ҚР АШМ БҰҰДМ-мен бірлесе журналистер арасында байқау жариялайды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе журналистер арасында органикалық ауыл шаруашылық өнімдерін насихаттауға арналған байқау жариялайды.
Конкурстың мақсаты – халықтың органикалық ауыл шаруашылық өнімінің пайдасы туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру; экологиялық таза, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттау және т.б.
Байқау 2016 жылғы 15 сәуірден 30 мамыр аралығында өткізіледі. Қатысам деушілер Ұйымдастыру комитетіне өз жұмыстарын көрсетілген мекен-жайға жолдау тиіс: Астана қ., Бөкейхан к., 14, БҰҰДБ офисі, тел.: +7/7172/69-65-50, немесе электронды мекен-жайға:[email protected] көшірмесі [email protected].
Конкурс қорытындылары 15-30 маусымға дейін БҰҰДМ мен ҚР АШМ-нің сайттарында жарияланады.
Байқау жеңімпаз-жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады (ноутбук, планшет, фотоаппарат).
Толығырақ ақпаратпен БҰҰДМ-нің сайтында танысуға болады (http://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/ru/home/presscenter/pressreleases/2016/04/14/-.html).
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
[email protected]
www.minagri.gov.kz
