Мазмұнға өту

Жаңа

Көктем -парфюмерші

Көктемнің алғашқы жаңбыры себелеп жаптыда лезде басылды. Аспандағы жайлаған қою сұр бұлт салмағын жоғалтқанмен тарқамады. Тек жоғары көтеріліп астындағы кеңістікті кеңейтті. Жылыжайдағыдай ауа-райы орын алды. Ауаға „көктем„ атаулы хош иісті әтір бүркілгендей. Одан, жапырағы жайылып үлгермеген талдың бүршік қауыздарын біріктірген шайырдың және көк теректің бүршігінен қылтиған жасыл жапырақтың иісі сезілді.

0
0
547

«Біз — миллион панфиловшылар!» эстафетасы

Дүйсенбі күні Даңқ Ескерткішінің алдыңда «Біз - миллион панфиловшылар!» ұранымен «Жеңіс туы» облыстық әскери-патриоттық эстафетасының бастауын берген митинг өтті. Эстафета жыл сайынғы «Патриот» республикалық акциясының аясында өткізіліп, бұл жылы аты аңызға айналған Панфилов девизиясы мен Мәскеу түбіндегі шайқастың 75-жылдығына арналған.

Эстафета барысында мектеп әскери-патриоттық клубтарының арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.

Салтанатты митингте құттықтау сөзбен және ізгі ниетпен білім беру басқармасы басшысының орынбасары С.Н. Мұқанова, қорғаныс істер Департаменті бастығының орынбасары Д.А. Буксман, Павлодар қ. мен Павлодар облысы Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері және басқа да жергілікті соғыстар ОФ директоры Б.Н. Майкотов тілектерін білдірді.

Құрметті қонақтар эстафета Туын жеткізу құқығын Ақсу қ. мектеп-лицейінің әскери-патриоттық клуб белсенділеріне табыстады. Кейін эстафетаны Екібастұз қ. оқушылары қабылдайды.

     
0
0
728

Республикалық ветеринариялық зертхана “Халык маркасы” сөрелеріндегі отандық өнімдерді сараптамадан өткізеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

25.04.2016 ж.                                                                            Астана қ.

Отандық өнімдерді алға жылжытуда «Халық маркасы жобасы» рөлі айтарлықтай маңызды. Жобаның көрме павильондары  нарықта өнім өндірушілер мен тұтынушыларға оңтайлы жағдай жасайды. Павильондарда ұсынылған отандық өнімдер ҚР АШМ  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-да өнімдердің барлық қауіпсіздігін анықтау бойынша зертханалық зерттеулерден  өтеді. Бүгінде табиғи бал, ірімшік, шұжық өнімдері мен тауық жұмыртқалары зерттеуден өтті.
ҚР АШМ мемлекеттік ветеринариялық зертханалары 2015 жылы 117 мың бақылаудағы тауарлардан сынамаларды алып зерттеуден өткізді, оның 1,5 мыңы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі тұтынушылардың отандық өнімдерге деген сенімін арттыру, сонымен қатар Қазақстанда өндірілген өнімдерге деген  тұтынушылық  сұранысты ынталандыру және шығарылатын тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанда және ЕАЭО деңгейінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сонымен қатар, препараттардың мүмкін  дәрежедегі қалдық санының, тамақ өнімдері және азықтық шикізаттарда қосындылардың нормативтері нормативтік құжаттармен және техникалық регламенттермен реттелген.
Атап өтетін жағдай, сапалы салқындатылған өнімдерді өндіру және қолдану маңызды. Ондай өнімдер ерекше салқындату жүйесінен өткендіктен олардың құрамы деформацияға ұшырамай барлық пайдалы қасиеттері сақталады.

