Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сұхбат алаңы

Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің проблемаларын шешу жолдары. Қаламыздағы жас кәсіпкерлер мемлекеттік мекемелермен кездесті. Осы кездесуді Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты: кәсіпкерлердің заңға енгізілген жаңалықтармен бөлісу. Мемлекеттік сатып алудағы жаңа үрдіспен танысты.

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне жастар көкөйлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап ала білді.

Кездесуге Павлодар облысы бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өңірлік  филиалы, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы әкімі аппаратының "Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы", Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы, Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы" қатысты.

 
1
0
462

Осы тақырып бойынша

Сұхбат алаңы - Yvision.kz