Мазмұнға өту

Жаңа

Назгүл Нұрбаева — Жобалық басқаруға деген бетбұрыс

Назгүл Нұрбаева - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы

 

Техника мен технология дамып, барлық саладағы әлемнің озық үлгілерін өзімізге өлшеп көрген сайын, біздің елде де әртүрлі мамандықтар, сан түрлі салалар ашылып жатады. Соның бірі, әрі бірегейі ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ.

Екі сөзді екі бөлек қарастырсақ, мағынасын бүгінде жұрттың бәрі біледі. Дегенмен, «жоба» ұғымы адамның алған тәжірибесін синтездеуге үйрену, білімді қалыптастыру және мақсаттарын жоспарлаудан басталатын өзінің түпкілікті тамырлары бар адамзат өміріндегі құбылыс. Мұнда адам оған берген әлемді түрлендіріп, білімі мен еңбегінің арқасында мақсаттарына қол жеткізе отырып дамиды. Өзі ғана емес, айналасын, қоршаған ортасын, қоғамды, қала берді мемлекетті өркениет көшіне ілестіреді. Ал енді басқару деген мағынадағы «менеджмент» сөзімен байланысқанда не береді? Оның өнімі не?

Әуелі жобалық менеджменттің атқаратын қызметін түсіндірмес бұрын, бірнеше мысалға көз жүгіртейік.

Әлемдегі алып әрі көз тартатын ғимараттардың бірі – Австралияның символына айналған Сидней опера ғимараты. Өткен ғасырдың 73 жылы королева Елизаветаның қатысуымен ашылды. Бір қарағанда ешқандай кедергісіз бір деммен салынған сияқты көрінеді. Алайда ол да көптеген үлкен ғимараттар секілді, ұзақ әрі сатылы түрде салынды. Алғашқы жобасы 1959 жылы басталып, үш жылдан кейін жобаның бюджеті үш есе өскен. 1966 жылы даниялық архитекторы Йорн Уотсон жобадан босатылып, 1967 жылы жаңа архитектор тағайындалады сөйтіп, жоба 1973 жылы ғана аяқталады.  Жобаның басынан аяғына дейін ғимараттың шығыны он есеге өскен. Ал енді жоба табысты іске асырылды деп айта аламыз ба?

Сондықтан жобаның басталу кезеңінде оның барлық көрсеткіштері нақты айқындалуы және тиісті дәрежеде жоспарлануы тиіс, жобаның одан әрі іске асырылуы осыған тікелей байланысты болып табылады.

Ірі жобалардың іске асырылуының негізгі басқарушылық қателіктері:

  • Жобаның мақсаты, көретін нәтиже мен орындау мерзімі айқындалмаған;
  • Жобаның стратегиясы мен іске асыру жоспары шикі әзірленген;
  • Жобаны басқару сауатты әрі кәсіби ұйымдастырылмаған;
  • Жобаға қатысушылардың мақсат-мүдделеріндегі қайшылықтар;
  • Жобаның ішкі және сыртқы ұйымдармен тиімсіз байланысы.

Осындай ірі жобаларды қаржыландырумен айналысатын Дүниежүзілік банкі әлемнің әр елінде осы сынды 157 жобаны қаржыландыру барысында түрлі қиындықтарға тап болған. Ірі инфрақұрылымдық жобалармен байланысты негізгі проблема тапсырыс берушінің, жоба менеджерінің және мердігердің атқаратын қызметтерінің дұрыс белгіленбеуі және жауапкершілік шеңберінің айқындалмауы болып отыр.

Міне, сол себепті де қазіргі уақытта ең тиімді өзгерістерді басқару әдісі жобалық менеджмент. Жобалық менеджмент (Project Management) – бұл бірінші кезекте дамуы төмен  заңнама және салық жүйелерімен, бағалардың өсуін әлсіз бақылау мен ресурстар дефицитімен, тұрақсыздық және белгісіздік жағдайларында өзгеріс шарттары және даму жүйелерінде тиімді басқарудың универсалды технологиясы мен жобаларды әзірлеу мен іске асыру құралы.

Егер мемлекетке, қоғамға немесе кәсіпорынға даму және өсу, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, міндет пен мақсаттарын іске асыру үшін кешенді проблемаларды шешу қажет болса, ең жақсы әдіс – бұл оң тәжірибе базасында басқаруды стандарттау.

АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және т.б. елдерде өздерінің жобаларды басқарудың ұлттық стандаттары бекітілген.

