Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастар «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ!» дейді.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде  Ақмола облыстық филармониясында  «Студенттік көктем-2016» фестивалі өтті. Фестивальға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты.

Фестивальдің мақсаты - облысымыздың талантты жастарының рухани-адамгершілік, шығармашылық және мәдени жетістіктерін сақтап қалуға және  арттыра түсуге, сондай-ақ, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Қ. Жапақов фестивальдің қатысушылары мен жеңімпаздарынқұттықтай отырып, «Мен екінші жыл қатарынан  «Студенттік көктем» фестиваліне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Облысымызда талантты, шығармашыл жастардың көп екеніне тағы да көзім жетіп отыр», - деп атап өтті.

«Үздік бейнеролик» аталымына И. Стыбаевтың «Коррупции НЕТ»  ролигі ұсынылды.

Іс-шараға 400-ден астам ақмола жастары қатысты.

 
0
0
353

Осы тақырып бойынша

Жастар «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ!» дейді. - Yvision.kz