Анықтама: «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-на 206 зертханалық корпусы бар.
«РВЗ» РМК- ның облыстық/аумақтық зерттеу зертханалары СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 «Зерттеу және калибрлеу зертханалар біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар» сәйкес аккредитациядан өткен, сонымен қатар  «РВЗ РМК орталық аппаратының менеджмент жүйесі Халықаралық ИСО 9001:2008 стандарт талаптарына сай деп танылған.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
[email protected]
www.minagri.gov.kz

 
0
0
1111

Сол бір жан өлеңі орындайтын Айгүл Сағымбайқызы

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Сөзі – Мағираш Сарикова

Өлеңді орындаған – Айгүл Сағымбайқызы

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

 

https://www.youtube.com/watch?v=mzMaqxw-bOk

 

"Сол бір жан" атты өлеңін тыңдағыңыз келсе, көрсетілген сілтеме арқылы тыңдай аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=mzMaqxw-bOk

1
0
1091

Жыл басынан бастап Жамбыл облысының 2,4 мыңнан астам тұрғыны «Өрлеу» жобасының аясында әлеуметтік көмек алды

2016 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысында «Өрлеу» жобасының аясында жалпы сомасы 19,6 млн.теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 14,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 5 млн. теңгені құрайтын шартты ақшалай көмек (ШАК) 437 отбасына (2 мың 411 адам) тағайындалды.

ШАК алушылардың ішінде 63,2%-ы 18 жасқа дейінгі балаларды (1 мың 526 адам), 20,7% - жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды (501 адам), балалар күтімімен айналыстан адамдар - 12%-ды (291 адам), жалдамалы жұмысшылар – 1,1%-ды (28 адам), күндізгі оқу бөлімінде оқитындар - 1,7%-ды (43 адам), мүгедектер - 0,7%-ды (17 адам), зейнеткерлер - 0,2%-ды (5 адам) құрап отыр.

Жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 501 адам қамтылды. Бұл жұмысқа жарамды қатысушылардың 94,7%-ын құрайды. Оның ішінде 207 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы атанды. 50 азамат түрақты жұмыспен қамтылып, 242 адам қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталса, 2 азамат жастар практикасынан өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмекті енгізуге негізделген «Өрлеу» республикалық пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Ол шартсыз атаулы әлеуметтік көмектен «өзара міндеттемелер» қағидасына (әлеуметтік келісім-шарт жүйесіне) көшуді қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осы тәріздес аймақтық пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен қосымша 38 аудан мен қалаларда жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Қазақстанда 2016 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19,7 мың адамды құрап отыр, мемлекеттік жәрдемақы алушы балалар саны – 443,2 мың.

 
0
0
443

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт

2016 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қалалық білім беру бөлімінің Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы негізінде, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар комитеті, Орал қалалық ЖОББ мектептерінің ұстаздары мен ардагерлері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа құқықтық, рухани-адамгершілік шаралармен ықпал етуді қолдану, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мәселелері қызу талқыланды

 

0
0
860

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау бойынша баспасөз мәслихаты

2016 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласының коммуникаңия қызметінде, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Камаловтың қатысуымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау бағытында баспасөз мәслихатын өткізді.

Әкім, баспасөз мәслихаты барысында «100 нақты қадамы» Ұлт жоспары мен бес институционалды реформаны жүзеге асырудың барысы туралы және Қазақстан мен Алматыны дамытуда Ұлт жоспарының маңызды рөлін айрықша атап өтті.

Бұдан өзге, әкім қалалықтардың белсенді түрде қатысуымен қабылданған Алматынның 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының Бес институционалды реформаның идеясы және тұжырымдары негізінде жасалғандығын айтты.

Департамент басшысы Бахтияр Камалов, Алматы қаласында Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасының іске асырылуы және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарында қарастырылған өзгерістер, меритократия принциптерінен тұратын мемлекеттік қызметтің мансаптық өсу үлгісі мен «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясын құруға бағытталған тетіктерін атап өтті.

 

0
0
272

Ауылшарушылық саласы қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы минстрлігінің агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформа  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен  Мемлекет басшысының   «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауы сонымен қатар,  2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды талқылау» тақырыбында  семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске  Департаменттің,  Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының қызметкерлері   қатысты.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының  бас маманы Оразов Сайлау Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйелері  және жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары мен «Әдеп кодексін»   жан-жақты   түсіндірді.

Семинар-кеңес барысында Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Қаныш Әлиев Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы қазіргі кезде ауылшаруашық өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту, Негізгі міндет: үщ жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Ауылды жерлердегі коперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық және даниялық үлгісімен ұйымдастыру мәселесіне тоқталды.

Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының заңгері Жамал Қуатова жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Әдеп кодекісінің» негізгі бағыттарына жан-жақты түсініктеме берді.

Семинар-кеңес пікір алмасу форматында өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейне роликтер көрсетілді.

0
0
395