Жобаларды басқаруда заманауи тәсілдер ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Барлық стандарттар сақталып жүзеге асқан жоба ретінде Парсы шығанағының жағасындағы Катар мемлекетіндегі сұйылтылған газ шығару зауыты және оған қызмет көрсету бойынша теңіз терминалын айтуға болады. Жүзеге асырған негізгі мердігер Жапонның «Chiyoda» компаниясы. 1993-1998 жылдары жүргізілген бұл құрылысқа әлемнің елу елінен шамамен екі мыңға жуық компания қатысқан. Жобаның бюджеті шамамен $1,7 млрд. Бұл жоба кәсіби басқару және заманауи ақпараттық технологияларын, оның ішінде  Intel Sat  спутнигі мен Интернет ғаламдық желісі арқылы телекоммуникациялар: Electronic Data Management System (EDMS), Global Communication System, Project Material Management System, New Project Management Tools, Project IT қолдану арқылы жүргізілді. Жобаны әбден пысықтау, өндірісті ұйымдық-технологиялық дайындау, жұмыстарды кешенді жоспарлау, жобаның ілгерілеу жұмысына тұрақты мониторинг жүргізу және оның негізгі параметрлерін бақылау, сонымен қатар белгіленген көрсеткіштерден орынсыз ауытқу және пайда болған проблемаларды шешу бойынша шешімдерді уақтылы қабылдау нәтижесінде жергілікті кадрлар болмауына қарамастан (құрылыс жұмыстары кезінде алаңда тоғыз мың адамға дейін жұмыс атқарды) Араб шөлінің қиын жағдайларында іске асырылған бұл жоба талап етілген сапамен сәтті аяқталды. Ең маңыздысы – жоғарыда айтылған қиындықтарға қарамастан бастапқыда белгіленген бюджет 11%  үнемделген, жоба жоспарланған мерзімінен сегіз ай бұрын аяқталған. Міне, дұрыс әрі сауатты жобалық менеджменттің жемісі!

ҚХР-нда 15 күн ішінде 30 қабатты үй құрылысының мысалы таңғаларлық! Бұл жобаның менеджерлері жете жоспарлаудың арқасында фантастикалық жылдамдық көрсетумен қатар әлемдік стандарттардан 20 есе жоғары қоршаған ортаның зиянсыздығына қол жеткізді! Бұдан басқа, материалдарды алты есе және энергияны бес есе үнемдеуге қол жеткізілді.

Бұндай сауатты жоспарланып, сәтті аяқталған мысалдарды да көптеп келтіре беруге болады.

Статистикаға жүгінетін болсақ, жобалық басқару құралдарын тиімді қолдану жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсалатын қаражатты шамамен 15-20%-ға, уақытты 20-30%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді екен.

«Жобалық басқару – күрделі жобаның құрылымын дамыту әдісі, мұнда уақыт, құн, ресурстар және адамның  мінез-құлқы тәрізді тәуелсіз ауыспалы өлшемдері ұштасады» - дейді Рори Бурке, Enablement кәсіпорнының аға жоба менеджері (Стэмфорд, АҚШ).

Сарапшылардың бағалауы бойынша әлемде 24,4 млн. аса маман әр түрлі салаларда түбегейлі өзгерістер жүргізу, жаңа өнімдер мен қызметтерді құру бойынша жобалық бағыттағы қызметке тартылған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 32,6 млн. дейін өседі деген болжам бар. Яғни, жыл сайын бұл мамандарға деген сұраныс та арта түседі деген сөз.

Қазақстанда жобалық менеджмент саласында оң өзгерістер 2014 жылы басталды. Өткен жылдың қазан айында «Жобаларды басқару бойынша нұсқаулық» СТ РК ISO 21500:2014 стандарты қабылданды, биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Былтыр 27 қараша күні Астанада I Халықаралық жобалық менеджерлердің конгрессі өткен болатын. Сол жиында отандық және шетелдік сарапшылар «Қазақстанның мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ын мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша жобалық офис ретінде тану идеясын көтерді. Және бұл ұсыныс сарапшылар тарапынан қолдау тапты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының қызметі инвестициялық жобалармен тікелей байланысты. 2015 жылдың қараша айында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» жаңа заң қабылданған болатын. Осы заңның қабылдануына байланысты МЖӘ Орталығын  мемлекеттік органдар үшін жобалық офис ретінде қалыптастыру, Think Thank орталығына айналдыру тұжырымдамасын іске асыруды мақсат етіп отыр. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың жобалары, салалық бағдарламалар, жол карталарын әзірлеу барысында МЖӘ Орталығы жинаған білім және тәжірибе базасында, ақпараттық басқару жүйелері, жобалық офис активтері арқылы сервистік қызметтерін көрсететін болады.

