жазушы үшін әрбір тарауы әсерлі суреттеу тәсіліне баулитын үлкен бір шеберлік сағаты сияқты.
    «Гёдель, Эшер, Бах» (Дуглас Хофштадтер)- Мен бұл шығарманың тек 3% ғана сүйсініп отырып түсіндім.
    «Каин және Авель» (Джеффри Арчер)-  Арчердың шығарманы баяндау тәсілінсіз оқырманды қалай ұзақ ұстап отыратынына мен әлі таңғалумен келемін.
    «Плам аралы» (Нелсон Демилл) - Ол бұл шығармасы арқылы оқырмандарына  шындықтың шебер суреттелуі мен кекесін юморды және тамаша авторлық көзқарасты қалдырды.

    «Борна идентификациясы» (Роберт Ладлэм)- Бұл ертерек шыққан өте күрделі, терең туынды менің алғаш рет триллер жанрына деген қызығушылығымды оятқан болатын.

    «Тыныштықтың шуы» (Уильям Шекспир)- Мен ағылшын мұғалімі болып және осы туралы оқушыларыма сабақ берместен бұрын бұл пьесаның қандай тамаша туынды екенін түсінбей келген едім. Бұны оқып отырып бір басы артық мылжың диалог таппайсыз.

    «Амбиграммалар және амбиграмма өнеріндегі сәулелер» пьесасы (Джон Лэнгдон)- Әртіс әрі философ Джон Лэнгдон біздің кемеңгер тұлғаларымыздың бірі. Оның бұл кітабы менің өнер, символдар мен симметриялар туралы бұрынғы ойымды мүлде өзгертіп жіберді.

    «Шифрланған кодтар& басқа да құпиялар& заңсыз ұйымдар » (Фред Риксон)

    -Бұл кітап өнер, тарих, ғылым, криптология философиясының энциклопедиялық феномены.

    «Жұмбақ сарай» (Джеймс Бэмфорд)- Бұл кітап жасырын ұйым Америкалық премьерлердің интелектуальді агенті туралы болғандықтан ең сүйсініп оқитын кітаптарымның бірі.

    « Стильдің элементтері» (У. Струнк П. Уайт)- Себебі барлық грамматикалық ережелер мен оқылулар кімнің есінде толықтай қалды?

    Сүйікті фильмдеріңіз?

    Менің қай уақытта да ең сүйікті фильмдерім, олар: «Фантазия», «Өмір қандай тамаша», «Энни Холл», «Ромео мен Джульетта». Әрине, егер мүмкіндік болып жатса, попкорн жеп отырып «Индиана Джонс» немесе «Алқызыл барыс» кейіпкерлермен бірге уақыт өткізген тіпті керекмет ғой.

    Сүйікті музыкаңыз?

    Мен жақына испаниялық тамаша орындаушы Франко Де Витаны тауып алдым. Сосын Gipsy Kings, Сара Маклахлан және өте жас әрі талантты әнші Ванесса Карлтонды тыңдаймын.

    Сіздің сыйлық ретінде алғыңыз келетін немесе біреуге сыйлағыңыз келетін сүйікті кітабыңыз қандай?

    Бұл бір нердтың әңгімесі болар, бірақ, меніңше, тері мұқабалы Оксфордтық ағылшын сөздігін сыйлыққа беру өте қымбат сыйлық деп ойлаймын.

    Бізге өзіңіз туралы, «біле жүрген жақсы» деп есептейтін 3 фактыны айтып бере аласыз ба? Әрине, шығармашылық тұрғыдан, біріншіден, сіздің алғашқы мамандығыңыз қандай еді? Сізді не жазу шабыттандырады? Және ең соңғы сұрақ, сіздің өмір жолыңызда естен кетпестей көңілді сәт сыйлаған оқиғалар?

    Егер бір күн дағдылы уақытым таңғы 4:00 тұрып, жұмыс үстелімде бола алмай қалсам, мені күні бойы басқаша бір сағыныш сезімі басады да тұрады.  Алдымен тәңертең ерте тұра салып, қысқа таңғы жаттығулар жасаумен айналысамын. Бұл жаттығулар адамның қантамыр айналым жүйесіне өте пайдалы. Тәңертеңгі бұндай демалыс менің ойымда жүрген сюжеттердің жаңа өзгерістерге қарай шешім табуына көп көмектеседі.

