Салтанатты ашылу рәсіміне Бас директордың орынбасары, Еуропа мен Орталық Азиядағы FAO-ның аймақтық өкілі В.О. Рахманин және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г. Исаева қатысты.
FAO-ның байланыс және серіктестік жөніндегі бюросының ашылу жөніндегі келісім-шартқа қол ҚР Үкіметімен FAO арасында 2015 жылдың 23 мамыр айында қойылды.
Елімізде FAO өкілділігінің ашылуы бұл Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық координациялауға дайындығының көрсеткіші. Қазақстан үшін басым бағыттарының бірі – офис арқылы FAO-мен және оның құрамына кіретін елдермен жедел жұмыс істеу және тығыз ынтымақтастық орнату мүмкіндігі.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың соңында Қазақстанда «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды, ол органикалық өнім өндірісінің дамуы үшін жағдай жасап, органикалық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстан алдында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ауқымды міндеттерге орай FAO-мен ұсынылатын техникалық және кеңестік қолдау, ақпараттық ресурстарды қолдану мүмкіндігі үлкен маңызға ие.
Қазақстанда құрылған FAO-ның офисі құрылғалы отырған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен (АҚИҰ) тығыз ынтымақтаспақ.
Справочно:БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO)БҰҰ-ныңжүйесіне кіреді және халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысады. FAO азық-түлік және ауыл шаруашылығы қатысты ақпаратты жинайды, саралайды және таратады. Сондай-ақ, ұйым мүше-мемлекеттерге техникалық көмек көрсету қызметімен айналысады. Қазіргі таңдаFAO-ның құрамына 198 мемлекет кіреді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөніндегі бірігіп жасалған іс-шаралар Жоспарына сәйкес, а.ж. 27 сәуірде Мамлют ауданында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мемлекеттік орган өкілдерінің, Мамлют қаласы тұрғындарының қатысуымен жергілікті атқарушы органдарда тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдерін, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде, аудан орталығының тұрғындары «Нұр Отан» партиясы Мамлют аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың жеке қабылдау өтетіні ақпараттандырылған. Азаматтарды СҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев қабылдап, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі жөнінде сұрақтармен жүгінген Мамлют қаласының төрт тұрғынына қажетті түсіндірмелер берді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері «Жастар бастамасы орталығы» КММ бірге Мамлют қаласындағы ХҚКО-да «Ашық есік күні» акциясын өткізді, іс-шара барысында азаматтардың мемлекеттік қызметтер деңгейімен қанағаттануы туралы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға 40 адам қатысып, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы өзекті сұрақтарға жауап берілді.
Бұл әлеуметтік зерттеумен Мамлют қаласы № 2, 3 орта мектеп оқушыларының 110 ата-анасы да қамтылды. Олар білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің рәсімдері мен сапасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.
Мамлют ауданының білім бөліміне білім мекемелеріне тарату үшін қоғамдық бірлестікпен бірге жасалған мемлекеттік білім қызметтерін алуға стандарттар мен қажетті құжаттар тізімі бар кітапшалар берілді.
Күннің екінші жартысында облыстық әкімдік, Мемлекеттік корпорация, «ҰАТ» АҚ өкілдері, Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мемлекеттік органдарының басшылары, кадр қызметінің мамандары, заңгерлердің қатысуымен семинар өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратпен Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Қ. Қасымов сөз сөйледі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңның негізгі жаңалықтары жөнінде Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко баяндады. Осыған қоса, семинар қатысушылары мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік әдеп талаптарын ұстану мәселелері бойынша тексеріс нәтижелері жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырылды. Өзекті мәселелер талқыланып, мүдделі ведомстволар өкілдерімен жауаптар берілді, мемлекеттік органдар мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерін жетілдіру мәселесі жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
Семинар аяғында Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мемлекеттік мекемелер өкілдері арасында заңнаманы білуге блиц-сауал өткізіліп, мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаевпен іс-шара қатысушыларына есте қаларлық сыйлықтар табыс етілді.
2016 жылы Үкіметтің ағымдағы жылғы 18 ақпандағы «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы» Қаулысын іске асыру шеңберінде 1259 оралмандар отбасын жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіру жоспарланып отыр.
Тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды орналастыру аймақтық квоталары келесі кезекте бөлінген: Павлодар облысында – 690 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында – 260 отбасы, Ақмола облысында – 123 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында – 108 отбасы, Батыс Қазақстан облысында – 29 отбасы, Атырау облысында – 28, Қостанай облысында – 21 отбасы.
Жоғарыда аталған Қаулыда жұмыс күшіне сұраныс мол аймақтарға қоныс аударғысы келетін ҚР азаматтарын көшіру де қарастырылған. Бұл бағытқа 463 қоныс аударушы отбасын қабылдау квоталары бөлінген: Павлодар облысында – 300 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында – 101 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында – 40 отбасы, Қостанай облысында – 22 отбасы.
Аймақтық квоталар тізіміне кіретін оралмандар мен қоныс аударушыларға, сондай-ақ олардың отбасыларына көшу кезінде көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасу, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Аймақтық квотаға өтінім беру кезінде оралман куәлігі бар тарихи отанына келген этникалық қазақтар қатыса алады. Оралман мәртебесін алу және квота тізіміне енгізу мәселелері бойынша тұрғылықты мекен-жайына қарай облыстық, Астана, Алматы қалалары жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтінім білдіруге болады.
Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап ҚР ДСӘДМ қолдауымен оралмандар мен қоныс аударушыларға қажетті толық ақпаратты қамтитын «Ұлы көш» ақпараттық порталы өз жұмысын бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, 1991-2015 жылдар аралығында 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақтар тарихи отанына оралып, оралман мәртебесіне ие болды. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ын құрайды.
Алдағы келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтай отырып, әкем Қорған мен оның досы (тамыры) Иван туралы баяндамақпын.
Кейде бұқаралық ақпарат құралдарында достық, ұлттар достығы туралы айтылып не көрсетіліп жатады. Бірақ, көбінесе жасанды екені көрініп тұрады. Ал шын достық басқаша болатынын бала кезімнен білемін.
Қазір менің әкем 89-ға келді, өмірінің басым бөлігін Қостанай облысының аумағында, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында өткізді. Әке-шешесінен, ең жақын туған-туысқандарынан ашаршылықта ерте айрылған ол, жастайынан қиыншылықты көп көріп, колхоз-совхоздарда еңбек етті, тыл жұмыстарын атқарды. Зейнеткерлікке шығар алдында кеңшарда директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметінде болды. Іссапарларға көп шығып тұрды, сондай қызметтік іссапарлардың бірінде облыстық тұтынушылар қоғамында қарапайым жүргізуші болып жұмыс істейтін Иван деген орыс жігітімен танысты. Кейін ол таныстығы достыққа ұласты.
Әкем әр жаз мезгілінде біздерді ертіп Қостанайға баратын, өз кезегінде Иван баласы Юрамен және әйелі Верамен біздің ауылға, біздің үйге келетін. Балық аулайтын, қырға шығып киіктерге қызыға қарайтын, жайлауға баратын. Біз оларға қонаққа барсақ, қолдарынан келгенше ет асып, асты-үстімізге шығып жататын.
Ол қазіргінің ақшаға сатылған заманындағыдай «жасанды достық» емес, шынайы достық еді. Ал олардың танысқан кезі өткен ғасырдың 50-ші жылдары болатын, Иван қайтыс болғанша (90 жылдардың соңында) қарым-қатынастарымыз үзілген жоқ, кейін жалғыз баласына қарайлап қалған Верамен байланысымыз жалғасын тапқанымен, Вера қайтыс болған соң, Юрамен араласуымыз сиреді.
Кейде маған мынадай ой келеді. Тамыр деген ұғым түркі халықтарының көбінде бар екен, бірақ орыс пен қазақтың тамыр болуы өзі бір ерекше және жиі болмайтын құбылыс.
Патшалық Ресей қазақ даласын отарлай бастаған дәуірде кешегі отырықшының көшпенді халықтың өкілінсіз далада өмір сүруі мүмкін емес еді. Мұның шаруашылық жағынан да және сауда, алыс-беріс жағынан да рөлі болған сияқты.
Бірақ маған әкем мен Иванның бір бірін сыйлауы, құрметтеуі, қалалық пен ауылдықтың, мұсылман мен христианның, көшпенді мен отырықшының, қазақ пен орыстың шын достығының үлгісі болып есімде қалыпты.