Яғни, бұл сала кенже дамып, енді ғана қолға алынып жатқанымен жарқын болашаққа ұмтылған біз секілді жас мемлекет үшін өте маңызды.

 
2
0
992

Cот жалған хаттамалар жасағаны үшін бұрынғы полиция қызметкеріне 1,5 млн астам теңгеге айыппұл салды

Өскемен қаласының № 2 соты дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалап, лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдаланды деп айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/oskemende-sot-zhalgan-hattamalar-zhasagany-ushin-buryngy-policiya-kyzmetkerine-bir-zharym

0
0
586

Құны алтыннан да жоғары

Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі: «уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амалдарды жасап,ізгілікке қол жеткізуге болатынын сұрау үшін келдім» деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Сұрақтарыңды қой, мен жауап берейін» деді.

Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауапты берді:

-   Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді.

-   Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.

-   Адамдардың ең байы болғым келеді.

-   Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.

-  Ең әділетті кісі болғым келеді.

-  Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.

-  Адамдардың ең жомарты болғым келеді.

-  Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.

-  Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді.

-  Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.

-   Иманымның қуатты болғанын қалаймын.

-   Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.

-   Алладан шын қорқатын адам болғым келеді.

-  Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.

-  Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді.

-  Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тиыл, бойсұнушылардын боласың.

-  Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын.

- Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.

-  Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын.

-  Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.

-  Күналарымның азайғанын қалаймын.

-  Көп тәубе ет, күналарың азаяды.

-  Шүкіршіл құлдардан болғым келеді.

-  Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.

-  Барлығынан күшті - қуатты болғым келеді.

-  Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.

-  Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын.

-  Үнемі дәретпен жүр.

- Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді.

-  Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.

-  Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын.

- Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.

- Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын.

-  Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.

-  Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?

-  Көз жасы, итағат ету және ауру.

-  Алла қай амалды жақсы көреді?

-  Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.

-  Алла қай амалды өте жек көреді?

-  Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.

-  Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?

-  Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.

-  Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?

-  Қайғы – мұңда сабыр ету.

-  Алла мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) сүйіктісі болғым келеді.

-  Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, - деп жауап берді.

 
-3
0
1609

Жемқорлықтың алдын алу — мектеп табалдырығынан

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мамандарымен № 8 эстетикалық тәрбие беретін орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына дәріс оқылды.

Қай мемлекеттің болмасын, ілгерілеуін іркілтетін ішкі індеттердің бірі – жемқорлық. Жаһанның жағасына жармасқан жұқпалы дерт Қазақстанда да жоқ емес. Сондықтан, сыбайласқан қылмыстық әрекеттердің алдын алу мектеп табалдырығынан басталуы тиіс.

Осы мақсатты көздеген Департамент мамандары, оқушыларға жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөнінде олардың өмір жолында қажет болатын пайдалы кеңестерін беріп, 2015 жылы әшкереленген жемқорлық құқық бұзушылықтардан бірқатар мысалдар келтірді.

Өскелең ұрпақты Қазақстанның «Transparency International» тәуелсіз ұйымымен жемқорлықты қабылдау деңгейі жөніндегі жыл сайын өткізілетін рейтингісінде 123 орынға тұрақтағандығы қуантты. Өйткені бұған дейін еліміз 150-ші орындардың арғы бетінде болатын.

Кездесу соңында, оқушылар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болулары үшін Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары таныстырылды.

 
0
0
705

Жастар «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ!» дейді.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде  Ақмола облыстық филармониясында  «Студенттік көктем-2016» фестивалі өтті. Фестивальға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты.

Фестивальдің мақсаты - облысымыздың талантты жастарының рухани-адамгершілік, шығармашылық және мәдени жетістіктерін сақтап қалуға және  арттыра түсуге, сондай-ақ, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Қ. Жапақов фестивальдің қатысушылары мен жеңімпаздарынқұттықтай отырып, «Мен екінші жыл қатарынан  «Студенттік көктем» фестиваліне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Облысымызда талантты, шығармашыл жастардың көп екеніне тағы да көзім жетіп отыр», - деп атап өтті.

«Үздік бейнеролик» аталымына И. Стыбаевтың «Коррупции НЕТ»  ролигі ұсынылды.