    Оқырмандарыңыздың өзіңіз туралы тағы не білгенін қалайсыз? Мысалы, сізге не ұнайды немесе ұнамайды, не қызықтырады, хоббиыңыз қандай?

    Мен жақында теннис ойының фанаты болдым (және әр күн сайын түстен кейін жұмыс аяқталғанда өзімде ойнап тұрамын). Егер алаңнан біреу сыртқа шығып қалса онда  топ спин сол жаққа қарай лақтырылады.

    Ойларыңызбен бөліскеніңізге көп рахмет!

    Сұхбат BookBrowse сайтынан алынды. Аударған Мерей Қосын

    1
    1289
    0
  • 1
    09:55, 08 мамыр 2016

    «Көк түсті» Стивен Кингпен сұхбат (Interview with Stephen King)

    Стивен Кинг жан- жақты талантты тұлға: ол рок стиліндегі авторлық топта гитарада ойнайды,  мен осы кездесуімізді пайдаланып одан бұл аспапта қалай шебер ойнау керектігін үйренуге тырыстым. Ол сондай- ақ, өзінің актерлік қабілетін көрсеткен Ричард Никсонның ролін ойнады. Ал, бірақ ол жазуға келгенде өте бірбеткей еді және ол қазіргі Америка өмірін құпиялы және тамаша формаға сала алған айлалы хроника жасаушы.

    Біз білетін Кинг көп жылдар бойы жарқындылықтың жаршысы ретінде көрінді, сыншылардың айтқандарына пысқырып та қарамайтын. Оқиғаларды әдемілеп жеткізу жолында оны ештеңе де мазалай алмады. Кинг кәсіби жазушы деген ұғым туралы белсенді ойланды және соған жетті.

    Бұл жыл ол үшін өте қаурт өткен сияқты. Шілде айында өзінің кезекті туындысы «Кім тапса, сол алады» (Finders Keepers) шығарды және қараша айында қысқа әңгімелерінің жаңа жинағы жарық көрмекші. Осы сұхбаттан кейін көп өтпей оған президент Барак Обаманың қолынан Өнердің Ұлттық Медалі (National Medal of Arts) табыс етілді.

    Анджела Аллан : Танымал маркеттер қалай ықпалды бола алады және өздерінің имиджін қалай қалыптастырады, «Кім тапса, сол алады» сияқты «бренд атты» қалай жасайды дегенге қатысты сіз тамаша үлгі жасадыңыз. Авторлық қожалық пен әдеби меншік туралы сұрақ бізді қызықтырады: Жылдар бойғы сіздің жұмысыңызға қатысты өзіңіз үшін табысты деп санайтын имидж қалыптасты ма, бар ма?

    Стивен Кинг: Жоқ. Мен осы негізгі жолымда өзімнің белгілі тұлғаға айналғанымды аңғардым, бұл жазушылар үшін ерекше дүние. Бірақ бұл әрине, менің шығармашылығымның қалыптасып қалған бағытты жалғастыруға ниетсіздігінің жемісі деп түсінемін. Шындығында жазушылар құпия агент болуды ойлайды және біздер  үздіксіз алға жылжып отырғандықтан бәрін көреміз сосын оларды мүмкіндігінше сыртқа шығарамыз. Кейде баяғы нәрселерге қайта оралған кезде менің ойым өзгере бастайды, менің көрегендерімнің бәрі түрін өзгерткен дүниелер екен, айтпақшы, халық та мені солай көреді. Мен әлі күнге дейін бұны әрі қарай терең зерттеуге тырысқан  жоқпын, алайда, солай, бұл өзгерістер күннен күнге жалғаса берді.

