Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өзінің өңірдегі шеруін жалғастыруда...

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов    облыстық  «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде  Ақмола облысының Бурабай ауданына барды. Сапар барысында Департамент басшысы Бурабай ауданының идеологиялық активінің жұмысына қатысты. Жиналыс барысында Ұлт жоспары 100 нақты қадамды Ақмола облысында жүзеге асыру мәселелері, Әдеп кодексінің негізгі бағыттары талқыланды. Аудан әкімі аппаратының басшысы М. Жауков өз баяндамасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Бурабай ауданында өткізілген іс-шараларды қорытындылады. Идеологиялық активтен кейін Қ. Жапақов «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында өткізіліп отырған бірқатар іс-шараларға  қатысты (флешмоб,  асфальттағы сурет байқауы), Марафонның Бурабай ауданындағы шеруінің аяқталуына арналған велошеруге қатысты. Іс-шаралар аяқталған соң Бурабай ауданының әкімі Т. Ташмагамбетов облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасын Еңбекшілдер ауданына салтанатты түрде табыс етті. Еске сала кетейік, а.ж. 14 сәуірде Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының шекарасында облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Бурабай ауданына табысталған болатын. Ағымдағы жылдың 27 сәуірінен 12 мамырына дейін «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Еңбекшілдер ауданында өткізілетін болады.

0
0
317

Осы тақырып бойынша

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өзінің өңірдегі шеруін жалғастыруда... - Yvision.kz