Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дін және жастар

Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» және Жастар орталықтары бірлескен Баянауыл аудандық №16 агарарлық – техникалык колледжінде жастардың діни сауаттылығын көтеру, олардың бойына қазақстандық патриотизімді сіңіру, халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін құрметтеу, түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында студентермен кездесу өтті. Кездесуге колледж студенттері мен ұстаздары қатысты.

Кездесу барысында дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры С.Сапарғалиев қасиетті «Ислам» діні жайлы әңгіме қозғап, дініміздің «Ислам» деп аталу себебін және оның мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп берді.

Сондай-ақ, дін атын жамылған керағар ағымдардың жасап жатқан іс әрекеттері дінімізге жат әрекеттер екендігін ескертті.

Жастар орталығының директоры Р.Ильдин орталықтың жұмысы және ауданда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы бойынша мәлімет берді.

Бүгінгі таңда еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес. Себебі ел жастарының дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез-келген діни ғимаратқа бара қалсаңыз,ондағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді.

Семинар соңында студенттер тарапынан көкейкесті сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді.

 
0
0
923

Осы тақырып бойынша

Дін және жастар - Yvision.kz