    Мысалы, кешкісін серуендеуге шыққанда, сыртта жүрген халық кітаптарына қолтаңба сұрайды тіпті қонақ үйдің сыртына шықсаң да олар тағы қолтаңба сұрап келіп жатады. Бірақ олар бұл әркеттерін өздерінің үлкен әжесі үшін немесе соқыр ұлдары үшін жасап жатқанын айтады, бірақ шындығына келгенде бұның барлығы eBay немесе Крейгслист, не осыған ұқсас интернет дүкендерінің пайдасы үшін ғана болатын. Бұл маркетингтің ерекше мінезінің бір түрі ғана, сен бұндай әртүрлі әдістермен айналаңдағы кино, тв, рок жұлдыздарын біріктіре аласың.

    Бұл өмір терминологиясында әртүрлілікті құрайды. Бірде мен жазуға тиісті әңгімемен отырғам, менде бәрі жоғалып кетті. Мәдени араласулар, жанр туралы немесе сыншылардың көркемдік туралы болашақ пікірлері жайында да ештеңе ойламаймын. Бәрі жоғалып кетеді. Бірақ олар тек алғашқы жобада ғана ғайып бола тұратын. Сосын біраз уақыттан кейін сіз жазуға қайта оралғанда олардың шындығында маңызды екенін түсінесіз. Бұл мен үшін жарқын арпалыс.

    Сіз медия тәжірибеңізде әртүрлі сайттарға инвестор болдыңыз,  «Оқ үстінде атпен шабу» алғашқы электронды кітабіңіз болды, бұл «Өсімдік» сериялымен жарияланды. Соңғы шығарғаныңыз «Мастанған отты жұмыс» аудиокітап ретінде көрінді. Сондай -ақ сіз телевидение, кино және сахна үшін де жаздыңыз. Өзіңіз қалай ойлайсыз, осы аудиторияыңыз осы оқиғалардың лебімен әрі қарай жалғасты ма?

    Біріншіден, бұлардың көбі негізінен «Оқ үстінде атпен шабу» шығармасымен бірге жасалды, электронды кітап, сосын романдар сериялы, бірақ бұның барлығы  «81 миля» мен «Ур» жасау туралы жоспардан туған болатын. Басқаша айтқанда, бұл, мен жұмыс бастағанда және көрсеткенде ішінде болмау технологиясының бір бөлігі ғана еді. Солай, бұл жерде табанды тәжірибе және егер мен бұған тырыссам не болады? Бұл неге ұқсайды? Бұл жаңа гүлге ұқсайтын шығар.

    Және егер саған отбасың қолдау көрсетсе әрі табысты болсаң бұл өте жақсы нәрсе. Банкке біраз ақша қойсаң, күннен күнге финанс жағынан бәрі дұрыс бола бастайды. Егер сен бір жаңа дүниені қаласаң, сен оған тырыса аласың.

    Сірә, кино мен телевидениенің істеп жатқаны дұрыс емес. Олар мені алдын ала жасап қояды, және үлкен кеңістікке құрып тастайды. Менің алғашқы редакторым Билл Томсон «Кэрри», «Салемнің жеребесі», «Нұр», «Түнгі кезек»  жұмыстарына редактор болды. Оның «Кэрри» туралы былай дегені бар: «Бұл жазушы өз миының жобалаушысы.»

    Осы шығармалардың көбі негізінен кино индустриясына сатылды, себебі олардағы ситуациялар қарапайым және визуальді кеңістікке жақын болды. Мен киномен өстім, бұл өнер менің бүкіл болмысымды қалыптастырды. Мен кино көріп отырып оны оқитынмын да. Мен әр нәрсені көру жүйесімен (визуальді түрде) қабылдайтынмын. Бұл сезіну мен колледж оқып жүргенде күшейе түсті.  Ол уақытта көптеген поэтикалық курстарға қатысатынмын. Дәл сол кезде халық түсінігінде елестету немесе көру идеясы туып жатқан, яғни айтуға тиісті дүниелердің бәрін алдымен көру керек. Демек  кейіпкердің көңіл -күйі нашар екенін сөзбен айтудың қажеті жоқ, оны көрсету керек, түсінікті болардай бірнәрсе көрсет, міне керегі. Және бұл маған өте табиғи көрінеді. Көп фильмдердің сәтсіз шығатыны да сондықтан яғни визуальді кеңістік жетпей жатады. «Мардымсыздық» және «Шоушенкадан қашу» сияқты қысқа шығармалар, меніңше, визуальді мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білді деп ойлаймын.