Соңғы бір аптадағы ең маңызды жаңалықтардың бірі білім жүйесіне енген өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептерде үштілді үйрету жүйесіне көшуі, бескүндік оқу аптасының енгізілуі және оқу жылының ұзартылуы туралы ата-аналарға түсініктеме беріп жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ елін үш тілді жетік менгерген халық ретінде танып білуі керек деп айтқан болатын. Осыған байланысты тележурналист, сениор лектор Шынар Ыдырышқызының пікірін білген едік.
-Шынар Ыдырышқызы Елбасымыз халыққа жолдаған жолдауында «үш тұғырлы тілді білу – баянды болашақтың кепілі» деген болатын. Осыған байланысты қандай пікірдесіз? Бұл саясаттың маңыздылығы неде деп ойлайсыз?
- Бұл - мемлекет басшысының және Білім және ғылым министірлігінің енгізіп отырған үлкен білім жүйесінің реформасы. Бұл қажеттіліктен туындап отыр деп ойлаймын.Өйткені ағылшын тілі - бүкіл әлем тілі. Әлемді танып білу үшін ең алдымен ағылшын тілін білу керек. Сіздер білесіздер бізде жастарға арналған «Болашақ» бағдарламасы бар. Осы бағдарлама шет елге шығып, елді көріп, олардың мәдениетін, экономикалық дамуын біздің жастар көрсін, үйренсін деп бағытталған бағдарлама. «Болашақ» бағдарламасын ұтып алу үшін міндетті түрде ағылшын білуіңіз керек. Көп білімді балалар ағылшын тілін білмеу салдарынан осы бағдарлама грантын ұтып ала алмай жатады. Енді тағы бір факті бойынша «Болашақ» бағдарламасы әлем бойынша Қазақстанда және Қытайда ғана бар. Қалған бірде-бір мемлекет жастарды оқытуға мұндай қаражатын жұмсамайды. Бұл деген Қазақстан әлемдік экономикалық дамудан, тек экономика ғана емес, бүкіл мемелекеттің дамуына қажетті қандай сала бар, содан қалмау үшін жастар шет елден оқып келіп елімізде жүзеге асыру үшін жасалынып отырған жақсы бағдарлама. Жоғарыда айтып өткенімдей ағылшын тілінсіз жолдама алмайсыз. Демек ағылшын тілін мектептерге енгізудің маңыздылығы осыда деп есептеймін.
-Елімізді әлем халқы үш тілді пайдаланатын білімді мемлекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілімізді дамытып, орыс тілін қолдап және ағылшын тілін үйрену керектігі қазрігі уақытта ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Осы жайында айта өтсеңіз? Өзіңіз үш тілді меңгергенсіз бе?
- Біздің кезімізде ағылшын, француз, неміс тілі сияқты бір шет тілі болды. Бірақ қазіргі кездегідей оқуға мүмкіндік болмады. Орыс және қазақ тілін жетік білеміз, дегенмен көптеген ақпараттар ағылшын тілінде. Ғаламтордың өмірге келуі бізге қаншама ақпарат әкеліп отыр. Алайда менің ағылшын тілін нашар білуімнің салдарынан мен сол ақпараттарды ала алмаймын. Мысалы мен қазір журналистика саласында үлкен зерттеу жұмысымен айналысып жатырмын телевидениеге байланысты. Сіз білесіз, біз Еуропадан экономикалық жағынан қаншама жылға артта қалып жатырмыз. Енді сол ғылыми жұмысқа мысал ретінде сол елдердің телевидениясын барып көріп, жұмысты жан-жақты жетілдіргім келеді. Бірақ ағылшын тілін таяз меңгергендіктен, маған кедергі келтіреді. Қазір өзімді орта буын өкілі ретінде өз баларымен бірге ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Өйткені ағылшын тілін білмесем мен барлық ақпарат ағымдарынан қалып қоямын. Ал қалмас үшін, одан әрі даму үшін тілді білу қажетті.
-Білім саласында жүргендіктен 2019 жылдың қыркүйегінде мектептердің 10-11-шы сыныптарына 4 пәнді ағылшынша өткізгелі жатқандығы туралы естіген боларсыз.Әр нәрсенің жақсы мен жаман жағы бар екендігі анық. Мектептерге үш тілділікті енгізуге байланысты қоғамда екі түрлі пікір қалыптасып отыр. Сіз ата-ана ретінде қандай ой айтасыз? Балаларыңыздың осы жүйе бойынша білім алғанын қалар ма едіңіз?