Іс-шараға 400-ден астам ақмола жастары қатысты.

 
0
0
398

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өзінің өңірдегі шеруін жалғастыруда...

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов    облыстық  «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде  Ақмола облысының Бурабай ауданына барды. Сапар барысында Департамент басшысы Бурабай ауданының идеологиялық активінің жұмысына қатысты. Жиналыс барысында Ұлт жоспары 100 нақты қадамды Ақмола облысында жүзеге асыру мәселелері, Әдеп кодексінің негізгі бағыттары талқыланды. Аудан әкімі аппаратының басшысы М. Жауков өз баяндамасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Бурабай ауданында өткізілген іс-шараларды қорытындылады. Идеологиялық активтен кейін Қ. Жапақов «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында өткізіліп отырған бірқатар іс-шараларға  қатысты (флешмоб,  асфальттағы сурет байқауы), Марафонның Бурабай ауданындағы шеруінің аяқталуына арналған велошеруге қатысты. Іс-шаралар аяқталған соң Бурабай ауданының әкімі Т. Ташмагамбетов облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасын Еңбекшілдер ауданына салтанатты түрде табыс етті. Еске сала кетейік, а.ж. 14 сәуірде Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының шекарасында облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Бурабай ауданына табысталған болатын. Ағымдағы жылдың 27 сәуірінен 12 мамырына дейін «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Еңбекшілдер ауданында өткізілетін болады.

0
0
353

Астанада «KIOSH-2016» халықаралық конференциясы және көрмесі ашылды

Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай VI Қазақстандық халықаралық конференциясы мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады.

Конференцияның мақсаты – кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру.

Іс-шараға  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Ресей, Монғолия, Қырғызстан еңбек инспекцияларының өкілдері және т.б. қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Үкімет пен ҚР ДСӘДМ жұмыс орындарында қауіпсіз әрі денсаулыққа зияны жоқ еңбек жағдайларын жасауға айырықша мән беріп отырғанын атап айтты. Өйткені, бұл – үйлесімді еңбек қатынастары мен еңбектің өнімділігін арттыруға арналған базалық негіз болып табылады.

«Ресми деректерге сүйенсек, 2015 жылы тексеруден өткен 1,6 млн. өндіріс жұмысшыларының 367 мыңы, немесе әрбір төртінші азамат қауіпті әрі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген. Өткен жылдың нәтижелері бойынша 675 мың адам зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін қосымша еңбек демалысы, үстемақылар, қысқартылған жұмыс күні және т.б. түріндегі өтемақы алды. Аталған мақсаттарға жұмыс берушілер 103 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7%-ға ұлғайған», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Министр өткен жылы еліміздің өндіріс орындарында еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігін басқарудың замануи жүйесін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін еске салды. Мемлекет еңбек заңнамасын бұзған жағдайдағы  үшін жауапкершілікті күшейтумен қатар, жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі белсенділігін ынталандыратын жағдай жасайды. Сонымен, 2016 жылдан бастап жұмыс берушілердің еңбек жағдайларының сәйкестілігін ерікті түрде мағлұмдауы енгізілді. Бұл – мұндай кәсіпорындарды мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеру көлемін азайтуға ықпал етеді. Сонымен бірге, Еңбек кодексінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде бірігіп іс-шаралар атқару үшін  жұмыс беруші мен жұмысшы тараптары өкілдерін біріктіруге негізделген өндірістік кеңесті құру көзделген.

«2017 жылға қарай өндірістік кеңестер зиян әрі қауіпті еңбек жағдайларындағы барлық кәсіпорындарда құрылатын болады, ал 2020 жылға қарай – барлық орта және ірі кәсіпорындарда құрылады», - деді Тамара Дүйсенова.

Ол сонымен қатар, Қазақстанда ЭЫДҰ және Халықаралық еңбек ұйымының қауіпсіздік стандарттарына сай кәсіби қауіп-қатерлерді басқару тетіктері кезең кезеңімен енгізілетінін атап айтты. Лайықты жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ету мақсатында өтіп кеткен қайғылы оқиғаларға байланысты әрекет жасаудан оның алдын алуға өту шаралары жүзеге асырылатын болады.

«Біз 2030 жылға қарай өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттану көрсеткіштері айтарлықтай азайып, әлемнің дамыған елдеріндегі деңгейге жетеді деген үміттеміз», - деді Министр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов конференция қатысушыларына еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайларын жақсарту мақсатында жүргізіліп отырған жұмыстар туралы хабарлады.

«Зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс орындарын қысқарту және өндірістік жарақаттану жағдайларын кезең кезеңімен қысқарту мақсатында соңғы 5 жылда жұмыс берушілер 12 мыңға жуық өндіріс нысандарында еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау жұмысын жүргізіп, 1400-ден астам кәсіпорын еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарды енгізді», - деді ол.

Сонымен бірге, жұмысқа байланысты оқыс оқиғаларды талдау нәтижесі көрсеткендей,  өндірісте жыл сайын 2 мыңнан астам оқыс оқиғалар орын алатындығын, оның ішінде 300-і өлімге әкелетіндігі белгілі болып отыр.

«Өндірістік жарақаттың ең жоғарғы көрсеткіші Қарағанды облысына тиесілі (294 адам), Шығыс Қазақстан облысында (216 адам), Қостанай (153 адам), Павлодар (164 адам) және Алматы қаласында (137 адам). Ең көп зардап шеккендер құрылыс саласында және тау-кен металлургия кешенінде (646 адам) екені анықталып отыр», - деп атап айтты Ақмәди Сарбасов.

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруі барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 1504 нұсқама беріліп, 79,8 млн. теңгеге 647 айыппұл салынды.

«Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына төнген қауіп-қатерге байланысты анықталған бұзушылықтарды жоюға дейін 27 өндіріс нысандарының, 7 бірлік жабдықтар мен механизмдердің жұмысы тоқтатылды және 376 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына 1974 материал жіберіліп,  оның ішінде 180-і бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.

2 күндік шара аясында өндірісте еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге экономиканың әсер етуі; еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша заңнаманы сақтай отырып кәсіпорындарда ішкі бақылауды жүзеге асыру; жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; өндірісте болатын жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін кәсіби тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылатын болады.

Форум аясында 2 дөңгелек стол ұйымдастырылады:

Қазақстанның қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік: проблемалары мен перспективалары

Жеке және ұжымдық қорғаныстың құралдарына арналған Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың өзекті мәселелері: үрдістері мен перспективалары.

Сонымен қатар, форумда саладағы ең үздік маман атағын анықтайтын «Қорған» ұлттық салалық конкурсының қорытындысы және республиканың жұмыс берушілерінің арасында еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша «Сенім» конкурсының нәтижесі белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, «KIOSH» көрмесі – тәжірибе алмасу және өндірістік қауіпсіздік саласында соңғы жылдары жеткен жетістіктерімен бөлісуге арналған Қазақстандағы жалғыз арнайы алаң. Көрмеде құрылыста, көлікте, энергетикада, химиялық өндіріс, тау-металлургиялық, мұнай-газ салаларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған  өнімдер мен қызметтер толық ұсынылған.

Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік қорғауы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару мақсатында Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні етіп жариялаған болатын.

 
0
0
408

Дін және жастар

Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» және Жастар орталықтары бірлескен Баянауыл аудандық №16 агарарлық – техникалык колледжінде жастардың діни сауаттылығын көтеру, олардың бойына қазақстандық патриотизімді сіңіру, халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін құрметтеу, түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында студентермен кездесу өтті. Кездесуге колледж студенттері мен ұстаздары қатысты.

Кездесу барысында дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры С.Сапарғалиев қасиетті «Ислам» діні жайлы әңгіме қозғап, дініміздің «Ислам» деп аталу себебін және оның мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, дін атын жамылған керағар ағымдардың жасап жатқан іс әрекеттері дінімізге жат әрекеттер екендігін ескертті.

Жастар орталығының директоры Р.Ильдин орталықтың жұмысы және ауданда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы бойынша мәлімет берді.

Бүгінгі таңда еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес. Себебі ел жастарының дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез-келген діни ғимаратқа бара қалсаңыз,ондағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді.

Семинар соңында студенттер тарапынан көкейкесті сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді.

 
0
0
970

Студентке кеңес немесе ақша табудың жолдары

Студенттік кезде ақша тапшылығы әсіресе айқын байқалады: көптеген жылдар бойы ата-анасының алақынында өскен жасөспірімдер ендігі кезекте қаржының жұмсалуын өздері бақылап, кейде бір айға жоспарлаған ақшасын бір аптада тауысып жатады. Бұл сирек емес жағдай студенттердің санасында “қалай ақша тапсам болады?” деген сауалды тудырады.  Сонымен, дипломы жоқ, оқу процесіндегі студентке қандай жолдармен қаражатты көбейтуге болатынын қарастырып көрейік.