    «Күмбез асты» телевидение сериалы, күмбезді негізгі идея етіп ала отырып жасалған туынды сәті түскендіктен қатарынан үш маусымын да шығарды. Бірақ бұл сәттіліктің кіліті тек оның әдеби мықтылыығында ма: характер, тақырып, дамуы, оқиғаның баяндалуы және тағы сол сияқты нәрселерге байланысты ма?! Сіз табысты бола алмасаңыз, әрине, бұларды сағынасыз. Мен көптеген фильмдерге жаздым және «Калейдоскоп қорқыныштары» өте табысты болды. Ал қалған кейбіреулері мүлде табыс әкелген жоқ. Мен минисериалдарды жақсы көремін, олар бар болғаны үш, төріт бөлімнен тұрады. Меніңше, ең сүйікті жұмысым және маған соншалықты табыс әкелген фильм «Ғасыр дауылы». Бұл Фридрих Дюрренматтдың «Келу» шығармасына көбірек ұқсайды. Мен енді қайталанатын, оралатын дүниелерді жақсы көре бастадым. Бұл туралы ой «11/22/63» ішінде көрінді деп ойлаймын. Джеймс Франко тамаша, ол оқиғаны қалай әңгімелеу керектігін біледі.

    Телевидениедегі минисериалдар мен эпизодтардың барлығының әдеби нұсқасы бар. Мен өзімді алдыға қарай асыға тартамын, «Сындырар салмақтылық», «Жүретін өлік» бұлардың барлығы өте керемет туынды деген бағасын алды себебі оларда қызықтырғыш тартылыс пен тереңділік қатар тоғысқан болатын.

    Сіздің көптеген шығармаларыңыз әдеттегі жанр шекарасында әртүрлі ой туғызады. Жанр мәселесіне байланысты өзіңіз қалай ойлайсыз?

    Бұл бір мазаны кетіретін сұрақ. Себебі мен өзімді белгілі бір жанрдың жазушысы деп ойламаймын, бірақ мені халық хоррор, фантастикалық немесе ғылыми көркем әдебиеттің өкілі деп есептейді. Бұл сен жеңе алмайтын күрес. Таза әдебиет пен коммерциялық әдебиет арасындағы қарсылық немесе американдық әдебиет мен жанрлық әдебиеттегі қарсылық, бұл қалай болмасын, сен шын мәнінде қаламайтын күрес.

    Жанр кітаптар тізімін жасайды, бұл маған да қатысты. Кездейсоқ оқырмандар былай дейді, «Мен романтика оқығым келеді.» Ия, бұл қазір өте қол жетімді, қалаған романтикалық шығарманы кез келген Harlequin сияқты сайттардан оңай табуға болады. «Күңгірттіктің елу көлеңкесі» таба алатын шығарсыз немесе жаңа сериялдарды, тіпті эротик романтиканы да таба аласыз. Бірақ сіз не үшін бұлардың арасынан «Ребекка» немесе  «Уақыт саяхатшысының әйелі» болмаса «Жүз жылдық жалғыздық» сияқты романдарды көре алмайсыз. Олардың барлығында жанрлық әдебиеттің элементтері бар және бұл менің шығармаларыма да қатысты. Мен хоррор жанрындағы туындыларды оқып өстім: Роберт Блох, Ричард Мэтисон, Говард Филлипс Лавкрафт, Август Дерлет, осы авторлардың барлығын. Мен әлі күнге дейін осы жанрды сүйіп оқимын, бірақ шынында тамаша дүниелер табу өте қиын. Мен блогтардан және интернет магазиндерден барық жанрды қарауға тырысам, бірақ бәрін бірдей оқымаймын.