- Бұған байланыты бір нәрсе айтқым келеді. Бұл жерде қазақ мектептеріне қазақ, орыс, ағылшын деп қосудың қажеті жоқ. Тек қазақ, ағылшын болсын деп ойлаймын. Қазақстанда орыс тілі қарым-қатынас тілі. Бала орыс тілін онсыз да меңгеріп алған. Сондықтан қазақ мектептері үшін қазақ, ағылшын; орыс мектептері үшін орыс, ағылшын болып қалғаны дұрыс деп есептеймін. Қазақ мектептеріне тағы бір тілді қосудың қажеті жоқ деген пікірдемін. Бұл менің ата-ана ретіндегі жеке ойым.
-Уақытыңызды бөліп сұхбат беруге келіскеніңіз үшін рахмет!
Танымал журналист, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «PRжәне маркетинг» бөлімінің директоры, «KT Group»ЖШС бас директоры,доцентТимур Сержанұлы жастар арасында «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдау мақсатымен Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы эстафета бастады.
- Эстафета елге, соның ішінде жастарға «біліктілік пен білімдеріңізді жетілдіріңіздер, ары қарай өркендете беріңіздер» деген мақсатпен жасалынған дүние. Жастар арасында мейлінше көп тіл білуді насихаттауымыз керек. Абайдың «Бір тіл білсең - бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың» деген сөзі бар. Тіл білген адам өлмейді.
- Елбасының жолдауында көрсетілгендей «Мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз» деген мақсатпен елімізде үш тұғырлы тіл саясаты жүргізілуде. Осыған байланысты мектептерде кейбір пәндерді ағылшын тілінде өткізу туралы жаңа бастама пайда болды. Сіздің өзіңіздің осы өзгерістерге деген көзқарасыңыз қандай? Жалпы, керек дүние ме?
- Бұл кеше басталған жұмыс емес. Бұл бұрыннан бері жасалынып жатқан жұмыс. Өзіміздің бабамыз Абай орыс тілін білмесе Пушкинді қалай аударды? Сәкен Сейфуллин, Шоқан Уалиханов жарты Азияны аралап, Қашқарияға қалай кірді екен, қытай тілін білмесе... Қазақ айтады: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді ұмытпа» деп. Бар мәселе осында. Міндетті түрде әрбір тілді білсін, жетік меңгерсін, дегенмен қазақ тілін ұмытпасын!
- Мысалы, сіз бір жерге жұмысқа орналасуға келдіңіз. Мен сізден сұраймын қанша жалақы қажет екендігін. Сіз «жүз мың теңге» дейсіз. Мен сізге «жүз елу мың теңге жалақы берейін» десем, сіз «жоқ, жүз мың теңге» деп келіспейсіз. Ағылшын тілін меңгеруде дәл осылай. Министрлік бізге бонус беріп жатыр, оқысын, үйренсін, білсін деп. Ал біз қарсы шығып отырмыз.
-Қоғамдық пікірлерге және өзіңіздің «қазақ тілін ұмытпасын» деген сөзіңізге сүйенсек, сабақтың ағылшын тілінде жүргізілуi қазақ тілінің дамып, нығаюына кедергі келтірмейді ме?
- Мен кедергі келтірмейді деп ойлаймын. Неге? Өйткені адамға байланысты. Ой - өрісіне, керек болса рухына байланысты. Тілді білу тек мектептен емес, үйдегі ата анасының тәрбиесіне де қатысты екенін ұмытпаған жөн. Мәселен, сіз үйіңізде қазақша сөйлемей, орысша не ағылшынша сөйлесіңізші, қанша жерден мектепте қазақша оқытса да, ертең балаңыз да сіз сияқты қазақша сөйлемейтін болып шығады. Мен бір кісілерді білемін, полиглоттарды, төрт бес тіл білетін. Бірақ өзінің орыс тілін ұмытқан жоқ. Мен бір полиглоттарды білемін екі үш тілді білетін, бірақ қазақ тілін ұмытқан жоқ. Неліктен деп ойлайсыз? Олардың ішкі рухы мықты, өз тілдерін сүйеді. Сондықтан қайталап айтамын, қазақ тілін ұмыту адамның ішкі рухына, адамның өзіне, тәрбиесіне байланысты.