1. Үнемдеңіз.

Бұл ережені әлемдегі ең бай отбасылардың бірі Рокфеллердің өздері ұстанған. Қаражатыңыздың қайда жұмсалып жатқанын анықтау үшін, арнайы күнделік арнап, сатып алынған заттарыңызды жазып қойыңыз. Ұсақ-түйекке күнделікті қанша ақша кетіретініңізді көргенде, қажеттіліктеріңізді азайтуға тырысасыз. Өкінішке орай, маркетинг жақсы дамыған заманда қатты қажет емес заттарды санасыз алып жататынымыз бар. Сондықтан, жоспарлап қойған “must have” заттарыңызды ғана сатып алыңыз. Және есіңізде сақтаңыз: сізде қанша ақша бар екендігі маңызды емес, маңыздысы – сіздің қанша ақша жұмсайтыныңызда.

2. Бойыңыздағы қабілеттерді зерттеңіз.

Егер сіз белгілі бір талант иесі болсаңыз, жақсы портрет сала алсаңыз, актерлік, әншілік шеберлігіңіз болса немесе киім тіге алсаңыз, дәмді тағамадар әзірлей алсаңыз т.б., дереу қабілетіңізді пайдаға асырыңыз. Мереке-тойларда ән айтып, фотограф болып та, жүргізуші болып та біраз қаржы табуға болады. Аспасзыдық өнеріңіз болса, торттар жасап,таныстарыңызға сатсаңыз болады. Сөзіме сеніңіз, сіздің де қолыңыздан бір нәрсе келеді. Бастысы, ерінбей еске түсіріп көріңіз!

3. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынас орнатыңыз.

Сіздің жаныңыздағы әр адам – ақпарат көзі. Неғұрлым көп адамдармен сөйлессеңіз, соғұрлым көкжиегіңіз кеңееді. Бастысы, білімді әрі табысты тұлғалармен әңгімелесу.  Өзіңізді жан-жақты, білімді, қабілетті азамат ретінде көрсете білсеңіз, таныстарыңыз сізді ашық вакансияларларға, ақша төленетін жауапты жұмыстарға, қаржыланатын студенттік жобаларға ұсынуы мүмкін.

4. Тың идеяларға ашық әрі ғашық болыңыз.

Менің әлі мектепте оқитын бір таныс досым  шетелде білім алып жатқан қазақ жастарымен ғаламторда танысып, жақсы қарым-қатынас орнатып алды. Қазір болса, әлгі шетелдіктер досымның Qiwi-әмиянына ақша аударып, жақындарына сыйлық ретінде қажетті заттардың тізімін жазып жібереді. Досым сыйлықтарды дүкеннен сатып алып, шетелдіктердің туыс-туғандарының мекен-жайына апарып, ұсынады. Сыйлықтан қалған ақшасын қалтасына салатын досым қазір қомақты қаржы жинап алды. Болашағына деген жоспарлары керемет. Бұдан түйетін ой: ақша аяғымыздың астында жатыр.

5. Табысты адамдардың өмірін зерттеңіз.

Роберт Кийосаки айтпақшы, бай адам  мен кедей адамның ойлау жүйесі екі түрлі болады. Ауқатты болу үшін, ақшаға ауқаттылар сияқты қарау керек. Кітап беттерін ақтарып, қаржыға деген сауаттылығыңызды жоғарлатыңыз. Ақша – бұл нәтиже. Нәтижеге дейінгі жолдарды сол нәтижеге жеткен адамдардан біле аласыз.

Ақша таба білу –  өнер емес, ақшаны иелене білу – өнер.  20 сағат бойы жұмыс жасап тапқан 5000 теңгеңізді келесі күні-ақ жұмсап тастауыңыз мүмкін. Шамалы ой жүгіртіп, күнде 5000 теңге тауып отыруыңыз мүмкін. Таңдау еркіңіз өзіңізде.

Өкініштісі, университетте оқитын студенттерден болашақ “құлдарды” дайындайды. Біреудің қарамағында жұмыс жасап, тиындап тапқан ақшасына шүкіршілік ету, жұмыста лауазымы арту үшін бірнеше жылдар бойы үздіксіз жұмыс жасау. Бұның бәрі кедейлік сана. Сондықтан, құрметті студент, өзіңнің күшіңе сеніп, басыңды іске қос!

 
0
0
1964