    Мен өз басымда осы тақырыпта талас туғанда, Мерседес мырзаның идеясы ойыма оралады, сосын теледидар көремін. Мен Флоридадан осы Мэнге келіп Оңтүстік Каролинаға тоқтаған кезде теледидардан бір оқиға туралы айтып жатқандарын көрдім. Әңгіме қыз бен жігіттің арасындағы кішкентай нәрседен басталып үлкен қылмыстық қанды оқиғаға айналады. Сонда мен өзіме «Бұл нағыз детективті шығарманың желісіне арқау болар дүние, бірақ бұл менің қолымнан келмейді, мен жазатын оқиға емес.» дедім.  Біраз жылдар өткенен кейін сен артыңа қарағанда өзің шындығында қалаған бірақ жаза алмаған шығармалар болады. Себебі ол сенің жанрыңа сәйкес келмеген еді. Әрине, мен сізге жанр маңызды емес деп айта аламын, бірақ бұл сенің әдебиеттегі дәрежеңді анықтайды ғой, сондықтан бұл маңызды екені анық. Қалайда болмасын мен алға қарай жылжи беремін және жаза беремін.

    Негізінен жанр туралы көп адам былай түсіндіреді, «жанр дегеніміз бұл формаларды біріктіру яғни шығарманың құрылымдар арқылы бір пішінге келуі». Ал бірақ сіздің «Қараңғы мұнараның ішінде» атты сериалыңызда сіздің жасаған характерлеріңіз шындығында ешқандай формаға бірікпейді. Бұл жерде сонда тек идеяны ойнату ғана жүзеге асып тұр ғой, солай ма?

    Бұл сұрағыңыз тағы жанр мәселесіне тіреліп тұр ма? Жақсы, сіз айтқан сол көп халықтың ойы тап бір кішкентай баланың әңгімесіне ұқсайды. «Мен мына тамақты жегім келмейді, себебі бұған мен жақсы көрмейтін басқа бірдемелер араласып кеткен.»

    Дұрыс. Маған «Калланың қатігездігі» атты тарауы қатты ұнайды.

    «Қараңғы мұнара» кітаптары түгелдей дерлік төбелес. Бұл жерде вестерн бағытындағы сюжет негізгі роль атқарады. Сондай ақ, фантастикалық және ғылыми көркем әдебиеттің де элементтері де жетерлік. Мен колледж оқып жүргенде бұл нәрселерден онша хабарым болмаған еді, кейін мифтік архетиппен жұмыс жасауды үйренгенен кейін, мендегі қызығушылық одан да күшейе түсті. Егер менің қолымнан бір нәрсе келсе, қашанда мен оны жасап қалуға тырысатынмын.

    Сіз жақында Нью Йорк Таймсқа жазушылар және өнімді табыс туралы эссе жаздыңыз. Бұл жерде сіз еңбек ету формасы туралы жаздыңызба? Өзіңіз қалай ойлайсыз, жалпы жазушылық кәсіптің басқа жұмыстардан қандай айырмашылығы бар?

    Жақсы, бұл мен үшін өте тамаша жұмыс. Себебі мен күніне небәрі 4 сағат ғана жұмыс жасаймын. Жазушылар қандай уақытта болмасын әртүрлі болған. Энтони Троллоп әдетте таңғы сағат төртте орнынан тұрып, кешкі жетіге дейін жазумен айналысатын болған. Ал, Джон Ирвинг күні бойы жазумен отырған. Бірақ мен олар бұлай қалай өмір сүрген еш түсіне алмаймын.

    Менің естуімше, Бальзак түні бойы жазумен айналысқан.

    Дұрыс.Томас Вулф та түні бойы жазумен отырған. Бірақ мен үшін қайта оралуды және қайта жазуды барынша азайту керек. Сонымен қатар, қазір менің де жасым келіп қалды. Бұрын жас кезімде көп жазатын едім, тіпті әртүрлі екі жобада қатар жұмыс жасай беретінмін. Мен жаңа дүниелерімді кейде тәңертең, кейде түнде жазамын. Бірақ олар бастапқыда ешқандай табыс әкелмейтін. Кейін көп кешікпей экранизацияланатын. Содан кейін ғана олар жақсы бірдемеге айнала бастайды.

    Менің новеллист екі ұлым бар. Джое Хилл және Овин Кинг. Джое балам маған көбірек ұқсайды. Ал, Олвин аздап жалқаулау, әлсіздеу және әсершіл. Джое қазір попкорннан бас тартуға тырысып жүр. Ол маған өзімнің 30 жастағы кезімді есіме түсіре береді.