- Полиглоттарды білемін деп қалдыңыз, енді сіз өзіңіз неше тіл білесіз? Сол полиглоттар қатарына сізде кіресіз бе?
Енді менің неше тіл білгенім кімге керек екен (күліп)? Негізі мен өзім үш тілді білемін. Өзімнің анамның тілі қазақ тілін, орыс тілі және ағылшын тілдерін. Кәріс тілі мен француз тілдерінінен хабарым бар.
-Көптеген елімізге танымал азаматтар үштілділікке қарсылық танытып, ашық хаттар жолдауда. Осыған қатысты қандай пікір айта аласыз?
- Негізінен біздің мемлекетіміз демократиялық болған соң, қабылданып жатқан заңға, енгізіліп жатқан өзгерістерге қатысты әр адам өз ойын білдіруге құқылы. Егер мектептерде сабақ тек қазақ тілінде не болмаса тек орыс тілінде өтсін десе, мен ең бірінші болып ашық хат жазар едім. Бұл жерде барлығы ағылшынша сөйлеп кетсін деген әңгіме емес, әлем күн сайын жаңарып жатыр. Бұл ретте ағылшын тілінің маңызы өте зор. Бар мәселе жаңа бастаманы дұрыстап түсінуде болып отыр. Қазір ағылшын тілін білу адам таңқаларлықтай жаңалық болмай қалды ғой. Енді кейбір азаматтар бүгін қарсылық танытып жатқанымен, бұл жүйе ертең өз жемісін беретініне сенімдімін.
-Ал, әке ретінде өз балаңыздың үш тілде білім алуына қалай қарайсыз? Балаңыздың болашағына қандай әсерін тигізеді деп ойлайсыз?
Жалпы, кез келген ата ана баласына сапалы білім бергісі келеді. Әке ретіндегі парызым жақсы білім беріп, өзім де балаларыма үлгі болу. Менің өзімнің ұлым төрт жаста. Ағылшын курстарына барады. Менің төрт жасар кезімдегідей емес, ағылшынша біраз нәрсені үйреніп қалды. Біздің кезімізде өкінішке орай мұндай мүмкіндіктер болған жоқ. Негізінен баланы кішкентайынан ағылшын тіліне үйретсең, бәсекеге қабілетті болып өседі. Ертең шет елдің бір адамының алдында өз позициясын еркін қорғай алады. Мектептерде барынша жағдай жасап жатыр, баланың тегін ағылшын тілін үйренуіне. Жастайынан оқыса, мектеп бітіргенде ағылшын тілін жақсы меңгеріп шығатыны анық. Осы тегін дүниеден қашып отырмыз ғой. Құдай адамға көтере алмайтын жүк бермейді. Қазір оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері бар. Әрі баланың әке шешесі қолдау көрсетіп, демеп отырса балаға ауыр болмайды, тез ақ үйреніп кетеді.
Тимур Сержанұлы уақыт бөліп сұхбаттасқаныңызға үлкен алғысымды білдіремін! Сіз сияқты көп тіл білетін, көп тіл білсе де кейбір жандар секілді қазақ тілін ұмытпай, емін еркін сөйлей алатын азаматтарымыз көбей берсін!
Жоғарғы Соттың атына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкодан хат келіп түсті. Хатта ол Сыртқы істер министрлігіне келіп түскен Францияның Қазақстандағы Елшілігінің алғыс хат нотасының мазмұнын хабарлаған. Елшілік Қазақстанның жоғары сот органының «Chivas Holdings (IP) Limited» компаниясының талап арызын қанағаттандыру жөніндегі қаулысына қатысты өз алғыстарын білдірген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті БҚО ҚАЖ департаменті РУ-170/2 мекемесімен бірлесіп, РУ-170/2 мекемесінің жеке құрамына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негіздері» тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.
Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері Е.Тулепкалиев, БҚО бойынша ҚАЖ РУ-170/2 мекемесі бастығы м.а. әділет подполковнигі Г.Турганалиев және жеке құрам қатынасты.
Семинар-кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша елімізде атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат беріліп, жаңа қылмыстық кодекс пен мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексі түсіндірілді.