Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықтың алдын алу — мектеп табалдырығынан

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мамандарымен № 8 эстетикалық тәрбие беретін орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына дәріс оқылды.

Қай мемлекеттің болмасын, ілгерілеуін іркілтетін ішкі індеттердің бірі – жемқорлық. Жаһанның жағасына жармасқан жұқпалы дерт Қазақстанда да жоқ емес. Сондықтан, сыбайласқан қылмыстық әрекеттердің алдын алу мектеп табалдырығынан басталуы тиіс.

Осы мақсатты көздеген Департамент мамандары, оқушыларға жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөнінде олардың өмір жолында қажет болатын пайдалы кеңестерін беріп, 2015 жылы әшкереленген жемқорлық құқық бұзушылықтардан бірқатар мысалдар келтірді.

Өскелең ұрпақты Қазақстанның «Transparency International» тәуелсіз ұйымымен жемқорлықты қабылдау деңгейі жөніндегі жыл сайын өткізілетін рейтингісінде 123 орынға тұрақтағандығы қуантты. Өйткені бұған дейін еліміз 150-ші орындардың арғы бетінде болатын.

Кездесу соңында, оқушылар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы жаңалықтардан хабардар болулары үшін Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары таныстырылды.

 
0
0
648

Осы тақырып бойынша