    Сіз публицистикалық шығармаларыңызда суық қаруларды бақылау мен салық салушылар туралы да ойыңызды ашық білдірдіңіз. Өзіңіз қалай ойлайсыз, сіздің романдарыңыздан қандай да бір саяси идеяларды табуға болама?

    Мен ашынып жазған халықтан келген хаттарды жиі алып отырамын. Олардың айтқандары шындыққа жанасатын. Ия, мен бүкіл өмірімді бір нүктеге арнадым. Әрине, түгелдей демей -ақ қояйын. Әйелім сізге болашақта менің 1968 жылғы сайлауда Ричард Никсонға дауыс бергенімді айтатын болады, себебі ол өз жоспарында біздің әскерді Вьетнам териториясынан шығаруға күш салатыны туралы баяндады. Ия, мен оның бұл уәдесіне сендім. Кейін ол маған былай деді. «Ия, менде ондай жоспар болғаны рас болатын, бірақ бұл сайлаудан бұрын айтылмады.» Мен оған дауыс бердім, оның жоспары болашақтағы көп нәрселерді шиеленістіруге әкелді.

    Мен радикалды көзқарастағы тұлғамын. Менің саяси ұстанымым қашанда  жасалып жатқан әркеттердің тек шынайы жағында болу. Мэн штатында өстім және менің бүкіл туыстарым республикашылдар еді. Олар республикалық партияға және демократияға серт бергендер болатын. Мен Вьетнам тақырыбында радикалды жақтамын. Және бұл саяси ойында көп балалар да радикалды көзқараста болды. Мен әлі күнге дейін оң қанаттардың жасап жатқандарын түсіне алмаймын, ақылыма сыймайды. Бәрібір де бұл халық өзінің хиристиян өкілі екенін білдіреді. Шынымды айтсам, мен әлі күнге дейін  осы екі саяси стандартты түсіне алмай -ақ қойдым.

    Мен республикалық кандидаттарды көргенде ерекше жүйкем тозады және Бен Карсон өте нашары. Ол біздің ұлттық қарызымыз және болашақтағы ұрпағымызға сол қарызды қалай мұра ететініміз туралы айтады. Олардың басым көпшілігі осы бітпейтін қарыздар туралы және соған ие болар балаларымыздың болашағы туралы ғана айта береді. Бірақ олардың ешқайыссы қоршаған ортаның қауіпсіздігі немесе біздің балаларымыз қорғаныш бет пердесін қалай киюі қажет сияқты дүниелерді ешқашан айтпайды.  Бұл мені қатты мазалайды.

    Мен жазуға отырған кезде кейіпкерлеріме байланысты екі жақты көзқарасты да ашып көрсетуге тырысам. Әр сюжет кейіпкер характерінен өрбиді. Бірақ мен деректі әдебиетке кіріскенде, бұл маңыздырақ болғандықтан  әдеттегідей былай айтуға болмайды: «Мені біреулердің мазалағанын қаламаймын немесе әлеуметтік желілерге кірмеймін.» Мен халықтарды қорқытқым келмейді, бұлар жай ғана менің көзқарастарым. Ия, жоғарыда айтылған суық қаруларды бақылауға қатысты нәрсе де осы менің жеке көзқарастарымның қатарына кіреді. Мен Джон Леннонды өте жақсы көремін, ол, « Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз» дейді.

    Жақында, сіз Барак Обаманың қолынан Өнердегі Ұлттық Медальді алдыңыз. Бұл құрмет соңғы жылдары жазылған жұмыстарыңызға берілді және әдебиеттегі дәрежеңізді тағы да көтере түсті. Өзіңіз бұл туралы не айтасыз?

    Мен сахнада тұрғанда өзімнің шындығында жанрлық және халықтық жазушы екенімді көрдім. Мен бұл туралы ешқашан айтқан емеспін және ешқашан түсіндіруге бағытталған немесе ашуға толы хаттар жазған емеспін. Қазір мен өзімді барынша сабырлыққа шақырып әрі қарай жұмыс істеуге тырысудамын. Әрине, іштегіні сыртқа шығарып тұру маңызды ғой, бірақ сыни тұрғыдан келгенде тыныштық сақтап әрі қарай жұмыс жасаған әлде қайда дұрыс деп есептелінеді.

    Әдебиет сынында егер сенің жазған дүниеңе адамдар бірдей көзқарас білдірсе онда бұл жерде бір шикілік бар деген сөз, демек сенің жұмысыңда бір үлкен қателік жатыр. Сен қате бірдеме жасап тұрып және жүйкең тозып былай дейсің, « Менікі дұрыс, ал қалғандарінікі қате.» Бірақ әдетте қайта қарағаннан кейін не болады, бәрі басқаша айтып шыға келеді. Мен алғаш рет «Әртүрлі мезгілдерді» жарыққа шығардым, бұл төрт новелладан тұрды. Және әрбір шыққан сайын мен мынаны естідім, «Бұл өте жақсы кітап, тек мына бір жұмысты қоспағанда.» Бірақ бұлар ешқашан ұқсас оқиғалар болған емес.

    Көп сыншылардың көзқарасында әсіресе ескі көзқарастағы кісілердің ойында мен бұзушылардың қатарындамын.  Хоррор жанрдағы жазушымын және сыншылар менен реал іздеп әуре болады. Және көп сыншылардың жұмыстары шынайы сын дәрежесіне жетпей қалады содан кейін жоқ болады. Дәл қазіргі сыншылардың біразы менімен бірге өсті және олар менің шығармашылығыммен өте ерте кезден таныс болды. Олардың барлық жұмыстары мен еңбектерінде ашық ойлау тенденциясы бар. Бұл негізінде өте маңызды нәрсе.

    Харольд Блум сияқты ескі мектептің сыншыларының көзқарастары менің жүйкеме тиеді. Олар қазіргі Америка мәдениетін жақсы түсіне алмайтындай көрінеді. Олар әдебиеттегі эволюция Шервуд Андерсондың кезеңімен тоқтап қалғандай қабылдайды. Ия, одан әрі 1953 жылға дейінгі шыққан Фолкнер және Хемингуэйді де мойындайды.  Кезінде Джон Стейнбек те тамаша кітаптарымен сыншылардың үмітін ақтай алмаған.  Теодор Драйзер, американ трагедиясы туралы айтса олар тек былай дейді, «Ол проза стилін ластаушы»  Ия, ол сондай болған! Оның Керри әпкесін немесе  Америка трагедиясын ешкім тарихтан алып тастай алмады. Бұлар америка әдебиетінің нағыз жауһарлары болып қала берді. Немесе Фрэнк Норрис туралы ешкім айтпайды, бірақ артында қаншама тамаша кітаптар қалды. Стивен Крейнның да жағдайы дәл солай болған, ешбір сыншының ықыласына бөлебеген себебі ол пролетариат жазушы болған.

    Мен түсім көк. Мен көк түстілердің ішінен шықтым. Мен ресторанға бармадым, ол жерде мейілінше сақ болу керек ғой. Мен киім сияқты басқа заттарды да алмадым. Менің қолымнан оқу келді. Мен Америка әдебиетінде жұмыс жасап жатқан әрбір тұлғаны қатты құрметтеймін. Филип Рот пен  Бернард Маламуд, мен шындығында бас иетін тамаша жандар. Харольд Блум сияқты сыншылармен келісе алмаймын, себебі олар Джим Томпсонды немесе Росс Макдоналдты өз дәрежелерінде бағалай алмады.

    Бұл бір Бинго ойыны сияқты. Әрине, қалайда болмасын мен бұл құрметті сыйлыққа ие болғаныма өте қуаныштымын. Әдебиеттегі сыйлықтар жазушыларға әрі қарай жүруіне үлкен жігер береді. Харольд Блум сияқтылар бұған да қарсы. Бірақ бәрі өз жалғасын таба береді. Бұл үлкен дискуссия тудыратын мәселе.

    Сұқбаттасқан:

    Гарвард университетінің әдебиет тарихының оқытушысы
    Анджела Аллан

    25.10.2015  LARB/ The Los Angeles Review of Books

    Аударған Мерей Қосын

    1
    507
    0